Ауыл шаруашылығы реферат 4 сынып
Оценка 5

Ауыл шаруашылығы реферат 4 сынып

Оценка 5
Исследовательские работы
doc
естествознание +1
3 кл
19.01.2017
Ауыл шаруашылығы  реферат  4 сынып
Жоспар 1 Жалпы тарихы 2 Ауыл шаруашылығының маңызы 3 Аграрлық қатынастар 4 Ауыл шаруашылығының даму бағыттары 5 Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны 6 Ауыл шаруашылығы ауданы 6.1 Ауыл шаруашылығы тұрғысынан аудандау 7 Ауыл шаруашылығы географиясы 7.1 Ауыл шаруашылығы жерлері 7.2 Ауыл шаруашылығы карталары 8 Қолданылған әдебиеттер Тарихы. Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады.
ауыл шаруа.doc
С.Сейфуллн  атындағын  №5 орта мектеборта мектебі Реферат Орындаған:  Камалиденов А.Ж. Тексерген: Шаяхметова Ғ.М. Степногорск, 2016 жыл Жоспар   арихы 1      Жалпы т   2          Ауыл шаруашылығының маңызы 3        Аграрлық қатынастар 4        Ауыл шаруашылығының даму бағыттары 5        Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны 6      Ауыл шаруашылығы ауданы 6.1           Ауыл шаруашылығы тұрғысынан аудандау 7      Ауыл шаруашылығы географиясы 7.1  7.2         Ауыл шаруашылығы жерлері      Ауыл шаруашылығы карталары 8     Қолданылған әдебиеттер Тарихы.  Ауыл шаруашылығы — материалдық өндірістің ең маңызды  түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық­түлікпен және өнеркәсіпті  шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл  шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал  шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау,  аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді.   Комбайндар, Питер Брейгель, 1565жыл.    Қазақ жерінде б.з.б. 2­мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды. Олар  көбінесе жылқы, түйе, қой және ешкі өсірді. Малдарының жағдайына байланысты көшіп жүретіндіктен сиырды өте аз ұстады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен  де айналысқан. Оған дәлел — қыш құмыраларда  сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге  қарағандла баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты  жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі  өңдеді. 16­17 ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады.  1694 жылы Тәуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В.Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін  және бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан  және Жетісу тұрғындары егін шаруашылығын мал шаруашылығымен және  балық аулау кәсібімен қатар жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан  арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау­бақша егілді. Орталық  Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін пайдаланды. Негізгі  салалары — егіншілік пен мал шаруашылығы. Олардың құрамына а.ш.  дақылдарының, малдың түрі, топтары т.б. бойынша бөлінетін қосалқы салалар  енеді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы  ежелден негізгі өндіріс саласы болып келді. Ол халықты азық­түлікпен (сүт,  май, ет, тоңмай т.б.), жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен қамтамасыз етеді. Күш көлігі де (ат, өгіз, түйе т.б.) егіске керекті тыңайтқыш та (көң,  қорда т.б.) осы мал шаруашылығынан алынады. 20 ғасырдың 90­жылдарына  дейін Қазақстан ауыл шаруашылығы құрылымының негізін Кеңестік  шаруашылықтар (кеңшар) мен ұжымдық шаруашылықтар (ұжымшар) құрады.  1990 жылдан бастап республиканың агроөнеркәсіп кешенінде кең ауқымды  әлеуметтік­экономикалық өзгерістер болды.                                    Ауыл шаруашылығының маңызы Ауыл шаруашылығы — шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және  табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл  шаруашылығы — неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде  халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде­бір ел  жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне  байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50­ге жуық түрін бөліп  Аймақтар Жұмыс  істейтіндер  саны, млн адам ЭБХ­тың ауыл  шаруашылығында  істейтін бөлігі, % Дүниежүзі бойынша  ауыл шаруашылығында  жұмыс істейтіндер  санындағы жеке  аймақтар үлесі, % 79,1 14,5 9,2 9,3 1,6 2.1 2.5 0.2 18,8 21 27 33 57,5 58,7 1034 190 Азия Африка Солтүстік  Америка Оңтүстік  Америка Еуропа (Ресеймен бірге) Аустралия мен  Мұхит аралдары 3 Дүниежүзі көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1,3  млрд­тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа  отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2,6 млрд адамға жетеді.  Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес  елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі.  Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%­ы осы салада  еңбек етеді.                            Ауыл шаруашылығында еңбек ететіндер үлесі Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер саны үлкен  айырма жасайды. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш — 8%,  100.0 19,0 45,6 1308 АҚШ­ та — 3%, Канадада — 4%, Ресейде — 14%, Қазақстанда 40%­ға жуық  болса, ал дамушы елдерде ол өте жоғары (44­сызбанұсқаға қараңдар). Ауылшаруашылық географиясы климаттық, әлеуметтік және өндірістік  факторлары әсерінен ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасып, дамып  отырды. Соңғы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы климаттық факторларға  тікелей тәуелді болып келді. Олар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы;  өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік туғызатын 10°С­тан жоғары температуралар  жиынтығы; жылдық жауын­шашынның мөлшері мен түсу мерзімі; топырақтың  механикалық құрамы мен құнарлылығы сияқты мәселелер. Жер шарындағы ең құнарлы топырақ қатарына құрамында карашірігі мол қара топырақ,  минералды заттары мол жанартаулық топырақ және тұнба жыныстардан  түзілген өзен анғарлары бойындағы топырақтар жатады. Қазіргі кезде ғылым  мен техниканың озық жетістіктері ауыл шаруашылығында кеңінен  колданылып отырған еллерде климаттық жағдайға тәуелділік әлдеқайда  төмендейді. Мысалы, Сауд Арабиясы көпшілік бөлігін шөлдер алып  жатқанына қарамастан, соңғы жылдары бидаймен өзін толық қамтамасыз етіп,  тіпті оны экспортқа шығара бастады.                                            Аграрлық қатынастар Дүниежүзінің кез келген елінің ауыл шаруашылығы өзара бір­бірімен тығыз  байланысты екі саладан — өсімдік және мал шаруашылығынан құралады.  Олардың арасалмағы әр елдің әлеуметтік­экономикалық жағдайы мен еңбек  ресурстарының көрсеткіштеріне және табиғат жағдайларының ерекшелігіне  сәйкес өзгеріп отырады. Экономикалық деңгейі жоғары елдерде (АҚШ, ГФР,  Франция және т.б.) ғылым жетістіктері мен агротехникалық шаралар кеңінен  қолданылуы нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі жоғары.  Мұндай жағдай кейбір жекелеген дамушы елдерде де байқалуда, бірақ оның  басты себебі климаттың қолайсыз әсерінен өсімдік шаруашылығының өркен  жаюына мүмкіндіктің болмауы. Бұл керініс Таяу Шығыстың кейбір елдеріне  тән. Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай,  олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты. Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) арқылы  жүзеге асады. Мұндай кешендер құрылымы мен қуатына қарай алуан түрлі  болып келеді және дамыған елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде  олар жаңа­жаңа белең алып келеді. Бүгінгі таңда жерге иелік етудің бірнеше түрі қатар кездеседі. Олар: жеке­ меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік меншік. Ең көп таралғаны жерге жекеменшік иелігі, олар дүниежүзіндегі тауарлық ауылшаруашылық  өнімдерінің басым бөлігін өндіреді. Жоғары дамыған елдердің көпшілігінде жер қорының біраз бөлігі ірі жер  иеленушілердің — фермерлердің қолында шоғырланған. Оларға берілген  орташа жер мөлшері — 40—50 га. Бірақ жердің басты қожасы — мемлекет.  Мысалы, АҚШ­та жер қорының 1/4­і мемлекет меншігінде. Дамушы елдерде  аграрлық қатынастар түрліше сипатты болып келеді. Азия мен Африканың бірқатар елдерінде жергілікті және сырттан әкелінген күрделі қаржыға  негізделген ірі капиталистік шаруашылықтармен қатар феодалдық, тіпті ру­ тайпалық қатынастары өлі сақталып калған шаруашылықтар да көптеп  кездеседі. Ал Латын Америкасы елдерінде жер қорының көпшілігін  помещиктік шаруашылықтың негізін құрайтын ірі жер иеліктері —  латифундиялар меншіктейді, оларға берілген орташа жер мөлшері — 2—3  мың га. Бұрынғы ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде меншіктің жаңа түрлері  енгізілуде.                              Ауыл шаруашылығының даму бағыттары Ауыл шаруашылығы өзінің дамуы мен өркендеу сипатына қарай үш топқа  ажыратылады. Дәстүрлі (тұтынушы) ауыл шаруашылығында қауымдық және ру­тайпалық  қатынастар әлі де сақталған. Бұл топ ауыл шаруашылығының екі түрінен  тұрады. Біріншісі — Африка, Оңтүстік Америка және Азияның ылғалды  тропиктік ормандарына тән аңшылық, балық аулау және өсімдіктерді  жинаумен қатар жер өңдеуді ұштастыру. Негізгі өсіретін дақылдары — тамыр  және түйнек жемістілер, астық, бұршақ тұқымдастары, май пальмасы. Жер  өңдеуде дәстүрлі көне тәсілдер (кетпен, соқа) қолданылады. Бұл шаруашылық өртеп­кесу шаруашылығы деп те аталады. Ал екіншісі — көшпелі және  жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Әсіресе Африка мен Азияның  тропиктік, қоңыржай белдеулерінің құрғақ аудандарында (түйе, қой, ірі қара,  жылқы өсіру) және Солтүстік Еуропа мен Азияның тундра зонасында (бұғы  өсіру) кең тараған. Бұл шаруашылық дамушы елдерге тән, өте ұсақ  шаруашылық жиынтықтарынан құралады. Олардағы еңбек өнімділігі дамыған  елдермен салыстырғанда 25 есе төмен. Кейде егіншілік мал шаруашылығымен  ұштаспай, одан бөлек дамиды және көп жағдайда бір ғана дақыл өсіруге  бағытталған. Мысалы, Оңтүстік­Шығыс Азия елдері — күріш, Африка елдері  — кофе мен жержаңғақ, ал Латын Америкасы елдері — қант құрағы мен  какао өсіруге маманданған. Тауарлы және жартылай тауарлы дәстүрлі шаруашылық пен помещиктік­ латифундиялық шаруашылық — ауыл шаруашылығында үш түрлі бағытта  жүргізіледі: а) егіншілік шаруашылығы (көп еңбек күшін қажет ететін Азиядағы күріш  өсіру); ә) егіншілік және егіншілік пен мал шаруашылығы — Африка мен Азияға және Латын Америкасына тән. Сұранысқа ие дәнді дақылдар мен жемістер, сергітпе және техникалық дақылдар (банан, кофе, какао, шай, каучук және талшық  алынатын өсімдіктер) күш­көлік ретінде және өнім алу үшін өсірілетін мал  шаруашылығымен ұштасады; б) көпсалалы тауарлы егіншілік пен мал шаруашылығы — Еуропаның кейбір  елдері мен Азия және Латын Америкасы елдеріне тән. Егіншілік пен мал  шаруашылыры бір­бірімен тығыз байланысты болғандықтан шаруашылықта  сан салалы, сұранысқа ие дақылдар басым өсіріледі. Жоғары маманданған тауарлы ауылшаруашылығы — ол ауыспалы егістіктері  бар өсімдік шаруашылығы мен мал азығын дайындауды қоса жүргізетін  интенсивті мал шаруашылықтарынан және оларды байланыстырушы  агроөнеркәсіптік кешендер (АӨК) жиынтығынан тұрады. Мұнда FTP  нәтижесікде механикаландыру мен химияландыру өзінің шарықтау шегіне  жеткен. Тіпті автоматтандыру, селекция мен генетика, биотехнологияның  соны жетістіктері кеңінен пайдаланылуда. Шаруашылық өнімдерін өндірумен  қатар, оны ұқсату, сақтау, тасымалдау және өткізу, сондай­ақ тыңайтқыш  сияқты заттарды шығаруды да қамтиды. Бұл өз тарапынан ауыл  шаруашылығына индустриялық сипат береді. Мұндай шаруашылықтар жақсы  жерлерге орналасып, жалдамалы жұмысшылар күшін және агротехникалық  шараларды кеңінен пайдаланады. Олардың өндірісі ішкі, әсіресе сыртқы нарық сұранысына бағдар ұстайды, сөйтіп, олар "мемлекет ішіндегі мемлекет" рөлін  де орындайды. Жоғары механикаландырылған алты шаруашылық түріне  бөлінеді: а) дәнді дақылдар шаруашылығы (бидай, жүгері). Солтүстік Америка,  Аустралия, Еуропа (Ресей, Украина), Азия (Қытай, Қазақстан) аумақтары; ә) интенсивті егіншілік (дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, жеміс және  бау­бақша). Еуропа мен Солтүстік Америка елдері, Азия (Қытай, Жапония)  аумақтары; б) плантациялық шаруашылық (жеміс, сергітпе және техникалық, дақылдар).  Латын Америкасы, Азия мен Африканың тропиктік, субтропиктік  аймақтарындағы дамушы елдер; в) экстенсивті жайылымдық мал шаруашылығы (етті бағыттағы ірі қара, қой).  Солтүстік Америка (АҚШ), Оңтүстік Америка (Аргентина, Уругвай), Еуропа  (Ресей), Азия (Ңазакстан), Аустралия аумақтары; г) интенсивті мал шаруашылығы (сүтті және сүтті­етті ірі қара, ет  бағытындағы ірі қара бордақылау, шошқа және құс өсіру). Батыс Еуропа  (Ұлыбритания, Германия), Шығыс Еуропа (Украина, Ресей), Солтүстік  Америка (АҚШ), Жаңа Зеландия аумақтары; ғ) интенсивті егіншілік пен мал шаруашылығы (бау­бақша, жем дайындау,  сүтті­етті ірі қара, шошқа және құс өсіру). Еуропа, Солтүстік Америка елдері  мен Жапонияға тән. Соңғы жылдары экономикасы дамыған елдердің ауыл шаруашылығындағы  еңбек өнімділігі біртіндеп дамушы елдерге де ауысуда. Осы заманғы  агротехникалық шараларды кеңінен пайдалану негізінде ауыл шаруашылығын  қайта түлету XX ғасырдың 60­жылдарынан басталған "жасыл революция"  арқылы жүзеге асуда. Жасыл революцияның негізі болып табылатын басты  мәселелерге — мәдени өсімдіктердің өнімділігін арттыратын және егістік  жерлерді пайдалану мүмкіндігін кеңейтетін дақылдардың тез пісетін  сорттарын шығару, суландыру шараларын ұлғайту жатады. Өйткені жаңа  сорттар қолдан суарған жағдайда ғана өзінің жақсы қасиеттерін көрсетіп  сапалы өнім береді. Сонымен қатар осы заманғы техниканы, тыңайткыштар мен зиянкестерге  қарсы улы химикаттарды кеңінен пайдалану шаралары жатады. Жасыл  революция нәтижесінде кейбір дамушы елдер өздерінің астыққа мұқтаждығын өтеді, дәнді дақылдар шығымдылығы екі­үш есеге артып, аштықты жоюға  мүмкіндік туды. Әсіресе бұл құбылыс халық саны қарқынды өсіп жатқан  Мексика, Үндістан және Қытай елдерінде белең алды. Қалай болғанда да  жасыл революция дамушы елдердің артта қалған ауыл шаруашылығына аса  үлкен өзгеріс әкеле қойған жоқ. Негізінен, шетелдік компаниялар мен ірі  қожайындарға тиесілі жерлерге ғана ықпал етті. Сонымен бұл революция  дамушы елдер ауыл шаруашылығының артта қалуы табиғи себептерге ғана  емес, ең алдымен, әлеуметтік­экономикалық жағдайларға байланысты  болатынын тағы да көрсетті. XX ғасырдың 80­жылдары басым түрде дамыған елдер аясында екінші "жасыл революция" немесе биотехнологиялық революция (нанотехнология) жүрді.  Гендік инженерия нәтижесінде үсік пен түрлі ауруларға төзімді томат, картоп, мақта, қытайбұршақ (соя) сияқты өсімдіктердің жаңа сорттары  будандастырылса, сүтті сиырлардың етті шошқа мен ірі қараның жаңа түрлері  шығарылды. Мұндай жетістіктерді өндіріске енгізу өте қымбатқа  түсетіндіктен, қазірше батыстың жоғары дамыған елдерінде ғана  қолданылуда. Ауыл шаруашылығы даму бағыттарына қарай интенсивті және  экстенсивті болып бөлінетіні сендерге таныс. Қазіргі ауыл шаруашылығына тән басты белгі — бір немесе бірнеше өнім  түрлерін өндіруге мамандану. Жалпы өнімнің құрамы мен мөлшері сұранысқа, табиғи және әлеуметтік­экономикалық жағдайларға, көлікпен  жабдықталуына, әр елдің экономикалық, географиялық жағдайына тәуелді. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында жоғары маманданған кәсіпорындар мен  ауылшаруашылың аудандары көбеюде. Географиялық еңбек бөлінісі  нәтижесінде тауарлық қатынастардың кең етек алуы, өндірістің көлік және  жоғары технологиялық жетістіктерімен қамтамасыз етілуі, ауыл  шаруашылығының жекелеген ел шеңберінен шығып, ғаламдық деңгейге  көтерілуіне себепші болып отыр.  Ауыл шаруашылығының Қазақстан экономикасында алатын орны     Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жеке меншік  иелері мен жер иеленушілердің қарамағындағы 149,1 млн. га жер бар. Оның  25,7 млн. га­сы егістік, 3,6 млн. га­сы шабындық, 103,5 млн. га­сы жайылым  (1998). Мемлекеттік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру  және ұжымшарлар жүйесін қайта жаңғырту оң нәтиже берді. Жерге  байланысты құқықтық қарым­қатынас жүйесі өзгерді, баға, несие, қаржы  саясаты реформаланды, басқару механизмі жеңілдетілді. 1997 жылы  Қазақстанда жалпы саны 72335 ауыл шаруашылығы құрылымдары жұмыс  істеді. Оның 1847­сі шаруашылық серіктестіктері, 601­і акционерлік  қоғамдар, 3714­і өндірістік кооперативтер, 65 мыңнан астамы шаруа қожалықтары, 192­сі мемлекеттік кәсіпорындар. Ауыл шаруашылығы  кәсіпорындарын жекешелендіру меншік нысанын ғана өзгеріске ұшыратып  қойған жоқ, сонымен бірге оларды жедел дамытуға, өндірісті қайта құруға,  тауарлы өнім өндіруді арттыруға мүмкіндіктер тудырды. Ауыл шаруашылығы  салалары бойынша жалпы өнім құны 305, 4 млрд. теңгеге жетті (1997). Оның  41,5%­і мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Негізгі ауыл шаруашылығы  дақылдарының егіс көлемі 1997 жылы 21843,7 мың га, оның ішінде дәнді  дақылдар 15651,5 мың га болды. Бидай 11512,2 мың га, күріш 85, 2 мың га,  жүгері 69 мың га, қант қызылшасы 13,6 мың га, мақта 103,6 мың га, күнбағыс  223,9 мың га, картоп 176,3 мың га, көкөніс 87,1 мың га, мал­азық дақылдары  5445,6 мың га жерге егілді. Дәнді дақылдарының жалпы түсімі — 12,4 млн. т  құрады. Оның ішінде бидай 8955 мың т, күріш 255,0 мың т, жүгері ұны 111,2  мың т, қант қызылшасы 139 мың т, мақта 198 мың т, күнбағыс 66 мың т,  картоп 1472 мың т, көкөніс 880 мың т. болды. Ауыл шаруашылығы  дақылдарының әр га­дан түсетін өнімділігі: дәнді дақылдардан 8,7 ц, күріштен 30,8 ц, қант қызылшасынан 126,5 ц, мақтадан 19,3 ц, күнбағыстан 3,5 ц,  картоптан 84,1 ц, көкөністен 100,6 ц болды. 1997 жылдың аяғында ірі қара  малдың саны 4405,7 мың (оның ішінде сиыр 2181,8 мың), қой мен ешкі 10896,6 мың, шошқа 881,5 мың, жылқы 1101,1 мың, құс 15858,2 мың болды. Ет 1302,1  мың т., сиыр сүті 3220,4 мың т, жүн 32,4 мың т мөлшерінде өндірілді.                                  Ауыл шаруашылығы ауданы Өндірістік мамандануының басты саласы ауыл шаруашылығы өндірісі болып  табылатын интегралды экономикалық аудан; ауыл шаруашылығы өнімінің белгілі бір түрін (түрлерін) өндіруге маманданған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үштесуі мен өндірістік өзара  байланыстары бар салалық экономикалык аудан. Ауыл шаруашылығы тұрғысынан аудандау Елдің аумағын ауыл шаруашылығының сипаты немесе оны жүргізу  жағдайлары бойынша салыстырмалы біртекті бөліктерге (аудандарға) бөлу;  экономикалық аудандаудың бір түрі.                      Ауыл шаруашылығы географиясы Толық мақаласы: Ауыл шаруашылығы географиясы Ауыл шаруашылығы өндірісі орналасуының табиғи және әлеуметтік­ экономикалық факторларын, оның жеке елдер мен аудандарда даму  жағдайлары мен ерекшеліктерін анықтау мен талдауды коса ауыл  шаруашылығы өндірісінің аумақтық саралануының зандылығы мен  ерекшеліктерін зерттейтін географияның бөлімі; ауыл шаруашылығы өндірісін аграрлық­өнеркәсіптік кешеннің баска салаларымен өзара байланыста  қарастырады. Ауыл шаруашылығы географиясының ауыл шаруашьшығы  өндірісінің орналасуы мен аумақтық ұйымдастырылуының жалпы теориясын,  ауыл шаруашылығының жеке салаларының (егіншілік, мал шаруашылығы және тағы да басқалары) географиясын, әр түрлі аумақтарды аудандауды және  типке бөлуді қамтиды. Ауыл шаруашылығы жерлері Ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын жер телімдері; табиғи  ерекшеліктері мен ауыл шаруашылығына пайдаланылуы бойынша  ерекшеленеді. Егістік, жайылымдық және шабындық деп бөледі. Қазақстанда  2005 ж. барлық Ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі, шамамен, 215850,9  мың га, оның ішінде егістік жер 23230,4 мың га, пішендік 4816,0 мың га,  жайылым 182358,1 мың га болды. Ауыл шаруашылығы карталары Ауыл шаруашылығы өндірісінің орналасуын, оның даму жағдайлары мен  факторларын бейнелейтін карталар. 1. Дүниежүзіне жалпы шолу.  Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С.  Қолданылған әдебиеттер Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б.   2. Қазақ энциклопедиясы 3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. — 264 бет.

Ауыл шаруашылығы реферат 4 сынып

Ауыл шаруашылығы  реферат  4 сынып

Ауыл шаруашылығы реферат 4 сынып

Ауыл шаруашылығы  реферат  4 сынып

Ауыл шаруашылығы реферат 4 сынып

Ауыл шаруашылығы  реферат  4 сынып

Ауыл шаруашылығы реферат 4 сынып

Ауыл шаруашылығы  реферат  4 сынып

Ауыл шаруашылығы реферат 4 сынып

Ауыл шаруашылығы  реферат  4 сынып

Ауыл шаруашылығы реферат 4 сынып

Ауыл шаруашылығы  реферат  4 сынып

Ауыл шаруашылығы реферат 4 сынып

Ауыл шаруашылығы  реферат  4 сынып

Ауыл шаруашылығы реферат 4 сынып

Ауыл шаруашылығы  реферат  4 сынып

Ауыл шаруашылығы реферат 4 сынып

Ауыл шаруашылығы  реферат  4 сынып

Ауыл шаруашылығы реферат 4 сынып

Ауыл шаруашылығы  реферат  4 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.01.2017