ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ТАРИХЫ
Оценка 4.6

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ТАРИХЫ

Оценка 4.6
Исследовательские работы
docx
история
11 кл
09.05.2018
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ТАРИХЫ
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Ұлытаудағы сұхбатында» Қазақ хандығының 550 жылдығын ел болып атап өту жөніндегі ойын ортаға салып, жалпы халыққа жария етті. Қазақ хандығының тарихы туралы барлық шежірелерде, дастандарда, көптеген ғылыми еңбектерде жазылған. Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақ хандығы туралы көп жазылып, айтылып, жер-жерлерде ғылыми семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, оқушылардың, студенттердің арасындағы қалалық, республикалық сайыстар ұйымдастырылып өткізілуде. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «1465 жылы сұлтандар Керей мен Жәнібек алғаш рет хандық құрып, біздің тарихымыз қазақ мемлекеттілігін осы кезден бастайды. Мүмкін, бұл термин біздің қазіргі түсінігіміздегі, бүгінгі шекарамыздағы бүкіл әлемге танымал және беделді болғанымыздай мемлекет бола алмаған да шығар. Бірақ, сол замандағы басқа барлық мемлекеттер туралы да осылай айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде мемлекетіміздің негізі қаланғандығы, ал біздердің ата-бабалар ұлы істерін жалғастырғанымыз» деген еді.
ЭССЕ 58 МГ.docx
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ТАРИХЫ Елбасымыз   Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаев   өзінің   «Ұлытаудағы сұхбатында» Қазақ хандығының 550 жылдығын ел болып атап өту жөніндегі ойын ортаға салып, жалпы халыққа жария етті. Қазақ хандығының тарихы туралы   барлық   шежірелерде,   дастандарда,   көптеген   ғылыми   еңбектерде жазылған.   Бұқаралық   ақпарат   құралдарында   Қазақ   хандығы   туралы   көп жазылып,   айтылып,   жер­жерлерде   ғылыми   семинарлар,   конференциялар, дөңгелек   үстелдер,   оқушылардың,   студенттердің   арасындағы   қалалық, республикалық сайыстар ұйымдастырылып өткізілуде.  Елбасымыз   Нұрсұлтан   Назарбаев   өз   сөзінде:   «1465   жылы   сұлтандар Керей   мен   Жәнібек   алғаш   рет   хандық   құрып,   біздің   тарихымыз   қазақ мемлекеттілігін   осы   кезден   бастайды.   Мүмкін,   бұл   термин   біздің   қазіргі түсінігіміздегі,   бүгінгі   шекарамыздағы   бүкіл   әлемге   танымал   және   беделді болғанымыздай мемлекет бола алмаған да шығар. Бірақ, сол замандағы басқа барлық мемлекеттер туралы да осылай айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде   мемлекетіміздің   негізі   қаланғандығы,   ал   біздердің   ата­бабалар   ұлы істерін жалғастырғанымыз» деген еді. Жалпы,   қазақ   жерінде   мемлекеттіліктің   басталғанына  3   мың   жылдай уақыт өтті деуге болады. Иранда мемлекеттілік Кир заманынан, Қытайда одан да   ертерек   басталды.   Қазақ   хандығына   дейін   қазақ   жерінде   20   шақты мемлекеттер   болған.   Солардың   барлығы   сол   мемлекетті   қалыптастырған тайпалардың  атауымен  аталды.  Мысалы:   Ғұн   мемлекеті,  Қаңлы   мемлекеті, Оғыз   мемлекеті,   Түрік   қағанаты,   Түргеш,   Қимақ,   т.б.   Бұлардың   барлығы Қазақстандағы   мемлекеттілік   тарихының   бір   көрініс   кезеңдері   болған.  Ал, Қазақ хандығының ерекшелігі – «қазақ» деген тайпаның емес, Қазақ халқының мемлекеті   болды.   Яғни,   Қазақ   хандығының   құрамына   енген   тайпалардың барлығының мемлекеті.  Нұрсұлтан атамыздың өзі «Ғасырлар тоғысында» деген еңбегінде «Қазақ хандығы бүкіл Орталық Азиядағы ең алғашқы құрылған ұлттық сипаттағы мемлекет» деп нақты, яғни дұрыс айтқан болатын. Қазіргі күнде Қазақстан мемлекетін құрап отырған қазақ ұлты – Қазақ хандығының құрылуымен тарих сахнасына шықты. Солардың саяси құрылымы «Қазақ хандығы» деп аталды. Қазақ   хандығының   тарихы   ХІХ   ғасырдың   бірінші   жартысына   дейін   жетті. Өкінішке орай, Қазақ хандығы ұлттық сипаттағы мемлекет болса да, орта ғасырлардағы қоғамдық қатынастарға негізделген мемлекет еді.  Қазақ   хандығы  тарихта   үш  бөлікке   бөлініп  кетті  деуге  болады.  Жүз дегеніміз – Қазақ хандығының әкімшілік­құрылымдық бірлігі. Қазақ хандығы Тәуке ханнан кейін еліміз бейбіт жағдайда бір­біріне бағынбайтын, тек соғыс болған кезде ғана амалсыз бірігетін кіші хандықтарға бөлінді. Бұл жағдайды Ресей пайдаланып, елдің ішкі­сыртқы саяси жағдайларын одан ары ушықтыра түсті. Ал,  одан  кейін  не  болғаны  бәрімізге  мәлім. Жалпы  айтқанда,  Қазақ хандығының үш жарым ғасырлық тарихы бар. Керей мен Жәнібек хандар оның негізін  қалап  берсе, оның  түпкілікті  жойылған   уақыты  Орта   жүзде – 1822 жылы   (Сперанский   реформа   бойынша),   Кіші   жүзде   –   1824   жылға   (Эссен реформа бойынша) сай келеді. Ішкі Ордасында хандық 1845 жылы өз тарихын тоқтатады. Уәли хан Орта жүздің, Шерғазы хан, Бөкей хандар Кіші жүздің соңғы   хандары.   Кейін   Қазақ   хандығын   қалпына   келтіруге   Кенесары батырымыз күш салып, 1841 жылы хан тағына көтеріледі, бірақ, 1847 жылы қаза тапты. Қазақ   хандығының   құрылуының   бір   ерекшелігі   сонда,   ол   жеріміздегі этникалық үрдістермен қатар жүрді. Қазақ халқының этногенезі сонау қола дәуірінен   басталады.   Сол   дәуірде   қалыптасқан   көшпелі   мал   шаруашылығы этногенездің   қозғаушы   күші   бола   білді.   Бұл   көшпелі   мал   шаруашылығы түпкілікті түрде 1929­1930 жылдары жойылды. Бұған дейін қазақ жеріндегі халықтың   менталитетін,   өмір қалыптастырды.   Қазақ   халқының   қалыптасуының   өз   кезеңдері   бар.   Соңғы кезең XIV­XV ғасырларда өтті. Этникалық үрдіс пен саяси үрдістер бір­біріне өзара әсер етіп, алға жылжытып отырды да, Қазақ хандығы құрылды.   дүниетанымын   көшпелі   болмысын, Қазақ хандығы – қазақтардың төл мемлекеті. Мемлекеті бар халық – бақытты халық. Мемлекеті жоқ халықтың территориясы, экономикасы, тілі, діні, мәдениеті мен рухани өмірі болмайды. Тіпті, ондай халықтың болашағы да бұлыңғыр. Сондықтан, биылғы мемлекеттік мейрам – Қазақ мемлекетін ұлықтайтын мереке. Мына мейрам сол үшін болып жатыр. «Мәңгілік Ел» ­ дербес те, дамыған мемлекет құрып, береке­бірлікте тәуелсіз өмір сүруге ұмтылған халықтың арман­мұратының жиынтық идеясы. Бүгінде   ол   Елбасы   Н.Ә.Назарбаевтың   2014   жылғы   халыққа   Жолдауында, Ұлытау   сұхбатында   ұстартылып,   жаңа   деңгейдегі   мемлекеттік   дамудың стратегиялық бағыты ретінде жалғасын тапты. Қорыта келгенде қазақ хандары, батырлары, Тәу етер­Тәуелсіздігіміз, бір­бірімен   тығыз   байланысты   екендігі   Хандарымызды, батырларымызды,   қастерлеп,   Ұлыларымызды   ұлықтап,   Тәуелсіздігімізді баянды ете білейік демекпіз.   даусыз.

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ТАРИХЫ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ТАРИХЫ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ТАРИХЫ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ТАРИХЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.05.2018