Қарағанды қаласы
«№32 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Кузембаева Ляззат Дюсенбаевна
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ақ жарқын – жан анам»
Мақсаты: 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің салтанатын
сезіндіру. Анаға деген махаббаттарын арттыру.
І. Дайындық кезеңі
1. Аналарға арнап сыйлықтар әзірлеу
2. Аналарды шақыру
3. Қабырға газетін шығару, құттықтау, суреттер
4. Үздік шығармалар көрмесі
ІІ. Негізгі бөлім
Аналар мен қонақтар төрден орын алады. Сынып жетекшісінің кіріспе сөзі./
музыка сәл ғана естіліп тұрады/
Әке өмірдің берік тірегі болса, ана ағынды арнасы. Ана жаны сондай нәзік,
ана жүрегі сондай ізгі, мейірімді. Нәресте шыр етіп дүниеге келгеннен бастап
оны алақанына аялап, ақ сүт емізіп, әлпештеп баулитын ана. Ананың асыл
қасиеттерін аз ғана сөзге сыйғызу мүмкін емес. «Ана»деген сөздің қуаты
дарияға тең. Ол сарқылмайды, ұмытылмайды, ескірмейді. Бала ананың асыл
арманы, алтын кені. Ендеше сол балаларыңыздың дайындаған шағын
мерекелік сый тартуын қабыл алыңыздар. «Ақ жарқын жан анам»атты сынып
сағатын ашық деп жариялаймын.
/музыка әуенімен сыныпқа қолдарында гүлдері бар оқушылар билеп кіреді,
гүлдерін аналарына тарту етеді/
І жүргізуші
Армысыздар ,аяулы аналар ,құрметті ұстаздар!!Барлығымыз асыға күткен
көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8наурыз халықаралық әйелдер күні де
келіп жетті.Бір қолымен бесікті,екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен
нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
ІІ жүргізуші
Қош келдіңіздер,құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаздары бүгінгі
мерекелеріңіз құтты болсын!!Сіздерге сарқылмайтын денсаулық,ұзақ ғұмыр
тілейміз.Осы күні сіздерге бағытталған тілектер періштенің құлағына
шалынсын.Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.
Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Ана сізді құттықтап
Әндетеміз бәріміз деп оқушылардың орындауында "Көктем" әнін қабыл
алыңыздар.
І жүргізуші
Сенен өскен балалар батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті жан аналар деп біздің сыныптағы ұлдардың орындауындағы
"Анашым" әнін қабыл алыңыздар.
ІІ жүргізуші
Бүгін – наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз – Адамның
Анаға айтар лебізі
Айгөлекау, айгөлек
Айдың жүзі дөңгелек
Аналардың тойында
Би билейміз дөңгелеп деп Ақниеттің биін тамашалайық.
І жүргізуші
Айналайын Анашым
Әлпештеген мамашым
Еліп өскен бөлеміз
Маматайдың мамасын дей келе "Мама"әнін қабыл алыңыздар
ІІ жүргізуші
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген қуанышы өмірдің.
Ана деген әрбір үйдің жылуы,
Ана деген гүлі туған өмірдің
"Ардақты ана " әнімен қыздарды ортаға шақырайық.
ІІ жүргізуші
Достықты біз ойлаймыз
Қыздарды да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз(қыздарға сыйлық беру)
І жүргізуші
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді,
Бәрі: Аналарға мың алғыс
Ақ мамам әні
ІІ жүргізуші
Би. Байхат Аянаның өнерін тамашалайық.
І жүргізуші -Ержан, менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала
берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.
ІІ жүргізуші:
Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін
қалай үлгереді екен?
І жүргізуші:
Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны
бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар
сырымыз оларға әрқашан да белгілі.
ІІ жүргізуші:
Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.
Мұғалім: Аялы алақан ойыны
Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу
І жүргізуші:
Аналарымыз бізді байлаулы көзбен де көреді екен.
ІІ жүргізуші:
Олар осындай байлаулы көзбен басқа нәрсені де бізді көргендей жақсы көрер
ме екен ?
І жүргізуші: Сынап көрелік.
ІІ жүргізуші: Гүл құрастыру ойыны
Мына гүлдерді көзін байлап орнына құрастыру
І жүргізуші:
Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар, көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз
"Қос бәйтерек "әні
ІІ жүргізуші:
«Адал бол, деп балдырған»
Әлділдікке баулыған.
Қуанышты күнде енді
Құттықтаймыз сіздерді
І жүргізуші: Күннің нұры, шуағы барлығы ананың жүрегінен нәр алған
сияқты. Қай қайсымыз болмасын, қайда жүрсек те жүрегіміз ананың аяулы
алақанын аңсап тұрады. Сондықтан бәрімізде ананың алдында қарыздармыз,
ананың махаббатына алдында бас иеміз.
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Шын ниетімізбен алғыз айтамыз.
Қош сау болыңыздар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.