Қазақстанның Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы
Оценка 4.9

Қазақстанның Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы

Оценка 4.9
Документация
docx
история +1
9 кл—11 кл +1
29.05.2018
Қазақстанның Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы
Қазақстанның Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы Еліміздің дамуына біз өз үлесімізді қосуымыз керек. Ежелде батырларымыз жерімізді қорғап, болашақ ұрпақты, бізді, ойлаған. Сол кең байтақ дерімізді біз қорғап, аялауымыз керек, Қазақстанның экономикасын одан әрі дамытып, 30 елдің қатарына қосуымыз керек. Қазақстанның болашағы біздің қолымызда!!!
Елесизова Гулжанат.docx
Қазақстанның Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы Міндеттері: Ел бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күрестеріне, алған жеңістері мен ерен ерліктеріне терең талдау жасау;   Бүгінгі гүлденген Қазақстанның жеткен жетістіктеріне  сипаттама беру; Халық мұраты – «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру барысындағы  жасалынып жатқан жұмыстарға зерттеу жасау. Қазақстан – қазақ халқының ата­баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата­бабамыз   туды,   тұрды,   өмір   сүрді,   оның   топырағында   ата­бабамыздың кіндігі   кесілген   кең   жазира   жері.   Бұл   жерді   мекен   еткен   көшпелілер   мен отырықшылардың бір­бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай­ талай ұлыстар мен ұлағаттарды дүниеге әкеліп, мәдениеті мен діні жаңғыра түлеп, әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызып, Шығыс пен Батыс арасы тұтастанып   жататын   болған.   Біздің   еліміздің   жерінен   Жерорта   теңізінен Қытайға   дейін   Еуразияны   көктей   өтіп   жатқан   «Ұлы   Жібек   жолының» керуендері тоғысқан кіндік Азияны басып өтетін Қазақстандық телімі болған. Көшпелі ата­бабамыз өз өркениеті мен төл мәдениетін сақтап қалып, өз мемлекеттігін   қалыптастырды.   Мемлекеттілік   –   қазақ   халқы   үшін   ұзақ жылдардағы   асыл  арман   мен   асқақ   мұраттың   жемісі   еді.  Тарихтың  қатпар бетін парақтап, тым тереңдемесек те, Керей мен Жәнібекті ақ киізге көтеріп, хан   сайлаған   кезеңнен   бері   де   сан   түрлі   соқтықпалы­соқпақты   жолдардан жүріп өттік.  «Мәңгілік   Ел»   ұғымының   тарихы   Түркі   қағанаты   заманынан   (552­745 жылдар) бастау алады. Яғни, ұлы жырау Йоллығ – тегін туындатқан Күлтегін жазуында   «Мәңгі   елдігіңді   сақтайсың,   онда   түркі   халқы   тоқ»,   «Ел   ұстап, төрелік еткен», «Ел болсын», «Ел басшысы» дейтін нұсқа сөздер қашалып жа­ зылған. Ғасырлар тұңғиығында адамзат өркениеті тарихындағы ұлы құбылыс ретінде есептелетін түркі жазба ескерткіштерінде Түркі қағанатының байтақ территориясы,   мемлекеттік   идеологиясы,   тілі,   әскері,   құқықтық   жүйесі, тарихы, дәстүрі болғаны келісті баяндалған. «Мәңгілік Ел» мұраты – зайырлы қоғам құру. Елбасы «ұлттың танымын да, тарихын да толғайтын сөз «Мәңгілік Ел болуы керек» деп жазды өзінің «Ұлы Дала ұлағаттары»дейтін салиқалы еңбегінде. Осы орайда Ұлы Дала елі – Мәңгілік Ел – Тәуелсіз Қазақстан дейт­ ін   ұғымдардың   бір­бірімен   терең   тамырластығын   қапысыз   танытқан.         550 жыл бұрын Жәнібек пен Керей құрған Қазақ хандығы алғаш рет өз атауында   халық   этнонимі   бекітілді.   Қазақ   халқының   тәуелсіздік   үшін   көп ғасырлық   күрес   жолында   ұлы   жеңістер   мен   ауыр   жеңілістер   болды.   Осы үздіксіз   күрестің   тарихи   тәжірибесі   «Мәңгілік   Ел»   өзекті   идеясының маңыздылығын  –  халық  бірлігін  дәлелдейді. Тарихи  дата  –  Қазақ хандығы құрылуының   550   жылдығын   тойлау   –   өткен,   осы   және   келер   шақтың мирасқорлығын және ұрпақтың бабалар алдындағы қазақи мемлекеттіліктің қайнар   көзі   мерейтойлы   датадан   бұрын   есептелетін   мызғымас   негізі   мен дәстүрін сақтаудағы ерекше жауапкершілігін айрықша көрсетеді. 1991 жылғы 16 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі   туралы»   Конституциялық   Заңы   қабылданған   тарихи   күн. Еліміздің бүгіні мен болашағы үшін аса маңызды осы күн туралы кезінде Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаев: «…Уақыт – зымыран. Күні кеше өткен оқиғалар бүгінде   тарих   беттеріне   айналып   үлгерді. Бұл   –   жаңа   мемлекет   пен   жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапқа толы, сонымен бір мезгілде ғаламат сәті. Сол сәт аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл   қазір   артымызда   қалды,   сондықтан   да   мен   еліміздің   еңсесі   биіктей беретініне сенемін», – деген болатын.  Тәуелсіздік   –   ұлы   мұрат,   қастерлі   ұғым.   Себебі,   қаншама   халық   бұл айтулы күнге жете алмастан тарихи сахнадан біржола жоғалды. Ал, бүгінгі тәуелсіз   мемлекеттердің   әрқайсысы   өз   мемлекеттілігін   құруда   сан   қырлы белестерден өтті. Қазақ елі де тәуелсіздікке даңғыл жолмен жеткен жоқ. Қазақ дейтін бастау үшін бар көшті, Елі үшін жорық жасап жан кешті. Бөгенбай да, Қабанбай да, Абылай, Тәуелсіздік жолын іздеп жан кешті. Өз кезеңінде алыс­жақын елдерге дербес саяси субъект ретінде белгілі болған   Қазақ   хандығы   көрші   алпауыт   мемлекеттердің   түрлі   саяси   айла­ шарғысының арқасында үш ғасырдан астам уақытқа өз тәуелсіздігін жоғалтып, бодандықтың   қамытын   кигені   тарихтан   белгілі.   Егеменді   ел,   Тәуелсіз мемлекет   болуды   аңсаған   халқымыз   200­ден   астам   көтерілістер   мен   ұлт­ азаттық қозғалыстарды басынан өткерді. Сондықтан, әрбір бүгінгі ұрпақ үшін қандай да болмасын мерекенің, мейрам мен тойдың басы – Тәуелсіздік күні екендігі даусыз, әрі солай болуы да тиіс.       Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз   табиғат   байлығымен   ғана   емес,   ең   алдымен   сан   түрлі   ұлттардан құралған   халқының   ауызбірлігімен   аты   шықты.   Бүгінгі   Қазақстан   ­   өзі орналасқан   аймақтың   ғана   емес,   бүкіләлемдік   проблемаларды   талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.  XX ғасырдың сүргінін бастан кешіп, жаңа мыңжылдықтың табалдырығын жаңғырған   қалпында   аттаған   Қазақстан   өзінің   барша   төлтума   болмысын, жарқын да бай мәдениетін, ғасырлар қойнауында қалыптасқан салт­дәстүрін, қызық   та   қилы­қилы   тарихын   әлем   халықтарының   алдына   жайып   салып, құлдығы мен зорлығы жоқ жаңа өмірді жаңғырту үшін, еңбек пен мәдениетті жарастыру   үшін,   сұлулық   пен   парасаттың   салтанат   құруы   үшін,   жаппай келісімі жарасқан адамзатпен бір сапта болу үшін жаңаша өмірге қадам басты. Қазақстан   Президенті   Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаевтың   пікіріне   әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды. Тәуелсіздігімізді   жариялағаннан   бергі   мезгіл   ішінде   көптеген   елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі ­ Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты   Қазақстан   халқының   жарастығы   мен   ынтымақтастығының   арқасында болып отыр.  Елбасы   Нұрсұлтан   Назарбаевтың   Қазақстан   халқына   арнаған   кезекті Жолдауында «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға» айналдыруымыз, «қажырлы еңбекті   қажет   ететін,   келешегі   кемел   Нұрлы   жолда   бірлігімізді   бекемдеп, аянбай   тер   төгуіміз   керек»,   –  екендігін   ескертті.  Сонымен   қатар,Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы – халықтың әл­ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам. «Мәңгілік   ел»   идеясының   маңыздылығын   Елбасы   Н.Назарбаев   «Қазақстан жолы ­ 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған   30   мемлекеттің   қатарына   қосылуы.   Ол   –   «Мәңгілік   Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға   тағзым   да,   бүгінгі   бақытымызға   мақтаныш   та,   гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын.   Халықты   бір   мақсатқа,   бір   мүддеге,   бір   болашаққа   үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген. Мәңгілік   елдің   тірегі   жастар   екенін   Мағжан   Жұмабаев   атамыз «Жастарға» деген өлеңінде: Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күшті қанатты.  Мен жастарға сенемін! –  деп болашақ ұрпаққа үлкен сенім артқан. Иә, бүгін біз еркінбіз. Еркін елдің болашақ   тірегіміз.   Аяулы   ата­бабаларымыз   қол   жеткізген   Тәуелсіздіктің әрбір арайлап атқан таңы біз үшін бақыт, әрбір мерекесі – ұмытылмас ұлы күн. ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер: 1.   Тәуелсіз   Қазақстан:   күннен   күнге.   ­2011жылы   Алматы   қаласы.   Кітап авторы/құрастырушысы ­ Б. Ғ. Аяған, Х. М. Әбжанов, Б. Б. Еңсепов. Беттер саны ­ 320 2. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі – Мәңгілік Елдің ұлы тарихы. //  Ақ жол. ­ 2014, 20     желтоқсан.

Қазақстанның Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы

Қазақстанның Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы

Қазақстанның Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы

Қазақстанның Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы

Қазақстанның Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы

Қазақстанның Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы

Қазақстанның Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы

Қазақстанның Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы

Қазақстанның Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы

Қазақстанның Тәуелсіздігі – Мәңгілік елдің ұлы тарихы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.05.2018