«Бау байлау(өткізу)»
Оценка 4.7

«Бау байлау(өткізу)»

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
дефектология
Детсад
23.04.2018
«Бау  байлау(өткізу)»
Сабақтың мақсаты: 1. Бау байлау әдісін үйрету және орындату. Резина арқылы пішіндерді құрастыру. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын. Көрнекі-құралдар: суреттер, түрлі-түсті баулар, резина, т.б. I апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Баланың көңілін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Әуен тыңдату арқылы дене қимылын жасату. Аяқпенен топ-топ, Ал қолменен хлоп,хлоп,хлоп Бір оңға, бір солға, Айналайық кел мында. III. Жаңа сабақ. Ұсақ қол моторикасы - саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Ұсақ моториканың маңыздылығы - адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Балалар баудың түсі, көлемі әртүрлі болады. Ұзын бау және қысқа бау болады. Сонымен қатар қызыл, ақ қара түсті бау болады. Бау аяқ киімде, жейделерде байланып тұрады. Бауды аяқ киім шешіліп кетпес үшін байлап қояды. Бау жіптен жасалады. Ұсақ қол қимыл қозғалысын дамыту үшін жаттығулар жасаймыз. IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ Қосып едім екеуін Болып шықты он саусақ. II апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Баланың көңілін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Әуен тыңдату арқылы дене қимылын жасату. Аяқпенен топ-топ, Ал қолменен хлоп,хлоп,хлоп Бір оңға, бір солға, Айналайық кел мында. Релаксация. Әуенді тыңдау арқылы бір сәт баланы демалдыру, тыныштандыру. Көзін жұмып, жәй әуен тыңдату. III апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Баланың зейінін сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Әуен тыңдату арқылы дене қимылын жасату. Аяқпенен топ-топ, Ал қолменен хлоп,хлоп,хлоп Бір оңға, бір солға, Айналайық кел мында. IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ Қосып едім екеуін Болып шықты он саусақ. IY апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Баланың зейінің сабаққа аудару, оқу құралдарын жинақтау, ой қозғау (көрнекіліктер арқылы). Әуен тыңдату арқылы дене қимылын жасату. Аяқпенен топ-топ, Ал қолменен хлоп,хлоп,хлоп Бір оңға, бір солға, Айналайық кел мында. IY.Сергіту сәті: Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ Қосып едім екеуін Болып шықты он саусақ. V. Бекіту. «Екі қырықаяқ» саусақ жаттығуы. Екі қырықаяқ (Екі қол саусақтары бір-бірімен түйіседі). Жолмен жүгірді. Жүгірді, жүгірді. Бір-бірімен кезікті (Екі алақанды қосады). Құшақтасқандары соншалық (Сұқ саусақтарды айқастырады.) Құшақтасқандары соншалық (Ортаңғы саусақтарды айқастырады). (Алақандарды айқастырады.) Екеуін күштеп ажыраттық. (Қолдарын жібереді.) VI. Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау. VII. Бағалау. Баланы мадақтау1. Бау байлау әдісін үйрету және орындату. Резина арқылы пішіндерді құрастыру. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап,сергіту сәті, ойын. Көрнекі-құралдар: суреттер, түрлі-түсті баулар, резина, т.б.
Сауат ашу.docx
Сауат  ашу. Сабақтың тақырыбы:  «Ғ ғ» дыбысы мен әрпі. Сабақтың  мақсаты:   Ғ  дыбысы мен оның  әріп  таңбасы  туралы  түсінік  беру. Кеспе әріптерден  сөз   құрап, буынға бөліп оқуға  жаттықтыру.   Ойлау, есте сақтау қабілеттерін  дамыту, сөздік қорларын молайту,  қызығушылығын, белсенділігін дамыту, көркем  жазуға баулу.   Жаттығуларды орындату арқылы қол моторикасын дамыту.  Балаларды  әдептілікке,  ұқыптылыққа  тәрбиелеу.  Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаздыру, сұрақ­жауап, топпен  жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: әліппе, суреттер, текшелер, кеспе  әріптер, ермексаз, тақтаға   ілетін құралдар, бор.  I  апта Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару,  оқу   құралдарын  жинақтау,  ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы)  Психологиялық  дайындық. Қуанамын менде                                                   Қуанайық күнге                                                   Шуақ шашқан елге                                                   Бәріміз де бірге ­Жарайсыңдар, балалар! Өткенді  қайталау. ­Қандай  дыбыспен  таныстық?  (Н н  дыбыспен)  ­Дауысты  ма,  дауыссыз  ба? (дауыссыз) ­Н н  дыбысы  сөздің  қай  жерінде  кездеседі? Мысалы:  Нан, наубайхана,т.б.    басында ортасында барлық  буында II.  Жаңа  сабақ. Жұмбақ  шешу.  Көп әріп ішінде,­                                                            Шалғы пішінде.                                                            Тап, мұны түсін де. (Ғ әрпі)    ­Дұрыс,  балалар! Бүгінгі  біздің  сабағымызда  Ғ ғ   әрпімен  танысамыз.  Ғ  әрпін  жазуды  үйренейік. Ол  бас  әріп  және  кіші  әріпке  бөлінеді.  Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге  қарап, үзік сызықтарды қосып,  Ғ әрпін   жазамыз. (Баспа  және  жазбаша  түрлерін  жазып  көрсету)  Ғ ғ ­ дауыссыз дыбыс. Ғ  ғ  дыбысын көк  дөңгелек  текшемен  белгілейміз.  ­Жарайсыңдар, балалар! IV. Сергіту  сәті:  Біз жаздық, біз жаздық,                                  Қолымыз шаршады.                                   Ақырын демалып                                  Қайтадан жазамыз. II апта Сабақтың  барысы:  I. Ұйымдастыру  кезеңі:  Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару, оқу құралдарын  жинақтау, ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы). Мимикалық  гимнастика. Көзімізді  ашып­жұмамыз (қатты­жәй) Ернімізді  түтікше  тәрізді  алға  қарай  созамыз «Жымию»    Әліппе дәптердегі сағат, торғай, ағаш, мұғалім сөздерін буынға бөлдіру.Осы сөздердегі Ғ  дыбысының орнын айтқызу. Мысалы: сағат сөзіндегі  ғ дыбысы ның  орнын тап.     IY.Сергіту сәті. «Сиқырлы  таяқша» ойыны.  Шарты: « Ғ ғ»  әрпінен басталатын сөздер айтып, балалар бір­біріне сиқырлы таяқшаны береді. Ол бір сөз айтып,келесі балаға береді. Ойын осы  ретпен жалғаса береді. Суретпен  жұмыс. Мысалы: ағаш  сөзіндегі  ғ  дыбысының  орнын  тап. III  апта Сабақтың  барысы:  I. Ұйымдастыру   кезеңі:  Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару,  оқу құралдарын  жинақтау, ой  қозғау (көрнекіліктер  арқылы). Мимикалық  гимнастика. Көзімізді  ашып­жұмамыз(қатты­жәй) Ернімізді  түтікше  тәрізді  алға  қарай  созамыз «Жымию»       Оқулықпен  жұмыс. Сөздерді  аяқтау, буындарды  оқыту.  Та­ға, ға­лам, са­ғат, ға­рыш, т.б Әліппе дәптермен жұмыс.  Ғ әрпін бастырып жазады. ­ҒА,­ҒО,­ҒУ.  А­ҒА, А­ҒАШ, ТА­ҒА,  буындарын айтқызу. IY.Сергіту сәті. IY  апта Сабақтың  барысы: I. Ұйымдастыру  кезеңі:  Балалардың  зейінін  сабаққа  аудару,оқу  құралдарын  жинақтау,ой қозғау (көрнекіліктер  арқылы). Психологиялық  дайындық.  Қуанамын менде Қуанайық күнге Шуақ шашқан елге Бәріміз де бірге Тапсырма: дәптердегі   сызықтарға  қарап   Ғ  әріпін  үзік  сызықтар  арқылы   сызып   үйрену.   Ғ­ғ­ғ­ғ­ғ  қолдары  жаттықтырғанша  жазып  үйрену. Ойын: «Сөз  ойла – тез  ойла» Ойын: "Ғ" дыбысын тап.  АӘБИҒШЗТНКҒ  V. Бекіту. «Адасқан буындар» ойыны. Адасқан буындарды табу. Мұғалім тақтаға буындар жазылған суреттерді іледі. Суреттегі буындарды тауып магниттік тақтаға ілгізу. VI. Қорытынды. Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты қорытындылау.    VII. Бағалау. Балаларды  жеке­жеке мадақтау.

«Бау байлау(өткізу)»

«Бау  байлау(өткізу)»

«Бау байлау(өткізу)»

«Бау  байлау(өткізу)»

«Бау байлау(өткізу)»

«Бау  байлау(өткізу)»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.04.2018