Мақсаты:
* оқушылардың «халық», «Отан», «махаббат» құндылықтарды туралы түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:
-батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру;
-шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту;
-батылдыққа, өжеттікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар : оқулық,үнтаспа
Шаттық шеңбері
Балалар мұғаліммен бірге шаттық шеңберін құрып тұрады.
Көңілді ән шырқайды.
Балдырғандар әні
сөзін жазған О.Әубәкіров
Әнін жазған Ш. Қалдаяқов
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз,балалар, барлығымыз.
қайырмасы:
Өмір тым жайдары,
Қызықтың қайнары,
Бақшамыз жайнады.
Өзін өзі тану . 4сынып.3тоқсан
21ші сабақ.02ақпан.2011 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Батыл болмай, батыр болмайды.
халық даналығы.
Мақсаты:
* оқушылардың «халық», «Отан», «махаббат» құндылықтарды туралы түсініктерін кеңейту;
Міндеттері:
батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру;
шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту;
батылдыққа, өжеттікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар : оқулық,үнтаспа
Шаттық шеңбері
Балалар мұғаліммен бірге шаттық шеңберін құрып тұрады.
Көңілді ән шырқайды.
Балдырғандар әні
сөзін жазған О.Әубәкіров
Әнін жазған Ш. Қалдаяқов
Қуанышқа бөленген әр күніміз,
Бақыттымыз,балалар, барлығымыз.
қайырмасы:
Өмір тым жайдары,
Қызықтың қайнары,
Бақшамыз жайнады.
БізОтанның балдырған ұлдарымыз,
Әдептілік, батылдықұранымыз.
қайырмасы
Мәтінмен жұмыс
Сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу жүргізу.
Балалардың өздігімен мәтінді түсініп оқып шығып,пікірлерін тыңдау.
«Қойшы Қаһарман» ертегісі.
Балалардың пікірін білу мақсатында сұрақтар қою:
* Қаһарман батырдың ержүрек батырлығын қандай ісәрекетінен байқадыңдар?
* Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?
* Өздеріңнің бойларыңда батылдық бар деп ойлайсыңдар ма? Неліктен?
* Батылдық,өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?
* батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
Дәйексөз
Балалардың жауаптары дәйексөздің түсіндірілуімен және жаттығу жұмысының орындалуымен
түйінделеді.
Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады.Ал батыл болу үшін өжет,
төзімді,шыдамды,сабырлы, атаанасын,елін,жерін сүйетін, қорқуды бімейтін адам болу керек.
Ондай адам батыр бола алады. Сондықтан да халық «Батыл болмай, батыр болмайды» деп тегін
айтпаған.
Жаттығу
Оқушыларға тарихтағы батырларды еске түсіру ұсынылды.Олардың бойындағы қасиеттерді еске
түсіре отырып, батылдық ұғымына топтастыру жасайды.
Күтілетін жауаптар: өжет адам, қорықпайтын, төзімді,сабырлы, денсаулығы мықты, шыныққан,
Отанын сүйетін, қайсар және т.б.
Сергіту сәті
Адам бойына батылдықтың қалыптасуына жене жаттығуларының да әсері бар екендігі еске
түсіріліп, балалардың денесі сергітіледі және ойын ұйымдастырылады.
Шынығамыз жастай біз, (Орындарынан тұрады)
Жаттығуды бастаймыз. (Қоладарын бүйірлеріне қояды)
Бір,екі,үш, (қолдарын алға, жоғары, жанына созады)
Бір,екі, үш, (қолдарын алға, жоғары, жанына созады)Бойға жинап күш. (Қолдарын ішке бүгеді)
Ойын
Балалар жарты шеңбер құрып тұрады.Ортаға ұзындығы 23 метр болатын түзу сызық
сызылады.Меже белгіленеді.Ортаға бір ойыншыдан шығады .Ойыншыны ойын басқарушы онында
тұрып айналдырады.Бірнеше рет айналғаннан кейін сызылған сызықтың бойымен екі қолын
жайып түптүзу жүру керек.Кім межеге сызықтың бойынан ауытқымай түзу жүріп жетсе, сол
батыл, жеңімпаз атанады.Жеңімпаздарды марапаттайды, қол шапалақтап қошеметтеу.
Тапсырма
«Өмірде ерлікке орын жетеді» тақырыбында әңгімелеу.
Дәптермен жұмыс
Оқушылардың сабақта алған білімдері пысықталады.
1тапсыпма.
Дәптерде берілген сөзжұмбақты шешу.
2тапсырма : Халқымыздың батыр, өжет азаматтарының бірі туралы шағын әңгіме жазу.
Қорытындылау
Батылдықадам бойындағы жақсы қасиеттердің бірі.Адам батыл болу үшін бала күнінен денесін
шынықтырып, салауатты өмір сүру керек. Халықбатырларының өмірін мақтаныш,үлгі тұта білейік.
Жүректен жүрекке
Балалар бір –біріне жылы лебіздерін білдіреді:
Бірбірімізді қиын сәтттерде қодай білейік.
Деніміз сау болсын.
Бойымызға батылдықты, батырлықты дарыта білейік және т.б.
Өлең оқыту
Батыр ата
Ө. Тұрманжанов
«Батыр !» деген барша сүйген жақсы сөз,
Алтын туы сияқты ол ғасырдың.
Батыр ата: « Батыр бол!» деп ұрандар!
Естіңдер жас жеткіншек қырандар!
Батыр болып,туған жерді қорғауды
«Шын бақыт!» деп тілек етіп сұраңдар.