Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар
Оценка 4.6

Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар

Оценка 4.6
Разработки уроков
doc
математика
3 кл—4 кл
05.03.2017
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар
Қазақ тілі
Казак тили.doc
Қарағанды қаласы «№32 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі Кузембаева Ляззат Дюсенбаевна Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы. Қарама­қарсы сөздер Сабақтың білімділік мақсаты:  Қарама – қарсы мағыналық сөздер туралы түсінік беру, тақырыпты меңгерту. Сауатты, қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыру. Сабақтың дамытушылық мақсаты:  Балалардың тіл шеберлігіне деген қызығушылығын және еркін мәнерлі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға халық ауыз әдебиетін насихаттай отырып, ана тілін қадірлей білуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі:  Сөзжұмбақ, сөздік жұмысы, мақал – мәтелдер жазылған плакат, жылжымалы тақта. Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ­жауап., дидактикалық ойындар.  Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі ­Сәлеметсіңдер ме балалар? ­Бүгін бізде қазақ тілі сабағы.Қазақ тіліне керекті құрал жабдықтарымызды алып  оқушылар ережесіне сай түзу отырамыз.Бүгін бізге білімімізді байқауға қонақтар келіп  отыр.Өзімізді еркін ұстап,сабаққа қатысып отырамыз. Психологиялық дайындық Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды. Мақсатымыз ­ білім алу, Міндетіміз ­ еңбектену Еңбектену арқылы “5 “­ ке қолды жеткізу! Ой қозғау: Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Ел  болашағы ­ білімді ұрпақ»­ деп сіздерге үлкен сенім білдіруде Өздеріңіз білесіздер,  Қазақстан жер көлемі үлкен, экономикасы мен мәдениеті дамыған ел. Елбасымыз еліміздің әлі де қарыштап дамып, алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына  қосылуына жұмыстануда. Қазір сендер кішкентай болғанмен, ертең еліміздің  кемелденуіне, гүлденуіне үлес қосу үшін сабақты жақсы оқып,білімді азамат болу керек! ­Жақында қандай мерекелер болады?  ­Дұрыс айтасыздар 1 желтоқсан тұңғыш Президент күні.(слайд) ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  5­жаттығу  Сөз және оның мағынасы тақырыбы бойынша мәндес сөздерді еске түсірейік.  Үйге берілген жаттығудың орындалуын тексере отырып, оқушылардың мәндес  сөздерді қаншалықты меңгергенін анықтау. ІІІ.Өткенді қайталау 1 Мәндес сөздер дегеніміз не? Мына сөз жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыптың атауы шығады. Мына сөздерді басқаша қалай айтуға болады? . т А я у Н ы с р л п ы ы қ 1. Жуық,жақын 2. Есім,ат 3. қауіп 4. азап 5. шекер 6. келбетті, ажарлы 7. тез,шапшаң қ қ д ж ы л а Т е қ О р а Н т д И д а М а р IҮ. Жаңа сабақ    Сөз және оның мағынасы.Қарама­қарсы сөздер.(сабақтың  мақсатын хабарлау) 1. Көркем жазу  Жақсы, жылы, түзу, бүлдіру, қою.  Осы сөздер қатарында қай сөз артық? Неліктен? «Бүлдіру» сөзі артық, себебі ол  қимылды білдіреді, яғни етістік.Ал қалғандары сын есімдер.  Осы сөздерге қарама­қарсы мағыналы сөздерді тауып айт.   Мысалы, жақсы­жаман, жылы­суық, түзу­қисық, бүлдіру­түзету, қою­ сұйық 2. Бұл қандай сөздер?  Мағынасы бір­біріне қарама­қарсы сөздер (антонимдер)  Мағынасы жуық сөздер ( синонимдер)  Айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер (омонимдер) 3. Оқулықпен жұмыс 1­жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарама­қарсы мағыналы сөздердің астын сыз. Жел әкелгенді сел әкетер.Тау жақтан баяу жел соқты. Қатты желдің екпіні  қайықты  аудара жаздады. Бүлдіру – оңай, түзету – қиын.Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе  мақтар. Өздік жұмысы 2­жаттығу  Көп нүктенің орнына қарама­қарсы мағыналы сөздерді жаз. қатты ­  ......                                                           жүру ­ .......... таяз ­ ..........                                                           кию ­ ............ жылы ­ ........                                                          кіру ­ ........... кең ­ ..........                                                            сөйлеу ­ .........  әр бағандағы сөздердің ортақ қасиетін табу, қай сөз табына жататынын анықтау;  тасымалданбайтын сөзді табу.(кең,тар,кию)           Венн диаграммасы Сын есім                Етістік                 Сөз табы V. Сергіту сәті  VІ. Өзіндік жұмыс 5 ­жаттығу  Мәндес сөздерді бір бөлек, қарама­қарсы мағыналы сөздерді бір бөлек жаз.  Қалаған 3­4 сөзбен сөйлем құрап жаз. 2 1. еріну ­ жалқаулану, есептеу ­ санау, қайталау – пысықтау; 2. ақырын –шапшаң, апару ­ әкелу, бастау –аяқтау, тоңу –жылыну.  Сөйлемдер мынадай болуы мүмкін Шаршы топта сөз бастау қиын.Қайталау – білім анасы. Тоңған кісілер үйге кіріп  жылынды. VIІ.Жұмбақ шешу   Қарамен жазылған сөздерді қарама­қарсы мағыналы сөздермен алмастыр. Жақыннан әкеп хабарды.                                 Алыстан әкеп хабарды, Ренжітер барлық адамды.                                  Қуантар барлық адамды. ( жеделхат) Жеңілдікпен аршылар,                                      Қиындықпен аршылар, Көзіңнен жас тамшылар.                                   Көзіңнен жас тамшылар. ( пияз) VIIІ.Қорытындылау Дұрыс па, бұрыс па?  а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу  Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.(дұрыс)  Қарама­қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады. (дұрыс)  Жақсы, жаман ­ синоним сөздер (антоним)  Сөздің мағыналық бөлігі түбір деп аталады.(дұрыс)  Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды. (дұрыс)  Бастауыш – сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі (тұрлаулы мүшесі)  Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады. (дұрыс)  Дауысты дыбыстар 2­ге бөлінеді (дұрыс)  Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады.(үтір) ә) Берілген мақалдардың ішінен антонимдерді тап. Бетегеден биік, жусаннан аласа.  Үлкенге ­ құрмет, кішіге – ізет.  Көз қорқақ, қол батыр. батыр. Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа, Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа. Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай, Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай. IХ. Үйге тапсырма 3 ­ жаттығу  Берілген қарама­қарсы мағыналы сөздерді топтап жазу Зат есім: Сын есім: Етістік:    Айту­тыңдау, ақ­қара, түзу­қисық, қону­ұшу, жаз­қыс, ыстық­суық, күн­түн,  сату­ алу, ащы –тәтті. Х.Бағалау  Соңғы тыныштық сәтi.  Баяу әуен қойылады. 3 Көзіміздіжұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай  жақсы әрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын  жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі  керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет! «№32 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның мағынасы.  Қарама­қарсы сөздер (ашық сабақ)                                            Сынып жетекшісі:Кузембаева Л.Д 4 Қарағанды қаласы 5

Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар

Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар

Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар

Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар

Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар

Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар

Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар

Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар

Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар

Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.03.2017