Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар
Оценка 4.6

Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
математика
3 кл—4 кл
05.03.2017
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар
Кузембаева Л.Д №32матем 3кл.docx
Математика Қарағанды қаласы «№32 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Сыныбы:3 «Е»сынып Мұғалім:Кузембаева Ляззат Дюсенбаевна Сабақтың тақырыбы: Үш таңбалы санға бір таңбалы санды көбейтудің және бір таңбалы  санға бөлудің тәсілдері.(103*3,309:3) Сабақтың мақсаты:       1. Үш таңбалы санға бір таңбалы санды көбейтудің және бір таңбалы санға бөлудің  тәсілдері туралы білім қалыптастыру, оқушыларды есеп шығара білуге машықтандыру,  оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.       2. Математика пәніне қызығушылықтарын арттыру.             3. Алғырлыққа тәрбиелеу, Отанды сүюге, табиғат байлықтарын қорғауға,  ұйымшылдыққа тәрбиелеу  Сабақтың түрі: Саяхат сабағы. Ғарышқа ұшамыз Сабақтың әдісі: сұрақ­жауап, интерактивті тақта Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, слайдтар, Пән аралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. ­Сәлеметсіздер ме балалар? ­Бүгін бізде математика сабағы.Сабаққа керекті құрал жабдықтарымызды алып оқушылар  ережесіне сай түзу отырамыз.Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр.Қонақтарға өз  білімдерімізді көрсете білейік. 2.Психологиялық тренинг   Сендерге табыс тілеймін,  Жарық пен жылу, денсаулық!  Бір – біріңе сендер де, тілеңдер біраз жақсылық. ­ Балалар, бір­біріңнің қолдарыңнан ұстап, көздеріңді жұмып, бүгінгі сабаққа сәттілік  тілейік. ­Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әр ісімізге сәттілік тілеймін. 3.Үй тапсырмасын сұрау     ­Үйге қандай тапсырма берілді? №1,4   (Кезекші   оқушы   оқушылардың   дәптерлерін   жинап   алып   тапсырады,   үй тапсырмасының орындалуы туралы есеп  береді.) 4.Кіріспе әңгіме ­Сәуір айында қандай мереке болады? ­Балалар, Қазақстан жер көлемінен дүние жүзінде нешінші орын алады? ­Тоғызыншы орын. ­Біздің елде ғарышқа қай қаладан ұшады? ­Байқоңырдан. ­Ғарышкерлер не үшін ұшады ғарышқа? ­Аспан әлемін, яғни планеталарды зерттеу үшін. ­Тұңғыш ғарышкер кім? Ю.А.Гагарин ­Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері кім? Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаев ­Күн жүйесінде қанша планета бар?­Осы сұрақтарға жауап ала отырып, олай болса, біздер  сол ғарышкерлер ағаларымыз сияқты аспан әлемін өз білімдерімізбен зерттеп көрейік. Бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы «Ғарышқа ұшамыз». Ол үшін экипажға отырып өзіміздің  мақсатымызды айтамыз. Біздің мақсатымыз:      «Болашаққа жол бастау»                                          Командир:   Экипаж ұшуға дайындал                     Алыс айға Марсқа                     Біз ұшамыз ғарышқа    а) Өткен сабақты қайталау есебінде ­   Ал   енді   мына   сандарды   разрядтық   қосылғыштарға   жіктеу.Қанша   бірлік,қанша ондық,қанша жүздік бар екенін ажыратамыз. 78,780,708,340,304,430,43,403.  Жаңа сабақ:   Яғни бүгінгі   сабағымыздың тақырыбы  Үш таңбалы санға бір таңбалы санды көбейтудің және бір таңбалы санға бөлудің тәсілдері. Сабағымыздың мақсаты: Үш таңбалы санға бір таңбалы санды көбейтудің және бір  таңбалы санға бөлудің тәсілдері туралы білім қалыптастыру, оқушыларды есеп шығара  білуге машықтандыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Электронды оқулықтан Үш таңбалы санға бір таңбалы санды көбейтудің және бір таңбалы  санға бөлудің тәсілдері түсіндіріледі.Барлығымыз экранға назар аударамыз.  Дәптермен жұмыс:Дәптерімізді ашып бүгінгі күннің ретін жазайық. Көркем жазу:130 цифрын көркемдеп жазайық. Тақтамен жұмыс: ­Ал балалар бөлу тәсілі түсінікті болса № 3  мысалды  баған түрінде тақтаға орындайық. 104*2=208    202*4=808   609:3=203     903:3=301 203*3=609    304*2=608   606:6==101   306:3==102 320*3=960    410*2=820   640:2=320     860:2=430 Сергіту сәті №4       Әр вагондағы цифрлардан ең кіші және ең үлкен үш таңбалы сан құрастыр.Олардың  айырмаларын тап.Жауапты пайдаланып,ең үлкен және ең кіші сандар жаз.Олардың  айырмаларын тап. ең кіші  258    852­258=594     ең кіші 459        954­459=495 ең үлкен 852                             ең үлкен 954                                                   ең кіші 454     954­454=500        №5 Есепті оқу,талдау 4 йогурт­408 тг?                                           ?йогурт­408тг           4 йогурт­?тг 1 йогурт­?                                                     1 йогурт­102             1 йогурт­102тг 1)408:4=102 теңге Ж: Бір йогурт 102 теңге тұрады.  Логикалық тапсырма Сабақты қорытындылау ­Міне балалар біз бүгін үш таңбалы санғабір таңбалы санды көбейтудің және бір  таңбалы санға бөлудің тәсілдеріне байланысты  қаншама есептер,тапсырмалар орындадық.Есімізде тағы қалу үшін ойын ойнайық. Ойын ойнау     “Кірпіге көмектес”                            “Үйіне жетуге көмектес”                            “Мысалдар шығарайық”  Тест ?Электронды оқулық арқылы Сабақты бекіту           ­Міне балалар аспан әлеміне саяхатқа барып келдік. Біздің елде ғарышқа қай қаладан ұшатынын, ғарышкерлер не үшін ғарышқа ұшады,тұңғыш ғарышкер кім,қазақтың тұңғыш  ғарышкерлері кім,күн жүйесінде қанша планета бар екенін видео ролик арқылы бәріміз  бірге тамашалайық.  Үйге тапсырма     №6,7  134­135  бет Бағалау

Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар

Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар

Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар

Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар

Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар

Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.03.2017