Математика сабағы 3 сыныпқа арналған сабақ жоспары. Тақырыбы "Ауданды өлшеу. Палетка" Психологиялық кезең шаттық шеңбері, өткен сабақты пысықтау "Ыстық доп" ойыны, Жаңа сабақ: қызығушылықты ояту видео көрініс Геометриялық фигураны қалай саламыз?, мағынаны тану Палетка не екенін түсіндіру, топпен жұмыс Палетканы пайдаланып, фигуралардың ауданын табу, ой толғаныс: «Ойлан- жұптас-топтас» әдісі бойынша есептер шығару, тақтамен жұмыс:«Ұқсастық пен даралық» әдісі бойынша есептер шығару, сергіту сәті арқаға фигура салып, палетканы үстіне орналастыру, миға шабуыл топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс: логикалық есеп. Өздік жұмыс: Топтастыру.Күн бейнесін келтіру, бекіту «Бес жолды өлең» әдісі, үйге тапсырма беру, бағалау.
Ауданды өлшеу.docx
Математика
Сабақтың тақырыбы: Ауданды өлшеу. Палетка
Сабақтың мақсаты: Палетканы пайдаланып, фигураның ауданын есептеуді
үйрету.
Міндеті. Білімділігі: Оқушыларға аудан өлшем бірлігіквадрат сантиметрді
қолданып, палетканың көмегімен фигураның ауданын анықтау тәсілдерімен
таныстыру.
Дамытушылығы:Әр оқушының қабілетін, ауызша және жазбаша есептеу
дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін, ынтасын дамыту.Өз бетімен жұмыс
істеуге дағдыландыру, қиялын ұштау,пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілігі: Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікті сезіне білуге,алған білімді
іс жүзінде пайдалана білуге, білімпаздыққа, талаптануға, терең ойлауға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Слайд, палетка, үлестірме қағаздар, түсіндірме бетше.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту
Әдісі: сарамандық жұмыс, СТО әдістері:түсіндіру, шығармашылық, өзіндік,
топтықұжымдық, бес жолды өлең, топтастыру, ойын.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
Психалогиялық дайындық. Шаттық шеңбері
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,.
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап атқан күнге.
Топқа бөлу және орналасу.
ІІ.Өткен сабақты пысықтау: «Ыстық доп» ойыны
1.Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
2.Тік төртбұрыш пен шаршының периметрін қалай табамыз?
3.Көпбұрыштың дөңгелектен айырмашылығы неде?
4.Фигураның ауданын қалай өлшейміз? Ол қандай өлшем бірлігімен өлшенеді?
5.Квадрат сантиметр дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру:
Қызығушылығын ояту:
Видео көрініс Геометриялық фигураны қалай саламыз?
Мағынаны тану: Түсіндіру Палетка – шаршылармен бөлінген мөлдір пластина. Палеткамен өлшенген
фигураның ауданыквадрат сантиметрмен есептеледі.
ішіндегі
Бұл – палетка
Дөңгелекті аламыз, оның үстіне палетканы
дөңгелектің ауданын табамыз.
қойып,
Дөңгелектің
толық квадрат
сантиметрлердің саны9, толық емес квадрат
сантиметрлердің саны16. Толық емес квадрат
сантиметрлер санын 2ге бөлеміз. Сонда
шамамен 8 толық квадрат сантиметр аламыз.
Демек,9+8=17см2
Жауабы: 17см2
Топпен жұмыс. Сарамандық жұмыс:
Палетканы пайдаланып, фигуралардың ауданын тап.
Ітоп ІІтоп
ІІІтоп
ІҮ.Ой толғаныс: «Ойлан жұптастоптас» әдісі
Ітоп ІІтоп ІІІтоп
5 ∙ 20+ 6 ∙ 10=160 4 ∙ 5050 ∙ 3=50 (56+44):10=10
6 ∙ 30+20:2 =190 60 ∙5+0 ∙5=300 (20+60)∙10=800
Тақтамен жұмыс:«Ұқсастық пен даралық» әдісі
№ 4. Салыстыр.
а)8 бала 40табан балық ұстады да, өзара тең бөліп алды. Әр бала неше табан
балық алды?
8бала40табан Шешуі: 40:8 =5
Әр бала?табан Жауабы: Әр бала 5 табан балық алды. ә) Балықшылар түске дейін 30 табан балық, ал түстен кейін 15 қызылқанат
және 8 сазан балық ұстады. Балықшылар барлығы неше балық ұстады?
Табан балық30Шешуі:30+(15+8)=53
Қызылқанат15 ? Жауабы: Барлығы 53 балық ұстады.
Сазан8
Ұқсастығы және даралығы неде?
Сергіту сәті. Арқаға фигура салып, палетканы үстіне орналастыру.
Миға шабуыл:
1топ
№ 3. Бір балықтың массасы неше килограмм? (Балықтың массасы бірдей.)
(1кг)
2топ
№5 а/ 5ке бөлгенде 1 қалдық қалатын үш сан жаз.(11,16,21)
3топ
ә/ 10ға бөлгенде 4 қалдық қалатын үш сан жаз. (14,24,34)
Шығармашылық жұмыс: Логикалық есеп.
1.8жұмыртқа 4 минутта піседі. 16 жұмыртқа неше минутта піседі? (8минутта)
2. Бір бөлмеде 10 шыбын мен 2 өрмекші жүр еді. Біраздан соң әр өрмекші 3
шыбыннан жеп қойды. Бөлмеде неше шыбын қалды? (4 шыбын)
3. Әпкесі 7 жаста, ал інісі 4жаста. Неше жылдан кейін інісі қазіргі әпкесінің
жасына келеді? (3жылдан)
Өздік жұмыс: Топтастыру.Күн бейнесін келтіру.
3х4*12 5х5*27
8х3*24 Теңдік 6х2*122х5*11 Теңсіздік 4х5*0
3х7*21 3х5*18 2х4*9
Ү.Бекіту: Сабақтан саған не ұнады? Сонымен палетка дегеніміз қандай зат
болды? Ол не үшін керек? Смайликпен қорытындылау.
«Бес жолды өлең» әдісі
1. Не? Палетка
2. Қандай? Мөлдір
3. Не істейді? Өлшейді 4. Мағыналы сөйлем: Мөлдір палеткамен фигура өлшейді.
5. Синоним: пластина
ҮІ. Үйге тапсырма: № 6.Ойлан, тап. 90 бет.
ҮІІ. Бағалау
Ауданды өлшеу. Палетка 3 сынып
Ауданды өлшеу. Палетка 3 сынып
Ауданды өлшеу. Палетка 3 сынып
Ауданды өлшеу. Палетка 3 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.