Фактория - бөтен елдердегі әкелінетін не әкетілетін тауарлардың қоймалары бар үлкен сауда қоныстары.
Сабақтың тақырыбы:
Оқу мақсаты:
8(7).3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;
8(7).4.1.4 - «экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарын қолдану арқылы, тауар-ақша қатынастарының дамуын түсіндіру.
Ағылшындар саудагерлерден Үндістан билеушілеріне қалай айналды?
Экспорт (лат. exportare – шығару‚ әкету) – тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтарды сыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету.
Импорт (лат: іmportare – әкелу) – ішкі рынокта өткізу үшін елге шет елдерден тауарлар, технологиялар әкелу.
Экспансия (лат. expansіo – таралу, тарату) – монополистік бірлестіктердің, мемлекеттердің, әлеуметтік топтардың экономикалық әдістермен де, басқа әдістермен де (аумақтарды қарулы күшпен басып алу, дипломатиялық қысым жасау, т.б.) ықпал ету аясын кеңейтуі.
Дели сұлтандығын 1526 жылы Әмір Темірдің немересі Бабыр жаулап алды да,
Ұлы моғолдар империясын құрды.
1526 – 1858 жылдар арлығында Үндістан, Пакистан, Бангладеш, Ауғанстанның оңтүстік – шығысында
Ұлы моғолдар империясы өмір сүрді.
Билеушінің титулы – падишах.
Бабыр падишах тұсындағы аумағы
Акбар падишах тұсындағы аумағы
Аурангзеб падишах тұсындағы аумағы
Касталық жүйе төрт сатыдан тұрды:
1- саты
Брахмандар – дін өкілдері
2 - саты
Кшатрийлер – билік өкілдері, әкімдер, әскери адамдар
3 – саты
Вайшилер – қауымның ерікті мүшелері, қолөнершілер мен саудагерлер
4 – саты
Шудралар – қауымның еріксіз мүшелері, жалдамалы жұмысшылар, шаруалар, құлдар мен малайлар
Үнді қоғамында аса кедей төменгі топтарын жиіркенішпен «кесапаттылар» деп атады. Олар өте көп болды.
Тәж Махал - Үндістандағы ең әйгілі ғимарат және ЮНЕСКО әлемдік мұра нысаны. Делиден 204 шақырым жерде орналасқан. Әлемге танымал бұл монумент Аграның жанындағы Жанума өзенінің жағалауында орналасқан.
Жахан шахтың ұрпағы 13 бала туып,
14-інші баладан қайтыс болғаннан кейін,
Тәж Махал кесенесін Мұмтаз Махалға арнап салдырған.
1631 жылы басталған кесененің құрылысы
22 жылға созылған. «Өлмес махаббат»
нышаны болып саналатын Тәж Махал –
әлемдегі жеті кереметтің бірі.
1602-1798 жылдары
аралығында
өмір сүрген
голландық Ост-Үнді
компаниясы
шай, мыс, күміс, мата, мақта, жібек, керамика
1664-1769 жылдары
аралығында
өмір сүрген
француздық Ост-Үнді
компаниясы
XVIII ғасырдың ортасында Үндістанды отарлауға ұмтылған еуропалықтардың ішінде ең белсенділік танытқандары француздық және ағылшындық Ост-Үнді компаниялары болды. Бұл екеуінің арасында Үндістан үшін күрес басталды.
1600-1874 жылдары
аралығында
өмір сүрген
ағылшын Ост-Үнді
компаниясы
ХVІІ ғасырдың бас кезінде Үндістанда ағылшындық Ост-Үндістан (1600 жылы құрылған) мен голландтық Біріккен Ост-Үндістан компаниясы (1602 жылы құрылған) түрінде еуропалық сауда капиталы пайда болды. Олар португалдардан Үндістанмен теңіз саудасын жүргізу монополиясын тартып алып, елде факториялар сала бастады. 1613 жылы Үндістандағы бірінші ағылшын факториясы Суратта пайда болды. ХVІІ ғасырдың 2-жартысында француздық Ост-Үндістан компаниясының (1664 жылы құрылған) сауда факториялары ашылды. Үнді көпестерінің көмегімен ағылшындар, голландықтар мен француздар үнді өндірісінің тауарларын сатып алып, оларды Еуропаға ғана емес, Иран, Индонезия, Жапония, Қытай, т. б. елдерге жеткізді. Ұлы Моғолдар империясы билеушілерінің арасындағы өзара үздіксіз жүргізілген тақ таласы ағылшын және француз Ост-Үндістан компанияларының Үндістанға сауда экспансиясымен қатар әскери экспансияға да көшуіне қолайлы жағдайлар туғызды. Ұлыбритания мен Франция Үндістан рыногы үшін өзара күрес жүргізді. 1756 -1763 жылдары үздіксіз жүргізілген соғыстың нәтижесінде Оңтүстік Үндістанда ағылшындар өз қарсыластарын толық талқандады.
Сурат
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.