Баяндама "Балаға жақсы оқу үшін қалай көмектесу керек"
Оценка 5

Баяндама "Балаға жақсы оқу үшін қалай көмектесу керек"

Оценка 5
Лекции
docx
психологическая работа +1
4 кл
02.04.2017
Баяндама "Балаға жақсы оқу үшін қалай көмектесу керек"
Бастауыш сынып оқушысы мектепке келе салысымен жана еңбек әрекетімен айналыса бастайды, ол- оқу. Бұрын уақытының көпшілігін ойынмен өткізген мектеп жасына дейінгі бала үшін , егер ол мектепке дейін еңбек етуге үйренбесе,тапсырмаларды тиянақты аяқтап,жақсы жетістіктерге жеткізузе дағдыланбаса, оқу еңбегі ауыр болып көрінеді. Отбасындағы жағдайдың өзі де баланың оқуына көмектесіп отыруды қажет етеді.Жақсы оқуға көмекші ретінде дұрыс құрған күн тәртібі де жатады.Ол күнделікті атқаратын баланың барлық іс-шараларының уақытын дұрыс бөліп, саналы жұмсауын қамтиды, дағдылары мен жүйелі тәртібін қалыптастырады. Баланың ынталанып оқуына оның дұрыс жабдықтармен қамтылған сабақ орындауға арналған орны да жақсы әсерін тигізе алады.
Балаға жақсы оқу үшін қалай көмектесу керек.docx

Балаға жақсы оқу үшін қалай көмектесу керек?

 

Бастауыш сынып оқушысы мектепке келе салысымен жана еңбек әрекетімен айналыса бастайды, ол- оқу. Бұрын уақытының көпшілігін ойынмен өткізген мектеп жасына дейінгі бала үшін , егер ол мектепке дейін еңбек етуге үйренбесе,тапсырмаларды тиянақты аяқтап,жақсы жетістіктерге жеткізузе дағдыланбаса, оқу еңбегі ауыр болып көрінеді. Отбасындағы жағдайдың өзі де баланың оқуына көмектесіп отыруды қажет етеді. Біріншіден, оқушы ата-анасының еңбекқор екенін, өз жұмыстарын жақсы көретінін, жұмыс жасап жүрген орны жетістікке жетсе қуанғанын, жағдайсыз нәрсе болып қалса өкінгенін байқауы тиіс.Еңбекқор ата-аналар бала санасына еңбек етуіне жігерлендіріп, күшіне сенімділік білдіріп, жетістігіне үміт артып отырғаны жөн.

Жақсы оқуға көмекші ретінде дұрыс құрған күн тәртібі де жатады.Ол күнделікті атқаратын баланың барлық іс-шараларының уақытын дұрыс бөліп, саналы жұмсауын қамтиды, дағдылары мен жүйелі тәртібін қалыптастырады.

Баланың ынталанып оқуына оның дұрыс жабдықтармен қамтылған сабақ орындауға арналған орны да жақсы әсерін тигізе алады.

Осы аталған жағдайлардан басқа ата-аналардың өз тарапынан баланың көңіл-күйіне, мектепте күнделікті болған сабақтарынан не үйреніп келгенінен, тапсырмаларды қалай орындағанынан хабар алып отыруы міндетті. Бала үлкендердің біреуіне жаттаған тақпақтарын, қолданған ережелерін, әңгімелерін айтып берген кезде, өзін тексеріп отырғанын байқай бастайды. Басқа біреуге айтып берілген оқу материалы ,оқыту психологиясының көзқарасы бойынша ,білімді өте жақсы меңгертеді.Егер ,ересек адам баланың дайындығынан оқу материалын дұрыс игермегенін байқаса, тағы да сабақты қайталап шығуға кеңес бергені дұрыс. Осы кезде балаға өктемдік жасамай, өзінің бір нәрсені білгісі келетіндей , қызығушылық танытқаны дұрыс.Мысалы: қазір сендер мектепте не оқып жатырсыңдар?-деп, баланың баяндағанына зер салып, мақтап,өз тарапынан да қосып отыру керек. Баланың оқуына назар аударып отырған ата-аналар, бала санасына білімнің мәні зор екенін ұғындыра түседі

Егер баланың бір немесе бірнеше сабақтарында қиындықтары табылса, онда ең алдымен олардың пайда болған себептерін анықтау керек. Себебін өздігіңізден таба алмасаңдар, мүғаліммен сөйлескеніңіз жөн.Үлгермеушіліктің қандай себептері болуы мүмкін? Бала ауырып қалып, сабақты көп жіберіп алды ма? Бұл жағдайда оған өтіп кеткен тақырыптарды игеруге, білімін толықтыруға көмектесеміз. Былай да болуы мүмкін, бала бірнеше ережені, тапсырманы орындау алгоритімін жаттамаған, үйге берілген тапсырмаларды өздігінен орындай алмай бірнеше күн қатарынан құрдастарынан көшіріп жүрді делік.Бұл жағдайда балаға барлық ережелерді жаттатқызып, сол ережелерге сүйеніп, бірнеше тапсырмаларды орындата отырып, одан кейін ондай кемшіліктердің өз бетінше дайындалу жүйесінде болмағанын қадағалап отыру қажет. Кейде бала жалқауланып, өз бетінше жұмыс жасағысы келмейді, кездесіп қалған қиыншылықты жеңе алмайды. .Бұл жағдайда үлкендердің қатаң бақылауы қажет.Ондайда : «Қалай орындадың?», «Дәптеріңді көрсетші» , «Айтып берші» -деген жөн.

Баланың оқу әрекетіндегі ата-аналардың көмегі алдымен оларға өзін-өзі бақылай білу қабілетін арттырады, кез келген іске жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастырады . Жетістігі бар оқу - ұқыптылық пен шыдамдылыққа , орындауға қатысты қызығушылыққа, жауаптылыққа, өз еңбегін дұрыс ұйымдастыруға байланысты.

Мұғалім үй тапсырмасын бергенде ешқашан тақырыпты түсіндірмей немесе тапсырмалардың орындалу тәртібін көрсетпей жібермейді.Егер бала үй тапсырмасын орындау кезінде қиналса, ол міндетті түрде сыныпта орындаған түрлеріне қарау керек, немесе оқулық материалын қайталап шықса болғаны. Бірақ, бала үшін үй тапсырмасын орындап беріп, оны біреудің арқасында оңай құтылатын әдетке бейімдеуге болмайды.

«Бала жақсы оқу үшін қалай көмектесу керек?»

(мұғалімдерге кеңес)

Қазіргі интернет, әлеуметтік желілер, компьютерлік ойындар тағы басқада жағдайлар оқушының сабаққа деген ынтасын өздеріне аударып жатқаны белгілі. Осындай кезде оқушыға білімнің керек екенін және маңызы зор екенін жеткізу өте қиын. Ата-аналар балаларының оқуға деген ынтасының жоқтығына қиналу үстінде. Бірақ та қазір мүмкін емес дүние жоқ, әр проблеманы шешудің дұрыс жолын таңдау керек. Баланың оқуға деген ынтасын арттырудың жолдарынан біраз кеңестер ұсынамын:

·         Жастайынан бастап, логикалық дамуына ықпал ететін тапсырмаларды орындауға, сол секілді ойындар ойнатуға тырысыңыз. Ақыл ойды дамытатын бірнеше тапсырмалар беріңіз.

·         Ешқашан балаға бұйрық беру арқылы оқытпаңыз. Бұл еш нәтиже бере алмайды. Баланың әрқайсысымен дос ретінде қатынаста болыңыз, мүмкін сізден көмек керек шығар. Кейбір пәндерді меңгеруде қиындық туып жүрсе көмектесіңіз. Ол сізге сенетіндей болсын.

·         Баланы сабақтан кейінгі уақытын тиімді пайдалануы жөнінде ата-анасына түсіндіріңіз. Үй тапсырмасын орындап, демалып, компьютерге отыру уақыттарын белгілесін, үйдегі уақытын тиімді пайдалансын.

·         Төмен баға алған жағдай болса, оны қолдап, төмен баға уақытша екенін, әлі де болса келесі сабақтардан жақсы баға алып, мұғалімдерді таң қалдырасың деп қолдап, қолпаштау керек.

·         Азғантай ғана сәтсіздіктер болса да, балаларды жиі мақтаңыз. Оның еңбекқор, ақылды екенін айтып, онымен қалай мақтанатындығызды айтып қойыңыз. Баланың бекер еңбектеніп жатпағанын түсіну керек.

·         Баланың әрбір ісі үшін марапаттай біліңіз. Істеген ісі, оқудағы жетістігі үшін марапаттау керек. Бастысы оқуға деген ынтасын арттыру керек.

·         Қаталдық, қатаңдық, қатыгездік артыққа апармайды. Қатаң болыңыз, бірақ орнымен. Қатал болам деп баланың  бойындағы қайсарлықты өлтіріп алмау керек. Баланы баурап алу үшін  баламен балаша сөйлесу керек. Сонда ол келесіде сізді көргенше асығып, сізге тартылып тұрады.

·         Бірақ осы кеңестердің ұстанатын болсаңыз балаңыздың аздаған уақыт ішінде  нәтиже беретіні сөзсіз. Балаға сіз бен ата-ананың көмегі өте қажет.

 


 

Балаға жақсы оқу үшін қалай көмектесу керек?

Балаға жақсы оқу үшін қалай көмектесу керек?

Бірақ, бала үшін үй тапсырмасын орындап беріп, оны біреудің арқасында оңай құтылатын әдетке бейімдеуге болмайды

Бірақ, бала үшін үй тапсырмасын орындап беріп, оны біреудің арқасында оңай құтылатын әдетке бейімдеуге болмайды
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.04.2017