Бағалау-бағамды үдеріс.
Оценка 4.9

Бағалау-бағамды үдеріс.

Оценка 4.9
Занимательные материалы +1
docx
классное руководство +1
Взрослым
01.04.2017
Бағалау-бағамды үдеріс.
Менің өмірдегі бақытым –жүрек қалауымен ұстаз болуым. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес, ол –адам бағдарын жасаушы, адам жанының сәулетшісі. Жас жеткіншектің бүкіл қалыптасу кезеңі көз алдынан өтетін мұғалім еңбегінің қиындығы ерекше , сыны ауыр, өйткені баланың болашағы берген білімнің іргетасына, мектеп сіңірген тәрбиеге тікелей байланысты.Менің өмірдегі бақытым –жүрек қалауымен ұстаз болуым. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес, ол –адам бағдарын жасаушы, адам жанының сәулетшісі. Жас жеткіншектің бүкіл қалыптасу кезеңі көз алдынан өтетін мұғалім еңбегінің қиындығы ерекше , сыны ауыр, өйткені баланың болашағы берген білімнің іргетасына, мектеп сіңірген тәрбиеге тікелей байланысты.
Бағалау -бағамды үдеріс.docx
Бағалау­бағамды үдеріс. Менің өмірдегі бақытым –жүрек қалауымен ұстаз болуым. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес, ол –адам бағдарын жасаушы, адам жанының сәулетшісі. Жас жеткіншектің бүкіл қалыптасу кезеңі көз алдынан өтетін мұғалім еңбегінің қиындығы   ерекше   ,   сыны   ауыр,   өйткені   баланың   болашағы   берген   білімнің іргетасына, мектеп сіңірген тәрбиеге тікелей байланысты. Мен   ата­баба   тарихын   шәкірттер   санасына   құя   жүріп,   оқушылар бойындағы  дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт­бағдар бере білуге тырысамын. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан­жақты дамыту – өз алдыма қойға басты мақсаттарымның бірі деп есептеймін.  Шәкірттердің әр жетістігіне қуану мен өз еңбегіңнің жемісін көру –ұстаз үшін   үлкен   бақыт.  Өз   шәкірттерімді   баули   жүріп,   кез­келген               жұмыста нәтижеге жетуге ынталандырамын, оларға сенім білдіремін. Сенім болмаса, адам баласы   жетем   деген   биігіне   жете   алмайды.  Нәтижесінде     шәкірттерім     түрлі деңгейдегі   сайыстар   мен     олимпиадалаға   қатысу,    ғылыми   жобалар   қорғауда жүлделі орындарды иеленіп, жоғары белестерден жиі көрініп жүр. Ұлы   ойшыл   Плутарх   кезінде   былай   депті:   «Көптеген   табиғи   талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек». Өйткені, ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Сол себептен де білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне  сай  деңгейлеп  оқыту,  ғылыми  ізденіс  қабілеттерін  қалыптастыруда дарынды   балаға   –әрқашан   шебер   мұғалім   қажет   екенін   естен   шығармауымыз керек. Шеберлікті шыңдауда НЗМ ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж   университеті   бірлесе   дайындаған   деңгейлік   курс   Бағдарламасы біздер, яғни, мұғалімдер қауымына үлкен бір жаңалық әкеліп, жаңаша тәсілдерге қанығып,  тәжірибемізге үлкен өзгерістер енгізіп, дер кезіндегі серпіліс болды.           Оның дәлелі ең бірінші мектептегі оқушылардың «Ағай, бүгін тағы топта жұмыстанамыз ба? Қандай қызықты тәсілдеріңіз бар? т.б. » сұрақтардың астына алып,   қызығуы   болса,  әріптестеріміз   оқушылардың   өз   беттерімен   білім   алуда белсенділік танытып, жаңаша әдістермен сабақ берудің өзіндік ерекшеліктерін айтып, пікірлесуінде.         І деңгейдің Бағдарламасы бойынша біліктілігімді арттыруға Педагогикалық шеберлік орталығына келіп, бір ай мерзімде білімді тренерлерден дәріс алдым, жаңа   технологияларды   меңгердім.   оқушы қызығушылығына қанық боп, әріптестерімнің оң пікірімен екінші «бетпе­бетте» алынған   білімнің   тәжірибедегі   қолданыстағы   жетістіктері   мен   кемшіліктерін, болашақтағы   жоспарларыммен   бөлісіп,   рефлексивті   есептер   жаздым.   Бірге   Тәжірибемде   қолданып, оқыған әріптестеріммен тәжірибе алмастым, өз жіберген кемшіліктерімнің орнын толықтыру мен түзетулердің жолын меңгердім.          Осы тұста есеп жазуда бағыт беріп, нақтылыққа жетелейтін портфолиоға қойылатын талаптармен жұмыстануға тырыстым, әрине, бірден оңай болмады, тренерлердің   формативті   бағалаулары   үлкен   көмек   болды.     Қолымызға сертификатымызды алып, мектептегі жұмысымызды жалғастыруда рефлексивті есеп   жазып   үйренгеніміз   артық   болмады,   уақыттың   мүмкіндігіне   қарай   үнемі сабақтан   кейін   өз   жұмысымды   талдау   бағытында   есеп   жазуды   әдетке айналдырып келемін.          Курстан біліктілігімді арттырумен қатар, жекелей үйренгенім:   Белсенді жұмысты ұйымдастыруды;  Креативті ойлауды;  Шыдамдылық пен формативті ұсыныс білдіруді;  Үнемі кері байланысқа түсуді;  Белгіленген талаптарды басшылыққа алып жұмыстануды;  Рефлексивті практик болуды.                 Курс  бағдарламасында  үйретумен  қатар   бағалау   үдерісінде   жүргізді. Портфолиоларымыз   формативті   бағалаулардан   өтіліп,   портфолио   негізінде таныстырылымдар   дайындадық,   таныстырылымдар   тәуелсіз   тренерлерден суммативті   бағасын   алды.   Курс   соңы   біліктілік   емтиханын   тапсырумен қорытындыланды.                 Мені   бағалау   үдерісінің   қызықтыру   себебі,   өзіндік   талаптарына   сай жұмыстарды бағалауы, әр қадамның бағалау талабының болуы, «тазалық» біздің дәстүрлі тексеріс барысынан ерекше бір әрекеті болса, барлық бағалаудың ашық түрде жүргізілуі. Өз тәжірибемде болмағанмен, келген бағалаушылардың қарым­ қатынасқа   түсу   этикасы   мен   талапшылдығы   қызығушылық   танытса,осы   курс барысында І деңгей   мұғалімі ретінде мектепте жұмыстанып қана шектелмей, республика   шеңберінде   жүзеге   асырылып   жатқан   реформаны   таратуда, тәжірибеде жүзеге асырылып жатқан жұмыстың орындалуын бағалауда үлесімді қоссам ер азаматтық парызым деп санаймын.  № 23 мектеп­лицейдің  орыс тілі пән мұғалімі Кабашева К.Б.

Бағалау-бағамды үдеріс.

Бағалау-бағамды үдеріс.

Бағалау-бағамды үдеріс.

Бағалау-бағамды үдеріс.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
01.04.2017