1. Бұл бағдарлама 8 сыныптарға информатика пәнінен таңдау курс оқытуға арналған. Анимациямен жұмыс жасау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау.
2. «Flash-тегі анимация» тақырыбындағы курс оқушыларға анимация жасауға арналған бағдарламалар түрлерін, олардың қолданылуын анықтауға көмектеседі және бейнелермен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінген.
авторлық бағдарлама.doc
«Flashтегі анимация»
Факультативтік сабақ бағдарламасы
Бағдарлама авторы: Алматы облысының Балқаш ауданындағы
Бақбақты ауылы №1 Жамбыл атындағы орта мектептің
информатика пәні мұғалімі Мамышова А.А. Кіріспе
Бүгінгі таңда “Жаңа технологиялар” адамдардың өмірін, қарымқатынасын
және жұмысын өте аз уақыт ішінде қатты өзгертті. “Жаңа технологиялар”
адамдардың жаңа бір қоғамын қалыптастырды Жай ғана үй тұрмысына арналған
техникаларды бірнеше жыл бұрынғы модельдерімен салыстыру өте қиын.
Мысалға, телефон аппаратының өзгеруін алайық, ол кем дегенде екі құрылғыдан
тұратын еді, ал қазіргі өлшемі кішкентай сымсыз ұялы телефонғға дейін өзгерді.
Оның жарты ғасырдан кейінгі өзгерісінің қандай болатынын елестету қиын .
Жаңа технологиялар осындай өзгерістерді қоғамның басқа да салаларына
енгізуде. Солардың ішінде негізгі рөлді компьютер атқарады. Ауқымды, көп
уақытты алатын есептеу жұмыстарын компьютердің арнайы программалары
арқылы тез арада жасауға болады. Компьютерлік программалардың ішінде өте
жылдам қарқынмен дамып келе жатқандары “Объектілерге бағытталған
программалау” және компьютерлік графика. Олардың көмегімен әртүрлі
электрондық қабықша құруға болады. Бұған көптеген аниматорлар,
программалаушылар және дизайнерлар өз үлестерін қосуда.
Мультипликациялық бейнелер жасауға арналған Macromedia Flash
программасы өндірушілер арасында кеңінен қолдау тапты.Future Splash
графикалық программасы 1997 жылы Macromedia компаниясында пайда болған.
10 жыл ішінде Flash программасының векторлық графикасы мен анимациясы
барлық Webбеттердің, браузерлердің және операциялық жүйелердің модульдер
құрамына енді. Flash программасының жыл сайын жаңарып отыратын
мүмкіндіктері қолданушыларды қызықтырып, олардың санын жылданжылға
арттыруда. Қазіргі таңда өңдеушілер Flashтың көмегімен мультимедиалық
жарнамалар, Webбеттер, ойын программаларын және электрондық оқулықтар
құруда. Түсінік хат
1. Бұл бағдарлама 8 сыныптарға информатика пәнінен таңдау курс
оқытуға арналған. Анимациямен жұмыс жасау арқылы оқушылардың логикалық
ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау.
2.
«Flashтегі анимация» тақырыбындағы курс оқушыларға анимация
жасауға арналған бағдарламалар түрлерін, олардың қолданылуын анықтауға
көмектеседі және бейнелермен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыруға көп
көңіл бөлінген.
3. Flash технологиясы қадамдық форматтағы анимацияны, Webте
пайдалануға болатындай етіп түрлендіру үшін дайындайтын анимациялық
қосымша болып табылады. Flashтің негізі сурет салудан басталады. Сурет
салуда әр түрлі құралжабдықтар қарастырылған. Осы құралжабдықтарды
қолдану жолдарын үйренеді.
4.
Flash бағдарламасында бейнелерге әр түрлі анимациялық
эффектілерді қолдануды үйретеді.
Курстың негізгі мақсаты:
Бұл таңдау курс оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық
қабілеттерін дамытуды, жалпы адамзаттық құндылықты дамытуды, табиғатқа
ғылыми көзқарасын, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғышарт болып
табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған
білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Flash
анимациялық бағдарламасының құралдарымен таныса отырып, бейнелерге әр
түрлі анимациялық эффектілерді беруге үйрету – курстың басты мақсаты болып
табылады.
Курстың негізгі міндеттері:
Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту (жеке жағдайда, алгоритмдік,
әрекеттік ойлау қабілетін дамыту);
Оқушыларды практикалық және бағдарды бағытта даярлау
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сай сапалы білім
алады.
Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат
түрлерімен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда
пайдалана алатын тұлға қалыптасады.
тапсырмаларды қолдану оқушылардың белсенділігін арттыру.
білімді шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Өз заманына сай білімді, іскер, шығармашыл, жанжақты дамыған, терең
Оқу үрдісінде репродуктивтік, эвристикалық және зерттеушілік
Тақырыптық оқу жоспары
Сабақ тақырыбы
Сағат саны
№
1
2
3
4
5
6
Есептеуіш техника кабинетіндегі техника қауіпсіздігінің және
тәртіп сақтау ережелері.
Flash бағдарламасымен танысу. Панельдер. Құжат
атрибуттарын баптау. Уақыт шкаласы
Инструменттер панелі. Ыстық пернелер және оларды баптау
Векторлық графикамен танысу. Сурет салу инструменттерін
пайдалану.
Суреттерді салу және коррекциялау
Бояуды пайдалану. Компоновкалаудың қосымша элементтерін
пайдалану
Растрлық суреттерді импорттау
Растрлық суреттерді трассировкалау
Растрлық суреттерді жіктеу
Растрлық суреттерді сығу
Кітапханалар арасында файл бөлісу
7
8
9
10
11
12 Жинақтамалар
13
14 Жоба жұмысы №1
15
16 Құралдардың анықтамалары
17 Құралдарды пайдалану арқылы сурет салу
18
19
20
21 Жұмыс алаңы градиент немесе растр түстеуін бұғаттау
22 Маскалар.
23 Мәтіндер
24 Шрифт еңгізу
25 Жоба жұмысы №2
26 Анимация түрлері және уақыт сызығы
27 Арасы толтырылған анимациялардағы қабаттар туралы.
28
29 Анимация жасау
30 MovieClip арқылы анимация
31 Аралық (tween) анимацияларың қайталау
Түстеу мен жиектеудің түстерін реттеу.
Градиентті түстеуді құру мен өзгерту
Градиент пен растр түстеуін қайта жасау
Кілт кадрлерді тарату арқылы Tween анимациясын жасау.
Сызғыштарды пайдалану
Кұралдар және құралдарды пайдалану арқылы сурет салу
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1
1 Сипат анимациясы туралы.
32
33 Анимацияның негізгі үлгісін ауыстыру немесе өшіру
34 Жоба жұмысы №3
Барлығы
1
1
1
34
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Компьютерлік графика оқулығы. Алматы 2007 120 б. авторы: А. Е.
Сағымбаева 30 сабақ “Жаңа информациялық технологиялар”
2. Информатика негіздері журналы. 2006 № 6
3. Информатика негіздері журналы. 2008 № 2
4. Информатика негіздері журналы. 2009 № 2
5. Компьютерлік графика оқулығы. Алматы 2007 120 б. авторы: А. Е.
Сағымбаева
6. 30 сабақ “Жаңа информациялық технологиялар”
Авторлық бағдарлама
Авторлық бағдарлама
Авторлық бағдарлама
Авторлық бағдарлама
Авторлық бағдарлама
Авторлық бағдарлама
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.