Қарағанды қаласы
«№32 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Кузембаева Ляззат Дюсенбаевна
Өзiнөзi тану сабағының жоспары
Мектеп № 32
№10
Тақырып Адал достық
Құндылық: Достық
Қасиеттері: достық, мейірімділік,тазалық, адалдық, қайырымдылық
Мұғалiм Кузембаева Л.Д
Сынып 4
Оқушылар саны 18
Сабақ мақсаты:Оқушылардың достық құндылығы туралы түсініктерін
кеңейту.
Міндеттері: Адал достықтың мәнін түсіндіру;
Өзара сыйластық қарымқатынастарын дамыту;
Достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар,
мәлiметтер)слайдтар
өлеңнің дискісі
Сабақ барысын талдау:
Сабақбарысы:
1. Ұйымдастырукезеңі.
2. Тыныштықсәті. Жақсылық сарайын орнату.
Балалар көздерін жұмады.Мұғалім сөйлейді.Сендердің
жүректерің - сендердің кішкене жарқыраған
күндерің.Ол да күн сияқты жылытады.Сендердің
күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің
жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер.Ал, кәне
жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге,
аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық
адамзатқа, келген қонақтарға, маған және өзіміздің
кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне
жіберейік, жақсылық тілейік. Ғаламның барлық түпкір-
түкпіріне жақсылық нұрын жіберіңіз.Ойша айтыңыз. Мен
жақсымын, Жақсылық менің ішімде.Осындай жақсылық,
махаббат, тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.Енді осы
жақсылықты жүрегіңізге орнатыңыз.Жақсылыққа толы
бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем
қалыпта сақтаңыз.
-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы
сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға
тырысыңдар.
Жаймен көзіңізді ашыңыз.
Рахмет. Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
Үй тапсырмасын тексеру (мәтінмен жұмыс).
1.
Үй тапсырмасына №10 тақырыптағы Елаузынан «Екі дос» мәтінін үйден оқу және өз ұсыныстарын
жинақтап, адал достық туралы шағын әңгіме жазып
келу.
Екі дос
Ертеде,ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі
жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды.Сонда
тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды.Тонаған мал
мүліктерін тиеп кетеді.Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді.
Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі.Досының қолға түскенін
естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып
өтіп,жау жатқан жағаға келеді.Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас
салады.Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді.Алып барған
соң ол жаудың қолбасына:
Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп,сатып алуға
келдім.Менің оған айырбасқа берер малмүлкім жоқ.Бірақ нәрсе
беремін. Ол—өзімнің өмірім.Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің
өмірімді қияр едім,дейді.
Қолбасы ойланып отырып,оны сынамақ болады да:
Жарайды,мен сені қыршыныңнан қимайақ қояйын.Маған сол өміріңнің
бір бөлшегін ғана берсең болды,дейді.
Ол не?деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.
Маған сенің көздерің керек,дейді қолбасы.
Ол да болсын,көзімді ал да,досымды босат,дейді жігіт.Ол бұл сыннан
тоқтаусыз өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып ,зағип
күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы:
"Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп,қапыда бас салған
жағдайда болмаса,бетпебет ұрыста жеңу өте қиынға соғар”,деп
түйеді.Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.
(Оқушылардың үйден орындап келген әңгімелерін
тыңдап, талқылау).
Мәтін бойынша пікір алмасу сұрақтары:
1.Адал достық дегенде нені түсінесіңдер?
2.Аңыз әңгімедегі жауынгерлердің достығы адал
достыққа жата ма?Неліктен?
3.Сендердің адал достарың бар ма?
4.Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?
Мұғалімнің қорытынды сөзі. -Адал дос дегеніміз өтірік
айтпайтын,шындықты жақтайтын,досын ешқашанда
ұятқа қалдырмайтын,барлық уақытта қандай жағдай
болмасын қол ұшын беріп,көмектесіп,қашан да қасынан
табылатын,барын бөлісетін нағыз жолдас.
Дәйексөз.Айнымас досы бар адамең бақытты адам
(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға
айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады)
Мұғалім: Айнымас досы бар адам –ең бақытты адам.Досы
уәдесіне берік болса,досымен бірге болса,қолынан келген
көмегін аямаса,жабырқағанда қасынан табылса,ол әрине айнымас дос.Ондай досы бар адамның бақытты болмауы да
мүмкін емес.
Әңгiмелеу
Өсиет әңгіме
Ертеде бір ақылды қария болыпты.Бір күні ақылды қарияға бір жігіт
келіп:
Ақсақал,мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,депті.Қарт жігітке:
Жолдасыңды көрсет,сонан соң айтамын,депті. Жігіт жолдасын қартқа
жіберіпті.Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп,ақырында жігіттің
өзін шақырыпты.Жігіт келген соң,қарт:
Шырағым,жаман жігіт емессің,депті.
Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?депті жігіт.Қарт
күліп:
”Жігітті жолдасына қарап бағала” дейді халық,депті.
"Жігітті жолдасына қарап бағала” дегенде нені түсінесіңдер?
• (оқушылардың жауаптары тыңдалады)
• Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас,дос
болады.Шын жолдас,достар бірінің жақсы қасиеттерін екіншісі үлгі
тұтады,бойына сіңіреді,олар бірбіріне өте жақын,бірінбірі тез
түсінісетін болып кетеді.Осындай жолдастық,достық қарым
қатынастардың арасындағы ең бағалысының біріадалдық.
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
« Адал достық» шыңына шығу
Шыңға шығу үшін Алпамыстың тапсырмаларын
орындаймыз.
3-топқа бөлінеміз.
Мұғалім:Әр топ өз атына сәйкес әрекеттер жасауы
тиіс.Мына жалаушаны өздерің берген жауаптарың
бойынша жылжытып отырасыңдар.
1.Талап тобы.
Олар адал дос болу үшін басқа оқушыларға талап
қояды.
Мысалы:Адал дос болғаның дұрыс.
Адал дос болуда шыдамдылық танытқаның жөн.
Досыңа берік болуға тырыс.
2.Ақыл тобы.
Олар адал дос болу үшін басқа оқушыларға ақылдарын
айтады.
Менің ақылым-досыңа адал болсаң мақсатыңа
жетерсің
Менің ақылым-досыңа жасаған жақсылығыңды міндет
етпе
Менің ақылым-әрқашан да осыңа сыйлы бол
3.Ой тобы:
Олар адал дос болу үшін барлық оқушыларға өз ойларын
айтады.
Менің ойым- нағыз адал дос болып қалыптасу.
Менің ойым-досыңның ісіне жауапкершілікпен қарау.
Менің ойым-өзімді,досымды сыйлау.
Адал достық шыңына да шықтық.Барлық достар бір- біріне адал болсын!Қандай дос туралы ән білесіңдер?
Қане шырқап берейікші.
(оқушылар өздерінің дос туралы шығарған
өлеңдерін,әндерін айтып береді.)
Топпен ән айту.
«Дос туралы жыр» әнін барлық оқушылар орындайды
Іздегенде табылатын қасымнан.
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған
Көріспесек сағыныштан жүдейтін
Кім бар жақын бала күнгі досымнан?
Қайырмасы:
Жан досым,үстем болсын мерейің.
Әрқашан жемісіңмен көрейін
Сырымсыз да бітпесін ,жырымыз да
бітпесін,жырымыз да бітпесін
Қос бұтағы секілденіп ағаштың
Қатар тұрып бірге өсіп жайқалдық
Адассақ та ,бірге жүріп адастық
Жол тапсақ та ,бірге жүріп жол таптық
Үй тапсырмасы.
1. №10 сабақ, Жұмыс дәптерінде берілген
тапсырманы орындап келу.
2. №11 сабақ, оқулықтың 52 бетіндегі «Сурет» оқып,
түсінігін айту.
Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады.
Көзіміздіжұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен
сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсын әрселерді
үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық.
Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп
алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі
керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.