Тексерілді
Директордың
оқу – ісі жөніндегі
орынбасары
Сабақ № 17
Сынып: 9
Пән: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы
Сабақтың тақырыбы: Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы
Сабақтың мақсаты :
Білімділік – Оқушыларға Қазақстанның жер көлемі, шаруашылығы, өндірістік салалар,
шаруашылықтың салалық құрылымы туралы баяндап,Қазақстанның нарықтық
экономикаға дейінгі шаруашылығының негізгі ерекшеліктері туралы оқушыларда
түсінік қалыптастыру.
Дамытушылығы – Ойлау, қиялдау, сөйлемді баяндай білуге үйрету, туған жер шаруашылығы
туралы ойларын дамыту.Географиялық карталарды оқи және салыстыра
білу,суреттер мен диаграммаларды, кестелер мен графиктер құрастыруды
жүргізе білуге үйрету.
Тәрбиелілігі – Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу. Оқушылардың
адамгершілік,азаматтық ұстанымы мен
экологиялық мәдениетін
қалыптастыру,ізгілікке,елжандылыққа тәрбиелеу,оқушының өз бетімен білім
алуға,ізденуге,өздерін тұлға ретінде сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақты жүргізу әдістәсілдері: сұрақжауап
Құралжабдықтар: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта
Негізгі ұғымдар: нарықтық экономика, мемлекеттік сектор, кәсіпорындар,мекемелер,
экономика салалары, салааралық өндірістік кешен, өндірістік сала, өндірістік
емес сала, экстенсивті, инетнсивті экономиканың тиімділігі, еңбек өнімділігі,
өнімнің өзіндік құны
Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшету, Ақтөбе, Орал,
Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау
Сабақтың барысы :
Сабақтың
кезеңдері
1.Ұйымдастыру
кезеңі
Мұғалімнің ісәрекеті
Оқушылармен амандасу.
Психологиялық дайындығын тексеру.
Түгендеу.
Сабаққа дайындығын тексеру. 2.Үй тапсырмасын
тексеру кезеңі.
3.Жаңа материалға
көшу кезең
4.Жаңа тақырыпты
меңгеруге дайындық
5.Жаңа білімді
меңгеру
6.Жаңа тақырыпты
түсінгенін тексеру
7. Жаңа білімді
бекіту
Үйге берілген кескін карталарын тексеру.
Кіріспенің жоспарын еске түсіру. Оның экономика саласына мән беру.
І бөлімнің жоспарына шолу. ІІ бөлімнің жоспарымен таныстыру. Талдау.
таңдау еркіндігі
ІІІ бөлім салааралық кешендер географиясы. Қазақстанның шаруашылығына
жалпы сипаттама.
Жаңа тақырыпты меңгеру барысында қарасытырылатын сұрақтар:
1.Жоспарлы экономикадан нарықтық экономиканың қандай айырмашылығы
бар? Нарықтық экономиканың қандай кемшілігі бар. – . Жоспарлы экономика
мемлекеттік меншік пен басқарудың әміршілдік әдістеріне сүйенеді.
Нарықтық экономика меншікке,
мен бәсекеге
негізделген.Оның кемшіліктері де бар –ол ырғақтылық, яғни өндірістің
қарқындау және халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу кезеңі өндірістің
құлдырауы және жұмыссыздықпен алмасып келіп отырады.Одан басқа
заңмен шектелмейтін нарық стихиясы адамдардың тұрмысжағдайы мен
қоршаған ортаның сапасының нашарлануына әкелуі мүмкін.
2.Қазіргі нарықтық экономикада қандай экономикалық салаларымыз
мемлекеттің құзырында? – Қазақстанда жеке меншік пен мемлекеттік
кәсіпорындармен қатар, аралас шетелдік кәсіпорындар да қызмет етеді.
3.Не себепті Қазақстан экономикасын аралас дейді? – Дүние жүзінде көптеген
елдер соның
ішінде Қзақстан экономикасы аралас болып
саналады.Мемлекеттік бәсекелесу еркіндігін қолдап, халыққа әлеуметтік
жағынан қолдау көрсетеді, аумақтар мен жекелеген өндірістің даму
бағдарламасын жасай алады.
4.Экономиканың салалары дегеніміз не? Қазақстан шаруашылығы қандай еңбек
салаларынан тұрады? Әрбір кәсіпорындар мен мекемелер өз қызметімен
мемлекеттің түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді ,яғни ол
экономиканың салалары деп аталады. Қазақстан шаруашылығы – бұл өте
кең ұғым. Оны үш деңгейде қарастыруға болады. 1. кәсіпорындар мен
мекемелер. 2. Экономиканың салалары 3.Өндірістік сала.
5. «Салааралық өндірістік кешен» дегеніміздің мағынасын, мәнін түсіндір.
«Салааралық кешендердің» қалыптасуы ненің әсерінен болған? – Шаруашылық
салалары салааралық өндірістік кешендерді құрайды. Мұнай, мұнай өңдеу,
көмір,газ өндіру салаларының арасында қалыптасқан.Сондықтан оны
салааралық деп атайды.
6. Экономиканың даму барысында интенсивті даму мен экстенсивті дамудың
негізгі айырмашылықтары? Осы даму жолдарының қайсысы қазіргі кезде
тиімді?
7. «Жалпы ішкі өнім», «экономиканың тиімділігі», «еңбек өнімі», «өнімнің
өзіндік құны» деген терминдерге анықтама бер.
8. Қазақстан – ірі жабдықтаушы, «Қазақстан – көлік дәлізі», халықаралық арена
деген ұғымдарды түсіндіру, олардың мәні мен маңызын ашу
48, 49, 50, 51суреттерді және 78 кестелерді талдау. «Қазақстанның
шаруашылық құрылымына» сызбанұсқа жасауға арналған тапсырманы орындау.
1. Шаруашылық дегеніміз не? 2. Қазақстанның экономикасы қай экономика
түріне жатады? 3. Қазақстанның шаруашылығының құрылымы?
4. Қазақстанның әлемдік экономикадағы орны қандай?
8. Үйге тапсырма Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы тақырыбын оқу. Тесттерге жауап беру. беру. Түсіндіру
Қазіргі Қазақстанның экономикалық әлеуеті (9 сынып, география)
Қазіргі Қазақстанның экономикалық әлеуеті (9 сынып, география)
Қазіргі Қазақстанның экономикалық әлеуеті (9 сынып, география)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.