ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ
Оценка 4.6

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

Оценка 4.6
Исследовательские работы
docx
история
11 кл
09.05.2018
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ
Мұхтар Әуезов 1917 жылы «Адамдық негізі - әйел» деген өзінің тұңғыш туындысын жазғанында небәрі жиырма-ақ жаста еді. Сонда ол: «Адам баласы тағы болып, еркегі хайуандық дәрежесінде жүргенде әйелден бала туып, ол балаларының бәрі де жасық, қорғансыздықтан анасының айналасына үйіріліп, үй ішінің бірлігін, одан туысқандық ұйымын кіргізген. Бұған қарағанда адамдық хайуандықтан адамшылдыққа кіргізген - әйел», - деп ой толғайды (1. 9 Б.) Әйел ежелден-ақ қоғамның ұйытқысы. Әсіресе, қазақта ақын қыз да, ақылғөй қыз да, батыр қыз да аз емес. Олар қашанда ерлердің сенімді серігі, елінің алтын бесігі болған. Біз енді олардың жұлдызды бір шоғыры жөнінде ой толғасақ. Жоңғар басқыншыларна қарсы шайқасқа әйелдер белсене қатысты. Атап айтқанда, Абылай сұлтанның қызы Айтолқын, Бұланбай батырдың қызы Айбике және басқалары жаумен қаһармандықпен шайқасты. Ал Қабанбай батырдың әйелі Гауһар батыр барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық ірі шайқастарға да қатысты. Кейінірек балалы болып, босағаннан кейін соғысқа өзінің үлкен қызы Назымды жіберді. Қазақ ауыз әдебиетінде Гаһар батыр айтыпты деген мынадай сөз сақталған: «Атаңның ұлы болып тума, еліңнің ері болып ту».
Қаһарман қыздар.docx
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік елдің ұлы мұраты» атты республикалық қашықтықтан өткізілетін Астана қаласы Білім басқармасы ғылыми жобалар байқауы Номинация № 2 «Мәдени мұра – Мәңгілік Елдің басты құнды мұрасы» ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ Дайындаған:  Жұмақан Айсұлу Қуатқызы 10 «А» сынып, № 58 мектеп – гимназия, Астана қаласы, Сарыарқа  ауданы, Қазақстан Республикасы Ақан Сері көшесі  22  Жетекшісі:  Бимендин БД № 58 мектеп – гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі 1 Астана 2016 ж. МАЗМҰНЫ 1 Кіріспе.................................................................................................... 2 Негізгі бөлім........................................................................................... 3 Қорытынды............................................................................................ 4 Библиографиялық тізім........................................................................ 5 Қосымша................................................................................................ 3 5 7 8 9 2 Кіріспе «Атаңның ұлы болып тума,  еліңнің ері болып ту» (Гаухар батыр) Тақырыптың мазмұнымен өзектілігіне сипаттама. Мұхтар Әуезов 1917 жылы «Адамдық негізі ­ әйел» деген өзінің тұңғыш туындысын жазғанында небәрі жиырма­ақ жаста еді. Сонда ол: «Адам баласы тағы болып, еркегі хайуандық дәрежесінде жүргенде әйелден бала туып, ол балаларының бәрі де жасық, қорғансыздықтан анасының айналасына үйіріліп, үй   ішінің   бірлігін,   одан   туысқандық   ұйымын   кіргізген.   Бұған   қарағанда адамдық хайуандықтан адамшылдыққа кіргізген ­ әйел», ­ деп ой толғайды (1. 9 Б.) Әйел ежелден­ақ қоғамның ұйытқысы. Әсіресе, қазақта ақын қыз да, ақылғөй қыз да, батыр қыз да аз емес. Олар қашанда ерлердің сенімді серігі, елінің алтын бесігі болған. Біз енді олардың жұлдызды бір шоғыры жөнінде ой толғасақ. Жоңғар басқыншыларна қарсы шайқасқа әйелдер белсене қатысты. Атап айтқанда,   Абылай   сұлтанның   қызы   Айтолқын,   Бұланбай   батырдың   қызы Айбике   және   басқалары   жаумен   қаһармандықпен   шайқасты.   Ал   Қабанбай батырдың әйелі Гауһар батыр барлаушылар жасағын басқарды. Ол барлық ірі шайқастарға да қатысты. Кейінірек балалы болып, босағаннан кейін соғысқа өзінің   үлкен   қызы   Назымды   жіберді.   Қазақ   ауыз   әдебиетінде   Гаһар   батыр айтыпты деген мынадай сөз сақталған: «Атаңның ұлы болып тума, еліңнің ері болып ту». Тақырыптың   мақсаты   мен   міндеттері.  Жеріміздің   тұтастығын, еліміздің бірлігін, халқымыздың қаһарман ҰЛТ екендігін көрсетіп, тәуелсіздік жолында ерлік істерімен көзге түскен қазақ қыздар батырларымызды бүгінгі өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп насихаттау. 1. Батыр   қыздар   туралы   халық   арасындағы   әңгімелер   мен   көне   көз қарттардың естеліктерін жинақтау. 3 2. Батырлардың ерлік істеріне қатысты ақтандықтардың ақиқатын танып зерттеу. 3. Тарих   толқынындағы   ғалым   жазушылардың, материалдарын жинастырып, оған ғылыми дәйектермен талдау жасау.   тарихшылардың   мерзімді Зерттеу   барысында   төмендегідей   әдебиеттер   сарапталып зерттеушілердің   әдебиетші   баспасөзде   жарияланған пайдаланылды. Ғылыми   жобаға   негіз   ретінде   Қазақстан   Республикасының   Елбасы Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаевтың   «Тарих   толқынында»   еңбегі,   Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлерінің, журналистерінің Қ. Әлім, С.   Меңдібай   “Терең   тамыр”   еңбегі,   Н.   Әбуталиев   “Шоқ   жұлдыз”,   “Біз батырларымызды   әлі   “Қазақ   Совет Энциклопедиясы”   9­шы   томдары   пайдаланылған.   Бұл   авторлардың еңбектерінде біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбына байланысты біршама құнды   деректер   мен   мәліметтер   келтірілген.   Осы   деректерді   пайдалану арқылы біз жұмысымызды бір жүйеге келтіруге қол жеткіздік.    білмей   жүрміз”   мақаласы, Зерттеу   әдісі.  Зерттеу   жұмысында   сипаттау,   көне   көз   қариялардың ауызекі   әңгімелеріндегі   керекті   деректерді   жазып   алу,   пайдалану,   тарихи­ салыстырмалы талдау жасау, деректанулық талдау, жинақтау, жүйелеу, т.б. ғылыми­практикалық әдістер қолданылды. Негізгі бөлім Айтолқын. (№ 1 қосымша) ­  Абылай ханның қызы, ХҮІІІ ғасырдағы соғыстарға   қатысып,   ерлік   көрсеткен.   Ақтөбе   облысындағы   Терісбұтақ өзенінің бойында  "Айтолқын күмбезі"  деп аталатын сәулетті бір белгі бар. Сұр   тастан   жымдастыра   қаланған   ескерткіш   күмбез   халық   ықыласының айғағындай.   Халық   жадында   сақталған   аңыз­әңгіме   бойынша   Айтолқын қалмақтармен   болған   қанды   шайқастарға   көп   қатысып,   солардың   бірінде ерлікпен қаза тауыпты дейді (халық ауызынан). Келесі бір аңыз­әңгімеде Айтолқын Абылай ханның қызы еді деген дерек те айтылады. Айтолқын әкесі Абылай ханмен бірге жорықта жүреді екен дейді (2. 12 Б.)  Жандәлі  (№   2   қосымша)  –   Найман   тайпасынан   шыққан   батыр   қыз. Қазақ­жоңғар шайқасында ерлігімен бірге майданға шыққан. Жәнделі туралы Ноғайбай ақын былай деген: «Гүліндей жауқазынның нәзік жүзі, Халқымыз ұмытқан жоқ асыл қызын. Адамзаттың аққуы Жәнделінің Жауға аттанған Сауырда жатыр ізі».       4 Айбике (№ 3 қосымша) ­ қазақтың батыр қызы, өзінің уақытында палуан ретінде   тарихта   із   қалдырады.   Көлбай   Бұланбай   батырдың   (1747   –   1845) жақын серігі, досы әрі әйелі. Құланбай батырды Абылай хан өзімен бірге сол уақытағы   ең   ірі   қалаға   Пекинге   алып   кеткенде   Айбике   барлаушылар командирі болып қалмақтар шапқыншылығына тойтарыс береді. Ол қазақтың бас   батыры,   ағасы   Қабанбайға   Алтай,   Ертіс,   Тарбағатайдағы   жоңғар жасақтарының жорық жайын біліп, жеткізіп отырған.  Кейбір   деректерде   Айбике   Абылай   ханның   жау   тылындағы барлаушыларының   басшысы   болған   екен   туралы   деректерде   айтылады. Қоластына   бірнеше   барлаушы   ұстаған   және   ұзақ   жылдар   “қолға   түскен тұтқын   күң”   түрінде   хан   ордасында   күтуші   болған.   Тарбағатай   мен Алтайдағы, Емілдегі жаудың күшін және олардың орналасқан жері туралы Абылай   хан,   Қабанбай,   қанжығалы   Бөгенбай   бастаған   қазақ   елінің басшыларына құпия хабар жеткізіп тұрған. Айбике алғыр ойлы, ержүрек, қаз болған.   Қалмақ   тілін   жетік   білген.   Тарбағатай   мен   Алтай   тауы   өңірінде, Зайсан, Марқакөл алабында күндіз де, түнде де, тұманды, боранды күндерде де   адаспай   жүре   беретін   “жер   шолғыштығымен”   аты   шыққан.   Жоңғар мемлекеті   құлағаннан   кейін   1757   —   58   жылы   шамасында   ата   мекеніне оралған. Ақбикеш – ХҮІІІ ғасырдағы жойқын соғыстарда алыстан көретін қырағы қыз екен. Ел жадындағы аңыз­әңгіме бойынша Ақбикеш Кіші жүз алшын елінің батыр қызы еді дейді. Қаратаудың солтүстік өңірін қоныс еткен елге келін болып түскен екен. Ол кездің жаугершілігі көп болса керек. Ақбикеш келін екенмін   демей,   елдің   ер­азаматтарымен   тізе   қосып,   жауға   бірге   аттанып жүреді.   Талай­талай   шайқастарға   қатысып,   жаудан   тайсақтамайтын   әбжіл қимылдарымен көзге түседі Күндердің   бір   күнінде   қазақ   пен   қалмақ   арасында   қамданып   келіп тірескен қанды шайқас болады. Екі жақтан да талай ерді шығындаған осы соғыста   Ақбикеш  ерлікпен  қаза   табады.  Елі  мен  жері  үшін  құрбан  болған аруды   халқы   ардақ   тұтып,   арулап   жерлеп,   басына   биік   мұнара   орнатады. Халық ол мұнараны кейін "Ақсүмбе" деп атап кеткен. Сапар  (№ 4 қосымша)  – Әкесінің аты Мәтен, руы Табын. Кейде есімі Сапура деп те аталады. ХҮІІІ ғасырдағы  Е.Пугачев соғысында аты аңызға айналған батыр қыз. Аңызда “Көктемір” “Көрінбес” деген атпен дәріптелген қаһарман қыз өзін Е.Пугачев ізбасарымын деп жариялап, азаттық көтерілісті одан әрі жалғастыруға үндеген.  Сапураның ­ 22 жасар жас келіншектің бірінші күйеуін қашқын қалмақтар өлтіріп   кетіп,   әмеңгерлікпен   қайнысы   Жанболатқа   қосылады.   Ол   Досалы сұлтанның   ауылымен   қоңсы   екі   мың   кісімен   Қобда   бойында   көшіп­қонып жүреді.   Ресей   патшалығында   шаруалар   күресін   басуға   шыққан   орыс әскерлеріне қарсы күрестің аңызға айналған қолбасшысы. Әйел басымен қол бастауға қымсынғандай, далада жүретін бір құпия тұлға ­ "Көктемір" туралы 5 аңыз таратады. Барлық іс­қимылды соның атынан жүргізіп, көзге көрінбейтін күрескер   келіншек   шайқасқа   шығады.   Алайда,   орыс   әскерлері   оның   әйел екендігі туралы ғана емес, тіпті кім екенін білмейді, "Көктемір" деген атын ғана   білетін   болған.   "Көрінбейтін   Көктемір   батыр"   туралы   алып­қашпа әңгімелер тараған. Кейін көтерісшілерден әбден ығыр болып, оған қарсы мәліметтер жинау үшін Орынбор губернаторы Рейнсдорп деген шенеуік Сейітов слабодкасының татарлары   жасауыл   Ғұбайдулла   Адгамов   пен   Рақымқұл   Ибраевты қазақтардың   ішіне   жансыз   етіп   жұмсайды.   Сонда   Сапура   "Көктемірдің" атынан бұйрық беріп: «Сендер губернатордың атынан қырғыз (қазақ) халқы туралы тың тыңдауға келдіңдер. Сіздер ана жақты қиратқансыздар, енді осы жерді бүлдіргілеріңіз келеді, – дегенге бәрін ұйытады. Орыс   дереккөздерінде   Пугачев   көтерілісі   кезінде   қазақ   даласындағы «ұстатпайтын   ұстын»,   «көзге   көрінбейтін   жан»   деп   аталған   Сапура Мәтенқызы да жұмбақ жағдайда өмірден өтеді. Алайда азаттықтың ақ таңы үшін   арпалысып,   жанын   құрбандыққа   шалғандардың   арқасында   армандай бостандық жолы бізге жақындай түсті. Көктемір Сапура қыз туралы ғалым Н.Бекмаханова "Көрінбейтін адам туралы аңыз" атты зерттеу еңбегін жазған. Көктемір (Сапура) батыр туралы Әбіш   Кекілбаев,   Аян   Нысаналин   т.б.   жазушылардың   мақалалары   жарық көрген. Гауһар батыр (№ 5 қосымша) ­ Қаракерей Қабанбай батырдың сүйген жары,   арғын   —бәсентиін   Малайсары   батырдың   қарындасы.   Көптеген жорықтарға   қатысып,   ерлік   істері   ел   есінде   қалған.   «Қалмақ   қырғанның» сыртындағы   тауға   Гауһар   батыр   қарауылға   шығады   екен»   деген бұрынғылардан   жеткен   сөзді   ақсақалдар   айтып   отыратынды.   Шымкенттің Шәуілдір ауданындағы Арыс өзенінің Сырдарияға құятын тұсындағы үлкен төбелердің   бірі   «Гауһар   ана   төбесі»   деп   аталады.   Зерттеушілер   бұл   төбе анамыздың сүйегі жатқан оба емес пе екен деп те болжам айтады. Гаухар батыр туралы ақын Бақи Әбдіқадыровтың «Гауһар батыр» деген дастанда бар. Гаухар­ана   бейіті   тарихи   архитектуралы   құнды   ескерткіштердің   бірі, қазіргі   Түркістан   ауданы   М.Әбенова   ұжымы   жерінде   орналасқан,   ені   20 метрге   жуық   кішкене   төбе   болып   келеді,   алғашқы   қабыр   орны   бұзылып кеткен,  шатыры   жоқ,  төрт   құлақты   дуалдан   тұрады.  1990  жылдары   қабыр жанынан зиаратшыларға арналғам үш бөлмелі құрылыс тұрғызылды. Назым  Қабанбай   батыр   мен   Гауһар   батырдан   туған   қаһарман   қыз. Әкесімен   бірге   ХҮІІІ   ғасырда   қазақ­жоңғар   соғысына   қатынасып,   отанын қорғаған. Назым қыз есімі және оның ерлігі жұртқа аңыз болып тараған. Есенбике  – үйсін Қаратай батырдың қызы, Олжабай батырдың анасы, ХҮІІІ ғасырда қазақ­жоңғар соғысына қатысқан жауынгер. 6 Ботакөз  (№   6   қосымша)   ­  Есет   батыр   Көкіұлының   қызы. Батырлығымен,   батылдығымен   аты   аңызға   айналған   қаһарман   қазақ   қызы. Есет Көкіұлының Ақшал деген ұлы жоңғар шапқыншылығында жоғалып кетіп (кейбір деректер қаза тауып), оның жалғыз қызы Ботагөз (шамамен 1667­1757) бауыры   үшін   жоңғарларға   қатты   кектенген.   Мұны   профессор   Төреғали Қаратаевтың ғылыми зерттеулері де растайды. Ол да Ботагөзді Тама Есет батырдың жалғыз қызы деп тарихи шығармаларында атап тұрып көрсетеді.  Тарихи   деректер   бойынша, 1742  жылы   Есет   батыр   Әбілқайыр   ханның шақыруымен   Орынборға   жол   жүреді.   Соны   біліп   қалған   жоңғарлар   түн қараңғылығында   ауылдың   жылқысын   дүркіретіп   айдап   кету   үшін   шабуыл жасайды. Олардан жылқыны тартып алмақ болған қуғыншыларды жоңғарлар тегіс   қырып   тастайды.   Бір   сұмдықты   жүрегі   сезген   Ботагөз   жалма­жан   ер адамның киімін, жеңіл көзе сауытын киіп, қолына қару алып, 150 сарбазбен шапқыншыларға қарсы шабады. Жоңғар қалмақтары жолындағы қазақ ауылын тонап, қыз­келіншектерін көгендеп, алдарына үйір­үйір жылқыны салып, өз елдеріне   қарай   кеткелі   жатыр   екен,   оларға   «Қарабура!»,   «Қарабура!»   деп ұрандатқан   жас   батыр   қарулы   жасағымен   тап   береді.   Қалмақтардың қолбасшысы   Қонды   деген   тайшы   екен.  Қазақ   жасақтары   оны   жан­жағынан қоршап, өлтірмек болғанында, олардың бір бүйірінен күрең атын ойнақтатып шыға   келген   бір   жас   батыр   қолындағы   бұғалығын   қонтайшының   мойнына салып келіп жіберіп, оны астындағы дәу торысының үстінен жұлып алады. Және   сол   шапқанынан   қонтайшыны   сүйреткен   қалпы   жаудың   шебін   бұзып өтіп,   өз   жасағына   келіп   қосылады.   Қолбасшысының   жер   құшқанын   көрген қалмақтар тым­тырақай қашып, көбісі садақ оғына ұшады. Бұл күрең атты жас қазақ батыры – Тама Есет тарханның жалғыз қызы Ботагөз сұлу екен, қалмақ   қонтайшысы   қазақ   қызынан   жеңіліп,   тұтқыны   болғанына   қатты намыстанып,   керемет   қорланады.   Қазір   Ақтөбенің   облыстық   мұражайында Батогөз Есетқызының осы ерлігін растайтын құнды тарихи құжаттар да бар.  Бопай, Бәтима (№ 7 қосымша) ­ (шамамен 1690 жылы дүниеге келген, 1780 жылы Елек өзені бойында қайтыс болған) — Әбілқайыр ханның зайыбы, ел басқару ісіне араласқан қайраткер, мәмілегер. Төре тұқымынан шыққан. Бопай күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық қазақтарының орыс бодандығы   башқұрттар   мен   Еділ   қалмақтарының   шапқыншылықтарын тоқтату,   жоңғарларды   түпкілікті   талқандау   екендігін   және   бұл   күрделі мәселелерді   уақытша   болса   да,   Ресей   империясына   бодан   болу   арқылы шешуге   тырысқандығын   терең   ұғынған.   Сондықтан   да   Әбілқайырдың   осы бағыттағы саяси қадамдарына қолдау көрсеткен. Ол ханымның 1731 ж. 22 қарашада орыс патшайымы Анна Иоанновнаға, 1748 ж. 5 қазанда Елизавета Петровнаға, әр уақытта Орынбор әкімшілігінің басшыларына жазған хаттарынан айқын көрінеді. Күйеуінің қазасынан кейін де Бопай   ханшайым   ұстанған   бағытынан   таймайды.  Әбілқайыр   саясатының   өз жалғасын табуы баласы Нұралының әке орнын басуына байланысты екендігін 7 терең   ұғынған   Бопай   ханым   батыл   әрі   ойлап­пішілген   қадамдар   жасайды. Орта жүз бен Кіші жүздің беделді билері мен батырларының Нұралыны хан көтеруге   келісімін   алғаннан   кейін   ғана,   Бопай   патшайым   Елизавета Петровнаға,   келесі   күні   бригадалық   генерал   А.   И.   Тевкелев   пен   Орынбор губернаторы   И.   Неплюевке   қисынды   өтініштер   хаттар   жолдайды.   Осы хаттарды жеткізу үшін аталмыш екі жүздің 8 беделді биі Орынборға, одан кейін   Санкт­Петербургке   аттанады.   Нұралыны   «қырғыз­қайсақ   ханы»   етіп бекіту   туралы   Елизавета   Петровнаның   1749 жылғы   2 мамырдағы   жарлығы, онда Бопай ханымның хатына да сілтеме жасалуы, канцлер А. П. Бестужев­ Рюминнің   Бопайға   арнайы   хат   жазып,   патшайым   атынан   сыйлық   жолдауы ханым саясатының жеңісі еді. Бопай ханым Әбілқайыр әулетінің дәрежесі мен беделін көтеруге ұмтыла отырып, орынсыз қантөгістің болмауын, ел іргесінің сөгілмеуін қалады. Сол үшін де ол күйеуінің кегін алуға «аттандатпай», Барақ сұлтанды   жазалауды   орыс   әкімшілігі   арқылы   заңдастырып   алуға   тырысты. Қоғам  дамуының  негізгі  көзі тыныштық  өмір екендігін,  тірлігін  ат үстінде өткізген халықтың болашағы бұлдырлығын ұғынған ханым орыс әкімшілігін Елек өз бойында қала салдыртуға да үгіттейді. Қазақ­жоңғар қатынастарына тигізген   әсері,   Қайып   хан   мен   Нұралы   ханды   бітістіруге   бағытталған әрекеттері   Бопайдың   ел   бірлігін   қамтамасыз   етуге   тырысқан   мәмілегерлік ниетін аңғартады. Бопай орыс­қазақ қатынастарындағы және сол кездегі қазақ қоғамындағы   шешімін   таппай   жүрген   кейбір   мәселелерді   талқылау   үшін Орынбор   әкімшілігінің   басшылығымен   кездесіп,   келіссөз   жүргізгісі   келді. 1740 жылы   Санкт­Петербургке   ресми   сапармен   барып,   Анна   Иоанновнаға жолығу   ниеті   де   болған.   Бопайдың   зеректігі   мен   тапқырлығы   жөнінде ағылшын суретшісі жазады. Күйеуінің қазасынан кейін де Бопай өзінің ұстанған бағытынан таймайды. Әбілқайырдың   саясатын   жүзеге   асыру   үшін   баласы   Нұралыны   әке   орнына 1749 26 қарашада  хан  тағына   Елизавета   Петровнаның   жарлығымен   отырып, Бопай хан тағында батыл әрі нақты қадамдар жасайды. Бопай ханшайымның Күйеуін өлтірген Барақ ханнан өшін алу үшін ең мықты Цин империясымен құда болуды көздеп ұлына оның қолында жүрген Намұрын қызға құда түседі. Бірақ бұл құда түсу ақыры ұзаққа созылмай қыз аяқ асты өліп қалады, артынша Барақ хан да дүние салады. Канцлер А. П. Бестужев­Рюминнің Бопайға арнайы хат жазып, патшайым атынан сыйлық жолдауы­ ханым саясатының жеңісі еді. Бопайдың зеректігі мен   тапқырлығы   жөнінде   ағылшын   суретшісі   Джон   Кэстлдің,   Әбілқайыр ордасында   болған   орыс   шенеуліктерінің   жазбаларында   біршама   деректер келтіріледі.   Бопай   Клекке   құятын   Жосалы   өзенінің   жоғарғы   жағындағы қорымда жерленген. Бопай   ханым   Әбілқайырдың   жан­жақты   мәселелерін   шеше   отырып, ханымның айтқан ақылдарын тыңдап отыруы. 8 Қазақ жеріне жан­жақтан қалмақтар мен жоңғарлардың шабуылы кезінде, Әбілқайыр   хан   қай   елден   көмек   сұрауды   ойлағанда,   қасында   отырған жанжары   Бопай   ханым   Ресей   елімен   достық   қарым­қатынаста   болуды, олардан қару алуды сұрастыру жөнінде бағыт берген ханымның бірі. Тарихта   еліне,   жеріне   деген   сүйіспеншіліктен   Бопай   ханым   ел   есінде қалған. Ресей елінің император ханымы Анна Иоанновнаның басшылық етуімен, елшілікке Тевкелевтың жіберіп, екі ел арасындағы достық қарым қатынасты дамытыу   мақсатында   Бопай   ханым   Ресей   елшілігін   қабылдаймыз   деп   өз мөрімен қол қояды. Бопай ханым басқа ел басқарушыларға да өзін болашақта үлгі тұтады деп бұл елшілікті үлкен мәртебе тұтты, қазір ол тарихта қалды. Бопай   ханшайым   1780 жылы   31 майда   қайтыс   болып,   күйеуінен   кейін 32 жыл   ғұмыр   кешеді.   Жосалы   жерінің   Елекке   қараған   маңындағы   жерге Бопай ханшайымның сүйегі қойылады. Бопай   ханшайымның   мавзолейі   болған,   қаншама   адам   барып   табынып отырған.   Бопай   анамыздан   жаны   қысылған   да,   жәбірленгенде,   қиындықта барып жалбарынып, құран оқып отырған. Кейін патша үкіметі құлаған кезде мавзолейдің кірпіштерін алып адамдар үй тұрғыза бастаған деп айтады. Бірақ   біздің   есімізде   тарихта   Бопайдай   анамыз   болғанын   ешқандай адамзат есінен шығармайды деп ойлаймыз. Ол кісінің істері әрбір адамға өнеге үлгі бола бермек. Фатима  (№ 8 қосымша)  – қазақ халқының көрікті де, қайсар қызы, Жәңгір   ханның   әйелі   болған.   Ғалымдардың   айтуынша   Бөкей   хандығында билікті   өз   қолына   алған.   І   Николай   Бөкей   ордасында   Фатимадай   ақылды, көректі арулардың бар екендігіне таңқалды. 1826 жылы І Николайдың хан сайлау   рәсімде   Фатима   мен   Жәңгір   шақырылып,   қатысқан   болатын.   Сол жылдардың мемуарларда Фатима патшайым, бағалы матадан тігілген (муар) атты   мата   көйлекте   болғанын   дәлелденген.   Орынборлық   муфтидің   қызы  – Құсайнова   Фатима   Мұхаммеджанқызы   1824   жылы   15   жасында   Жәңгірге тұрмысқа шығады. Фатима сол уақытта европалық білімді және шет тілдерін меңгерген екен. Негізінде Фатима Жәңгірдің екінші әйелі, яғни бәйбишесі еді. Фатима көрікті ғана емес, өте батыл болған. Ол Жәңгірдің қиыншылықтардан шығу үшін, ақыл – кеңес беріп отырған. Осындай қиыншылық кезеңдер Исатай Тайманұлы кезінде де болған. Исатай батырдың қараушылары хандық орданы қоршағанда   Жәңгір   қашпақшы   болады.   Оны   Фатима   тоқтатып:   «Егер   сен қашсаң, хандық билікті жоғалтамыз» деп айтады. Фатима Исатайды көндіру үшін   көптеген   бағалы   заттарымен   көндіріп,   ақыл­кеңес   берді.   Осылайша Исатайді тоқтатады. Фатима мен Жаңгірде 7 баласы болған. Төрт ұлы және үш қызы. Ұлдары Сахыбкерей, Ибраһим, Ахметкерей, Ғұбайдулла. Қыздары Зылиха,   Хадиша,   Тайша.   Ұлдары   Санкт­Петербурктегі   Пажск   корпусында тәрбиеленді, ал қыздары Орынборда білі алды.  9 Соңғы   жылдары   Фатима   ханшайым   өте   қатты   ауыра   бастайды.   Бұл жағдай   Жәңгірдің   жанына   қатты   батады.   Ол   Кавказдың   табиғи   суын алдырады,   бірақ   ол   көмектеспейді.   Қатты   қиналғаннан   Жәңгірдің   жүрегі шыдамай   Фатимадан   бұрын   дүниеден   өтеді.   Үш   айдан   кейін   Фатимада дүниеден озады. Фатима ханшайым 1845 жылы 14 қазанда көз жұмады. Ол І Николайға   өзінің   ұлы   Сахибкерейді   хан   ретінде   мойындайды   деген   үмітте болды. Бірақ олай бола қоймайды.  Қазақ қаһарман қыздарының бірі – Фатима халқының жүрегінде, жадында соңғы ханшайым болып қалды.    Қазақстан ата­бабаларымыздың слат­дәстүрлерін жаңғартуға ұмтылады. Әйел   адамға   деген   тарихи   құрметті   қайта   жаңғыртсақ,   бала   тәрбиелеумен қатар әлемді билеуіне ықпал етсек нұр үстіне нұр. Өз елімнің шынайы патриоты ретінде жас Қазақстан Республикасының дамуына өз үлестерін қосатын іскер әрі саясаткер әйелдерді көргім келеді. Қорытынды Атадан   балаға   мұра   ұлтжандылық   қасиетті,   дәстүрді   берік   ұстанып, бабалар рухын қастерлеп оралған азаматтардың бұл ісі көпке үлгі боларлық. Осылайша,   Тобыл   мен   Жайықты   жайлаған   елдің   арасындағы   ұрпақтардың рухани байланысы қайта жаңғырды. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп бабаларымыз   айтқандай,   осы   бір   шағын   сапардың   барысын   ой   елесінен өткізгенде,  кең   байтақ   еліміздегі   бүгінгі   берекелі   бірліктің   бабадан   балаға асыл   мұра   екендігін   айқын   аңғарамыз.   «Отан   отбасынан   басталады»   дейді халқымыз. Ендеше, Елбасының ұстанған кемел саясатының арқасында әлемнің озық дамыған отыз мемлекетінің қатарына енуге талаптанып жатқан еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақтардың бойына отансүйгіштік қасиетті дамытуға да осындай игі бастамалардың қосар үлесі мол болмақ. Түйіндей айтқанда, қазақтың кең даласын сонау аласапыран заманында «Найзаның   ұшымен,   ақ   білектің   күшімен»   қорғаған   батырлар   тұлғасы еліміздің болашақ ұрпағына үлгі­өнеге болары сөзсіз. «Ұлы бабаларымыз іс­ әрекеттерінің алдында бас иген ұрпақтары сол қилы заман  оқиғаларына түрлі тарихи жырлар, ұзақ толғаулар арнап, ұрпаққа жеткізген. Біздің парызымыз ­ сол   деректерді   ғылыми   сараптаудан   өткізе   отырып,   шынайы   қазақ тарихындағы батырлардың ерлігін өздеріндей өскелең ұрпаққа паш ету» [5. 64 б.]  Библиографиялық тізім 1. М.Әуезов  Шығармалар. Алматы 1969,  І том. 2. Айтолқын   туралы   дерек   //   «Тургайская   газета»   басылымының   1896 жылғы № 1 санында жарияланған. 3. "Великие дочери великой степи"  Справочник. I том. Алматы 1992. 10 4. "Женщины в истории: возможность быть увиденными", Выпуск 2, Минск 1995. 5. Б.Бимендин   «Белгісіз   батырдың   белгілі   ерлігі»   //   ««Қазақстан Республикасының   Тәуелсіздік   күніне   арналған   «Елімнің   еркіндігі   – Тәуелсіздік»»   атты   ғылыми   –   тәжірибелік   конференциясының баяндамалар жинағы, Астана 2014 ж. Қосымша № 1 қосымша АЙТОЛҚЫН БАТЫР /18 ҒАСЫР ОРТАСЫ/ 11 № 2 қосымша ЖАНДӘЛІ БАТЫР /18 ҒАСЫР ОРТАСЫ/ № 3 қосымша АЙБИКЕ БАТЫР /1747 – 1845/ 12 № 4 қосымша САПУРАЙ БАТЫР /18 ғасырдың соңы/ № 5 қосымша ГАУХАР БАТЫР /18 ғасырдың соңы/ 13 № 6 қосымша БОТАКӨЗ БАТЫР /18 ғасырдың соңы/ № 7 қосымша 14 БОПАЙ ХАНЫМ /18 ғасырдың ортасы/ 15 № 8 қосымша БОПАЙ ХАНЫМ /18 ғасырдың ортасы/ 16 17

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗДАРЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.05.2018