ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДА АҚПАРАТТЫ ТАРАТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ- ЖАРНАМА
Оценка 4.9
Документация
docx
окружающий мир
Взрослым
22.01.2017
Әрбір қоғамның әлеуметтік, экономикалық дамуы сол қоғамдағы нарықтың жедел қарқымен дамуында қызу бәсекелестік туғызады. Онда негізді рөлді жарнама алады. Нарық экономикасына дейін біздің елде жарнама мәселесіне көп көңіл бөлінген жоқ.
Ал қазір нарықтың пайда болуымен қоғамдық институтқа айналған жарнаманың бүгінгі маңызы ерекше. Кез келген тауар мен қызмет түрінің бет-бейнесін жасап, жоқты бар қылып, азды көп қылып көрсететін де, кем-кетігін жасырып, артықшылығын асыратын да жарнама екені сөзсіз. Міне, мұндай тамаша «қасиетімен» жарнама ісінің жақсы табыс көзі бола алатыны түсінікті.Әрбір қоғамның әлеуметтік, экономикалық дамуы сол қоғамдағы нарықтың жедел қарқымен дамуында қызу бәсекелестік туғызады. Онда негізді рөлді жарнама алады. Нарық экономикасына дейін біздің елде жарнама мәселесіне көп көңіл бөлінген жоқ.
Статья Газиза жарнама Кокшетау.docx
Алпамыс Г.Т.,
студенті
Куттымуратов М.У.,
оқытушы,
«ТұранАстана» университеті
Туленов М.С.,
оқытушы,
«ТұранАстана» университеті
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДА АҚПАРАТТЫ ТАРАТУДЫҢ
ТИІМДІ ЖОЛЫ ЖАРНАМА
Әрбір қоғамның әлеуметтік, экономикалық дамуы сол қоғамдағы
нарықтың жедел қарқымен дамуында қызу бәсекелестік туғызады.
Онда негізді рөлді жарнама алады. Нарық экономикасына дейін
біздің елде жарнама мәселесіне көп көңіл бөлінген жоқ.
Ал қазір нарықтың пайда болуымен қоғамдық институтқа айналған
жарнаманың бүгінгі маңызы ерекше. Кез келген тауар мен қызмет түрінің
бетбейнесін жасап, жоқты бар қылып, азды көп қылып көрсететін де, кем
кетігін жасырып, артықшылығын асыратын да жарнама екені сөзсіз. Міне,
мұндай тамаша «қасиетімен» жарнама ісінің жақсы табыс көзі бола алатыны
түсінікті.
Бастапқыда тек хабарландыру түрінде дамыса, жарнаманың бүгінгі
әлеуеті әлдеқайда әуелеген. Газетжурнал бетіндегі модульдер, радиодағы
джинглдар мен теледидардағы роликтер жанжақты жаңарып, заман
талабына сай жаңа сипатқа енді.
Жарнаманың бұлай жандануына өндірістің өркендей түсуінің серпін
бергені сөзсіз. Түрі мен жасалу жолдары да, тарату техникасы да түрлене
түсті. Баспасөз бетіне сан қилы мәтінсуреттермен қоса, анимациялық
бейнелер мен роликтер де орналастырылды. Жаңа заманда озық технология
мен жүйрік ойды ұштастыра білетін жарнама жасаушылардың жұмысы
ерекше бағаланып, оларға деген сұраныс арта түсті.
Жарнама ісі жақсы дамыған елдерде қоғамның қай саласы болмасын,
жарнаманың алар орны жоғары. Көп жағдайда тауардың сапасынан гөрі
оған жасалатын жарнаманың үлкен рөл атқарып жататынын ескерсек, кез
келген өндіруші үшін санаулы секундтық жарнаманың пайдасы мол. Осы
орайда тартымды, табысты, шынайы, әрі ғажайыпқа толы, қысқа да, нұсқа
жарнама жасау – басты міндет. Өніміңіз өтімді, яғни жарнамаңыз табысты
болуы үшін алдымен тартымды болуы шарт. Ал сол тартымдылықты
тудырып, елдің назарын аудару үшін жарнама жасаушылар роликтеріне жұртқа танымал, қоғамда айтарлықтай орны бар жандарды тартуға
тырысады.
Жарнаманың қарапайым түрлері б.з.б. пайда болды. Ежелгі Грекия
мен Ежелгі Римде Жарнама хабарландыруларын ағаш тақтайларға жазып,
халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған. Баспаға
басылған жарнамалар Англия мен Францияда 17 ғда пайда болды.
Сұранысты қалыптастырып және ынталандырып отыратын қызмет
түрі ретінде жарнама Қазақстан аумағында ерте замандарда пайда болған.
«Жарнама» терминінің шығу төркіні Қазақстанның оңтүстік өңірінде
ислам өркениетінің гүлденген дәуірі–ІХХІІ ғасырларға барып тірелетіні де
сондықтан (мұсылман Ренессансы Еуропаның орта ғасырынан әлдеқайда
ерте басталған). «Жар» сөзінің «Қазақ диалектілер сөздігіндегі» бір
мағынасы–қабырға дегенді білдіреді. Ал, «нама»парсыша «жазу» деген
мағынада. Сөйтіп, «жарнама» дегеніміздің ежелгі мәні«қабырғадағы жазу,
жазба» болса керек. Бір таңданарлығы, осы сөз төркінінің жоғарыда
келтірілген ортағасырлық Еуропа қала мәдениетіне тікелей ұштасып жатуы.
Капитализмге дейінгі кезеңде жарнама саласының анағұрлым жандануы
орта ғасырларға тұспатұс келеді.
Қазақстандағы қазіргі жарнамалардың құрылуында жақсы жақтарын
да байқауға болады. Дәл қазіргі кезде жарнама нарығы туындау үрдісінен
өтіп кеткен. Жарнамалық бизнесте үлкен белсенділік байқалады және
көптеген агенстволар өздерінің және басқалардың қателіктерінен үйреніп,
орындалатын жарнамалық жұмыстардың деңгейін көтеру арқылы өз істерін
дамытып кеңейтіп отыр.
Қазіргі заманғы жарнама қызметінің негізгі сипаттамасы болып
олардың өнеркәсіптік орындарының және сервистік қызмет көрсету
фирмаларының қызмет етуінің өндірістікөткізуді басқару процестеріне
тартылуы нәтижесінде жаңа ролге ие болуы табылады. Жаңа жарнаманың
мәні – олардың маркетингтік жүйе кешенінің ажырамас және белсенді бөлігі
болуында және өнім өндірушінің жарнамалықақпараттық қызметінің
тиімділігі мен олардың әлемдік нарық талаптарына сәйкестігінде болып
отыр.
Кесте1
Жарнама түрлері Жарнаманы тарату құралдары
Тікелей жарнама
а) пошта хаттары, баспа материалдары
б) пошта арқылы видеокассеталар, видеодисктер
Баспа жарнамасы
а) анықтамалар, каталогтар
б) прессрелиз, баспасөз хабарламасы
в) буклет
г) анықтама Баспасөз жарнамасы
Хабар жарнамасы
Сыртқы жарнама
а) газеталар
б) журналдар
а) радиожарнама
б) тележарнама
а) үлкен габариттік плакат
б) роллер
Экран жарнамасы
а) кино және видеофильмдер
б) слайдфильмдер
Транспорт жарнамасы а) транспорт сыртындағы жарнама
Сату орнындарындағы
жарнама
б)транспорт салонындағы плакаттар және
хабарландырулар
а) витрина
б) тауар қорабы
в) зат таңбасы
г) назар аударуға арналған жазулар, таңбалар
Жарнама туралы ғалымдардың ой – пікірлері:
Александр Соколов,қалыпты физиология кафедрасының
меңгерушісі, профессор:
қызықтырған заттарды таңдау мүмкіндігіне ие болады».
«Жарнама белгілі дәрежеде пайдалы, әрине, себебі адамдар өздерін
Анна Осипова, PR, жарнама, SMM маманы:
«Екі нәрсе сатылады. Олар – бренд және эмоция. Егер сен бренд
болмасаң, егер сенің елге танымал атың болмаса, демек эмоцияны сатуға
тиіссің, яғни адамдарды қуантуға тиіссің. Мысалы, сен сыйлықтар тарту
етесің, оны жайғана әкеліп, ұстата салмайсың ғой. Оны әдемілеп орайсың,
әдеттен тыс безендіресің. Жарнамада да солай. Неғұрлым қалыптан тыс,
эмоцияға бай болған сайын, адамдардың үрейленуін емесе қуануы немесе
жымиып күлуі мүмкін. Көңілкүй сатылады. Сен демек жұрттың есінде
қаласың ».
Скляров Владимир,Қазақстан
президенті
ассоциациясының
психологтары
«Толыққанды, жанжақты дамыған, кемел адам артық ақпаратты
үнемі сүзгіден өткізіп отырады. Ол артықауыс нәрселерге назар
аудармайды. Сіз жақсы бір көркем фильм көріп отырған кезде кенеттен ең
қызық жерінде жарнамының қосылып кеткенін елестетіп көріңізші. Кемел
адам не істейді? Ол ашуланбайды, осы мезетті пайдаланып өзіне кофе
немесе шай құйып алады. Жүйкесі сау, кемел адамға жарнама қауіпті
емес». Жарнамаға әйгілі маркетолог Филип Коттлер былай анықтама
береді:
«Жарнама – нақты қаржыландырудың қайнар көзі көрсетілген,
ақпаратты таратудың ақылы құралдары көмегімен жүзеге асатын
коммуникацияның өзіндік нысаны».
Жарнаманың ең маңызды мақсаттарының бірі – оның есте
сақталуы. Оған жетудің әр түрлі жолдары бар. Психологтардың пікірінше,
адам бір нәрсені кем дегенде үш рет көріп, ол оны қабылдап, жадында
сақтайды.
Жарнаманың тигізетін әсері
оның артықшылықтарымен қатар,
тұтынушылардың сана сезіміне жеткізілуіне де байланысты. Сондықтан да,
жарнаманы жасау кезінде оның мазмұнын, стилін және қолданылатын
сөздерді дұрыс таңдау қажет. Жарнама үндеуінің стилі – жарнама мәтінін
көркемдеп айту тәсілі, мәнері және оны баяндау үні, сарыны. Үндеу стилін
таңдау жарнама мақсаты мен мақсатты аудиторияның ерекшелігіне
байланысты.
Кесте2
Жарнама
Артықшылықтары:
Кемшіліктері:
үлкен аудиторияны
жинайды;
Әлуетті тұтынушымен
диалог қалыптаспайды;
фирма және оның өнімі
туралы тұтынушыға ақпарат
беріп тұрады;
өзге де коммуникация
элементтерімен үйлеседі;
бірнеше рет
қайталанылуы мүмкін;
Стандарты жарнама әр
әлуетті тұтынушыға жеке
амалмен қарауға мүмкіндік
бермейді;
мақсаттыаудиторияменбірг
екерекемес (пайдасыз)
аудиторияны да қамтиды;
көп шығынды талап етеді. Қорыта айтқанда, жарнама – бұл белгілі бір мақсатты көздеп, нақты
бір уақыт кезеңін қамтитын іс шара. Жарнама дұрыс ұйымдастырылған
жағдайда өте тиімді және шығарылатын өнімнің тез, әрі үзіліссіз өндірілуіне
себепші бола алады. Қазір жарнама барынша маңызды нарықтық құралға
айналып отыр Жоғары дәрежедегі бәсекелестік бар және әр сатушы
тұтынушының сұранысын қанағаттандыра алатын дамыған нарықтық
жағдайда, жарнама бәсекелестік күрестің шешуші факторы болып
табылады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Сатыбалдыұлы С.Маркетинг – нарықтану Алматы, «Білім», 1999.
Нысанбаев С.Н., Садыханова Г.А.Маркетинг неіздері Алматы, «Қазақ университеті»,
2002.
www.alem
.kz
zharnama
www.reklama.gazeta.kz
www.syrtkyzharnama.kz
http://kz_zez.yvision.kz/post/79645
http://el.kz/m/articles/view/content25142
http://student.zoomru.ru/jurnalist/zharnamaturalytsnk/46767.362892.s4.html
http://bigox.kz/zharnamaturlerimenkuraldaryolardytandau/
Ж.Бекболатұлы. Жарнама негіздері. Алматы: Экономика2009. ISBN 978601225
0831
http://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarlyylymdar/1610/
Котлер Ф. Основы маркетинга Marketinc essentials / Пер. с англ В. Б. Боброва Общ. ред.
Е.М.Пеньковой. СПб.:АО "Коруна" АОЗТ "Литера Плюс",1996.700б.
Сатыбалдыұлы С. Маркетинг – нарықтану
Резюме
В данной статье рассматриваются роль рекламы в современном обществе и
рекламной деятельности. Реклама – это создание образа фирмы, товара,
достижение осведомленности о них потенциальных покупателей. Реклама
не только позволяет информировать потребителей о товаре, на который
есть спрос на рынке, но и создавать этот спрос, в особенности на
развивающихся рынках. Таким образом, реклама позволяет решать
стратегические и тактические задачи фирмы, связанные с глобальной
миссией на рынке.
Resume
This article explores the role of advertising in today's society and promotional
activities. Advertising is creating an image of the company, product, awareness of potential buyers. Advertising not only allows you to inform consumers about
the product, for which there is demand in the market, but also create the
demand, especially in emerging markets. In this way, advertising can solve
strategic and tactical objectives of the company related to the global mission of
the market.
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДА АҚПАРАТТЫ ТАРАТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ- ЖАРНАМА
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДА АҚПАРАТТЫ ТАРАТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ- ЖАРНАМА
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДА АҚПАРАТТЫ ТАРАТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ- ЖАРНАМА
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДА АҚПАРАТТЫ ТАРАТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ- ЖАРНАМА
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДА АҚПАРАТТЫ ТАРАТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ- ЖАРНАМА
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДА АҚПАРАТТЫ ТАРАТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ- ЖАРНАМА
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.