Қазақстандықтар Ленинград және Мәскеу үшін шайқастарда.
Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
история
8 кл
16.05.2017
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: оқушыларға қазақстандыктардың Мәскеу және Ленинград қалаларын фашистерден қорғауда қоскан үлесі жайлы мағлұмат беру. Майдандағы Қазақстандықтардың ерлік істері жайында білім алуға жан-жакты жағдай жасау.
• Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып Ұлы Отан соғысы жайлы білімдерін одан әрі дамытуға жағдай жасау. Тарихи оқиғаларға баға бере білу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, ойлау қабілеттері мен шығармашылық әрекеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: Қазақстандықтардың Мәскеу және Ленинград үшін шайқастардағы ерлік істерін үлгі ете отырып ерлікке, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, батырларға, отан қорғаушыларға деген құрмет сезімін ояту, өз елінің өткенін мақтан тұтуға үйрету.Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: оқушыларға қазақстандыктардың Мәскеу және Ленинград қалаларын фашистерден қорғауда қоскан үлесі жайлы мағлұмат беру. Майдандағы Қазақстандықтардың ерлік істері жайында білім алуға жан-жакты жағдай жасау.
• Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып Ұлы Отан соғысы жайлы білімдерін одан әрі дамытуға жағдай жасау. Тарихи оқиғаларға баға бере білу дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, ойлау қабілеттері мен шығармашылық әрекеттерін дамыту.
• Тәрбиелік: Қазақстандықтардың Мәскеу және Ленинград үшін шайқастардағы ерлік істерін үлгі ете отырып ерлікке, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, батырларға, отан қорғаушыларға деген құрмет сезімін ояту, өз елінің өткенін мақтан тұтуға үйрету.
Leningrad jane Maskeu shaikastarynda.docx
Қылышбаев Серік Егінбайұлы
Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы
Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: 50. Қазақстандықтар Ленинград және Мәскеу үшін
шайқастарда.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қазақстандыктардың Мәскеу және Ленинград қалаларын
фашистерден қорғауда қоскан үлесі жайлы мағлұмат беру. Майдандағы
Қазақстандықтардың ерлік істері жайында білім алуға жанжакты жағдай жасау.
Дамытушылық: тақырыпты оқыта отырып Ұлы Отан соғысы жайлы білімдерін
одан әрі дамытуға жағдай жасау. Тарихи оқиғаларға баға бере білу дағдыларын
қалыптастыруға көмектесу, ойлау қабілеттері мен шығармашылық әрекеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: Қазақстандықтардың Мәскеу және Ленинград үшін шайқастардағы
ерлік істерін үлгі ете отырып ерлікке, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу,
батырларға, отан қорғаушыларға деген құрмет сезімін ояту, өз елінің өткенін мақтан
тұтуға үйрету.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Әдісі: интерактивті тақта, жұптық жұмыс, топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка, бейнелеу, т.б.
Көрнекілік: КСРО және Ұлы Отан соғысының картасы. Қазақстандық Кеңес Одағы
Батырларының суреті, Мәскеу, СанктПетербург қалаларының суреттері.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Ұйымдастыру кезеңін өткізіп болған соң өткен сабақты пысықтау мақсатында
оқушылардан үй тапсырмасын сұраймын. Үй тапсырмасы екі түрлі бағытпен сұралады.
Алдымен бірекі оқушыдан өткен сабақты карта арқылы сұраймын. Картадан
фашистік Германияның Еуропадағы соғыс қимылы, КСРОға басып кірген өңірі сұралады.
Оқушылар жауабын толықтырып өтемін.
Ары қарай үй тапсырмасын тексеру үшін негізінен өткен тақырыпқа байланысты
салыстырмалы және проблемалық сұрақтар қоямын. Мұндай сұрақты алдынала
дайындаймын.
Сұрақ мынадай бағытта қойылады:
1. Фашистік Германияның жаулап алу саясаты.
2. Қазақстан экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру.
3. Қазақстан майдан тылы.
Үй тапсырмасын сұрап болған соң өткен сабақты қорытындылап шығамың. Онда
Гитлерлік Германияның басқыншылық саясатына, КСРОны жаулап алудағы негізгі
мақсатына шолу жасай отырып, оқушылармен бірлесіп тарихи тұрғыда баға бере отырып,
өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстырамың.
III. Жаңа сабақ.
Жаңа сабақтың тақырыбын, жоспарын тақтаға жазамын. Оқушыларға сабақтың мақсатын айтып беремін.
Сабақты баяндау жоспары:
1. Қазақстандыктар Мәскеу үшін шайқаста.
2. Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста.
Тақырыпқа кіріспес бұрын оқушылардың назарын тақтадағы Мәскеу және Санкт
Петербург қалаларының суретіне аударамын. Аздап кіріспе жасап осы екі қала туралы
оқушылардан не білетінін сұраймын.
өзім толықтырып қысқаша
мағлұмат бере кетемін.
Әрі қарай оны
Оқулықта берілген екі тақырыпшаны оқушыларға кезекпен оқытып, мазмұнын
сұраймын. Содан кейін сұрақ қояамың.
Сұрақ:
Бірінші бөлім:
Мәскеу маңына жаулардың жақындауының себебі?
Мәскеуді қорғауда қандай қиындықтар болды?
Панфиловшылар ерлігі туралы не білеміз?
Екінші белім:
Ленинграты қорғауда кеңес халқының ерен ерліктері туралы не білеміз?
«Өмір жолы» туралы әңгімелеп бер?
Ленинград үшін шайқаста ерлік көрсеткен қос жұлдыздарымыз.
Жаңа есімдер: Б. Момышұлы, И.В. Панфилов, В.Г. Клочков, М. Ғабдуллин, Т.
Тоқтаров, Ә. Молдағулова, М. Мәметова, С. Баймағамбетов.
Бұдан кейін оқушыларға оқулықты пайдалана отырып кесте
Мәскеу үшін шайқас
Ленинград үшін шайқас
толтыртамын:
Уақыты
Құрамалар
Ерлік
қазақстандықтар
Тарихи маңызы
көрсеткен
Қорытынды кезең:
Сабақты қорытындылау мақсатында эссе жазу Батырлардың ерлігі.
Сұрақ үлгісі:
1. Біз отанымызды қорғаймызба?
2. Қандай ерлік көрсетер едіндер?
Оқушылар жауабын тыңдаған соң өлен шумағымен қорытынды жасаймын.
Еске алдық, атабаба өткендерді,
Отан үшін, мәңгілікікке кеткендерлі.
68 жыл болды, содан бері,
Аналардың әлі бар, күткендері.
Женіс деген қасиетті елім үшін,
Тоймереке, туып өскен жерім үшін.
Адагерлер, құттықтаймыз женіспенен,
Енбекпен, жерге төккен терің үшін.
Бағалау: Өзін өзі бағалау.
Үй тапсырмасы: 1. 50параграфты оқу.Шығармашылықпен жұмыс Отан туралы өлен шығару.
Қазақстандықтар Ленинград және Мәскеу үшін шайқастарда.
Қазақстандықтар Ленинград және Мәскеу үшін шайқастарда.
Қазақстандықтар Ленинград және Мәскеу үшін шайқастарда.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.