"Қазақ Елі-Мәңгілік Ел" тақырыбында тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған сценарии. Оқушылардың туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру. Сабақтың тәрбиелік мәні:
1. Халық педагогикасын насихаттау.
2. Балаларды ұлтжандылыққа, имандылық пен инабаттылыққа, достыққа, адамгершілік пен қайырымдылыққа баулу.Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған кеш сценариі.
Қазақ Елі-Мәңгілік Ел сценарии.docx
«№1 Предгорное орта мектебі»КММ
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған кеш сценариі
Тарих пәні мұғалімі: Аубакирова Н.У 2016 жыл
«Қазақ ЕліМәңгілік Ел»
1жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, құрметті ұстаздар!
Бармысыздар рухы биік, арманы асқақ еліміздің жалынды жастары!
2 жүргізуші: Добрый день, дорогие друзья, уважаемые учителя и гости
праздника!
1 жүргізуші: Тамыры терең, арыны ерен тәуелсіз жас мемлекетіміз
Беліне белбеуі жарасып, әлем жұрты елімізбен санасып,
Жөн сұрай жүріп жөн айтатын дәрежеге жетіп,
Төрткүл дүниені тәнті етіп,
Салтымен салмақты, дәстүрімен мойындатқан Қазақ Елі!
2 жүргізуші: От Южного Урала до Алтая,
Где расцветает в яблонях земля.
Лежит страна от солнца золотая,
То – Казахстан, то – Родина моя!
Мы рады приветствовать Вас в этот торжественный час в нашем зале. В этом году
наша Республика отмечает знаменательный праздник – 25 летие Независимости
Республики Казахстан!
Гимн орындау.
Музыкалық номер.
1 жүргізуші: Құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Сағатпек Нұрахметұлына
беріледі.
1 жүргізуші: Жыл сайын он алтыншы желтоқсанда Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік күнін тойлаймыз. Осы күн Тәуелсіздігіміздің туған күні. Бостандық!
деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт
болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.
Осы арпалысты жай тілмен «тарих» дейді. Елбасы 2015 жыл — ұлттық
тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін айтқан болатын. Мәселен, 2015
жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен
Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өттік.
Енді биылғы жылы Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. 2 жүргізуші: 16 декабря 1991 года Казахстан объявил о своей независимости,
которая была юридически закреплена Конституционным законом
«О государственной независимости Республики Казахстан».
1 жүргізуші: Сонымен, XV ғасырдың екінші жартысында (14651466) Қазақ
хандығы даласында кем дегенде екі мыңжылдық тарихта артта қалған
мемлекеттер мен заңдардың қасиетін,мәнді белгілерін,салтдәстүрін,әдет
ғұрпын қабылдай қадірқасиетімен,даралануымен алғашқы қадамын жасады.
Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды
оқиға болды. Ол ұланбайтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып
шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың
байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата
аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.
Көрініс: Сахнаға ЕсенБұға, ақсақалдар, билер шығады.
Уәзір:(Жұмағали) Алдияр тақсыр! Сізге Әбілқайыр хандығынан Керей мен
Жәнібек сұлтандар келіп тұр.
ЕсенБұға: (Жандос) Кірсін!
Керей мен Жәнібек кіріп бастарын иіп амандасады.
ЕсенБұға: Келген шаруаларыңды айтыңдар
Керей: (Бақжан) Өзіңіз білесіз! Ақ Орда хандарының ұрпақтары ДештіҚыпшақ
мекендеген керең Сахараның арыстаны болып алысты, жолбарысы болып
жұлысты, қыраны болып самғады. Ендігі арада бізбен іргелес боларлық ел,
қонысы болса қоныс болар жер іздеп, соның орайын шолып шыққан жайымыз бар.
Сұлтан: (Есхат) Уа хан ием! Қазірдің өзінде қазақ руларының біраз елі Шу мен
Таластан бастау алар беткейін жағалап, анау Қошқар мен Жуанарықты жайлау
қылып жайлап барады. Сол қалың елдің алды. Көкше теңізге дейін барып қалды.
Би: (Жалғас) Мойынқұм жаққа да бет алған ел бар. Қазақ рулары дулат пен
қоңыраттар ата қонысы мен Әулиеата мен Меркіні де маңайлап қалды.
ЕсенБұға: Жау болам деп шаттығып келмей, қоныс сұрап ниеттес те, тілектес
болып қонысты боламыз деген ойларыңның орайы бар екен. Соңдарыңнан ерген
қазақ рулары анау Шу мен Сарысу, Талас пен Бадам өзендерінің бойына, төрт ата
дулаттың атамекеніне қоныс тепсін. Оған сыймаса анау қарайып жатқан Қаратау
мен Қозыбасы да соның Моғолстанға қарайтын терістік беткейін Қаратал
өзенімен тұйықталатын Түркістанға дейінгі алқапты да қоныс қылыңдар.
Алайда, бір шартым бар:
Мына бізді қалмақтар мен ойраттар бірлесіп шабуға әскерін жасақтап жатыр
деген хабар келді. Құшағымыздан қоныс алып ел болып жатырсыңдар өрісіміз бір,
ендеше тағдырымыз да бір. Ел шетіне жау келсе күш қоса бірге қорғанамыз. Жәнібек: (Әмірлан) Шартыңызды құп алдық. Өрісі бір елдің жаны бір.
ЕсенБұға: Уа, сұлтандарым! Қазақпен қонсы болсаң қолбетің алынбас деген
ежелден келе жатқан сөз бар еді. Соған анық көз жетті.
Би: (Темірлан) Уа жұртым! Әр жұрттың жұмағы өз ордасы. Отансыз аспаны
бағынышсыз байрағы екен. Елсіз ел, киесіз жер, хансыз Орда болмайды.
Басымызға бақ қайырылған сәтінде кешегі оңтарыла көшкен көшімнің тізгінін
ұстаған Керей мен Жәнібек еді. Ақ тілекпен аға жолы деп Керейді Ақ Орданың
ханы етіп көтерейік.
(Керей, Керей, Керей, Керей,.......,) Екі би Керейді сахнаға алып шығады, ақ
кигізге тұрғызып ақ шапан жабады.
Керей: (Кітапқа қолын қойып)
Құдіреті күшті Алланың алдында,
Қалың елім Алашымның алдында,
Керей басым хан болып
Қазақ елімнің бағын асырып,
Көтерілген Ақ Орданың мейманасын тасытып,
Бабаларымыздан қалған ұлы Тұран даласын
Бірлікке келтіріп,
Төрткүл дүниеге рухты ел екенімізді паш етуге АНТ еттім!
(Керей хан, Керей хан, Керей хан, Керей хан,.......,) (Керей таққа отырады)
Музыка (қазақ биі)
Керей:
Тағдырдың талқысынан, тауарихтың тезінен өттік.
Көк бөрідей шарладық, қыран құстай самғадық.
Жауларының мысын басқан, достарына құшағын ашқан
Қазақ деген Ел болдық.
Шапағат нұрын шашқан,
Еңселі елімді, атамекен жерімді, тәуелсіздіктің көк туын
Болашаққа еңкейтпей алып бару
Келер ұрпақ өрендерім сендерге енді АМАНАТ!
1 жүргізуші: 14651466 жж Қазақ хандығының құрылуы ішкі феодалдық талас
тартысты тоқтатты. Ел ішінде тыныштық орнады, мамыржай заман келіп, Қазақ
хандығының іргесі бекіп күш қуаты мен беделі артты.
(ВИДЕОРОЛИК) 2 жүргізуші: У казахстанского народа путь к независимости и свободе был
тернистым и долгим. Много веков понадобилось нашим предкам, чтобы защитить
родную землю от врагов и передать её в наследство нам, нынешнему поколению.
Земля отцов, казахская земля
Видала ты и счастье и несчастье
Тебя копыта тюркского коня
Топтали в зной и в зимние ненастья
Тебя пленил жестокий Чингизхан,
С войной придя, всё руша на своём пути.
Опустоша дотоле много стран
Он крови пролил океан.
Ты видела нашествия джунгар,
И вновь тебя в крови топили
Ты не сдалась им, Родина моя
Не встала на колени.
О,Родина! Тебя от царской власти,
Освободил навек советский строй
Но ждали тебя новые несчастья:
Ты встретилась с великою войной.
Номер (Би)
1 жүргізуші: «Ар намысым, қасіретім, қуанышымЖелтоқсан» дегендей, ұзақ
жыл бойы қылбырауға маталған қазақ Тар жол, тайғақ кешуден өтті. Қазақтың
басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді.
Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.
2 жүргізуші: Декабрьские дни страною не забыты,
И днями независимости стали.
И в эти дни сердца людей открыты
И помнят тех, кто в дни те пострадали.
Көрініс.
(Сахнаға 4 оқушы шырақ жағып шығады. Өз сөздерін айтып, шырақтарын
кезектеп сөндіреді)
1оқушы:
1986 ж 19 желтоқсан. Аураханаға бас сүйегінен жарақаттанған энергетика
инситутының ІІ курс студенті Ербол Спатаев әкелінді. 23 желтоқсанда есін
жимастан қайтыс болды. Ербол атаанасының жалғыз баласы еді. «Құйын86»
операциясының құрбаны болды. 2 оқушы:
Ляззат Асанова 16летняя героиня Желтоксана. Ляззат Асанова, студентка
музыкального училища в Алматы, погибла при невыясненных обстоятельствах
после допроса в КГБ в декабре 1986 года. Тайна ее гибели так и не раскрыта.
Ляззат Асанова стала одним из символов Декабрьских событий 1986 года.
3 оқушы
Сәбира Мұхаметжанова.
4 оқушы.
Желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22ақ жыл ғұмыр кешті. Елінің
болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күресті.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты құрбандық
Ата десең атыңдар.
1 жүргізуші: Бұл 1986 ж 16 желтоқсанда қазақ елінің азаттық көктемі үшін, сол
айқай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтеріп қыршынынан кеткен қазақ
жастарының сөнген шырақтары.
2 жүргізуші: почтим память погибших в декабрьском восстании молодежи
минутой молчания.
Музыкалық номер
2 жүргізуші: 16 декабря 1986 года началась новая эпоха истории нашей страны.
Воплощая волю народа, его стремление к свободе, Казахстан объявил о своей
Независимости. На политической карте мира появилось новое молодое
демократическое государство – Республика Казахстан.
В это труднейшее для страны время казахстанцы доверили свои судьбы
Нурсултану Абишевичу Назарбаеву, который стал первым президентом РК.
1 жүргізуші: «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120дан аса
ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі
керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген,
өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп,
оның көк байрағын көкке көтеруді мақтан тұтады.
Музыкалық номер
1 жүргізуші: Ата бабаларымыздың аңсап көптен күткен тәуелсіздік күніміз
кұтты болсын ағайын. Барша казастандыктарды, әсіресе қазак ұлтын тәуелсіздік кунімен құттықтаймыз!. Қазақстандағы әр бір отбасына мол бакык, амандық
тілеймін, Алланын нұры жаусын, Нұр үстіне нұр жаусын, Еліміз гүлденіп көркейе
берсін. Қазақстандыктар төл мерекелеріңіз құтты болсын!
2 жүргізуші: Пусть жизнь в Казахстане всегда будет мирной и посолнечному
радостной, как в сказке. Чтобы дети росли сильными, радостными и дружными,
слушались старших и берегли родную землю. Счастья вам, процветания нашей
Родины.
1 жүргізуші: Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздік күніне
арналған «Қазақ ЕліМәңгілік Ел» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп
жетті.
Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз
баянды болсын деп тілейік. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
2 жүргізуші: Пусть всегда будет Мир, пусть всегда будет солнце!
Видеоролик
"Қазақ Елі-Мәңгілік Ел"
"Қазақ Елі-Мәңгілік Ел"
"Қазақ Елі-Мәңгілік Ел"
"Қазақ Елі-Мәңгілік Ел"
"Қазақ Елі-Мәңгілік Ел"
"Қазақ Елі-Мәңгілік Ел"
"Қазақ Елі-Мәңгілік Ел"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.