Ы.Алтынсарин атындағы
мамандандырылған мектеп-интернатының
өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Танжарыкова Актоты Рахимовна
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ АТА-АНАНЫҢ РӨЛІ
Қай ғасырда болсын, тәрбие мәселелері назардан тыс қалып көрген емес. Бала тәрбиесі - мемлекеттің аса маңызды міндеттері мен іргетасының бірі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмыстарының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен өзінің ұрпағымен тікелей байланыстырады.
Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Ата-ана перзентінің жақсы азамат болып жетілуі үшін өз отбасында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының зандылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы - бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана ата-ана және олардың өзара қатынасы мазмұнды, берілген тәрбие сенімді және негізді.
«Балалы үй базар, баласыз үй мазар», - дегендей бала отбасы жалғастығы, ұрпағы. Ал тәрбие тал бесіктен емес құрсақтан басталады. Оның себебі болашақ ана баланы бесіктен емес, құрсақтан бастап тәрбиелеуі керек. Балаға деген мейірімі, сезімі, махаббаты ананың ыстық ықыласы мен тәрбиесінен берілетін құнды дүние. Бала тәрбиесі ата-ана тәрбиесімен ұштасып жатуы тиіс. Ата-ананың бала тәрбиелеудегі мақсаты - болашақта баланың жеке тұлға болып қалыптасуына, саналы ұрпақ болып өсуіне , дұрыс білім алып жетілуіне, өмірде өз орнын табуына көмек беру.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.
Бала - ата-анасының игі істерінің жалғастырушысы, болашағы. Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, біздің жас шыбықтай ұрпағымыз да сондай жақсыға да жаманға да бірдей бейім болатыны баршымызға мәлім. Ата-ананың үйіндегі әрекеті балаларның көз алдында өтеді, сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Әрбір ата-ана - өзінің баласын Отанға пайдалы, өзіне мейрімді, еңбекқор, адамгершілігі мол адам етіп тәрбиелеуге халық алдында да, мемлекет алдында да жауапты.
Бүгінгі ұл - ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана, ол анаға қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші - ата-ана, қала берді қоғам. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Қоғамның алғашқы ұйтқысы отбасында бала үлкендермен араласады. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады.
Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз».
Өмірдің бар қызығы бала деген. Өміріміздің қызығы- балаға дұрыс тәрбие бере алмасақ, оның келешегіне де үміт артпай-ақ қояйық. Күндіз –түні тынбай еңбектенсеңіз мол ақша табуыңыз мүмкін, ал есейген балаңыздың бойына сіңіре алмаған тәрбиені күндіз қолыңызға шырақ алып іздесеңіз де таппайсыз. Сондықтан да басты назарды бала тәрбиесіне аударайық. Ағашыңыздың жемісін жегіңіз келсе, шыбық кезінде дұрыстап қараңыз. Сонда ғана еңбегіңіз еш кетпейді.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.