Қазіргі жасөспірім тәрбиесіне ақпараттық технологиялардың әсері
Оценка 4.9

Қазіргі жасөспірім тәрбиесіне ақпараттық технологиялардың әсері

Оценка 4.9
Педсоветы
docx
родителям +1
Взрослым
30.01.2019
Қазіргі жасөспірім тәрбиесіне ақпараттық технологиялардың әсері
Дамыған ғасыр деп шынайы өмірдің мәнін жоғалтпай, баға жетпес уақытымызды үнемдеп, әлеуметтік желімен, ұялы телефондарды қолданудың мөлшерін сақтап және өзгелерге айта жүрсек, болашағымыз жарқын болар деген сенімдемін. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарап, әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянын үнемі ескерте отырып, біз тек пайдалысын алып, зиянынан алыстап отырғанымыз абзал.
макала Акпараттык технологиялар.docx
Танжарыкова Актоты Рахимовна  Ы.Алтынсарин атындағы дарынды  балаларға арналған  мектеп­интернат  психологы, 8747 462 15 04 Қазіргі жасөспірім тәрбиесіне ақпараттық технологиялардың әсері  XXI ғасыр технологиялардың дамыған заманы. Бірақ сол жаңашыл заттар жылдар өте  санамызға орнығып, миымызды улап, жүрегіміз бен сана сезімімізді темірге айналдырмасқа кім кепіл?! Бір нәрсе керек болса болды, оған басты ауыртудың да қажеті жоқ, себебі аз уақыттың ішінде керегіңіздің бәрін тауып беретін ғаламтор бар. Сонда да ғаламтор бар деп сеніп әрекет жасағаннан бір сәт өз миымызды іске қосып, біраз ойланып, әдебиеттерді ақтарсақ, санамыз сәл болса да жұмыс жасап, миымыз жаңа ақпараттармен толығар еді. Бірақ өкінішке орай   біз   әдебиеттерді   ақтарып   ақпарат   іздегеннен,   лезде   ғаламторды   ашып әрекет етуге бейімбіз. Қазірде   әлем   халқының   57   пайызы   бетпе­бет   тілдесуден   гөрі   ғаламтор арқылы   тілдеседі   екен.   Әлеуметтік   желі   адамдарды   шынайы   өмірден алыстатады.  Әлемде   жыл   сайын   шамамен   жүз   адам   әлеуметтік   желінің   зардабынан дүниеден   озады.   Жақында   ақпаратық   порталдардың   бірінде   ғалымдардың әлеуметтік   желі   туралы   зерттеулері   жазылды.   Онда:     «Инстаграмм»   желісі депрессияға ұрындыратын желі деп айтылған. Ал «В Контакте», мамандардың пікірінше, суицидке апаратын желі болып шықты. Кім біледі, оның еліміздегі жасөспірімдер арасында суицидтің белең алып тұрғанына да ықпалы бар шығар. ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялардың дамыған ғасыры деп, көрші елдерден артта қалмау әрекетімен әбігер болып жүргенде,  дәл осы аталған дүниелердің болашақ   өсіп   келе   жатқан   ұрпағымызға   тигізіп   жатқан   кері   әсерін   айта бермейміз. Дегенменде «Психологиялық тұрғыдан қарастырсақ, ғаламтор, ұялы телефон,   желі   байланыстарының   әсері   өте   үлкен.   Сондай­ақ   психологтар ғаламтордың жас жеткіншектердің таным процестеріне де кері әсерін тигізетінін айтып өтті».  Бұл   әсіресе,   өсіп   келе   жатқан   жасөспірімдер   мен   ересектер   арасындағы үлкен шешуі қиын мәселе болып отыр. Күні бойы ұзақ уақыт әлеуметтік желіні қолданатын баланың сана­сезімі уланумен қатар, денсаулығына да кері әсерін тигізеді. Әлеуметтік   желілер   –   адамдардың   уақытын   алушылар.   Уақыт   –   біздің өміріміздегі   баға   жетпес   қазына.   Бірақ,   өкінішке   орай   қазіргі   жастар   өз уақыттарын   үнемдеудің   мәнін   түсіне   бермейтін   сезімсіз   жандарға   айналып барады.   Бұл   еліміздің   дамып   өркендеуіне   кері   әсерін   тигізбей   қоймас. Әлеуметтік   желіде   керекті   мәліметтер   мен   жаңалықтарды   қарағанмен   бірге жасөспірімдер   ұялы   телефондарынан   әртүрлі   суицидтік   әрекеттерге итермелейтін   сайттардағы   ойындарды   ойнап,   мультфильмдік   түрдегі анимацияларды   қарайды.   Бұлардың   барлығының   алдын   алу   мақсатында мектептерде   ата­аналармен   де   оқушылармен   де   түсіндірме   жұмыстар, психологиялық   тренинг   сабақтар   мен   әңгіме­кеңестер,   түзету­дамыту жұмыстары   мен   жеке   кеңестер   мен   топтық   жұмыстары   үнемі   жүргізілуде. Сонымен қатар осы аталған іс­шараларға ата­аналар тарапынан қолдау болып, әрбір   отбасында бала тәрбиесіне ерекше мән беріліп, өздері де осы аталған ақпараттық технологиялардың қолдану ережесін сақтай отырса, баланың сана­ сезіміне жағымды әсермен ықпалын тигізетіне сенімім мол. Ата­ананың тәрбиесі ­ баланың іргетасы.     Дегенмен, қазіргі дамыған заманда өмір сүрудің өзі күрделеніп барады. Күнделікті күйбең тіршіліктің әлегімен,  бір­бірімізбен қарым­қатынас жасаудан қалып, роботтар сияқты, сезімсіз әрекет ететін жандарға айналып, арада сезім, махаббат, сыйластық деген сияқты қасиеттер жойылып барады. Бұлардың бәріне де   бір   себепкер   гаджеттер,   сенсорлы   ұялы   телефон   және   оның   ішіндегі әлеуметтік   желі   және   сол   ұялы   телефондағы   әртүрлі   жағымды,   жағымсыз мәліметтер.   Неліктен,   өйткені   бала   сабақта   да,   үзіліс   уақытында   да   ұялы телефонға үңіліп айналасындағы болып жатқан жағдайларға мән бере бермейді. Сол  әрекеті  үйге  барғанда    тағы  жалғасады. Солай  біздің  болашағымыз  өсіп келеді.  Бұл мәселелер төңірегінде мектеп әкімшіліктері, сынып жетекшілер мен мектеп   психологтары   үздіксіз   жұмыс   жүргізіп,   ата­аналар   жиналысында   да ескертулер жүргізіліп, толыққанды ақпараттармен қамтамасыз етілуде. Осындай жүйелі   жұмыстардың   негізінде   алдағы   уақытта   ақпараттық   технологияларға телмірген   болашағымыз   азайып,   шынайы   өмір   шыңында   біліммен   сусындаған болашағымыз дамып шығуынан үмітімізді үзбейміз.   Дамыған   ғасыр   деп   шынайы   өмірдің   мәнін   жоғалтпай,   баға   жетпес уақытымызды   үнемдеп,   әлеуметтік   желімен,   ұялы   телефондарды   қолданудың мөлшерін сақтап және өзгелерге айта жүрсек, болашағымыз жарқын болар деген сенімдемін.   Сондықтан   да   ұрпақ   тәрбиесіне   үлкен   жауапкершілікпен   қарап, әлеуметтік   желінің   пайдасы   мен   зиянын   үнемі   ескерте   отырып,   біз   тек пайдалысын алып, зиянынан алыстап отырғанымыз абзал. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Республикалық ғылыми­практикалық танымдық­психологиялық журнал  №2, 2014 2. Целуйко В.М. Заманауи отбасының психологиясы.­М.Владос Пресс, 2004  ж

Қазіргі жасөспірім тәрбиесіне ақпараттық технологиялардың әсері

Қазіргі жасөспірім тәрбиесіне ақпараттық технологиялардың әсері

Қазіргі жасөспірім тәрбиесіне ақпараттық технологиялардың әсері

Қазіргі жасөспірім тәрбиесіне ақпараттық технологиялардың әсері

Қазіргі жасөспірім тәрбиесіне ақпараттық технологиялардың әсері

Қазіргі жасөспірім тәрбиесіне ақпараттық технологиялардың әсері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.01.2019