ғажайып саяхат

  • docx
  • 30.03.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Документ Microsoft Office Word (2).docx

Білім беру саласы:  «Таным».»Денсаулық»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру», Құрастыру»  

              «Дене шынықтыру»

Тақырыбы: «Ғажайып саяхат»

Мақсаты: қарапайым математикалық түсініктерден алған білімдерін 

                    тиянақтау.Геометриялық пішіндерді түстерді ажырата білуін  

                    жетілдіру.Көп,аз ұғымдары туралы түсініктерін  

                    қалыптастыру.Ойын арқылы  балалардың   ұсақ моторикасын  

                    жетілдіру,ой-өрісін,есте сақтау қабілетін, сөздік қорын  

                    дамыту.Балаларды ептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке,  

                    достыққа баулу.

Құрал-жабдықтар: жасыл картон,ақ қағаздан пішіндер    

                                    қиындысы,фланелеграф, пішін муляжі

Көрнекілігі:Ағаштар,түлкі,қоян,апа,қасқыр,бауырсақ,жұмсақ ойыншықтары

Әдіс-тәсілдер: Саяхат сабағы,сұрақ-жауап арқылы

Сөздік жұмыс: аңқау,қорқақ, қу,ашулы

Биллингвалдық компонент: түлкі-лиса,қоян-заяц,аю-медведь,

                                                      қасқыр-волк,бауырсақ-колобок.

Инклюзивті әлеумет: сұрақ-жауап арқылы Аиданы әңгімеге тарту

 

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

 

Мотивация-лық қозғаушы

 

-Үлкен ге де сіз

-Кішіге де сіз

-Баршаңызды құрметтеп

-Бас иеміз біз.

-Балалар ,таңертең тұрған кезде аналарың  қайырлы таң деп айта  ма?

-Қане,бізде қайырлы таң тілейік

-Қайырлы таң көздерім, сендер ояныңдар!

-Қайырлы таң құлақтарым, сендер ояныңдар

-Қайырлы таң саусақтарым сендер ояныңдар!

-Қайырлы таң  аяқтарым,  сендер ояныңдар!

(көздерін ,құлақтарын уқалайды,алақандарымен шапалақтайды,аяқтарымен топылдатады)

-Здравствуйте мои глазки,вы проснулись!

-Здравствуйте мои ушки,вы проснулись!

-Здравствуйте мои ручьки,вы проснулись!

-Здравствуйте мои ножки,вы проснулись!

-Жарайсыңдар балалар,бүгінгі күніміз жақсы болсын!

 

Балалар амандасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар  қимыл-қозғалыспен қайталап айтады.

Іздену ұйымдастырушы

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем ерекшеліктерін айтайықшы.

-Көктем-весна

-Балалар сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдерме?

-Бүгін бізге ертегі елінен қонақ келеді.

Жұмбақ:

Қашып кеткен атадан

Қашып кеткен ападан

Орманда кеше жүр едім

Домалап шықты алдымнан

 -Балалар қандай ертегі кейіпкері?

Сол бауырсақ бізге қонаққа келе жатыр.

(музыка әуенімен бауырсақ келеді)

 

Бауырсақ:

-Сәлеметсіңдерме балалар!

Қандай әдемісіңдер!

Мен көңілдімін,менімен бірге саяхатқа шығасыңдарма?

 

(музыка ырғағымен саяхатқа шығады)

Тәрбиеші:

-Балалар орманға жеттік.

-Қандай ағаш түрлерін көріп тұрсыңдар?

-Балалар ағаштарды салыстырайықшы.

 

 

 

-Ағаш үстінде нені көріп тұрсыңдар?

-Неше торғайларды көріп тұрсыңдар?

 

 

 

-Балалар қараңдаршы шырша астында қоян отыр екен.Ол көңілсіз екен.

 

Қоян:

-Балалар сәлеметсіңдерме!

Мен анамның туған күніне арнап моншақ дайындаған едім,соны шашып алдым.

-Балалар қоянға көмектесейік.

Ойын: «Моншақ»

Шарты: Геометриялық пішіндер муляжынан жіпке тізу.

 

(музыка ырғағы арқылы шеңбер бойымен жүріп қасқырға жолығу)

 

Қасқыр:

-Балалар сәлеметсіңдерме!

Мен сендермен ойын ойнағым кеп тұр.

 

Ойын: «Гараж»

Шарты:қолдарыңа берілген әртүсті руль арқылы көліктердің  гаражын табу.

 

(музыка ырғағы арқылы шеңбер бойымен жүріп аюға жолығу)

 

Аю:

-Сәлеметсіңдерме балалар!           Балалар маған құлпынайларды  жинасқанға көмектесесіңдерме?

Ойын «Көп-аз»

Шарты:  құлпынайларды  екі себетке жинау.

 

(музыка ырғағы арқылы шеңбер бойымен жүріп түлкіге жолығу)

 

Түлкі: Балалар сәлеметсіңдерме!Қайда бара жатырсыңдар? Балалар саяхаттап жүріп шаршаған шығарсыңдар. Ендеше,бәріміз бір билейікші.

Би: «Ладошки»

Түлкі:

-Анау көлден өтсеңдер қызықтың бәрі сонда.

(музыка ырғағы арқылы шеңбер бойымен жүріп көлге келеді)

Бауырсақ:

-Мен көлден қорқамын,қалай өтемін?

Тәрбиеші:

-Балалар көлден өту үшін бізге не керек?

«Көпір құрастыру»

 

 

 

 

Балалардың назарын суретке аудару.

-Балалар суреттен нені көріп тұрсыңдар?

-Қандай геометриялық пішіндерден құралған?

 

Балаларға екі тілді меңгерту.

 

 

-Балалар біз кездестірген жануарлардың ішінен қай жануар жоқ?

-Ендеше біз отырып, геометриялық пішіндерден қоянды құрастырайық.

Үлгіге талдау жасау.

 

 

-көктем

-күн жылынады,жер көгереді,талдар бүршік атады....

Көктем-весна

-ия

 

 

 

-бауырсақ

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бауырсақпен амандасады.

 

Балалар осы кезде саяхатқа шығады.

 

 

-шырша,қайың,алма ағашын

Балалар биік-аласа ұғымдары арқылы ағаштарды салыстырады.

-шымшық, торғай

Балалар торғайларды санады.

 

Қоянмен сәлемдеседі.

 

 

 

 

 

 

Балалар геометриялық пішіндер муляжын жіпке тізіп моншақ  құрастыру.

 

 

 

Қасқырмен сәлемдеседі.

 

 

Балалар қолдарын а берілген  әр түсті руль арқылы көліктердің гаражын тауып ойнады.

 

 

 

Аюмен сәлемдеседі.

 

Балалар екі себетке құлпынайларды жинап, «көп-аз» ұғымдарын ажыратып айта алды.

 

 

Түлкімен сәлемдеседі.

Балалар сергіту сәтін жасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар көпір құрастырып, бір аяқты жолмен кезек-кезек жүріп өтті.

 

 

-қасқыр,аю,түлкі

 

дөңгелек,үшбұрыш,төртбұрыш

 

қасқыр-волк,аю-медведь,түлкі-лиса

 

-қоян

Балалар үлгіге қарап геометриялық пішіндерден қоянды құрастырады.

Рефлексивті  түзету

Балалардың жұмыстарын бағалап мадақтау.Бауырсақпен қоштасу.

 

 

-Балалар бізге қонаққа не келді?

-Біз қайда бардық?

-Біз қандай ертегі кейіпкерлерін көрдік?

 

Тіл жаттығуы:

-Ян-ян-ян

Секірді қоян

-ыр-ыр-ыр

Ырылдады қасқыр

-ю-ю-ю

Қорбаңдаған аю

-кі-кі-кі

Биледі түлкі

-Қандай тапсырмалар орындадық?

Сұрақ-жауап арқылы оқу қызметін қорытындылау.

 

Балалар бауырсақпен қоштасады.

-бауырсақ

-саяхатқа

-қасқыр,аю,түлкі

 

 

 

 

Балалар қайталап айтты

 

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтижелер:

Не білді: Өз ойларын толық жеткізе білді.

Не алды: Мейірімді тату-тәтті дос болуды.

Не істей алды: Өздігінен жұмыс жасай алды.