Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға глобус, оның жер шарының моделі екендігін, меридиандар мен параллельдер жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта т.б.
№ 12. Глобус - Жердің моделі.docx
Тексерілді
Директордың
оқу – ісі жөніндегі
орынбасары
Сабақ № 12
Сынып: 6
Пән: География
Тақырыбы: Глобус Жердің моделі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға глобус, оның жер шарының моделі екендігін,
меридиандар мен параллельдер жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге
дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу
қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жанжақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей
білу мәдениетін арттыру.
Көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта т.б.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың тәсілі : тірек сызба
Сабақ барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі.
а) сәлемдесу
ә) оқушыларды белгілеу
б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылардың зейінін сабаққа аудару
2.Үй тапсырмасын сұрау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақты қорытындылау
Сабақты бекіту
Үй тапсырмасын беру. Оқушыларды бағалау .
Жаңа сабақ тақырыбы: Глобус Жердің моделі
Жердің нақты үлгісі – глобус. (латынша глобусшар). Бұлай деп глобус
Жердің шар тәріздес пішінін дәл көрсететіндіктен ғана емес, сонымен бірге
Жер бетіндегі материктердің, мұхиттардың, аралдардың, теңіздердің,
көлдердің және т.б. пішінін, олардың бірбірімен салыстырмалы мөлшерін,
алып жатқан орындарын ешқандай бұрмалаусыз дәл бейнелеуіне байланысты
айтылған. Глобуста меридиандардың солтүстік және оңтүстік полюстерді
бастыра жүргізілген шеңберлер екендігін білеміз.(латынша меридиан –
талтүстік). Барлық меридиандардың ұзындығы бірдей. Параллельдер –
меридиандарға кесекөлденең жүргізілген шеңберлер (грекше параллель –
қатар жүруші). Ең ұзын параллель – экватор (латынша экватор – теңдеуші).
Же экваторының ұзындығы 40000 кмден артығырақ.Географиялық
координаталар. Жер шарының бетіндегі кезкелген нүктенің орны оның
географиялық координаталары арқылы белгіленеді (латынша ко – бірге,
ординатус – реттелген).
Географиялық ендік деп нүктенің экватордан градус есебімен алынған
қашықтығын айтады. Ендік экватордан градус есебімен алынған қашықтығын
айтады. Ендік глобуста бастапқы меридианның бойына экватордан
солтүстікке және оңтүстікке қарай параллель сызықтарының үстіне жазылады.
Қандай болмасын бір нүктенің ендігін анықтау үшін сол нүкте орналасқан
параллельді табу керек.Егер нысан параллельге тура келмесе не істеу керек?
Онда алдымен одан экватор жақтағы параллельдің ендігін табады да,меридиан
бойымен параллельден нысанға дейінгі градусты қосады.Мысалы:А. қаласы
50° пен 60° с.е. параллельдің аралығында орналасқан делік.50° с.е.
параллельден қалаға дейін меридиан қалаға дейін меридиан бойымен1°. Сонда
А. қаласынан ендігі 50° с.е.+1°=51°с.е.
Географиялық бойлық деп Жер бетіндегі нүктенің бастапқы
меридианнан градус есебімен алынған қашықтығын айтады. Глобустағы кез
келген нүктені бастырып меридиан сызығын жүргізуге болады. Лондон
қаласыныңтүбіндегі
Гринвич обсерваториясын басып өтетін меридиан
халықаралық келісім бойынша шартты түрде бастапқы меридиан ретінде
қабылдаған. Ол екінші сөзбен «нөлдік меридиан» деп те аталады. Өйткені ол
жерде бойлық 0°қа тең.Бойлық Гринвич меридианнан батысқа және шығысқа қарай 0°тан 180°қа дейін есептеледі. Бойлықтың градустық мөлшері экватор
сызығының бойына меридиандардың ұсына жазылып қойылады.Біздің еліміз
Гринвич меридианынан, яғни нөлдік меридианнан шығыста жатыр. Оның жері
түгелдей шығыс бойлықта. Астана қаласы 71° шығыс бойлықта.
Тірексызба арқылы глобустағы меридиандар ммен паралеллдерді түсіндіру..
Глобустағы
сызықтар
Меридиандар:
пен
Солтүстік
оңтүстік полюстерді
бастыра жүргізілген
шеңберлер.
Паралеллдер:
Меридиандарға кесе-
көлденең жүргізілген
шеңберлер.
Топтастыру арқылы мектепте қолданылатын глобус масштабтары
түсіндіріледі.
1:83000000
Мектепте қолданылатын
глобус масштабтары
1:30000000
Сабақты қорытындылау
Гобус – Жердің нақты үлгісі. Бұлай деп глобус Жердің
шар тәріздес пішінін дәл көрсететіндіктен ғана емес, сонымен
бірге Жер бетіндегі материктердің, мұхиттардың, аралдардың,
теңіздердің, көлдердің және т.б. пішінін, олардың олардың бір
бірімен салыстырмалы мөлшерін, алып жатқан орындарын
ешқандай бұрмалаусыз дәл бейнелеуіне байланысты айтылған.
Глобусты пайдаланып, түрлі тәжірбиелер жасауға, өлшеу
жұмыстарын жүргізуге болады.
Сабақты бекіту
1. Глобус деген не?
2. Меридиан.
3. Паралелл.
4. Меридианның 10 доғасының ұзындығы.
5. Мектепте қолданылатын глобус масштабтары. Үйге: Глобус Жердің моделі
Оқушыларды бағалау .
Глобус - модель Земли
Глобус - модель Земли
Глобус - модель Земли
Глобус - модель Земли
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.