Еңбекқорлық пен еріншектік
Оценка 4.7

Еңбекқорлық пен еріншектік

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
искусство
4 кл
13.11.2018
Еңбекқорлық пен еріншектік
Еңбек-қуаныш, жалқаулық-айырылмас азап. Абай. Мақсаты:Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кңейту; Міндеттері: -еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру; -еңбекке қызығушылықтарын арттыру; -еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: үнтаспа, ақ қағаздар, оқулық, дәптер. Шатттық шеңбері: Балалар шеңбер құрып тұрады. «Болайықшы осындай» әнін үнтаспаға қосылып айтады. Әңгімелесу Мұғалім оқушылардың еңбекқорлық пен еріншектік туралы түсініктерін білу мақсатында төмендегідей әңгімелесу сұрақтарынберіп, пікірлеседі.
Жаңа Документ Microsoft Word (2).docx
Өзін­ өзі тану . 4­сынып.3­тоқсан 22­ші сабақ.09­ақпан.2011­ жыл. Сабақтың тақырыбы:Еңбекқорлық пен еріншектік Еңбек­қуаныш, жалқаулық­айырылмас азап. Абай. Мақсаты:Оқушылардың «еңбек» құндылығы туралы түсініктерін кңейту; Міндеттері: ­еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру; ­еңбекке қызығушылықтарын арттыру; ­еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: үнтаспа, ақ қағаздар, оқулық, дәптер. Шатттық шеңбері: Балалар шеңбер құрып тұрады. «Болайықшы осындай» әнін үнтаспаға қосылып айтады. Әңгімелесу Мұғалім оқушылардың еңбекқорлық пен еріншектік туралы түсініктерін білу мақсатында  төмендегідей әңгімелесу сұрақтарынберіп, пікірлеседі. * Еңбектену адамға не үшін қажет? * Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды? * Өзіңді еңдекқомын деп манайсың ба? Неліктен? Мәтінмен жұмыс Сабақтың тақырыбын таныстыра отырып,еріншек пен еңбексүйгіш туралы балаларда түсінік  қалыптастыру мақсатында әңгімелеу ұйымдастыру. Мәтінді әңгімелеп беру. «Еңбексүйгіштік пен Еріншек» ертегісі. Балалардың түсініктерін байқау мақсатында сұрақтар қою. * Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып беріңдер * «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер? * Еңбексүйгіштің бойындағыжақсы қасиеттерді атап беріңдер. Балалардың жауаптарын мұғалім түйіндейді: ­Еңбекті сүйетін адам көп еңбектенеді.Өз еңбегінің арқасында ұрпағына, халқына мұра  қалдырады.Ал еріншек жалқаулығының нәтижесінде өз күнін өзі әрең көреді. Сергіту сәті Еңбек Қырға шықсаң,өрлеп (Қолдарын кезек –кезек жоғары көтереді.) Мұның аты­еңбек. (Екі қолын жаяды.) Кесте тіксең, зерлеп, (Оң қолымен ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді.) Мұның аты­Еңбек. (Екі қолын жаяды.) Сабағыңа жөндеп (Жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды.) Әзірленсең­Еңбек. Қиындықтың бәрін (Құшағын ашады) Еңбек қана жеңбек. (Екі қолын жаяды.) Тапсырма Оқушыларға «адал еңбек», «өнімді еңбек» деген ұғымдарды қалай түсінетіндері туралы айтып  беруді тапсыру. Дәйексөз Бабалардың жауаптарды дәйексөздің түсіндірілуімен түйінделеді. ­Еріншектік,жалқаулық әңгімеде айтылғандай бір қиындықтан екінші кедергіні тудырады,жолын  болдырмайды.Нәтижесінде көңіліңде,қарның да тоқ болмайды. Сондықтан да ұлы Абай атамыз  «Еңбек­қуаныш, жалқаулық­айырылмас азап»деп айтқан болатын. Шығармашылық жұмыс Сабақта оқушылардың алған білім­біліктерін іс жүзінде көрсете алуларына жағдай туғызу үшін «еңбек пен бақыт­егіз» мақалын көзқарас­себеп­мысал­қорытындылау әдісімен талқылау. Сабақ тақырыбының мазмұнына сәйкес тапсырмасы беріледі. ­ М.Әлімбаевтың «Ұшпақ па әлде еріншек пе?» «Менің оған нем кетті»өлеңдерін салыстыра оқыту. Жаңа ақпарат «Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа,шаттыққа бөленеді» деген жаңа ақпаратпен  таныстырып, олардың алған білімдерін толықтырып бекіту. Тапсырма Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін тиянақтау мақсатында «Еңбекқор бала мен еріншек  балаға мінездеме беріңдер» деген тапсырма беремін. Дәптермен жұмыс 1­тапсырма: Дәптерде берілген кестеге еріншек пен еңбекқорға тән белгілерді бөліп жазыңдар.  Жазғандарын салыстыра отырып өз қорытындыларын шығарту. 2­тапсырма: Мақалдарды оқытып,түсініктерін айтқызу. «Еңбек­ ырыстың бұлағы, бақытттың шырағы». «Адал еңбек, алғыр ой­анық досың біліп қой» Оқушылардың жауаптарын тыңдау. Қорытындылау ­Адам бойынан табылып жататын ең бір жағымсыздық­еріншектік. бұл әдет­ бүкіл дүниедегі  өнердің дұшпаны. Өйткені еріншек кісінің мойны іске жар бермейді.Осыған байланысты Абай  атамыз 38­қарасөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ  керек.Әуелі­надандық, екінші­еріншектік, үшінші­залымдық,­деген екен». Жүректен жүрекке Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір­біріне жақсылық , ізгі тілектерін білдіреді. «Еңбек» атты  өлеңді оқыту.

Еңбекқорлық пен еріншектік

Еңбекқорлық пен еріншектік

Еңбекқорлық пен еріншектік

Еңбекқорлық пен еріншектік
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.11.2018