Мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға атмосфералық қысым, барометр түрлері, құрылысы жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Құрал - жабдықтар: Жарты шарлар картасы,оқулық, кескін карта, карта т.б.
№ 45.Атмосфералық қысым.docx
Тексерілді
Директордың
оқу – ісі жөніндегі
орынбасары
Сабақ № 45
Сынып: 6
Пән: Физикалық география
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым
Мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға атмосфералық қысым, барометр түрлері, құрылысы жөнінде
түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз
ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жанжақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін
арттыру.
Мұғалімнің іс әрекеті
Құрал жабдықтар: Жарты шарлар картасы,оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақ барысы :
Сабақтың
кезеңдері
1.Ұйымдастыру
кезеңі
2.Үй тапсырмасын
тексеру кезеңі.
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындығын тексеру.
1 Атмосфераның құрамы неден тұрады?
2 Атмосфераның қабаттары.
3 Атмосфераның жеке қабаттарында температура қалай өзгереді?
4 Тропосферада биіктік артқан сайын температура неліктен төмендейді?
Атмосфералық қысым дегенді қалай түсінесіңдер?
3.Жаңа материалға
көшу кезең
4.Жаңа тақырыпты
меңгеруге
дайындық
5.Жаңа білімді
меңгеру
Картамен жұмыс
Атмосфералық қысым
Атмосфералық қысым көптеген тәжірибелердің нәтижесінде ауаның
салмағы бар екендігі анықталған. Оған оңай көз жеткізуге болады.
Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметіріне 1 кг 33 г салмақ
түсіреді. Орта бойлы адамның денесінің үсті шамамен 15000 см –дей
болады екен. Сонда оған түсетін қысым 15500 кг немесе 15 тдан астам
болып шығады . Адамның алақаны шамамен 150 см , ауа оған 150 кг
салмақ қысым түсіреді . Бұл – ересек екен адамның салмағы деген сөз .
Бұл мұндай қысымды сезбейміз . Өйткені біздің денеміздің ішкі қысымы
сыртқы атмасфера қысымымен тепетеңдік келеді. Ауаның жер бетіне түсірген салмағы атмасфералық қысым немесе ауа
қысымы деп аталады.
Кесте арқылы атмосфералық қысым түсіндіріледі
Атмосфералық қысым
Ауаның жер бетіне түсірген
салмағы
150 кг салмақ түседі
450 ендік белгіленген
Қысым 1 мм төмендейді
Адамның алақаны
Д.ж. қысымды бірбірімен
салыстыратын ендік
Атмосфераның жер бетіне таяу
қабатында әрбір 10 м биіктікке
көтерілгенде
Қысымның биіктік бойынша өзгеруі. Ауаның негізгі салмағы төменгі
,жер бетіне таяу қабатына түседі. Атмасфераның бүкіл салмағының
жартысы 5 км биіктікке деиінгі қалыңдығына тура келеді ,ал 15 км – ден
жоғарыдағы қабатына оның 0,1 бөлігі ғана тиеді.
Биіктік артқан сайын қысым азая береді. Өйткені сол деңгейдегі салмақ
түсіретін ауа қабатының қалыңдығы да кеми түседі . 100 кмден биіктегі
қысымды құралмен өлшеу қиын. Сондықтан үлкен биіктіктегі
атмасфералық қысым ауа температурасының және тығыздығының
таралуына орай есептеу жолымен анықталады.
Атмасфералық қысымды өлшеу. Атмасфералық қысым барометр деп
аталатын құралмен өлшенеді (грекше барос –салмақ, метрео өлшеймін).
Барометрдің екі түрісынап барометрі және анероид барометр
қолданылады (грекше анероидылғалсыз).
Барометр түрлерімен таныстыру.
Сынап
барометрі
Қысым өлшеу
құралдары
Анеройд
барометр
Алдымен сынап барометірінің жүмыс сипатымен танысайық.
Ұзындығы 1 мдей бір жағы дәнекерленген жіңішке шыны түтікті сынапқа
толтырды делік. Түтікті сынап құйылған тостағаншаға төңкерейік. Сонда
түтіктегі сынаптың біразы тостағаншаға құйылады . Белгілібелгілі бір
деңгейге келгеннен кейін тұтіктегі сыныптың ағуы тоқталып, тұрақтанады .
Оған себеп –ауа тостағаншадағы сынапты қосады да , түтіктегі сынаптың
әрі қарай төгілуін тоқтатады . Егер атмасфера қысымы көбейсе ,
тостағаншадағы сынаптын біразы түтікшеге қайта өтеді де, ондағы
сынаптың деңгейі көтеріледі. Керісінше атмасферақ қысымы азайған
жағдайда түтікшедегі сынаптың біразы тостағаншаға құйылады да , оның
деңгейі төмендейді.
Жаттығулар орындату:
1)Егер ауаның tº сы таудың баурайында +26 º болса ал шыңында 10 º С
болса таудың биіктігі қандай?
Жауабы :6 км
2)Егер 3000м биіктікте термометр 0ºС көрсетті.Бұл кезде тау етегінде
қандай ауа температурасы болады?
Шешуі: 3000 м
1000 м = 3
׃ 6 º х 3 =18 ºС жауабы тау етегінде +18 º С
3)Егер жер бетінде қысым 750 мм болса, 5 км биіктіктегі ұшып бара
жатқан ұшақтың бортының сыртында қандай атмосфералық қысым
болады?
Шешуі: 5 км 5000м Жауабы. Ұшақ бортының сыртында қысым
250мм тең
750 – 500 = 250мм
4) Кластың ұзындығы 7 м, ені 5м,биіктігі 3 м болғанда кластағы ауаның
массасы мен салмағы нешеге тең?
Шешуі: 7 х 5 х 3 = 75 м (ауа көлемі) 75х1,33 =95,75 кг (ауа массасы)
Бүгінгі сабақта атмосфералық қысым қалай пайда болатынын,оның
биіктеген сайын өзгеретінін білдік.Атмосфералық қысымды өлшейтін
құралдармен танысып жұмыс жүргізуді үйрендік.
Атмосфералық қысымды анықтауға қосымша есеп шығару
1. Атмосфералық қысым биіктік бойынша қалай өзгереді?
2. Атмосфералық қалыпты қысым дегеніміз не?
3. Атмосфералық қысым өлшейтін құралдар қандай?
4. Құралдармен қалай жұмыс жүргіземіз?
Атмосфералық қысым
6.Жаңа тақырыпты
түсінгенін тексеру
7. Жаңа білімді
бекіту
8. Үйге тапсырма
беру.
Атмосферное давление
Атмосферное давление
Атмосферное давление
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.