БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН
Оценка 4.6

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

Оценка 4.6
Исследовательские работы
docx
история
11 кл
11.05.2018
БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН
Бұл ғылыми жобада қасиетті Торғай топырағының төл тумасы ел қорғаны, рубасы Арғын Өтей батырдың ғұмыр жолы, ол өмір сүрген кезең туралы баяндалды. XVIII ғасыр басында жоңғарлармен шайқаста Арқаның адыр белінен қияндағы Атырау еліне өз жасағымен көмекке келіп, қас дұшпанға қақырата соққы берген, жаудың жүрек жұтқан батырымен жекпе-жекте оны жер жастандырып, өзі де ерлікпен мерт болған баба зираты да сол Атырау өңірінде. Ұрпақтары баба басына арада үш ғасырдай уақыт өткенде мәрмәр тастан белгі қойды және батырдың туған топырағы – Торғайдың Қызбелінде де еңселі ескерткіш орнатты.
тит.docx
Оқушылардың «Салют, Жеңіс!» оқу – зерттеу жұмыстарының Халықаралық өлкетану байқауы Номинация № 2 «Отан даңқы үшін өмір» Жас тобы: ересектер тобы  БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН Дайындаған:  Райқұл Алихан Жас саяхатшылар станциясының тәрбиеленушісі 9 «Ә» сынып, № 58 мектеп – гимназия, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы,  Қазақстан Республикасы 1999 жылы Ақан Сері көшесі  22  Жетекшісі:  Бимендин Болат Дусимбекович Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының Академигі Қазақстан Республикасы, Астана қаласы – 2015 жыл («ҚР Білім және ғылым министірлігі Республикалық қосымша білім беру оқу – әдістемелік орталығы) сайтында жариялауға келісемін МАЗМҰНЫ 1 Кіріспе.................................................................................................... 2 Зерттеу әдісі........................................................................................... 3 Зерттеу нәтижесі және оны талқылау................................................. 4 Тұжырымдау.......................................................................................... 5 Қорытынды............................................................................................ 6 Библиографиялық тізім........................................................................ 7 Қатысушы мен оның жетекшісі туралы мәлімет............................... 3 6 6 7 9 10 11 2 Кіріспе Тақырыптың мазмұнымен өзектілігіне сипаттама. Белгісіз батырдың белгілі ерлігін бүгінгі өскелен ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың ұлтық рухын оятып, каһармандық жолын насихаттап, кейнгі буынға жеткізу ­ біздің міндетіміз. «Ғасырлар бойы бүкіл қазақ – бір атаның ұрпағы, бір тамырдың бұтағы деген ұстаным бойынша өсіп – өркендеп отырған» [1. 142 б.] Айшылық   жол   болған   қазақ   даласының   әр   төбесінің   қатпарында жинақталған тарихи сырлары қаншама мол десеңізші! Ал олардың біразының белгілі бір уақыт белестерінен өткен соң кейінгі ұрпақтармен қайта табысып, солардың   рухани   қазынасына,   мәңгілік   мирас   тұтар   мұрасына   айналып жататындары да аз емес. Көргенде санамызға сан жылдан соң қайта оралып, қайтадан түлей бастаған ҰЛТТЫҚ РУХ деген қастерлі ұғымның қазақ халқының жаратылыс тегімен қатар дамып, жетіліп келе жатқан тамыры тым терең түсінік екендігін айқын аңғарып еріксіз мойындайсың.  Бұл ғылыми жобада қасиетті Торғай топырағының төл тумасы ел қорғаны, рубасы   Арғын   Өтей   батырдың   ғұмыр   жолы,   ол   өмір   сүрген   кезең   туралы баяндалды. XVIII ғасыр басында жоңғарлармен шайқаста Арқаның адыр белінен қияндағы Атырау еліне өз жасағымен көмекке келіп, қас дұшпанға қақырата соққы   берген,   жаудың   жүрек   жұтқан   батырымен   жекпе­жекте   оны   жер жастандырып, өзі де ерлікпен мерт болған баба зираты да сол Атырау өңірінде. Ұрпақтары баба басына арада үш ғасырдай уақыт өткенде мәрмәр тастан белгі қойды   және   батырдың   туған   топырағы   –   Торғайдың   Қызбелінде   де   еңселі ескерткіш орнатты. 3 Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Жеріміздің тұтастығын, еліміздің бірлігін, халқымыздың қаһарман ҰЛТ екендігін көрсетіп, тәуелсіздік жолында ерлік істерімен көзге түскен батыр бабаларымызды бүгінгі өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп насихаттау. 1. Батыр бабаларымыз туралы халық арасындағы әңгімелер мен көне көз қарттардың естеліктерін жинактау. 2. Батырлардың   ерлік   істеріне   қатысты   ақтандықтардың   ақиқатын   танып зерттеу. 3. Тарих толқынындағы ғалым зерттеушілердің әдебиетші жазушылардың, тарихшылардың мерзімді баспасөзде жарияланған материалдарын жинастырып, оған ғылыми дәйектермен талдау жасау. Зерттеу   барысында   төмендегідей   әдебиеттер   сарапталып пайдаланылды. Ғылыми   жобаға   негіз   ретінде   Қазақстан   Республикасының   Елбасы Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаевтың   «Тарих   толқынында»   еңбегі,   Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлерінің, журналистерінің Қ. Әлім,  С. Меңдібай   “Терең   тамыр”   еңбегі,   Н.   Әбуталиев   “Шоқ   жұлдыз”,   “Біз батырларымызды әлі білмей жүрміз” мақаласы, “Қазақ Совет Энциклопедиясы” 9­шы   томдары   пайдаланылған.   Бұл   авторлардың   еңбектерінде   біздің   зерттеу жұмысымыздың   тақырыбына   байланысты   біршама   құнды   деректер   мен мәліметтер келтірілген. Осы деректерді пайдалану арқылы біз жұмысымызды бір жүйеге келтіруге қол жеткіздік.  Зерттеуді   өткізу   орны   мен   уақыты.  Ғылыми жоба Астана қаласының № 58 мектеп – гимназиясында зерттеліп, жазылынып, бір жүйеге келтірілді. Бірінші кезеңде (2013-2014) зерттеу тақырыбы таңдап алғаннан кейін батырдың кіндік қаны тамған қасиетті Қызбел өңірінде жетекшімімен бірге болып батырдың өнім өскен балалық, жастық шағы өткен жерде болып, ауыл ақсақалдар көне көз қариялардың 4 әңгімелерін естіп этнографиялық мәдени – танымдық деректерімді толықтыра түсіп, осы проблема бойынша тарихи жұмыстарға талдау жасалынды, зерттеудің теориялық негізі анықталды. Екінші кезеңде (2014-2015) өлкетану жұмыстары жүргізіліп, жұмыс тәртібі ретеліп, тәжірибелік жұмыстың нәтижелері ізге түсірілгенен кейін қоғамдық талқылауға салынып, сарапталып болғанан кейін қалалық сайысқа ұсыныс жасалынып, қалалық өлкетану жобасы сайсының коммиссия мүшелерінің жоғары бағасын алып, осы номинация бойынша І дәрежелі дипломымен марапатталып зерттеу жұмысы жоғары деңгейде қорғалды деген шешімге келді. қорытындыланып, жинақталып, бір Зерттеу ауданына қысқаша сипаттама Қызбел   жері­киелі   жер!   Бұл   жерден   кімдер   шықпады?!   Мұнда   қаншама абыздың табанының ізі қалды. Ұлы жырау һәм әулие Асан қайғы, Абат батыр, Назар   абыз,   Оспан   қожа   әулие,   Алаш   көсемі   Міржақып   Дулатов,   кемеңгері Сәйдәзім Қадірбаев. Осылайша кете берер еді. Қызбелдің киесі сонда осымен екі перзенті ұрпағымен қауышты. Бірі­Міржақып! Оның сүйегі осы топыраққа қайта жерленді. Кесенесі асқақтап тұр. Екіншісі ­ Өтей баба. Оның сүйегі Атырауда. Ұрпақтары   қойған  қасиетті  құлпытасы  бар. Қызбел  елі   оны  да  үлкен  кесене іспетті аялауда. Өтей батырдың ұрпағымен, кіндік қаны тамған туған жерімен қауышуы ­ қайран қаларлық оқиға! Ұмытылмас оқиға! Батырды еске алу рәсімін Қабылхат   Сейдахметов   бастаған   журналистер   теледидарға   түсірді.   Қасиетті құлпытастың   бетіндегі   Өтей   баба   суреті   мен   жазуларды   оқығанда,   біздің   де кеудемізді қуаныш кернеп, жүрегімізді шабыт тербеді.  Алаштың ардагері Өтей батыр, Ерлігі бір өзінің мыңға татыр. Қазақтың ұлан­байтақ даласында, 5 Өшпейтін ерлігінің ізі жатыр. Қайраты­болған дейді Қаратаудай, Айбаты­болған дейді Алатаудай. Аймағы аңыз етіп асыл ерді, Аруағы­болған дейді Ұлытаудай. Сүйдіріп ақша бетін түз желіне, Қасиетті құлпытас боп келді еліне. Қауышты ұрпағымен өсіп­өнген, Қауышты туып­өскен Қызбеліне! Ер Өтей­ұлы тұлға,ерен қазақ , Ондай жан әр ғасырда туар аз­ақ. Өзінің ұрапғымен қауышуы­ Лайым, мәңгілікке болсын ұзақ!  (Халық ел ауызынан) Зерттеу әдісі Зерттеу   жұмысында   сипаттау,   көне   көз   қариялардың   ауызекі әнгімелеріндегі керекті деректерді жазып алу, пайдалану, тарихи­салыстырмалы талдау   жасау,   деректанулық   талдау,   жинақтау,   жүйелеу,   т.б.   ғылыми­ практикалық әдістер қолданылды. Зерттеу нәтижесі және оны талқылау Осы жұмысты зерттеу барысында біз жетекшімен бірге қазақ батырлары сонын   ішінде   Өтей   батыр   туралы   социологиялық   сауалнама   жүргіздік. Сауалнаманың қорытындысында Өтей батыр туралы оқушылар білмейтін болып шықты.   Сол   себебтен   осы   жұмысты   зерттеуді   қолға   алып   батырдың   туған өлкесіне, яғни Торғай өңіріндегі қасиетті Қызбел ауылына бардым. Бұл жерде көне   көз   қарттармен,   ауыл   адамдарының   айтқан   әнгімелері   естеліктерін 6 дәптереме жазып алдым. Кейінен оны сараптап керекті мәліметтерді зерттеу жұмысыма пайдаландым.   Екінші бір сапарым Атырау  облысындағы  жері қасиетті,  суы бал, ауасы шипалы, талай данышпандар мен, жері елінің бостандығы, бірлігі үшін жан ямай күрескен   Қызылқоға   дағы   Өтей   батырдың   қорымына   бардым.   Қорым     кіші жүздің атақты биі руы «Есентемір Бөкен би» жерленген жерде қатар жатыр. Бұл   екі   батыр   туралы   ел   арасында   көптеген   естелік   аңыз   әңгімелер   бар екендігіне   көзім   жетті.   Соның   бір   парасы   Өтей   батыр   туралы   деректерді құрастырып шежере дерек намасын жасадым. Шежерені құрастыруға Атырау өлкесіндегі   шежіреші   қарт   Кәрім   Тұрдағалиев   көмектесті.   Бұны   жасау барысында бұл әулеттен шыққан небір жақсылармен жайсандар батырлармен, қайраткерлердің мол екендігіне қанықтым. Оған айтыскер ақын Айбек Қалиевтің: «Алаштың батыр Өтей ақтангері,  Ерлігімен қазақтың мақтанды елі. Өр болып туған батыр бабамыздың, Ор болып қалады екен шапқан жері.» ­ деуі куә. Өтей батырдың шежересіне тоқталсақ ақын жырлағандай: «Ерлігі тарихтағы кенге айналды, Ұрпағы өсіп рулы елге айналды.» ­ дегендей тамыры теренге тартқан. Үшінші   зерттеу   жұмысым   елордадағы   кітапханаларға   барып,   ондағы әдебиеттер, тарихи шығармалармен жұмыс жасап, Өтей батыр туралы аздаған болса да деректер мен мәліметтер тауып, өз жұмысыма кәдеге жараттым. Зерттеу   жұмысымды   аяқтағаннан   кейін   2013   жылы   мектепте   оқушылар арасында   өткен   ғылыми   жобалар   сайысына   ұсынылып   онда   женімпаз   деп танылып   Өтей   батыр   туралы   көпшілік   арасында   баяндама   жасап   жарыққа шығардым.  7 Белгісіз   батырдың   белгілі   ерліктерін   зерттеп,   зерттелген   жұмыстың барысын бұрын ешкім білмей келсе, оқушының ізденімпаздығының арқасында біршама деректер мен мәліметтер жиналып, оқушылардың назарына талқылауға ұсынылды.   Осы   талқылаудың   қорытындысы   бойынша,   Өтей   батырдың   ерлік істері,  халқына  сіңірген   өлшеусіз  еңбегі,  отансүйгіштік  қаһармандығы  бугінгі тәуелсіз қазақ елінің өскелең ұрпақтарының бойына патриоттық рухты сіңірері хақ.   Біз   осындай   тарихи   тұлғаларымыздың   қаһармандық   ерліктерін   кейінгі ұрпаққа үлгі етіп жан – жақты  насихаттау арқылы 2050 «Мәңгілік ел» идеясына қол жеткізе аламыз. Әрине, мұны біз зерттеу жұмысымыздың нәтижесі деуімізге болады. Тұжырымдау Халықтың   халықтығы,   елдің   тұтастығы   мен   тәуелсіздігі,   мемлекеттің өміршеңдігі   тұлғалар   тарихымен,  олардың   еліне   сіңірген   еңбегімен   өлшенеді. Еңдеше, соңдай еліне елеулі, халқының қалаулысына айналып, елінің тәуелсіздік жолында өмірін сарп еткен тарихи тұлғалардың бірі ­ Өтей батыр.  Өтей батыр Кіші жүздің Қызылқоға жерінде үлкен соғысқа қатысқан. Сол кезде не бәрі 35 жаста болған. [2. 43 б.] Сол жерде біздің бабамыз 1749 жылы қаза тапты.  Бізге жеткен ауызша деректер және шежірелер бойынша, Өтей батыр 1714 жылы дүниеге келді, яғни былтыр 2014 жылы Өтей батырдың 300 жыл мерей тойы. Өтей батыр негізінен Торғай Тобылдың бойын мекендепті.  Жерін сақтауды ойлаған Кіші жүз ақсүйектерімен және жауынгерлері Орта жүзден көмек сұраған. Өтей батырды Кіші жүзге көмекке аттандырған ағасы Шақшақ   Жәнібек   батыр  болған.  Өтей   батыр  Орта   жүзден   қалың   қол  жинап, Тайсойған бойында қалмақтармен болған алапат майданға кіреді.  Қалмақтарды талқандап жүрген бас батырдың бірі – Өтей батыр болған. Қалмақтар оны қарауылға алады. “Аңдыған жау алмай қоймас” ­   деген ғой, қалмақтар айласын асырып, батырдың ашық қалған көк желкесінен найзаларын қадайды. Өтей батыр тәніне кірген найзаға да қарамай, өзінің әскеріне  “Алға!” ­ 8 деп   айғай   салады.   Батырға   найза   қадаған   қалмақ   жауынгерін   қазақтың   бір батыры жер қаптыртады.  “Жер қаптырыңдар жоңғарларды”,­  деп Өтей батыр сол жерде мерт болады. Әлі құрып, көзі жұмылар алдында “Мені елге апарамын деп   әуреленбеңдер,   топырақ   осы   жерден   бұйырсын”­   деп   уәж   айтады. Жолдастары, балалары батырды сол араға жерлеп, басына белгі қойып кетеді. Қазақ жерін жау табанына азат еткен соң, Кіші жүз ақсүйектері Өтей батырдың ерлігіне   құрмет   ретінде   басына   там   салдырып,   көк   тас   қойдырады.   Сол ақсүйектердің бірі ­ Есентемір Бөкен би атақты Кіші жүздің биі болған.  Бүгін Өтей батырдың қорымы Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Қарабау   ауылынан   11   шақырым   жерде   орналасқан.   Бұл   жерге   Кіші   жүздің атақты   биі   Есентемір   Бөкен   би   жерленген.   Даңқты   Бөкен   бидің   о   дүниеге аттанарда “Мені Өтей батырдың қорымына жерлеңдер, 35 жасында Қарақұрым қалмақтармен шайқасып, Кіші жүздің халқын азат еткен Өтей батыр алдындағы қарызымыз зор,” – деген. [3. 10 б.] Өтей батырдың ісі – халқымызды бірлікке, бүгіндікке бастайтын ұлағатты іс. Сөйтіп қасиетті Қызбел жерінде, Торғай елінде қазақ жұрты бар болғаны 35 жасында шаһит кеткен өзінің қаһарман батырларының бірі Өтей баба рухына 2008 жылы ескерткіш қойғызды. Өтей батырдың жерленген жерін 2007 жылы Атырау облысының Қызылқоға ауданында экономика ғылымдарының докторы, академигі Кәрбоз Жапаровтың басшылығымен   бірер   азаматтар   тауып,   зерттеген.   Олар   елге   келген   соң, ұйымдастыру  жұмыстарын   жүргізді.  Ол  іспен   шұғылданатын   арнайы  комитет құрылды.   техника   ғылымдарының   докторы,   Комитеттің   президенті, А.Байтұрсынов   атындағы   Қостанай   мемлекеттік   университетінің   ректоры Х.Х.Уәлиев сайланды. «Ұрпақ» атты қор ашылды. Қостанай облыстық газетке мақала жазылды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде арнайы делегация Атырау облысына   барып,   Өтей   батырдың   басына   Тараздың   қызыл   гранитінен   үлкен ескерткіш қойды. [4. 12 б.]  9 Жалпы Өтей кім болған? Енді соған нақты тоқтала кетейік. Өтей ­ Кіші Арғын руынан шыққан, Орта жүздің батыры. Еділ бойы қалмақтардың қазаққа шабуыл жасап, Ойыл өзеніне дейінгі жерді алғанда, Орта жүзден Кіші жүзге келген әскер қолын осы Өтей батыр басқарған.  [5. 98 б.] Жоғарыдағы   көрсетілген   ерлік   істеріне   қанық   бола   келе,   Өтей   батыр   – батыр туған өрен, ерлігі ерен, халқына қорған, ерліктері бүгінгі ұрпаққа үлгі ­өнеге екендігін білеміз.  Қорытынды Атадан   балаға   мұра   ұлтжандылық   қасиетті,   дәстүрді   берік   ұстанып, бабалар рухын қастерлеп оралған азаматтардың бұл ісі көпке үлгі боларлық. Осылайша,   Тобыл   мен   Жайықты   жайлаған   елдің   арасындағы   ұрпақтардың рухани байланысы қайта жаңғырды. «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп бабаларымыз   айтқандай,   осы   бір   шағын   сапардың   барысын   ой   елесінен өткізгенде, кең байтақ еліміздегі бүгінгі берекелі бірліктің бабадан балаға асыл мұра екендігін айқын аңғарамыз. «Отан отбасынан басталады» дейді халқымыз. Ендеше,   Елбасының   ұстанған   кемел   саясатының   арқасында   әлемнің   озық дамыған отыз мемлекетінің қатарына енуге талаптанып жатқан еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақтардың бойына отансүйгіштік қасиетті дамытуға да осындай игі бастамалардың қосар үлесі мол болмақ. Түйіндей   айтқанда,   қазақтың   кең   даласын   сонау   аласапыран   заманында «Найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» қорғаған батырлар тұлғасы еліміздің болашақ ұрпағына үлгі­өнеге болары сөзсіз. «Ұлы бабаларымыз іс­әрекеттерінің алдында бас иген ұрпақтары сол қилы заман  оқиғаларына түрлі тарихи жырлар, ұзақ  толғаулар  арнап, ұрпаққа  жеткізген. Біздің парызымыз  ­ сол деректерді ғылыми сараптаудан өткізе отырып, шынайы қазақ тарихындағы батырлардың ерлігін өздеріндей өскелең ұрпаққа паш ету» [6. 64 б.] ­   дейді менің ғылыми жетекшім   әрі   ұстазым   тарих   және   қоғамдық   ғылымдар   Академиясының 10 Академигі,  Қазақстанның Педагогикалық ғылымдар Академиясының ҚСПК­нің мүшесі Бимендин Болат Дусимбекұлы.  Библиографиялық тізім 1. 2. 3. Н.Ә.Назарбаев Тарих толқынында. Астана 1997 жылы. Қ. Әлім, С. Меңдібай “Терең тамыр” Астана. Фолиант. 2009 жылы. Т.Тілегенов“Біз   батырларымызды   әлі   білмей   жүрміз”/Атырау   газеті 18.06.2013 жылы Н. Әбуталиев. “Шоқ жұлдыз” /  Қостанай газеті  17.04.2009 жылы 4. “Қазақ Совет Энциклопедиясы” – Алматы 1996 жылы. ХІ том.  5. 6. Б.Бимендин   «Белгісіз   батырдың   белгілі   ерлігі»   //   ««Қазақстан Республикасының   Тәуелсіздік   күніне   арналған   «Елімнің   еркіндігі   – Тәуелсіздік»»   атты   ғылыми   –   тәжірибелік   конференциясының   баяндамалар жинағы, Астана 2014 ж. 11 Қатысушы мен оның жетекшісі туралы мәлімет Сыныбы, білім мекемесі, өңірі, елі Номинация нөмірі № Тобы Жетекшісі Электронды адресі Тақырыбы Қатысушының фамилиясы, аты, әкесінің аты Батырларме н бағаналар елдігім, ұмытпаймыз Өтей батыр ерлігін Райқұл Алихан Қазақстан  2 ересек Республикасы,  Астана қаласы № 58 мектеп – гимназия, 9 «Ә» сынып оқушысы Bimendin@rambler.ru Psgd_kru@mail.ru Бимендин Болат  Дусимбекович, Қазақстан  Республикасы,  Астана қаласы, № 58  мектеп –  гимназиясының тарих  пәнінің мұғалімі, Тарих және қоғамдық ғылымдар  академиясының Академигі 12 13

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН

БАТЫРЛАРМЕН БАҒАНАЛАР ЕЛДІГІМ, ҰМЫТПАЙМЫЗ ӨТЕЙ БАТЫР ЕРЛІГІН
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.05.2018