Ашық сабақ "Хх дыбысы мен әрпі" (1-сынып,сауат ашу)
Оценка 4.7

Ашық сабақ "Хх дыбысы мен әрпі" (1-сынып,сауат ашу)

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
классное руководство
1 кл
25.03.2017
Ашық сабақ "Хх дыбысы мен әрпі" (1-сынып,сауат ашу)
Ашық сабақ"Хх дыбысы мен әрпі" Сабақтың мақсаты Дыбысты тану ,ажырата білу, таңбалануымен танысу. Берілген сөздерді буындап және тұтастай оқу қабілетін арттыру.Х дыбысы кездесетін сөздерді анықтау.Оқушыларды ұйымшылдыққа,татулыққа,ауызбіршілікке үйрету.Топтасып жұмыс жасау арқылы сыныптағы барлық оқушыларды сабаққа қатыстыру.Оқушылар бір-бірін бағалау арқылы шыншылдыққа үйренеді.Оқушылардың бойында өзіне деген сенімділік қалыптасады.
Ашық саб.docx

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

Күні:10.02.2017ж

Сынып: 1

Қаламбаев атындағы жалпы орта мектеп

Кенешбаева Г

 

Қатысқандар саны:

 

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Х» еліне саяхат. Х дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

1.2.2.1 мәтінде автордың  кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну

1.2.9.1 әріпті  тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

 

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

 Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Хат-письмо

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру

«Сәлем дос»

-Оқушылар бүгінгі біздің сабағымыз ерекше өтеді.Себебі бізге қонақтар келіп отыр.Қане,қонақтармен сәлемдесейік.

Ортаға шығып қатарға тұрайық.

Амансың ба алтын күн,

Амансың ба көк аспан.

Амансың ба достарым,

Амансыздар ма қонақтар!

 

 

 

 

Шаттық шебері

 

Слайд1

 

 

Сабақтың ортасы

8 минут

 

 

-Ал, енді оқушылар мына алма ағашынан жеміс алу арқылы топтарға бірігейік.

Қызыл,сары,жасыл алма түстері бойынша топтарға біріктіру

-Жарайсыңдар қане ,әрқайсымыз өз  топтарымызды табайық.

Өткен материалмен жұмыс

-Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

-Б дыбысы қандай дыбыс?

-Б дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?

Ойын «Тез ойла,сөз ойла» Б дыбысынан басталатын сөздер айту

Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

-Балалар есікті біреу қаққан сияқты.

-Өркен есікті ашып көрші кім екен?

-Бұл не балалар?

-Хат сөзінің бірінші дыбысы қандай?

-Дұрыс айтасыңдар.Енді ,бәріміз айтып көрейікші

-Х дауыссыз,ауада кедергіге ұшырап тұр (Х әрпін көрсету)

 

Алма ағашының макеті,алма суреттері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Хат

 

 

 

 

Х кеспе әрпі

 

15-минут

Мағынаны тану

-Айтпақшы балалар,бізге хат келіп еді ғой.Хатты оқып берейін.Бірақта, ең алдымен сендер маған тақтада берілген сөздерді оқып берулерің керек.

Оқушыларға кезекпен тізбектей оқыту

№1Оқылым

Хат               халат                хайуан

Хабар            шахмат          хайуанат

Бірін-бірі «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

-Өте жақсы балалар .Енді мен сендерге хатты оқып берейін.

«Сәлеметсіңдер ме, құрметті 1-сынып оқушылары.Сендер дене шынықтыру сабағын жақсы көресіңдер ме?Біз сендерді өзіміздің спорт алаңына шақырамыз.Тек коньки алуды ұмытпаңдар.Біз сендерді асыға күтеміз.»

-Бұл хатты кім жазды екен?

-Оны анықтау үшін №2 өлеңді мәнерлеп оқу керек

Халел қарап қалмайды,

Хамитқа хат жолдайды.

«Хоккей добы керек»-деп

Хабарлайды хал- жайды

-Хатты кім жолдапты?

-Кімге жолдапты?

-Халел,Хамит сөздерінің ұқсастықтары неде?

-Жарайсыңдар ,балалар!Х дыбысының таңбалануымен таныс болайық.

Ауада қолды жаттықтыру

Қолға қалам алайық,

Дәптерімізді ашайық

Салақтықтан қашайық

Әдемі етіп жазайық

-Х әрпін жазу

 

Сергіту сәті 

«Көңілді күн  » биі

 

Оқулық

Сөздер жазылған А4

 

 

 

 

 

 

 

 

Хат

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

Жұмыс дәптері

Аяқталуы

 

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызықты тапсырма

8 минут

 

Оқушылар назарын бейне роликке аудару

-Бейне ролик не туралы екен?

Хоккей сөзінде неше буын бар?

Хоккей сөзінде неше к әрпі бар?

-Бізді қандай ойын ойнауға шақырыпты?

-Барамыз ба ,балалар?

-Бару үшін бізге көлік керек.Сондықтан келесі тапсырмаларды  орындайық.

Көп нүктенің орнына қ немес х әрпін қой

Ша...мат,ас...ана, ...алам,...абар,....алық,ба...а

Әр топ бір-бірін «бағдаршам» әдісі  бойынша бағалайды

 

«Хана» сөзіне топтастыру жасау

Асхана,шайхана,кітапхана,шеберхана,аурухана,емхана,дәріхана

Әр топ жазған сөздерін дауыстап оқу

Әр топ бір-бірін «Қошемет» әдісі арқылы бағалайды.

Соңында автобус суреті пайда болады.

 

 

Бейне ролик

 

 

Плакат

маркер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автобус суреті

Сабақтың соңы

2 минут

 

Ал, балалар біздің көлігіміз дайын.

-Балалар біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-Х дыбысы қандай дыбысы екен?

Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Олай болса ,егер ,сабақ түсінікті болса  -стикерді автобустың алдыңғы қатарына,орташа түсінсек  -орта тұсына,ештеңе түсінбесек -соңғы қатарға ілеміз

 

 

стикер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

 

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

 

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар «Бағдаршам», «Бас бармақ» , «Қошемет әдістері »  арқылы бір-бірін бағалайды.

 

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   

 

 

 

 

 

 

 

хат

хабар

халат

 

 

 

ша...мат

ас...ана

...алам

...абар

...алық

ба...а

 

 

 

 


 

Оқу ісінің меңгерушісі:

Оқу ісінің меңгерушісі:

Мағынаны тану -Айтпақшы балалар,бізге хат келіп еді ғой

Мағынаны тану -Айтпақшы балалар,бізге хат келіп еді ғой

Сабақтың соңы 2 минут

Сабақтың соңы 2 минут

хат хабар халат

хат хабар халат

ша...мат ас...ана ...алам ...абар ...алық ба...а

ша...мат ас...ана ...алам ...абар ...алық ба...а

Ашық сабақ "Хх дыбысы мен әрпі" (1-сынып,сауат ашу)

Ашық сабақ "Хх дыбысы мен әрпі" (1-сынып,сауат ашу)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.03.2017