Сабақтың тақырыбы: Ғажайып биология
Сабақтың мақсаты: Оқушылар ой-өрістерін дамыта, биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.
Сабақтың түрі: Танымдық сайыс
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі және әдебиет.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар
Жүсіп Баласағұн
САЙЫС КЕЗЕҢДЕРІ:
І. «ТАНЫСТЫРУ» КЕЗЕҢІ
ІІ. "КІМ ШАПШАҢ" КЕЗЕҢІ
ІІІ. "БӘЙГЕ" КЕЗЕҢІ
ІҮ."ОЙЛАН ТАП" КЕЗЕҢІ
4. "КІМ ӨНЕРЛІ" КЕЗЕҢІ
5. "КІМ ТАПҚЫР" КЕЗЕҢІРазработка
Ғажайып биология.docx
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып биология
Сабақтың мақсаты: Оқушылар ойөрістерін дамыта, биология пәніне деген
қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін
дамытады.
Сабақтың түрі: Танымдық сайыс
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі және әдебиет.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар
Жүсіп Баласағұн
Жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Ғажайып биология» атты танымдық
сайысына қош келдіңіздер.
Сайысқа қатысушы оқушылармыз 10 сынып оқушылары.Сайысымыз мына
кезеңдерден тұрады.
САЙЫС КЕЗЕҢДЕРІ:
І. «ТАНЫСТЫРУ» КЕЗЕҢІ
ІІ. "КІМ ШАПШАҢ" КЕЗЕҢІ
ІІІ. "БӘЙГЕ" КЕЗЕҢІ
ІҮ."ОЙЛАН ТАП" КЕЗЕҢІ
4. "КІМ ӨНЕРЛІ" КЕЗЕҢІ
5. "КІМ ТАПҚЫР" КЕЗЕҢІ
Сыныптар ретін жеребе тасталады.
Сайыскерлеріміздің біліміне,шеберлігіне әділбағасын беретін әділ
қазылармен таныс болыңыздар:
1.
2.
3.
4.
Сайыскерлерімізді таныстырып,олардың әрқайсысына көңілкүйлерін
көтеру мақсатында мынындай сұрақтар қойылады:
сүйікті пәнің?сүйіп жейтін тағамың?сүйікті әншің?ұнататын кино аты?
қай мұғалімді ұнатасың? __________________________________________________________________
Сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып,сайысымыздың 1–ші кезеңін
бастаймыз.
І. «ТАНЫСТЫРУ» КЕЗЕҢІ
Әр топтың топ басшылары: топтың атын және топтың ұранын,
эмблемасын таныстырып қорғайды.
ІІ. "КІМ ШАПШАҢ" КЕЗЕҢІ. Адасқан әріптерді тауып, сол сөздерді
қосып сөйлем құрастыру.
І топ:
1.Ы Қ Б Т А Қ А Ы Р Қ (қырыққабат)
2. С Б О Л Ж Ы Р А (жолбарыс)
3. С А Б Ғ Ы Н Ү К (күнбағыс)
4. З О Ф ОР М А Р А(араморфоз)
5. Л Я П А К Л Р И (Капилляр)
6. Д Е С Р И Б Ж (Бриджес)
7.А Е Т Я Г Т И Р (гаттерия)
8. Я Г Л О И Э Б И О М Р(эмбриология)
9. Н А Г Е Л Э В (эвглена)
10. С П И А З Н Е Г Н Е (пангенезис)
ІІ топ:
1. О Т А Р А (Аорта)
2.Д А И Я П А Т А Ц И О Д И (Идиоадаптация)
3. Қ А С М Ы Р С А (сарымсақ)
4. Қ А Н Қ У (қунақ)
5. Т А Қ Р М О Ы (Омыртқа)
6. И В Р А Д Н(Дарвин)
7. М А Л Р К А(Ламарк)
8. Ө Г І З К Е С З (Сегізкөз)
9. С К О Ь В О Л В (вольвокс)
10. Я Э И В Ц О Ю Л(эволюция)
ІІ. "БӘЙГЕ " КЕЗЕҢІ
Бұл кезеңде әр сайыскерге 5 сұрақтан қойылады,әр дұрыс жауап үшін 10
ұпайдан беріледі
І топ:
№1 ойыншыға
1. Cағақты жапырақ болады ҚайыңдаЕЙТИ НА САЙТ
2. Жүгерінің жемісі: Дәнек.
3. Органикалық тыңайтқыштардың ішінде көбірек қолданылатыны Көң (қи), қарашірік.
4. Қынаның денесінде селбесіп тіршілік ететін балдырлардың
саңырауқұлақтардан алатын заты Минералды заттар және су.
5. Ішекқуыстылардың денесі екі қабатты.
№2 ойыншыға
1. Паразиттік тіршілік ететін жәндік Кене.
2. Денедегі қанды жүрекке апаратын тамыр: Көктамыр.
3. Шылым түтінінің ішінде болады: Улы газ, шаң, қүйе.
4. Тірі организмдердің Жер бетінің қабығы биосфера.
5. Алғашқы аңдардың мекені Австралияда.
№3 ойыншыға
1. Жасушаның құрамындағы органикалық зат: Нуклеин қышқылы
2. Өсімдіктің жер асты қоректену мүшесінің ең ұшы: Тамыр оймақшасы
3. Сіңір созылғанда,сүйек тайғанда көрсетілетін алғашқы көмек:
зақымдалған жерге суық басып қатты орап тастау
4. Адам ағзасындағы ас қорыту жолының жұқпалы ауруы: Қантышқақ
(дизентерия).
5. Aдреналин гормонын бөлетін без Бүйрекүсті без.
№4 ойыншыға
1. Нуклеин қышқылдарының атқаратын қызметі: Ақпараттық.
2. Ферменттер табиғаты жағынан: Ақуыздар (нәруыздар) .
3. Ағзаның жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан кейінгі кезеңі:
постэмбриогенез
4. Органикалық заттарды бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзалар:
редуценттер.
5. Жемісі жел арқылы таралатын өсімдік Бақбақ
№5 ойыншыға:
1. Жел арқылы тозаңданатын өсімдік: қарабидай
2. Көпқылтандылардың сезім мүшесі: Сипап cезу, көру, тепетеңдік.
3. Гетерозиготалы ағзада бір ғана белгісі бойынша түзілетін жұп гаметасы: 2
4. Әр алуан тіршілік жағдайында пайда болып, ағзаның құрылым деңгейін
күрделендіретін эволюциялық өзгеріс ароморфоз.
5. «Динозаврлар дәуірі» болып есептелетін заман: Мезозой.
ІІ топ: 1.
№1 ойыншыға
Алқа тұқымдастарға жататын өсімдік Темекі.
2. Пеницилл саңырауқұлақтардың жататын негізгі тобы: Зең
саңырауқұлақтар.
3. Қосжарнақты класының өсімдіктері: Үрмебұршақ.
4. Cаңырауқұлақтың споралары өнетін орта қарашірігі мол ылғалды
топырақ.
5. Актинияның тіршілік ететін мекені теңіздер.
№2 ойыншыға
1. Энцефалит ауруын жұқтырушы жәндік: Тайга кенесі.
2. Қанның эритроциттері қанның қызыл түйіршіктері.
3. Оттегін тасымалдаушы қанның құрам бөлігі: гемоглобин
4. Топырақта азот қосылыстарын жинаушы бактериялар аталады: Нитрлеуші.
5. Қазіргі кездегі жорғалаушылар арасында күрделі құрылысты: крокодилдер
№3 ойыншыға
1. Тырнақ және шаш жататын ұлпа. Эпителий.
2. Кене арқылы таралатын ауру энцефалит
3. Жалпақ бұлшық еттер кеудеде
4. Ағзаға улы әсер ететін өсімдік Меңдуана
5. Ағашқұлақ (трутовик) саңырауқұлағының ағаштарды зақымдауы:
спораларымен
№4 ойыншыға
1. Ядроның бөлімінде орналасқан ДНҚ молекуласы: Хромосомада.
2. Жасушадағы бейорганикалық қосылыстар: Су, тұздар.
3. Адам ұрығында жүйке жүйесінің түзілуі басталады: Үш апталық
ұрығында
4. Сыртқы ортадағы маусымдық өзгерістердің ең негізгі әрекеттері. Күн
жарығының ұзақтығының өзгеруі.
5. Гүлдің ең негізгі бөлімдері: аналық және аталық
№5 ойыншыға
1. Жемістің түзілуі : аналық жатынында
2. Адамның бүйенінде тіршілік ететін жұмыр құрт: үшкірқұрт
3. Орталық Aмерика орталығынан шыққан өсімдік (отаны): жүгері.
4. Бунақденелердің кеңінен таралу дәуірі. Кайнозой. 5. Биогеоценоз: тірі ағза мен орта бірлестігі
3. «ОЙЛАН ТАП» КЕЗЕҢІ
Бұл кезеңде интерактивті тақтада берілген суреттерге байланысты мақал –
мәтел құрастыру .(Қасқыр,ит,жылқы,түйе,тышқан т.б аңдар,төрт түлік малдар
суреттері )
І топ:
1. қасқыр
1) Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан.
2) Қасқырдың ойлағаны — арамдық.
Қойдың ойлағаны — амандық.
2. Ит
1) Өз көшесінде жаман ит те – жолбарыс.
2) Ит – жеті қазынаның бірі.
3. Жылқы
1) Жақсы атқа бір қамшы,
Жаман атқа мың қамшы.
2) Жақсы аттың жалын сатқанша,
Жақсы жігіттің арын сақта.
4. Түйе
1) Түйенің бурасы жақсы, Сөздің турасы жақсы.
2) Түйе бойына сеніп жзылдан құр қалған.
5. Тышқан
1) Тышқан iнiне кiре алмаса,
Құйрығына қалджуыр байлар.
2) Өлi арыстаннан
Тiрi тышқан артық.
ІІ топ:
1. Құс
1) Аққуды атпа, досыңды сатпа.
2) Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.
2. Қой Қойдың сүті – қорғасын.
1) Қойшы көп болса, қой арам өледі.
2) Екі қошқардың басы бір қазанға сыймас. 3. Қоян
1) Қоянды қамыс өлтіреді, ерді – намыс өлтіреді.
4. Түлкі
1) Түлкі түгінен жазады.
2) Әр таудың түлкісін, әдісін білген тазы алар.
5. Құлан
1) Құлан басына күн туса, қодығына қарамас.
2) Құлан кісінесе үйірі жиналады.
3) Құлан құдыққа жығылса, құрбақа құлағында ойнайды.
4. "КІМ ӨНЕРЛІ"КЕЗЕҢІ
(Алдын – ала берілген тапсырмаларға сәйкес өз өнерлерін көрстеу)
1. Гүлдің солуын қимылмен көрсет
2 Судан шығып қалған балық
3. таңертең ерте тұрған қораз даусын салу
4.Мысықтан қорқып қашқан тышқан
5 гүлдерді тозаңдандырып жүрген ара болу
5. «КІМ ТАПҚЫР» КЕЗЕҢІ. Топ басшылар сайысы. (Жасырын берілген
қағаздардағы сөздерді топ басшылары қимылмен түсіндіріп, топ
мүшелері табу керек.)
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне жетті.Биікбиік асулардан
көрініп,тек жетістіктерге жете берулеріңе тілек білдіреміз. Қорытынды сөз
кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Жүргізуші: Заман қанша қиын қыстау болса да,
Игі істер болып жатыр қаншама.
Үздік биолог танылған,
Жүлдегерді танытпасақ бола ма? (Жүлдегерлерді марапаттау)
Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Ғажайып биология» сайысы өз мәресіне жетті.
Алда әлі де биік биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
Қош сау болыңыздар!
Ғажайып биология
Ғажайып биология
Ғажайып биология
Ғажайып биология
Ғажайып биология
Ғажайып биология
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.