Байланыс энергиясы
Атом ядросының басқа ядромен, элементар бөлшектер және гамма кванттармен өзара әсерлесу кезінде болатын түрленулер ядролық реакциялар деп аталады. Бөлшектер мен ядролардың реакцияға түскенге дейінгі және ракциядан кейінгі тыныштық энергияларының айырымын ядролық реакцияның энергетикалық шығуы деп атайды.
Тізбекті ядролық реакция деп белгілі ядролық реакция келесі дәл сондай реакцияны туғызатын процесті айтады. Нейтрондық көбейту коэффициенті (k) деп нейтрондардың кезкелген «буынындағы» санының алдынғы «буынындағы» санына қатынасын айтады. k=1 болса нейтрондар саны уақыт өтуімен өзгермей, реакция бірқалыпты өтеді, k>1 болса реакцияның қарқыны тез өсіп, ядролық қопарылыс болады, k<1 болғанда нейтронның саны уақытқа байланысты азайып тізбекті реакция тоқтап қалады. Реакцияның жүру ықтималдығын арттыру үшін шапшаң нейтрондардың жылдамдығын кеміту үшін баяулатқыштар (кәдімгі су, ауыр су (H3O) және графит) деп аталатын заттар қолданылады.Байланыс энергиясы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.