«Информатика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.
Мектептік информатика курсы білім алушыларға осы курсты оқыту саласындағы іргелі білімдердің жеткілікті деңгейдегі толық көлемін беруді, оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, ақпараттық қоғам өміріндегі информатиканың рөлі туралы түсінігін қалыптастыру және жалпыадамзаттық құндылықты дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғышарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
Мектеп информатикасының мазмұнын дамыту келешегі оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру бағытында информатиканың ғылыми зерттеу объектісінің кеңеюімен байланысты.слайд
ТҮЙІНДЕМЕ
Мұғалімнің аты-жөні: ПЕРНЕБЕКОВА ГУЛЬНАРА АБИЛДАХАНҚЫЗЫ
Туған жылы, айы, күні: 17 тамыз 1981 жыл
Қызмет орны: Қызылорда қаласы, Жаңақорған кенті, №3 мектеп-интернат
Қызметі: Мұғалім
Білімі: Жоғары
Бітірген оқу орны: Шымкент университеті, 2003 жыл
Мамандығы: Физика және информатика пәнінің мұғалімі
Жалпы педагогикалық еңбек өтілі: 10 жыл
Лауазымы бойынша еңбек өтілі: 10 жыл
Сабақ беретін пәні: Информатика
Санаты: 12 разряд
Марапаттары:1.Сарыағаш ауданы №87 «Жуантөбе» орта мектебі оқушыларға сапалы білім
саналы тәрбие берудегі еселі еңбегі үшін Мақтау қағазымен марапаттайды.
2.Аудандық «Мұғалімнің ең үздік электронды портфолиосы – 2009» байқауында жүлделі
ІІ орын алғаны үшін ДИПЛОМ-мен марапатталады. 3.Мұғалімдік жұмысын тиянақты
атқарып, ізденімпаз, шығармашыл мұғалімдер қатарында аудандық «Мұғалімнің ең үздік
электронды портфолиосы-2009» байқауының жүлдегері болғаны үшін грамотамен
марапатталады.
Жетістігі: 1.«Қорытынды сабақ» тақырыбындағы шығармашылық жұмысы облыстық «Сыр
Жетістігі:
мектебі» газетінен (04.02.2009), 2.Аудандық «Қайнар» газетінен (15.10.2009 жылы)
жарық көрді. Аудандық «Мұғалімнің ең үздік электронды портфолиосы – 2009» байқауына
қатыстым. 1.Аудандық өткен олимпиадада 10-сынып оқушысы Байдалиев Адилет 2008-2009
оқу жылында-ІІІ орын. 2.2009-2010 оқу жылында Бауыржанова Кенже ІІ орынға ие болды.
Курстан өткен жылы:: 1.«Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету»
Курстан өткен жылы
бағдарламасы шеңберінде халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі облыстық
жаттықтырушы «Куәлігі». 2.«Сертификат» достижений Завершила курс по практическому
применению интерактивного оборудования в учебных классах. 3.Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі және «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясымен
бірлесе отырып ұйымдастырған Кәсіпкерлік эксперсс-курсына қатысқаны үшін
«Сертификат». 4.«12 жылдық білім беру жағдайында базалық информатика пәнін
оқытудағы тұжырымдамалық негіздері» «Сертификат». ОблИПК
Оқыту технологиясы: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау
Зерттеу тақырыбы: Информатика сабағында оқушылардың ой-қабілетін дамыту
Жанұя жағдайы: Отбасылы, 1 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отыр
Мақсаты: Түсіну, меңгеру, үйрету!
«Информатика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің
базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып
табылады.
Мектептік информатика курсы білім алушыларға осы курсты оқыту саласындағы
іргелі білімдердің жеткілікті деңгейдегі толық көлемін беруді, оқушылардың ойлау,
танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, ақпараттық қоғам өміріндегі
информатиканың рөлі туралы түсінігін қалыптастыру және жалпыадамзаттық
құндылықты дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, адамның дүниетанымдық
көзқарасына алғышарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі
мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын
қалыптастыруды көздейді.
Мектеп информатикасының мазмұнын дамыту келешегі оқушылардың ақпараттық
сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру бағытында информатиканың ғылыми зерттеу
объектісінің кеңеюімен байланысты.
Информатика пәні оқушыларда әлемдік ақпараттық бейнені қалыптастыру мен
компьютерлік техниканы және ақпараттықкоммуникациялық технологияны дамытудың
теориялық негізі болып табылады. Ақпараттықкоммуникациялық құралдарының
жеделдетіп дамуына байланысты сәйкес қолданбалы программалық құралдар, офистік
программалар және т.б. өзгерістерін ескере отырып құрылады. Олардың көпшілігі
информатиканы жоғарғы сыныптарда оқытудың мазмұнында ерекше мәнге ие. Сонымен
бірге бұл мәселелерді ерте жастан бастап үйрету де қарастырылуда.
Мектептің білім мазмұнында информатиканы
оқытудың жалпы мақсаттарын бөліп алуға
болады:
ақпараттық қоғам жағдайында оқушыларды
жанжақты даярлау;
ақпараттық қоғам мен технологиялардың
мүмкіндігіне бейімделген оқушыларды
ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу;
информатиканың ақпаратты беру, түрлендіру
және оны қолдану сияқты іргелі ұғымдарын
оқушыларға меңгерту;
әлемдік ғылыми бейнені қалыптастырудағы
ақпараттық үдерістердің мәнін ашу және
қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттық
технология мен компьютерлік техниканың
рөлі;
оқушыларды компьютерді оқу үрдісіне,
бағдарлы бағытқа тиімді және ұқыпты
пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру;
мектептің оқутәрбие үдерісіне ақпараттық
коммуникациялық технологияны енгізу үшін
жағдай туғызу.
Бұл мақсаттарға жету келесі мiндеттердi шешу арқылы жүзеге
асады:
ғылымидүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру (ғылыми
әлемдік бейнені құруда және оны тірі табиғатта, техникада,
қоғамда ақпараттық үрдістердің мәні туралы біліммен
қаруландыру; қоғамның дамуында, адам еңбегінің сипаты мен
мазмұнын өзгертуде информатика мен есептеуіш техниканың мәні
туралы білімдермен қамтамасыз ету);
оқушылардың ойлау қабілетін дамыту (жеке жағдайда,
алгоритмдік, әрекеттік және модульдікрефлексивтік ойлау
қабілетін дамыту);
оқушыларды практикалық және бағдарлы бағыттарға даярлау
(компьютермен жұмыс жасау ұстанымдары, ақпаратты беру
тәсілдері және түрлі мәселелерді шешуде ақпараттық
коммуникациялық технологияның негізгі кезеңдері туралы
білімдермен қамтамасыз ету; түрлі пәндік салаларда ақпараттық
технологияны қолдану мен модельдеу және компьютерді түрлі
практикалық міндеттерді шешуде сапалы, әрі тиімді құрал түрінде
қолдану дағдыларын қалыптастыру).
Информатиканы оқытудың басты мiндеттерi негiзiнде оқу
бағдарламасында нақты дидактикалық мiндеттер айқындалады,
оның iшiнде оқушыларды бiлiммен қаруландыру тәсiлдерiн үйрету
аса маңызды болып табылады.
Информатиканы тереңдетіп оқығысы келетін оқушылардың
саны жеткілікті көп болған жағдайда мектеп базистік оқу
жоспарында бағдарлы курстарға бөлінген сағат саны есебінен
информатиканы оқытуға бағдарлы деңгейде бөлінген 1 сағатқа
аптасына қосымша 2 сағат қоса алады. Оқушылардың білім
деңгейіне қойылатын талаптар сәйкес деңгейлер үшін білім беру
стандартымен анықталады.
Жоғары сыныптарда информатиканы оқыту кезінде
мектептің оқу жоспарына таңдау курстарын енгізу қажет. Бұл
келесі мазмұндағы таңдау курстары болуы мүмкін: Объектілі
бағдарланған программалау тілі», «ЭЕМ операторы»,
«Компьютерде ісқағаздарын жүргізуші», «Компьютерлік
графика», «Webдизайн», «Ақпараттық жүйелер», «Flash
программалау» және т.б.
Оқушылардың таңдауы бойынша оқу пәні ретіндегі
информатиканы оқыту, сондайақ оны факультативті сабақтарда
тереңдетіп оқыту жалпы білім беретін мектептің 8сыныбынан
басталуы мүмкін.
Жоғарыда аталған оқу бағдарламалары
мен оқулықтар информатиканы оқыту үшін
негізгі материалдар болып табылады.
Сонымен бірге оқу үдерісінде информатика
пәнін тереңдетіп, не факультативтік сабақ
ретінде оқыту үшін қосымша оқу құралдары
қолданылады. Бағдарлы мектептерде,
физикаматематикалық және техникалық
лицейлерде, физика мен математиканы
тереңдетіп оқытатын мектептерде «Арман
ПВ 2008», «НЦИ 2008», «Атамұра2005»,
«Аруна Ltd – 2008» және т.б. баспалардан
шыққан қосымша оқулықтар мен электрондық
оқу құралдарын қолдануға болады.
Информатиканы
оқыту бағдарламаларын
арнайы жабдықталған
мультимедиялық кабинетте
және жалпы қолданылатын
оқукөрнекілік құралдар мен
жабдықтар, қолданбалы
программалық құралдар,
мультимедиялық
электрондық оқулықтар,
виртуальды лабораториялар
және т.б. бар болған
жағдайда ғана жүзеге
асырылады.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.