Қарағанды облысы
Сәтбаев қаласы,№3 орта мектебі
Тарих пәнінің мұғалімі
Сулейменова Молдир Болатбековна
Сынып: 7 сынып ( ашық сабақ)
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
1. Қазақ хандығының құрылу процесін талдау,
қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің
мемлекеттік құрылымын анықтау;
2. Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық
қабілеттерін шыңдау ;
3. Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін
қалаған қоғам қайраткерлерінің
еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын, елін – жерін
қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: топпен
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап
Көрнекілік: Қазақ хандығы туралы слайд,кластер
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық ахуал.
ІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.
1.Тақырыпты ашу. Қызығушылықты ояту.
Текке кетпес күндігінде әрісін,
Тәңір қолдап биіктесін, әлдісің,
Бес жүз елу – « Хандығына» жыл толды
Бар әлемге жар саласын, бәрі шын.
Әр хандықтың орны бөлек – билік те.
Өз ішінен туды талай бүлік те.
Құлатпады жоғары ұстап ұлт рухын
Құлатпады мәртебесі биікте.
2.Бағалау парағы.
Бағалау критерийі |
Топта белсенділік танытуы |
Сабақты дұрыс түсіндіре алуы |
Сұраққа дұрыс жауап беруі |
Тапсырманы орындай алуы |
Қорытынды баға |
|
|
|
|
|
|
3.Сөздердің мағынасын ашайық.
Қазақ – сібір тайпалары тілдерінде « мықты», « берік», « алып» мағынасын берген.
2.Сұлтан- әмірші, билеуші
3.Моғолстан- Шағатай ұлысында пайда болған мемлекет.
4.Әбілқайыр хандығы – 15 ғ. басында Ақ Орда ыдырап Шайбани әулетінен шыққан Әбілқайыр хандығы құрылды.
4. Мәтін оқу.
5.Мұғалімнің сөзі. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді.
1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Қазақ хандығының құрылуына себеп болған тағы бір жағдай Қыпшақ Қобыланды батырдың Арғын биі Ақжолды өлтіруі болды.
6.Балық қаңқасы.
1.Проблема.Қазақ ру- тайпалары Әбілқайыр ханға неге наразы болды? Дәлелде.Қорытынды.
2.Проблема. Не себепті Есенбұға Керей мен Жәнібекті құшақ жая қарсы алды?
7. Тұлғаны таны.
Т- өзбек ханмен жасасқан «ант беріскен шартты»бұзған,1582-1598 жылдары қазақ хандығының ханы болған?
Ә – Ресей бодандығын алған, ниет білдірген кіші жүздің ханы?
У – 1711 ж. Абылай кімнің шаңырығында дүниеге келді?
К – Қазақ хандығының алғашқы хандарының бірі
Е – Қай хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп сайлап, 1598 – 1628ж.ж. хан болды?
Х – 1582 ж.Тәуке хан Тәшкент билеушісі Баба сұлтанды өлтіріп, 1538 – 1580 ж.ж. ел билеген қай ханның кегін қайтарды?
А – Үйсін Төле бидің түйесін бағып, Сабалақ деген ат берген 1771 – 1781 ж.ж. қазақ хандығын билеген хан?
Н – 1991 ж. 1 желтоқсанда халықтың қолдауымен сайланған Қазақстанның тұңғыш Президенті.
8. Тарихи диктант
1. Әбілқайыр, 2. Жәнібек пен Керей, 3. Есен – Бұға, 4. М. Шайбани, 5. Керей,
6. Жүніс, 7. Барақ, 8. Болат, 9. М. Х. Дулати.
1. Қазақ хандығының негізін қалаған кім?
2. Алғашқы қазақ билеушісі қандай хандықтан бөлініп кетті?
3. Қазақ хандығының құрылуы туралы орта ғасырдағы қандай тарихшы жазды?
4. Сыр бойы үшін Қазақ хандығы кіммен шайқасты?
5. Керей кімнің баласы?
6. Жәнібек кімнің баласы?
7. Моғолдың қандай ханы көшіп келген екі сұлтанды өз жеріне қоныстандырды?
8. Ең бірінші болған қазақ ханы кім?
9. Қазақ сұлтандарын жеріне қоныстандырып алып, оларды өзінің туысына қарсы күреске пайдаланбақшы болған моғол ханы ?
Жауаптары: 2, 1, 9, 4, 8, 7, 6, 5, 3.
Тақтадан жазу: 1 – 9.
Бекіту.
Ақ Орда |
Тарихи оқиға |
Қазақ хандығы |
1 2 3 4 |
1.Негізін қалаған Шыңғыстың немересі Жошы ханның ұрпақтары 2.Қазақстан жерінде алғаш рет жергілікті этникалық негізде пайда болған ірі мемлекет. 3.Түркі тілдес тайпалар мекендеген. 4.Екі ғасыр өмір сүрген. 5.Мемлекетінің құрылуына Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі себеп болды. 6.Территориясы батысында Жайық өзенінің бойына жетті. 7.Басты жаулары Әбілқайырдың мұрагері – оның ұлы Шайх Хайдар мен немересі Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. 8.мұхамед Хайдар Дулати мемлекетінің құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466) жатқызады.
|
1 2 5 6 7 8 |
Қорытынды. Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.
Рефлексия. Екі жұлдыз, бір тілек.
Бағалау.
Үйге тапсырма: эссе жазу.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.