Ақылды тыңдай білу де өнеге
Оценка 4.8

Ақылды тыңдай білу де өнеге

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
искусство
4 кл
13.11.2018
Ақылды тыңдай білу де өнеге
Ата-анаңның ақылы,сайрап жатқан жолмен тең. Ақылдының ақылы,сарқылмайтын көлмен тең. Халық мақалы. Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: * ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру; * ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту; * ақыл,өнеге,өсиеттерді тыңдауға,бағалауға тәрбиелеу. Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер,үнтаспа. «Даналық сөздер» сандығы,үлестірмелі кеспе қағаздар. Шаттық шеңбері Оқушылыр шеңбер құрып тұрады.Барлығы үнтаспаға қосылып «Бақытты балалық шақ» атты көңілді әнді шырқайды. Мәтінмен жұмыс «Қорада малың болсын,көшеде талың болсын» атты мәтінмен танысу. Дәйексөз -Әңгімедегі әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалары өмірде
Жаңа Документ Microsoft Word (4).docx
Өзін­ өзі тану . 4­сынып.3­тоқсан 19­ші сабақ.19­қаңтар.2010­ жыл. Сабақтың тақырыбы: Ақылды тыңдай білу де өнеге Ата­анаңның ақылы,сайрап жатқан жолмен тең. Ақылдының ақылы,сарқылмайтын көлмен тең. Халық мақалы. Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: * ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру; * ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту; * ақыл,өнеге,өсиеттерді тыңдауға,бағалауға тәрбиелеу. Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Көрнекі құралдар: оқулық,дәптер,үнтаспа. «Даналық сөздер» сандығы,үлестірмелі кеспе  қағаздар. Шаттық шеңбері Оқушылыр шеңбер құрып тұрады.Барлығы үнтаспаға қосылып «Бақытты  балалық шақ» атты көңілді әнді шырқайды. Мәтінмен жұмыс «Қорада малың болсын,көшеде талың болсын» атты мәтінмен танысу. Дәйексөз ­Әңгімедегі әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалары өмірде ештеңеден қиындық көрмей,жақсы  өмір сүрген екен.Ал өсиет сөзге құлақ түріп тыңдамайтын адамның ісі алға баспай,сол күйі  қалады.Ата сөзін,әке сөзін,ұстаз сөзін,үлкендер сөзін,халық даналығын,өсиетін дұрыс ақылға  салып тыңдай білген адамның ақылы толыса түседі,адаспайды.Ақылды тыңдайтын бала да  ақылды атанады.Сондықтан да халық: «Ата­анаңның ақылы,сайрап жатқан жолмен тең. Ақылдының ақылы,сарқылмайтын көлмен тең»­деп айтқан болатын. Түйіндеме Данышпан атаның ақыл­кеңесін білдіретін түйіндемемен таныстыру: 1. Адамдарға ізет білдіріңдер! 2. Түсінбегенді сұрап алыңдар! 3. Айтылған сөзге мән беріңдер! 4. Әңгімені мұқият тыңдап алыңдар! 5. Сөйлеушінің сөзін бөлмеңдер! 6. Сөйлеп тұрған адамға көңіл бөліңдер! Жағдаяттарды талдау Жағдаят бойынша суреттегі балаларға қандай ақыл­кеңес берер едіңдер  деген тапсырма беру. Жаттығу 1.Ақботаның қоржынынан әр оқушы кеспе қағаздарға жазылған даналық сөздерді  дәптерлеріне жазып,жария етеді,есіне сақтайды. 2. Өздері тыңдап өскен,қолданып жүрген ақыл сөздерді естеріне түсіріп,дәптерлеріне  жазып,жария етеді. Дәптермен жұмыс Дәптерде берілген бұлбұлдың,күйшінің,ұстаздың,баланың,әженің суреттері  тұстарына қалдырылған бос жолдарға олардың қандай ақыл сөздерін тыңдағылары келетіндігін  жазу. Қорытындылау ­Бізге үлгі­өнеге болатын үлкендердің,даналардың ақыл­өсиеттерін, даналық  сөздерін тыңдап, оларды өмірде қолдана білсек,өмірден өз орнымызды нақты таба аламыз.Сол  себепті қолдан келгенше үлкендердің кеңесін,ақылын құлақ түріп,тыңдаған жөн. Жүректен жүрекке Балалар шеңбер құрып тұрады.Үнтаспаға қосылып «Ізеттілік әліппесі» атты әнді шырқайджы.     Өзін­ өзі тану . 4­сынып.3­тоқсан 20­шы сабақ.26­қаңтар.2010­ жыл. Сабақтың тақырыбы: Өзімшілдік пен көпшілдік Болмағын кекшіл,болсайшы көпшіл. Абай. Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: * «көпшілдік», «өзімшілдік» ұғымдары туралы түсінік беру; * өзара сыйластық қарым­қатынастарын дамыту; * көпшіл болуға тәрбиелеу. Мақсаты: Оқушылардың «бірлік» құндылығы және «көпшілдік» адами қасиеті туралы түсініктерін  кеңейту. Көрнекі құралдар: үнтаспа,ақ қағаздар,оқулық,дәптер. Шаттық шеңбері Оқушылыр шеңбер құрып тұрады,сәлемдеседі.Мұғалім өлең жолдарын  айтады,оқушылар қайталайды. ­Күн,кімнің досысың? Кәдімгі көліңдей түсетін, ­Бәріңе ортақпын! Кәдімгі суыңдай ішетін, Сен кімнің жолысың? Ауадай бәріміз жұтатын, ­Бәріңе ортақпын! Барлығы әулие тұтатын, Бәріңе ортақпын! Мәтінмен жұмыс Ж.Байбұланованың «Қызғаныштың кесірі» атты мәтінін оқушыларға оқыту. Дәйексөз ­Өзімшіл адам түбінде жалғыз қалады.Ал жалғыз ойнау қызық болмайтыны сияқты,жалғыз жүру  де адамды жалықтырады,жалғыз еңбектенудің де жемісті нәтижесі болмайды.Көппен бірге  жұмыс істеп,барын көппен бөлісе алатын,жеке басының қамын ғана емес,көптің қамын ойлайтын  адамды көпшіл дейді.Ол адам көптің көмегімен үлкен жетістіктерге жетеді.Ұлы Абайдың  «Болмағын кекшіл,болсайшы көпшіл» дегенінің мәнісі осы. Жаңа ақпарат Өзімшіл адам басқалардың мүддесімен санаспайды,тек өз мүддесін  ойлайды.Ондай адам туыстары,достары,сыныптастары арасында тек өзінің ғана қамын  көздейді.Бұл жақсы қасиет емес.Ал көпшіл адам көп көңілінен шығып,айналасындағылармен тіл  табысады.Кеңпейіл,көпшіл болу,сыйласа білу жақсы қасиет. Жаттығыу­ойлану. Балаларға сұрақтар қойылып,жауаптары тыңдалады. Тапсырма Өзімшіл және көпшіл адамдарға тән қасиеттерді ажыратып айтыңдар: Өз басының пайдасын ойлау,бауырмалдық,ақкөңілділік,басқалармен санаспау,өз қамын  ойлау,белсенді,жомарттық,өркөкіректік,менмендік,тәкаппарлық,қауымшыл. Дәптермен жұмыс Оқушылар дәптерде берілген кестеге өзімшіл адам мен көпшіл адамға тән  белгілерді жазады да,оларды салыстырып қорытынды жасайды. Тапсырма «Өзімшілдік пен көпшілдік туралы күнделікті өмірден мысал келтіріп айту.» Қорытындылау ­Көпшіл адамды бәрі жақсы көреді,өзімшілді ұнатпайды.Көпшілдің көпке көмегі  тиеді және оған көпшілік көмектеседі,өзімшілдің өзіне ғана көмегі тиеді.Көпшілдің  жолдастары,достары көп,өзімшіл жалғыз.Сондықтан да көпшіл болуға ұмтылып,өзімшілдіктен  қашық болайық. Жүректен жүрекке Балалар шеңбер құрып тұрады.Өлең оқиды. «Сіз», «біз»деген жылы сөз Баршаға керек жақсылық! Жылытады жүректі. Жақсылық сүйер жанымыз, Жақсылық билеп жаныңды тез, Баршаға жетер жақсылық, Оятар игі тілекті. Қызғанбай бөліп алыңыз! Біреуге біреу жақсылық «Сіз» , «біз» деген жылы сөз­ Тілесе әр кез жаны ашып, Жақсылықтың мейірі. Осы бір шырын –тәттілік, Бір­біріне болып көз, Тұрмай ма жанға жарасып!? Кең болсын адам пейілі.

Ақылды тыңдай білу де өнеге

Ақылды тыңдай білу де өнеге

Ақылды тыңдай білу де өнеге

Ақылды тыңдай білу де өнеге
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.11.2018