Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
4-бөлім: Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары |
Мектеп: Ж. Қалдығараев атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ |
|||||
|
Күні: 14.12.21ж |
Мұғалім: Култумбаев Есен |
|||||
|
Сынып: 5 «ғ» |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақтың ұлттық ойындары. Асық ату және бестас ойыны |
|||||
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
5.2.5.1 басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды білу және орындау |
|||||
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушылардың барлығы орындай алады: Ұлттық ойындар ережелерімен танысу арқылы өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін дамыта біледі. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Ұлттық ойындар ойнау кезінде тактикалық комбинацияларды орындауды түсіне алады. Оқушылардың кейбірі орындай алады: Ойын ережелерін орындау арқылы ойлау қабілеттерін дамыта отырып, көшбасшылық дағдыларын біледі және орындай алады.
|
|||||
|
Бағалау критерийлері |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
|
|||||
|
Сабақ жоспары |
||||||
|
Сабақтың кезеңі |
Педагогтың әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы 5 мин
|
Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Ø Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Ø Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. Ø Бағалау критерийлерін анықтау. Ø Қауіпсіздік ережелерін ескерту. «Шаттық щеңбері» Оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге тілек айту. Саптық жаттығулар: -«оңға», «солға», «айнал». Жүру жаттығулары: - қол алда, аяқтың ұшымен жүру, - қол белде, өкшемен жүру, - қол желкеде, жартылай отырып жүру, - қол белде, толық отырып жүру. Жүгіру жаттығулары: - қол алда, аяқты алға сермей жүгіру, - қол артта, аяқты артқа қайшылап жүгіру, - қолды шынтақтан сермеп, оң йықпен алға жүгіру, - артпен сол йықтан алға қарап жүгіру, Жалпы дамыту жаттығулары: Тыныс алуын қалпына келтіру,
|
Оқушылар қатарда түзу тұрып, сапта тұру ережелеріне мән береді. Оқушылар сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдайды.
Денені қыздыруға арналған жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын толықтай орындайды. |
ҚБ: қошемет сөздер Жарайсың Жақсы Керемет
|
Әрбір жаттығу үшін бос кеңістік
Презентация:
https://ppt-online.org/438959 |
||
|
Сабақтың ортасы 30 мин
|
Белсенді оқыту әдісі «Миға шабуыл»
1. Асық ату ойынының қандай түрлерін білесіңдер? 2. Асық ату ойыны кезінде ойыншылардың қандай қасиеттері басты роль атқарады? 3. Ұлттық ойын бес тас ойнаудың ережелерімен таныссыңдар ма?
Асық ату, бес тас ойындарының ережесін, ойнау әдістерін үйрету: «Алшы» әдісі: Ойын жүргізуші сақаларды жинап алып, ойынның кезегін белгілеу үшін сақаларды иіреді. Кімнің сақасы алшы түссе, сол бірінші бастайды, тәйке түссе екінші, бүк түссе үшінші, шік түссе төртінші атады. Атқан кезде сақасы мен асығы бір жақты түссе, атқан асығын алып, әрі қарай ата береді. Егер сақа мен асық екеуі екі түрлі түссе, онда ойынды тәйке түскен ойыншы бастайды, көмбеде тұрған сақасын атады, тигізсе сақа иесі ойыннан шығып қалады.
Тигізбесе өзі ойыннан шығып қалады. Осылай көндегі асықты атып тауысқанға шейін ойын жалғасады. Асық ойынының басқа да түрлері бар: үштабан, алтыатар, бес асық, тас қала, хан ойыны, ханталапай және т. б.
Тапсырма: асық ату түрлерін, ережелерін, айырмашылықтарын саралау. Сараптама нәтижесін презентация, постер немесе баяндама түрінде жасауға болады. Тапсырма нәтижесіне қарай, оқушылар бір-бірлерін бағалайды.
|
Оқушылар түзетуші комментарийлер бере отырып, жаттығуды орындаудың әрбір реттілігінде бір-бірін бақылайды.
Асық ату түрлерін, ережелерін есте сақтайды.
|
Дескриптор: - асық ату ойынының түрлерін, ережелерін біледі; - асық атауларын есінде сақтайды; - ойынды ережесіне сай ойнай алады;
.
ҚБ: бір бірін бағалау «Шапалақ» әдісімен бағалау
|
Әрбір жаттығу үшін бос кеңістік, асық тастары, бор.
Дереккөздер:
Қошанов Н. Б., Бектенов Ғ. С., Құлтанов Д. Т., Мухтаров С. М., Асық ойындарынүйрету әдістері (Әдістемелік нұсқаулық) – Арқалық 2019 – 39 бет
Асық ату, бес тас ойындары ережесі:
https://youtube.com/watch?v=CgnAvOMLl_o&feature=share
Бес тас ойыны
https://youtube.com/watch?v=aVrIKC4evAw&feature=share |
||
|
Сабақтың соңы 5 мин
|
Сабақты қорытындылау Рефлексия Кері байланыс, «Білем» бағанына осы сабақ алдында білетіндерін жазу. «Білдім»- бүгінгі сабақта не білгендерін, үйренгендерін жазу. «Білгім келеді»- келесі сабақта қандай нәрсе үйренгісі келетіндерін жазу.
Үйге тапсырма.
|
Оқушы қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді. |
ҚБ: «Бас бармақ» арқылы бағалау
|
Үлкен бос кеңістік, секундомер. |
||
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.