Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
«№3 ЖОББМ» КММ-нің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Алиманова Роза Төремұратқызы
Қазақ тілі – менің тілім!
Мен, ынтымағы мен татулығы жарасқан Қазақстан Республикасында
туып, білім алып, еңбек етіп,
өз үлесімді қосып жүргендігіме өзімді
бақытты жан деп есептеймін. Қазақ халқы көптеген
ұлттарды қиын- қыстау кезінде бауырына басып өз
төрінен орын бергені тарихтан белгілі. Ұлты, тілі, діні,
салт-дəстүрі басқа деп өзекке теппей бір атаның
ұл- қызындай көрді. Соның жемісі болар,
Тəуелсіздік алғаннан бұл жақсы дəстүрмен,
бүгінде Қазақстанда тыныстап тіршілік ететін ұлт пен
ұлыстардың татулығы мен бейбіт өмір сүруі
осыған дəлел. Мұндай жағдайға жетуге, біріншіден,
қазақ халқының бауырмалдығы, жомарттығы,
меймандостығы себеп болса, екіншіден, мемлекетіміздің дұрыс
жолды таңдауында деп білемін. Елбасымыздың «Тілден артық
қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ» деп
айтқан аталы сөзінің астарында қаншалықты
мəн-мағына бар екендігін аңғару қиын емес.
Мемлекеттік тіл мəртебесі əрбір Қазақстан азаматы
үшін қымбат болуға тиіс. Мен «№3 ЖОББМ» КММ-де
қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің
мұғалімі болып қызмет атқарамын. Менің білім
берудегі басты мақсатым өскелең ұрпақты
отансүйгіштікке, қазақ халқының тілін білуге,
мəдениеті мен салт-дəстүрін құрметтеуге,
сақтауға тəрбиелеу болып табылады. Қазақстанда 130-дан
астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тəтті, ынтымағы
жарасып өмір сүріп келеді. Қазақстанда əрбір
ұлт өкілі өз ана тілімен қатар, мемлекеттік тілді білуі
олардың азаматтық парызы деп есептеймін. Əрбір елдің
қуаты күші, байлық-бақыты экономикалық даму
деңгейімен ғана емес, сонымен қатар рухани, мəдени
құндылықтарымен айқындалады. Ал мəдени-рухани
құндылық деген халықтың ақыл- ойының
көрінісі - тілге тікелей тəуелді екені белгілі. Тіл –
халықтың жаны, сəні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы.
Қазақ тілі шексіз бай, өте көркем тіл. Мемлекеттік
тіліміздің көркемдігін пайдалана алмаған адам, нағыз
пақыр жан. Айтыңыздаршы, мемлекеттік тілді білмей тұрып,
қалай ғана Қазақстанның патриотымыз деуге болады?
Сондықтан мен қазақ құрбы-
құрдастарыма: «Жалтақтамай өзге тілді
ұлысқа, ең алдымен өз тіліңді дұрыста!» -
дегім келеді. Кейде бойымдағы əлде бір күш серпіліп
аласұрғандай болады, қазақ тілі мемлекеттік тіл болса
да, қоғам арасында кейбір «саңыраулардың» əлі де
болса, осыны сезінбей жүргені жүрегіме батады. Заманымыздың
заңғар жазушысы Мұхтар Əуезов: "Кімде-кім өз
ана тілін, əдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты,
мəдениетті адам деп санауға болмайды" деген екен. Олай болса,
қоғамның толыққанды, тең дəрежелі,
мəдениетті адамына айналу үшін мемлекеттік тілді меңгеруіміз
керек. Қазақ тілі қазақтың ғана тілі емес,
барлық қазақстандықтардың ортақ мемлекеттік
тілі. Барлығымыз "Meн Қазақстан Республикасының
азаматымын, қазақ тілі - менің тілім" дегі айтуымыз
қажет. Айтып қана қоймай, іспен де қазақ тіліне
деген көзқарасымызды дəлелдеуіміз керек. Тіл жағдайы
сонда ғана шешімін табады. Мемлекеттік тілімізді əлемге таныту
үшін «Бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол
шығарайық» құрметті замандастар!
Тіл - ұлт байлығы. Әр ұлт өз тілін
қадірлейді, сыйлайды және болашаққа, келешек
ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Тіл – ғасырлар
бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа
берілу арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени
байлығы. Біздің отанымыздың тілі – қазақ тілі.
Қазір қазақ тілі – қазақ
халқының ұлттық тілі. Ол Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – республикадан тыс елдерде
тұрып жатқан қазақтардың тілі. Қазіргі
таңда жер бетінде 13 миллионға жуық қазақтар
өмір сүреді.
Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал1929
жылдан 1940 жылға дейін латын алфавитін қолданған. Одан бері
қарай орыс графикасын қолдануда. Міне қазіргі таңда
латын әліпбиіне көшуді қолға алып жатқан жайымыз
бар.
1989 жылы “Тіл туралы заң” қабылданып, қазақ
тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
мәртебесін алды. Кейін 1993 жылдың 28 қаңтарында
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында
бекітілді.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттік рәміздердің бірі болып табылады. Мемлекеттік
тіл – Қазақстан Республикасының әрбір азаматынан іс
қағаздарды мемлекеттік тілде жазуын талап етеді. Әрбір
ұлттық мемлекетте мемлекеттік тіл – ол елдің мақтанышы.
Өйткені мемлекеттік тілде мемлекеттік дәрежеде маңызы бар
құжаттар жазылады.
Мемлекеттәк тіл – татулық
тірегі
Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
Ғ.Мүсірепов.
Тіл – адамдық белгісінің
бірі. Тіл өте қажетті, өйткені тіл арқылы бір –
бірімізбен әңгімелесе аламыз. Тілсіз мемлекет болмайды.
Қазақта тілі жоқ халықты – “тұл” деп атайды.
Қазақ тілі –
“еліміздің мемлекеттік тілі” екендігі Конституцияда
заңдастырылған.
Біз хабар білсек оны ауызша және
жазбаша түрде айтамыз, білдіреміз. Ауызша айтқан өте
қажет. Өйткені осылай әдебиет дамыған. Жазба ол
ауызшадан да қажет. Өйткені жазу арқылы біз ұрпақтан
ұрпаққа келе жатқан қазақ
халқының салт – дәстүрін, тарихын білеміз.
Қазақ халқының
ақын, жазушылары, шешендері өте көп. Олар қазақ
тілінде еркін сөйлейді, өз ойын толық айта алады,
өйткені қазақ тілі - өте бай тіл. Ана тілі ана
сүтіндей өте қасиетті. Қазіргі жастардың бір
қатары ана тілін білмейді, құрметтемейді. Ал кейбіреулері
бірінші орынға шет тілдерін қойып қазақ тілі
қазағымыздың байлығы екенін білмейді. Сол үшін
біз қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек,
басқа ұлттарға үлгі көрсетуіміз керек. Тілсіз
білім жоқ, ал білім - өмірдің шырағы. Соған орай
қазақта “Білім кілті - тіл” деген мақал бар. Бұл
әдебиетті, ғылым білімді мәдениетті өркендетеді деген
ұғым.
Оған қоса мемлекеттік тіл –
татулық пен бірліктің тірегі. Мемлекеттік тілді өркендетсек
өзге ұлт адамдарымен осы тіл арқылы қарым – қатынаста
боламыз. Тіл мен қарым қатынас біріккенде ғана
сыйластық, достық, адамгершілік пайда болады. Мемлекеттік тілді меңгеру
елдің бірлігін білдіреді. Сонда мемлекетік тіл - татулық тірегі
болды деп айтамыз. Қазір тілдің тағдырын шешпесек, оның
тізгінін қолымызды ұстасасақ, еліміз мемлекет бола алмайды,
ол ол ма, келешек ұрпақ – біздің балаларымыз, немерелеріміз
тілді білмей қалады, мәңгүрттенеді. Содан барып
мемлекетіміздің жағдайы мүшкіл халге ұшырайды. Ондай
күн елімізде ешқашан болмасын деп тілейік ағайын.
Сонымен
қатар, профессор Мәшһүр Жүсіп
Қуандықтың “Көркем сөз құдіреті”
ғылыми - әдістемесі, ақын М. Жаманбалиновтың
“Жауқазын”, Арман Қаниевтың “Ар алдында”өлең
жинақтары тіл бағдарламасы бойынша шыққан кітаптары
ұлттық рухымыздың мәртебесін көтеруге үлес
қосқан болашақ ұрпақ үшін бағасы биік
болары даусыз.
Мемлекеттік тілімізді мейлінше кемелдендіруге,
осы күні қаны жерге таңбай тұрған аса ділгір
мәселе – тіліміздің мәртебесін ту етіп көтеруге
қосылған үлкен үлес. Қазақ тілінің
мемлекеттік тіл ретінде кеңінен қолдануылына қажетті
жағдай жасауға ат салысу, оның қоғамдық
аясын кеңейтуге, тіл мәдениетін арттыруға көмек беру
үшін өткізілетін мәдени – көпшілік шаралар
оқырмандарға тілді оқып – үйренуге қажетті
әдебиеттермен, анықтамалық құралдар, сөздіктер,
өз бетімен оқып – үйренуге арналған тілашар - тілдескіш
көрнекті құралдарға шолу кітапхана жұмыстары
ішіндегі ең бастысы болып табылады.
Тілді үйрену - өз
ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу ұлт ділін,
қасиетін, мінезін, ой, жан – дүниесін, сырын білу екенін,
халықтық мәдениет пен дәстүрді
жаңғырту болатынын естен шығармайық. Тілді
оқулықтан үйрену өте мардымсыз болады. Бай
қазынаны игеру қазақ тіліндегі көркем
әдебиеттерді оқу, ғылыми еңбектермен танысу, жазба
жұмыстарын жүргізу, күнделікті оқу, үйрену
арқылы ғана орындалады.Қазақ тілі туған тілім
екендігіне өте қуаныштымын және мақтан етемін.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.