Ашық сабатың әдістемелік өңдеуі
Оценка 4.7

Ашық сабатың әдістемелік өңдеуі

Оценка 4.7
docx
04.03.2020
Ашық сабатың әдістемелік өңдеуі
География ашық сабақ.docx

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ

«САЛАМАТ МҰҚАШЕВ АТЫНДАҒЫ

 АТЫРАУ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК

 

 

 

«Келісілді»                                                                                                                 «Бекітемін»

Әдістемелік                                                                                    Директордың оқу әдістемелік               

кабинет меңгерушісі                                                                 жұмысы жөніндегі  орынбасары   

____________ А.Т.Көпжасарова                                                           __________Ж.Р.Кереева

«___»______2019 ж                                                                                        «___»______2019 ж

 

 

 

 

 

 

 

АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУІ

 

Тақырыбы: « Халық – әлеуметтік экономикалық географияның зерттеу аясы »

Пәні: География

Тобы: УиАб-19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамдық пәндік циклдік комиссия                                                                        Дайындаған:

Отырысында қаралды және келісілді                                                             Тарих - география                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

                                                                                                                         пәнінің оқытушысы

Хаттама №_____                                                                                                ______ С.Байғазы

«___»_______2019 ж

ПЦК төрайымы

________Б.Біләлова

 

 

 

                                                          

                                                              АТЫРАУ 2019 ж

Сабақтың тақырыбы: Халық – әлеуметтік экономикалық географияның зерттеу аясы

 

Сабақтың мақсаты:

  Оқушыларға дүниежүзі халқының қоныстану түрлері, алғашқы санақтары, халықтар географиясының , әлеуметтік – экономикалық географияның тармағы ретінде дамуы жөнінде мәлімет беру.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

Білімділік: Қосымша ақпараттарды пайдалану арқылы студенттерге халықтар географиясы тақырыбында білімдерін жүйелеу.                                                                                         

Дамытушылық:  Картамен, статистикалық мәліметтермен жұмыс жүргізу барысында пәнге деген қызығушылығын, өз ой – пікірлерін дәлелдеуге, қорытындылауға үйрету.

Тәрбиелік:  Іздемпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.  

                                

Оқыту әдісі: Ой қозғау, әңгіме - дәріс, тірек - сызба, кестемен жұмыс, топтастыру

 

Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгеру

 

Техникалық оқыту құрылдары мен көрнекілігі: Дүниежүзінің саяси картасы, географиялық атластар, презентация, кестелер, сызбалар.

 

Пәнаралық байланыс: Дүниежүзі тарих, саясаттану және әлеуметтану негізі, экономика.

 

 

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аудару.

 

Өткен тақырыпты қайталау:

-          Үйге берілген тапсырма « Мемлекеттердің құрылысы » тақырыбы бойынша сабақ сұралады.

-          Тәуелсіз мемлекеттер; Монархиялық басқару; Абсолюттік монархиялы басқару; Конституциялық монархиялы басқару; Елдердің саяси-әкімшілік құрылымға (унитарлық, федерациялық республикалар) бөлінуі.

-          Тәуелді елдер – отарлар; өзін-өзі дербес басқара алмайтын жер аумақтары – протектораттар, шалғай, департаменттер, аймақтар, мандаттық аумақтар. 

-          Экономикасы жоғары дамыған  мемлекеттердің жетістіктері бойынша  (презентация) дайындап көрсету.

-          «Өтпелі экономикалы» мемлекеттер; Дамушы елдер.

-          Дәптермен жұмыс – сөйлемді аяқтау,кестені толтыру жұмысын тексеру. 

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру:

       Жаңа сабақ географиялық сөздіктерді талдаудан басталады.

       Демография – халықтың саны, құрамын, аумақтық орналасу, ұдайы өсу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

       Демографиялық саясат – халықтың ұдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әлеуметтік, әкімшілік, құқықтық, экономикалық шаралар жүйесі.

       Этнография – белгілі бір халықтар тобының шығу тегін, мәдениет мен тұрмысын зерттейді.

       Халықтар географиясы – әлеуметтік және экономикалық географияның басты тармағы, география ғылымының басқа да салалары мен (физикалық география, елтану картографиясы) тығыз байланысты.

      

-          Адамзаттың шығу тегі мен әлемде таралуы. Халықтар (тұрғындар) географиясы – қоғамымыздың басты байлығы адамзат, оның санын, құрамын, таралуын, ұдайы өсуін зерттейтін экономикалық және әлеуметтік географияның басты саласы.

-          Халық санағы – дүниежүзінің немесе белгілі бір елдің әрбір тұрғынын сипаттап, нақты демографиялық (жасы, жынысы, тууы, өлімі, некелесуі), экономикалық – әлеуметтік (ұлты, құрамы, білімі, кәсібі, күнкөріс қаражатының көзі, орналасуы, т.б) дерек мәліметтерді жинау үдерісі. Санақ өткізу мерзімі халық аз көшіп-қонатын қыс айларында, келісімді белгілі бір уақыт аралығында өткізіледі.

-          Демографиялық саясат – халықтың ұдайы өсуі үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әлеуметтік, әкімшілік,құқықтық, экономикалық шаралар жүйесі. Халықтың ұдайы өсуінің бірінші типін де тууды қолдауға бағытталған саясат белсенді түрде, екінші типін де керсінше, тууды шектеу саясаты жүргізіледі.

-          Қазақстанның демографиялық саясаты – Қазақстанда демографиялық саясат ұлттық стратегияның негізгі бағыттарының бірі. Республикадағы демографиялық саясаттың бір саласы – көші – қон саясаты.

 

 

Топтастыру арқылы халық санының  казіргі жағдайы

Қытай (1354 млн)
Үндістан (1225 млн)
АҚШ (314 млн)
Индонезия (237 млн)
 


 

 


Дүниежүзі халық санының жартысы


Пәкістан (177 млн)
Бразилия (197 млн)
Ресей (143 млн)
 

 


Бангладеш  (154 МЛН)Нигерия (168 млн)Мексика (120 млн)Жапония (127 млн) 

 

Тірек – сызбамен жұмыс

Тірек – сызба арқылы демографиялық саясатты түсіндіру

Демографиялық саясат

Тууды қолдау

Еуропа елдері, т.б

Тууды шектеу

Қытай, Үндістан, т.б

 

Қызықты деректер

1.      Әлемдегі демографиялық үдеріске ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жүргізіліп отырған демографиялық саясат үлкен ықпал етуде. Ол – тууды реттеу бағытында мемлекет тарапынан істелініп жатқан шаралар жүйесі. Көптеген дамушы елдердегі халықтың күрт өсуіне байланысты, тууды шектеу барысында медициналық, әкімшілік және экономикалық шаралар жүргізуде . Мысалы, некелесу жасын көтеру, халықты тұқымсыздандыру (стерилизация) т.б іс-әрекеттер (Қытай,Үндістан,Бангладеш және басқа да дамушы елдер).

2.      Францияның Туре қаласында демограф-ғалымдар Халықаралық конгресі мәлімдемесінде: «2015-2030 жылдар аралығында Қытайда әйелдерге қарағанда ер адамдардың саны 25 млн-ға артық болады» - деп көрсетілген. Мамандар Қытай өкіметінің әрбір отбасына бір ғана балаға рұқсат беру саясатының жемісі екенін айтады.

3.      Дамыған елдерде тууды қолдау бағытындағы патерналистік саясат өріс алды. Ол негізінен, материалдық және моральдік шаралар көмегі жүйесінде жүзеге асады. Мәселен, еңбекақыға қосымша төлемдер белгілеу, жәрдемақы тағайындау, жүкті болғанда және бала туғаннан кейінгі еңбек демалысын ұзату бағытындағы жұмыстар Германия,Франция, Скандинавия елдерінде жүргізіледі. Кәзір әлемнің басым көпшілік  мемлекеттерінде  отбасын жоспарлау мәселесі қолға алынған.

 

Жаңа сабақты бекіту:

-          Адамзаттың пайда болған жері мен алғашқы қоныстанған аймақтарын атаңдар (Еуропа-Африка тобының еуропеоидтық тармағы, Негроидтық  тармақ, Аустролоидтық тармақ, Америка – Азия тобының азиялық тармағы, Американоидтық тармақ.

-          Халқы көп және аз елдерді картадан табыңыздар

-          Халық санағының маңыздылығы неде?

-          Әлемдегі демографиялық саясаттың  түрлері қандай?

-          Халық санының өсуіне әсер ететін негізгі факторларды атаңдар.

-          Қазақстанның демографиялық саясатына баға беріңдер.

 

Қорытындылау,бағалау:

Үйге тапсырма беру:

1. «Халық – әлеуметтік экономикалық географияның зерттеу аясы» тақырыбын оқу

2  Тақырып соңында берілген  дәптер мен жұмыс тапсырмасы мен шығармашылық тапсырманы орындау.


 

Скачано с www.znanio.ru

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ «САЛАМАТ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ «САЛАМАТ

Сабақтың тақырыбы: Халық – әлеуметтік экономикалық географияның зерттеу аясы

Сабақтың тақырыбы: Халық – әлеуметтік экономикалық географияның зерттеу аясы

Адамзаттың шығу тегі мен әлемде таралуы

Адамзаттың шығу тегі мен әлемде таралуы

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жүргізіліп отырған демографиялық саясат үлкен ықпал етуде

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жүргізіліп отырған демографиялық саясат үлкен ықпал етуде
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.03.2020