БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДА ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Оценка 4.9
Лекции
чтение
4 кл
02.04.2017
«Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік
сол білімді сапалы іске асыра білу дағдысы»
А. Байтұрсынов
ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтардың ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры. Ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде , әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап , халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көрсетуде маңызды рөл атқарады.Олай болса бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі - білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру және қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан гөрі оның құзыреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек. Қазіргі уақытта оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзыреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасын, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар алға қойылған. Сол себептен оқытуға деген көзқарас өзгеріп отыр, оқыту нәтижесін бағалауда да жаңа бағытқа ие болуда.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.