Бұл менің төртінші сыныптағы қазақ тілі үйірмесіне топтастырылып жасаған қысқа мерзімді жоспарым.Жаңа технология негізінде жазылған.Жоспар толық жазылған.Бұл қысқа мерзімді жоспарым сіздердің керектеріңе жарасын.Мен сіздерді қуантып,қоян-қолтық жұмыс жасауға әзірмін.Пікір алмасуға әзірмін.Ендеше іске сәт ұстаздар!Сіздердей әріптестестерім болғанынына,осындай сайттың болғанына қатты риза боламын.Қазақ тілінен қысқа мерзімді жоспар ұйірмеге арналып жасақталған.
Үйірме жоспары №6 .7.docx
Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Қазақ тілі үйірме. №
6,7сабақтар. Тексерген:
Оқу-ісінің меңгерушісі: Тлепова Шынар Жақауқызы.
Синтаксис
әлеміне саяхат.
Сабақтың атауы:
Сілтеме:
Жабдығы:
Жалпы мақсаты:
Нәтежесі:
Әдіс-тәсілдері:
Уақыты: 6.13.10. 2016ж
Кабинет №7
Мұғалімі:Есенова
Ляиля
Сөйлемнің дара күрделі мүшелері.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
Алматы «Атамұра»2015ж . АКТ
Суретті кестелер,стикер,постер,фломастер,перфокарталар,бағалау
парақшалары.
Cөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы түсінік беру, сөйлем мүшелеріне талдату
және оның мағынасы туралы білімін тиянақтау; сөздік қорын, ақылойын, ауызша сөйлеу тілін
дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа
тәрбиелеу Оқушылардың бір сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада айтылған
сөздердің сөйлемнің бірыңғай мүшелері болатынын түсіндіру, бірыңғай мүшелердің
өзіне тән ерекшеліктеріне сипаттама беру және оқушылардың жеке тұлға
құзіреттілігін дамыту;
Оқушылардың танымын кеңейту, материалды тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін
айтуға төселдіру, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру, тіл мәдениетін дамыту;
1.Жаңа теориялық ақпарат беру.
2.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа
деген қызығушылықтарын арттыру;
3.Өз ойларын дәлелдей білу,сыни тұрғыдан ойлана біледі.
Топпен,ұжыммен жұмыс, «Шелектегі идея» «Ыстық орындық»
«Өрмекшінің торы»СТО
Сарамандық жұмыс,постерге сурет салып,оны қорғайды.
Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді.
а)Үй тапс, сұрау.ә) «Көпір» әдісі арқылы қорыту.
Тапсырмалар:
Психологиялық
ахуал:
Үй тапс.сұрау:
Жаңа сабақ:
Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада тұратын сөйлем
мүшелерін бірыңғай мүшелер дейміз.Бірыңғай мүшелер сөйлемдегі бір мүшемен ғана
байланысады:
Мысалы: Орманда қайың, тал, терек, үйеңкі өседі.Жылыжайда ақ, көк, қызыл, сары гүлдер
өсірілуде. Ақ қайың, құба тал, көк теректер өседі..
Оқулықпен жұмыс. 41жаттығу. Ауызша. Сөйлемнен бірыңғай мүшені табу.
42жаттығу. Көшіріп жазу. 44жаттығу. Ауызша. 45жаттығу. Өз бетімен жұмыс.
Сергіту сәті. «Көңілді күн»
Білмегеніңді білгеннен сұра " Бір әріптің ізімен” ойыны.
Ооо Ттт Ббб Жжж Ддд Ойынның шарты: Сөйлем құрамындағы сөздер тек қана бірдей
әріптен басталатын болуы керек. Сөйлем құрамында нақты сұрақтарға жауап беріп
тұрған сөздер, сөйлемнің қандай мүшесі екенін анықтайды. Сөйлемді бір оқушы құраса,
екінші оқушы талдау жасайды. Мыс:Орман отқа оранды. Дәурен допты
домалатты.Салтанат сиыр сауды. Тарас тракторды тоқтатты. Балықшының баласы
бақырды. Жамбыл Жабаев жазушы. «Жұмбақты математика»
Картоп, сәбіз, қызылша, қызанақ қосылғыштар. Қосында не болады? Көкөністер болады.
Қосындысында мектеп сыныбы. Қосылғыштарды тап.
Орындық, үстел, шкаф, диван қосылғыштар. Қосындысында үй жиҺаздары.
Бірыңғай сөйлем мүшелерді айтқызу.
Сабақты бекіту. Тест. Дұрыс па, бұрыс па? 1. Сөйлем мүшесі дегеніміз – сөйлем
құрамында нақты сұраққа жауап беретін мағыналы сөз. 2. Жеке сөзден жасалған сөйлем
мүшесі сөйлемнің күрделі мүшесі деп аталады. 3. Бастауыш сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.
4. Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады. 5.Екі немесе одан да көп сөзден
жасалған сөйлем мүшесі дара мүше деп аталады. 6.Жайылма сөйлем бастауыш пен
баяндауыштан тұрады. 7.Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беретін сөйлем мүшелерін
бірыңғай мүшелер дейді.
Кері байланыс:
Рефлексия:
Үйге тапсырма: түсініп оқу.
Бағалау:
Кунделіктері
не жазады.
Балаларды
бағалау
Қазақ тілі.Үйірме жоспары.
Қазақ тілі.Үйірме жоспары.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.