Қазақ әдебиеті: "Тұрмыс-салт жырлары" 5 класс
Оценка 4.6

Қазақ әдебиеті: "Тұрмыс-салт жырлары" 5 класс

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
русская литература
5 кл
24.02.2017
Қазақ әдебиеті: "Тұрмыс-салт жырлары" 5 класс
Пән аты: Әдебиет Сабақтың тақырыбы: Тұрмыс – салт жырлары Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға тұрмыс – салт жырлары туралы әдеби білім беру. 2.Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің тарихын қастерлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Сабақтың типі: аралас сабағы. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілі: «ой—қозғау» стр. баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.,электронды оқулық Пәнаралық байланыс: тіл, тарих. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу. 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік 2. Ертегілер оқу ІІІ. Білім тексеру:Пән аты: Әдебиет Сабақтың тақырыбы: Тұрмыс – салт жырлары Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға тұрмыс – салт жырлары туралы әдеби білім беру. 2.Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің тарихын қастерлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Сабақтың типі: аралас сабағы. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілі: «ой—қозғау» стр. баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.,электронды оқулық Пәнаралық байланыс: тіл, тарих. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу. 2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. 3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік 2. Ертегілер оқу ІІІ. Білім тексеру:
тұрмыс.docx
Пән аты: Әдебиет  Сабақтың тақырыбы:  Тұрмыс – салт  жырлары Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыларға  тұрмыс – салт  жырлары  туралы әдеби білім беру. 2.Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің тарихын қастерлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Сабақтың типі: аралас сабағы. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ. Сабақтың әдіс­тәсілі: «ой—қозғау» стр. баяндау, сұрақ­жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.,электронды оқулық Пәнаралық байланыс: тіл, тарих. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.                                           2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.                                           3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:  1. Халық  ауыз  әдебиеті  туралы  түсінік    2.  Ертегілер оқу ІІІ. Білім  тексеру: 1. Қазақ  әдебиеті  нешеге  бөлінеді? 2. Ауыз  әдебиеті  деген  не? 3. Жазба  әдебиет  деген не? 4. Ауыз  әдебиетінің  үлгілері  бізге  қалай  жеткен? Ауыз  әдебиеті  қалай  пайда  болды? 5. Ауыз  әдебиетінің  бізге  берері не? ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық    1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу 2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру «Ой шақыру»: Әр ұлттың өзінің салты болады. Ал біздің қандай салт­дәстүріміз бар? (оқушылар сөзі тыңдалады) V. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Мағынаны тану:      Қазақ  әдебиетінің  үлкен  бір  саласы – тұрмыс – салт  жырлары. Күнделікті  тұрмыста  өлең айту  қазақтың  ең  қасиетті  салты  болған. Ондай  өлеңдерді,  жырларды  сондықтан  да  тұрмыс­ салт жырлары  деп  атаған. Тұмыс – салт  жырларында  халықтың  өзіне  тән  тұрмысы,  тіршілігі  салт – дәстүрі  сөз  болады, төрт  түлік  мал  және  басқа  жануарлар  туралы,  наурыздағы,  көктемдегі  ел  қуанышы  туралы жырлар  айтылады. тұрмыс – салт жырларының  түрлері: 1. Бесік жыры. 2. Тұсау кесер жыры. 3. Жар – жар 4. Той бастар. 5. Беташар. 6. Бата­тілек. 7. Жоқтау. Тұрмыс­ салт жырларының  төрт  түлік  малға, басқа  жануарларға   арналған  түрлері  көп. Тұрмыс – салт  жырларының  ең  көп  тараған  түрі – наурыз  жырлары.  Көктемнің  келуін  жаңа жылдың  келуі  деп  түсінген халық,  күн  жылып,  мал  көкке  тойынған  шақты  қуаныш  көріп, жауын көп болсын,  ақ  мол  болсын, елге  тоқшылық  болсын  деп  өлеңдер айтқан. Оны  біз  наурыз жырлары  деп  атаймыз. Мағынаны тану. Оқушылар оқулықтағы тапсырмалармен танысады. ҮІ.Оқулықпен жұмыс. 1. «Малдың  баласын  сүюі» атты өлеңді  мәнерлеп  оқу 2. «Төрт  түлік  мал  туралы»  атты  өлеңді  тізбектеп  оқу «Ой қозғау» стратегиясы: Мал баласын жақсы көріп, сүйеді екен. Тағы да кімдер өз баласын жақсы көреді? (анамыз бізді жақсы көреді) Ендеше, мал өз баласын қалай жақсы көретіні мен аналардың өз баласын жақсы көруін салыстырыңдар.(оқушылар дәптеріне жазады,оқиды)  VІІ. Жаңа сабақты бекіту: 1. Өлеңнен  төрт  түлік  малға  қазақ  халқының  қалай  қарағанын  аңғарыңдар Әрбір  түлік  төлінің  сипатын  ақындық  тілмен  айтыңдар. Өлеңдегі  әрбір  төлдің  сипатына  лайықтап  шағын  суреттемелер  жазыңдар. 2. Өлең  шумақтарын  жалғастырып  жазып көріңдер.            VІІІ.Сабақты  қорыту: ІХ. Түсінік  тексеру:          Сұрақ ­ жауап 1. Тұрмыс – салт  жырлары  дегеніміз  не? 2. Оларды  неген  тұрмыс – салт  жырлары  деп  атаған? 3. Тұмыс – салт  жырларының  қандай  түрлері  бар? 4. Тұмыс – салт  жырларының  ең  көп  тараған  түрі  қандай? 5. Наурыз  жыры  дегеніміз  не? 1. Бағалау  2. Үй тапсырмасын беру. 1. Тұрмыс – салт  жырлары  туралы  түсінік. 2. «Малдың  баласын  сүюі» атты  өлеңді  жаттау 3. Төрт  түлік  мал,  жан – жануарлар,  табиғат  құбылыстары  туралы  жырларды  оқу.

Қазақ әдебиеті: "Тұрмыс-салт жырлары" 5 класс

Қазақ әдебиеті: "Тұрмыс-салт жырлары" 5 класс

Қазақ әдебиеті: "Тұрмыс-салт жырлары" 5 класс

Қазақ әдебиеті: "Тұрмыс-салт жырлары" 5 класс
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.02.2017