Қазақ әдебиеті :М.Әуезов "Ақын қонақтар" (5-класс)
Оценка 4.6

Қазақ әдебиеті :М.Әуезов "Ақын қонақтар" (5-класс)

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
русская литература
5 кл
17.02.2017
Қазақ әдебиеті :М.Әуезов "Ақын қонақтар" (5-класс)
Публикация является частью публикации:
Сырдария.docx
Класы:7 Сабақтың тақырыбы: Әбділда –Сыр елінің перзенті. Сабақтың   мақсаты:   оқушыларға   Ә.Тәжібаевтың   өмірі   мен   «Сырдария»өлеңінің   мазмұнын, ақынның айтар идеясын оқушыға таныту. білімділік: ақын өлеңіндегі сөз қолданысы мен көркемдік ерекшелігіне талдау жасау,сыр өңірі туралы мағлұматтар беру. дамытушылық:  тарихи­әдеби   білімдерін   кеңейту,шығармашылық.ізденімпаздық   қабілетін дамыту, өз бетімен жұмыс жасай алуын дағдыландыру. тәрбиелік: Отанын,туған жерін сүюге, қадір­қасиетін сезінуге тәрбиелеу. Сабақ типі: аралас сабақ Сабақ әдісі: «Ой қозғау» статегиясы,мәнерлеп оқу, сатылай өлең құрылысына талдау Сабақ формасы:ұжымдық Пәнаралық байланыс: география,қазақ тілі, ән сабағы, геометрия Көрнекілігі:   хронологиялық   кесте,   Ә.Тәжібаевтың   кітаптары,   суретті   бүктеме,   Қазақстан географиясының   картасы,   плакат,   интерактивті   тақта,   толқынды   теңіздегі   кеме,   Сырдария суреттері Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі                                 А) Сабаққа әзірлік                                 Б) сабақтың мақсатын айту Сабағымыз толқындағы кемедегі тапсырмаларды орындау арқылы өтеді. Қалайда асау толқынға берілмей жағаға шығуымыз керек. ІІ.   Үй   тапсырмасын   сұрау.   Оқушылар,өткен   сабағымызда   Қ.Аманжоловтың   өлеңдерімен таныстық.   Сондағы   Абдолланың   Отанына,   еліне   деген   ыстық   ықыласын   оқып   танысқан болатынбыз. Сол сабақ пен бүгінгі сабағымызды ұштастыру барысында үйге туған жер жайлы шығармашылық жұмыс берілген болатын. Оқушылардың жұмысы оқылады. ІІІ.   «Ой  қозғау»  стр.  «Туған   жер­тұғырың»,   туған   жер   неге   ыстық?   (оқушылар   өз   ойларын айтады) Қызығушылығын ояту. Жаңа өздеріңіз айтқандай әркімнің туған жері өзіне ыстық. Қандай ақын­жазушы болмасын туған жерін жырламай өтпеген.                 Бүгінгі   сабағымызда   Сыр   елінде   туған   Ә.Тәжібаевтың   өмір  жолымен   және   өлеңімен танысамы ІҮ: «Ізденген жетер мұратқа» (картамен жұмыс) ­картадан Сырдарияны кім көрсетеді? Сырдария туралы мәлімет беріледі.     Сырдария өзені Қазақстан шеңберінен тысқары жатқан Орталық Тянь­Шан тауларынан бастау алады. Өзеннің ұзындығы ­2219 км.Өзен желтоқсан айы басында қатып,наурыз айы аяғында ери бастайды. Сырдария бойында ежелгі заманнан бері халық тығыз қоныстанған,суармалы егіншілік кеңінен дамыған ірі мәдени ошақтарының бірі. Өзенде бекіре, ақмарқа, қаяз, табан,жайын, сазан т.б.   балықтардың   түрлері   бар.   Небір   қиын   заманды   басынан   өткерген   қарт   сырдарияға   қазақ ақыны Ә.Тәжібаевта бас иген екен. Ү. Әбділда –Сыр елінің перзенті. Хронологиялық кесте. 1909 ж – Қызылорда облысында дүниеге келеді. 1928 ж – алғашқы өлеңдері жарық көреді. 1929 ж – ҚазПИ­дің әдебиет факультетін оқиды 1934 ж – «Жаңа ырғақ» өлеңдері жарық көрді. 1930 ж – 1940 ж –сыршыл лирик ретінде кеңінен танылды. 1940   жылдан   драматургиямен   айналысты.   «Жүректілер»   пьесасы   кітап   болып   шықты. «жомарттың кілемі»пьесасы Венгр,Румын елдері театрларында қойылды. 1954 ж – «Жамбыл» киносы түсірілді. 1960 ж – «Портреттер», «Монологтар», «Ақын», «Майра» т.б. поэмаларын, «Өмір және поэзия» шығармасын жазды. Қарсақбайдағы  «Қызыл кенші» газетінің орынбасары, Қазақ СССР ҒА­ның М.Әуезов атындағы әдебиет   өнер   институтының   аға   ғылыми   қызметкері,   Қазақ   СССР   жоғарғы   Советінің депутаты,Республика Жоғарғы Советі Президиумының  мүшесі,Қазақ ССр­ның Абай атындағы Мемлекеттік   сыйлығының   лауреаты,   2   рет   Еңбек   Қызыл   ту,   «Құрмет   белгісі» ордендерімен,медальдарымен наградталған. 1998 жылы 88 жасында өмірден өтті. ҮІ. «Сөз –жібек жіп, ой ­кесте».Өлеңді жатқа оқып беремін. Оқушыларға «Алма­кезек оқу» әдісімен оқыту. Өлеңнің тақырыбы мен идеясы туралы түсінік. Өлең жолдарынан ақынның туған жерге ,елге деген сағынышын табу. Ана деген кім? Ана мен туған жерді салыстыру. Ана туралы, туған жер туралы мақал­мәтелдер айтқызу. Әдебиет теориясынан түсінік беру. Параллелизм. Математика   ғылымында   екі   кесінді   параллель   сызықтар   деп   аталады.   Сондай­ақ   әдебиет теориясында   да  параллелизм   термині   ақынның   ішкі   көңіл­күйі,   яғни   лирикалық   қаһарманның және табиғат лирикасы болып үндесуі. Автордың көңіл­күйі: Білем сені, сүйем сені Табиғат лирикасы:     Сыр сұлуы қарт анам Кейіптеу   шығармада   жансыз   табиғат   құбылысын   кәдімгі   тірі   кісінің   қылығымен   ауыстыра суреттеу,троптың бір түрі. Балқытып гүлді деміне,     Қызғаншақ қыс келді де, Сүйді жаз әбден беріле.    Сілтеді суық қанжарын. Әкетпек еді ұзатып,         Жас жігіт қыршын өлді де, Өзінің жылы жеріне.       Қалдырып кетті жан жарын  (Ә.Тәжібаев) ҮІІ. Қазақ тілі.Іздендіру жұмыстары. Жыр жолдарынан жалқы есімді табу, олар қай ұлт өкілдері Тарас­Днепр Пушкин –Еділ Гейне –Рейне Әбділда –Сырдария Тарас   Григорьевич   Шевченко   (1814­1861)   Украйна   халқының   көрнекті   ақыны,суретші,қоғам қайраткері. А.С.Пушкин   (1799­1837)   орыс   халқының   ұлы   ақыны,орыс   әдебиетінің   негізін   қалаушы,өз халқының адал ұлы. Генрих Гейне (1797 ­1856) ұлы неміс ақыны. ­  «Ел анасы –менің анам» деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер? ­   Анаға ұқсас ұғымды қалай білдірген.  Ақынның еліне,жеріне,Сырдария өзеніне деген сүйіспеншілігін өлең жолдарынан табу. ҮІІІ.Өлеңді талдау. Төрт  тармақты шумақ: Білем сені,сүйем сені, Сыр сұлуы қарт анам. Сенсің мені әлдилеген, Туған сенен мен балаң. 1. Екі бунақты: Сүйсе Гейне // анам десе,    8 Сүйген суы // Рейнесін.        7 Сырдың суы // туған ол да,  8 Өз ақыны­ // Гейнесін.          7 2. Қара өлең ұйқасы: Жазса Тарас Днепрді,      а Жазса Пушкин Еділді.     а Неге маған жырламасқа,  б Сырда туған елімді.          А Тірек шумағы:  Ел анасы –менің анам,                             Сырдың сұлу өзені. Қуан ана! Ақыныңның келді жырлар кезегі Құшағыңда отырмын мен Көріп көзбен ел жайын. ІХ. Кімдерді тағы білеміз, Сыр өңірін жырлаған? (қосымша мәліметтер) 1.З.Шүкіров. Ш.Қалдаяқов: «Сыр сұлуы» 2. М.Мақатаев «қазалы жері» 3.Ж. Мәкеналиев  «Сыр елі» 4. М. Әміреұлы «Сырдария» Ендеше оқушылар қазір үнтаспадан «Сыр сұлуы» әнін тыңдайық Х. Сабақты бекіту. Кеспе қағаздардағы сұрақтарға жауап беру. 1.Өлеңнің тақырыбы неге «Сырдария» аталған? 2. «Ел анасы –менің анам» дегенді қалай түсінесіңдер? 3. Өлеңнің идеялық мазмұны неге арналған? ХІ. Бағалау ХІІ.   Үйге   тапсырма:   Ә.Тәжібаевтың   «Сырдария»   өлеңін   жаттау.   Өлең   жолдарынан   көркем айшықты тіркестердің мағынасын ашу.

Қазақ әдебиеті :М.Әуезов "Ақын қонақтар" (5-класс)

Қазақ әдебиеті :М.Әуезов "Ақын қонақтар" (5-класс)

Қазақ әдебиеті :М.Әуезов "Ақын қонақтар" (5-класс)

Қазақ әдебиеті :М.Әуезов "Ақын қонақтар" (5-класс)

Қазақ әдебиеті :М.Әуезов "Ақын қонақтар" (5-класс)

Қазақ әдебиеті :М.Әуезов "Ақын қонақтар" (5-класс)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.02.2017