Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеру прблемалары"
Оценка 4.7

Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеру прблемалары"

Оценка 4.7
Педсоветы
doc
классное руководство
Взрослым
19.03.2018
Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеру прблемалары"
Бастауыш сыныпта оқутын оқушылармен кездесетін білім сапасын көтеруде кездесетін проблемалары және оны шешу жолдары туралы айтылған. Оқу үрдісінде оқушының өз бетімен жұмыс істеуге қызықтыратын келесі ұйымдастыру формаларды қолданамын: 1. Сабақ үстінде — жаппай ынтымақтастық; 2. Сабақтан тыс — топтық, ұжымдық; 3. Сабақта, сабақтан тыс жұмыста — жұптық тапсырмалар; 4. Жеке жұмыс — жоспар бойынша дарынды балалармен жұмыс;
БАЯНДАМА.doc
Ленин жалпы негізгі білім беру мектебі Баяндама ОЖДО: Темирханова С.Е. «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек...» А. Байтұрсынов Дүниеде мыңдаған мамандық түрі бар. Солардың барлығы адам үшін,  адамзаттың өсіп­өнуі үшін керек. Сол мамандықтардың ішінде адамды  тәрбиелеу — ең жауаптысы. Осы мамандық туралы Ы. Алтынсарин  «Ұстаз — мектептің жүрегі» деп текке айтпаса керек. Бұған лайық болу — үлкен абырой, басты борышым деп санаймын. Бойына — қуат, жүрегіне — жарық жігер беріп, өрге сүйрейтін де, жанына — азық, өміріне — өзек боп  төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2030 жылға жасаған жоспарында балаларды  сауатты етіп шығаруға барынша көңіл бөлінген. Болашақта еліміздің  мәртебесін көкке көтеріп, экономикасы мен ішкі және сыртқы саясатын  дамытатын да бүгінгі жас ұрпақ. Жан­жақты сауатты жеке адамның дамуы үшін теориялық білімді тәжірибеде тиімді пайдаланумен үйлестіру үшін кең мүмкіндіктер берілуде. Бұл тұрғыда бастауыштың негізгі міндеті — бала  қабілетін ашып, дамыту, оқуға деген іскерлігі мен ықыласын қалыптастыру. Соңғы жылдардың ішінде мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын алып отыр. Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан­жақты  қалыптасқан, бәсекелестікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу. Әрине, мен  де өз тәжірибемде әртүрлі жаңа технологиялардың элементтерін  қолданамын. Бірақ оқушыларды білімді игеруге біраз проблемалар  туындайды. Солардың ішінде:         оқыту процесінде өздігінен жұмыс орындаулары төменгі деңгейде; берілген тапсырманы дұрыс қабылдамау; берілген тапсырманы толық жүйелі түрде орындамау; алынған білімдерін басқа салаларда қолдана алмауы; Жоғарыда аталған жағдаяттарды ескеріп, мұндай жұмыстарды іске асыру үшін оқушыларды өз бетінше ойлана білуге дағдыландыру, ой түюге,  қорытындылар жасай білуге машықтандыру, өздігінен жұмыс жүргізу  қабілеттерін дамыту — қазіргі кезеңде оқыту процесімдегі ең өзекті  мәселеге айналдыруды дұрыс көрдім. Тірнектеп жинаған тәжірибеммен  алмасқым келеді. Қазіргі заманғы педагогикалық ой­тұжырымда оқушының жеке тұлғалық  күшін дамыту, білімді өздігінен табу, оның шығармашылық мүмкіндігінің  дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, жаңа технологиялар мен  ақпарат көзі компьютерді енгізе отырып, алдыма келесі мақсат қойған едім:  Әр оқушыға оның мүмкіндіктерін ашып көрсету;  Әр оқушының ынтасын, белсенділігін дамытып, білім сапасын  арттыру;  Өз бетімен дами алатын оқушыларды тәрбиелеу;  Өз бетімен жұмыс жүргізе алатын оқушыларды орта буын мектепке  шығару; Оқу үрдісінде оқушының өз бетімен жұмыс істеуге қызықтыратын келесі  ұйымдастыру формаларды қолданамын: 1. Сабақ үстінде — жаппай ынтымақтастық; 2. Сабақтан тыс — топтық, ұжымдық; 3. Сабақта, сабақтан тыс жұмыста — жұптық тапсырмалар; 4. Жеке жұмыс — жоспар бойынша дарынды балалармен жұмыс; Оқушының өздігінен жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыруда  алғашқыда оқулықтағы кейбір жаттығулар негіз болады. Мысалы: Қазақ тілі. Сызба бойынша сөйлем құрастыр. Математика. Кері есептер құрастыр. т/б. Осындай жұмыстарды іске асыруда, оқуға қызығушылығын арттыру  мақсатында көптеген әдіс — тәсілдер бірыңғай болмай, алмасып келіп  отыруы керек. Бір типті жұмыстар баланы жалықтырып жібереді. Тек қана  шығарма немесе мазмұндама ала берсең, бала дұрыс нәтиже де бермейді;  немесе, математика сабағында мысал орындата берсең, есеп шығаруға  қызығушылығын оята алмасаң, бала бойында өз бетімен жұмыс түгілі  міндетті деңгейді де ұғындыру қиынға созады. Өздігінен оқушының орындайтын тапсырмалардың түрлері:  теріп жазу;  бақылап белгілеу;  үлгіге қарап орындау;  құрастыру;  сәйкестендіру;  үйлестіру;  түрлендіру;  ВЕНН диаграммасымен салыстыру;  Жоба бойынша жұмыс істеу; т/б. Осы әдіс — тәсілдерді алмастырсақ, баланың пәнге, оқуға қызығушылығын  оятып, қабілеттерін ұштап отырсақ, өз бетімен ізденуге талпыныс пайда  болады. Осындай игі жұмыстардың арқасында баланың өздігінен іздену,  жұмыс істеуге талпыныстары күшейе түседі де, бойында белгілі бір  қасиеттер пайда болады:  іс жүзінде білімін қолданып көру;  өз ойын жүйелеп жеткізу;  талас, пікірталас, ой талас; Содан соң, оқушыны аса қызықтыратын, қалауы мол әдіс — тәсілдерді жиі  қайталау керек. Кейде балалар өздері сұраныс тудыратын кездері болады. Оған, әрине, келісу керек.             Өз сабақтарымда өз бетімен дами алатын, әртүрлі өмірдің қиындықтарына  төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу мақсатымен көптеген  әдіс — тәсілдерді қолданудамын. 1. Ж. Караевтың «Деңгейлеп саралап оқыту» технологияның элементтерін  қолданамын. Сонда мынандай тиімді жақтары барын байқадым:        оқушы өз бетімен жұмыс жүргізуге дағдыланады;  жеке дара қабілеттері айқындалады;  оқушылар өз деңгейінде бағаланады;  өз ойын жеткізуге үйренеді;  жеңілден күрделіге көше отырып, жеке тұлғанын ойлау қабілетін  жетілдіреді;  сабаққа деген қызығушылығы артады; 2.Әр тақырып бойынша құрған деңгейлік тапсырмалар. «Жаттықтыру  парақтары» арқылы оқушылардың білім деңгейлерін байқап, сол бойынша  бақылаулар, тест жұмыстарын беріп отырамын. Тексеру кезінде  әр оқушының жеке табысқа жетуін есепке алып отырамын. Мысалы, Әдебиеттік оқу, «Туған жер». Қорытынды сабақ. Әр баланың қабілетіне қарай тапсырма беріледі. Шығарма жазуға қабілетті, сөз байлығы мол оқушыларға шығарма жазуды тапсырамын; сурет салуға  икемі бар оқушы туған ауылының табиғатынан сурет салуды;  шығармашылықпен айналысатындарға кітапша жасауға беремін;  қалғандарына — өлең жаттауға, табиғат көрінісін бейнеленген суреттер  жинауға тапсырма бердім. 3. Бастауыш сатыда оқытудағы әдістемелік негізгі элементтерінің бірі —  тірек сызбалар. Сондықтан, өз жұмысымда, сабақ берудің үстінде,  ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолданып отырамын. Осындай тірек сызбаларды қолдана отырып, бір ғана ұғымды шағын  көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ыңғайлы етіп ұсынамын. 4.Сабаққа деген қызығушылығын туғызу және арттыру үшін ойынды  пайдалану орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түсіндіріп отырған  материалды оқушыға зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі.  Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі  сапалы орындайтын болады. Ойындарды сабақтың әр кезеңінде қолдануға болады. Мысалы: Қазақ тілі, сөздік жұмыс. Ойын «Санамақ» Жаңа ойынды көрейік, Аты оның «Санамақ». Санап талдап берейік, Әрбір атты даралап. — Ал, санайық, санайық, ретімен әдепкі, Құралдарды табайық, құрылысқа қажетті. (Оқушылар айтылған сөздерді тақтаға түсіріп, жазуын есте  сақтайды) Математика, білімді тиянақтау. Ойын «Теңге алу» Карточкалар еденде шашулы жатыр. Қатысушылар белгі берілгеннен кейін  оларды алып, тез және дұрыс шығаруға тырысады. Әдебиеттік оқу, білімді тексеру. Ойын «Жалғасын тап» Мұғалім мақал­мәтелдің басын айтады, оқушылар жалғасын  карточкалардан табады. Оқушыларды топтарға бөліп, жарыс та өткізуге  болады. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық  қабілеттерін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Сонымен қатар ойын —  тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан­ойға жетелейтін, адамға қиялы мен  қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл­ой жетекшісі, денсаулық  кепілі, өмір тынысы демекпін. 5. Қазіргі кезде оқушылардың білімін тексеруге тест әдісі барлық пәндер  бойынша қолданып жүр. Тест арқылы оқушы сұрақтың жауабын нақты  білетін болады. Оқушылардың білім дәрежесін, жас ерекшеліктерін ескеріп, тесттерді өзім әзірлеймін. Тесттердің бірнеше түрін өз тәжірибемде  қолданамын. (Дұрыс жауап таңдау тесті, сәйкестендіру тесті, қысқа  мерзімдік тест, салыстыру тест). 6. Пәнге қызықтыра отырып, білім қорын кеңейту үшін мұғалім шеберлігі,  шығармашылығы керек. Бұған басқасымен бірге оқушылардың топтық  жұмыстарын ұйымдастыру кіреді. Оқушылардың оқу әрекетін  ұйымдастыру қалпының бірі осы топтық жұмыстың ерекшелігі:      тәрбиелік мақсаттары іске асырылады, оқушыларды  жауапкершілікке, бір­біріне көмек көрсетуге үйретеді;  танымдық мақсаттары іске асырылады, оқушылардың еңбек  өнімділігін көтереді, танымдық белсенділігі дамиды;  өзара қарым­қатынастары қалыптасады;  өзін­өзі, басқаларды бағалауда әділдік нығаяды; Өз тәжірибемде қалай осы жұмысты ұйымдастыратынымды сабақ  үзінділерінде көрсетейін: Дүниетану, «Өсімдіктерді қорғау керек». І топ: сурет салу арқылы тақырыпты көрсетеді. ІІ топ: өлең құрастырып тақырыпты ашады. ІІІ топ: ойтолғау арқылы дәлелдейді. Әдебиеттік оқу, А. Синявский «Құстар ынтымағы» І топ: Бозторғайға сипаттама беру. ІІ топ: Кекілікке сипаттама беру. 6. Өз тәжірибемде оқушылардың жазбаша тілін дамытуға, білім сапасын  көтеру үшін жазба жұмыстарын көбірек пайдаланамын. Мазмұндама,  шығармадан басқа ойтолғау, эссе, ойдан шығарған өлеңнің орны ерекше.  Себебі:       өз ойларын жеткізе білуге үйретеді;  сөздік қорын молайтады;  өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландырады;  ой — өрісін кеңейтуге жәрдемдеседі;  оқуда кездескен қиындықтарды жеңе білуге үйретеді; 7. Білім берудегі талаптарға сай жобалар әдісін де қолданамын. Бұны  қолдағанда балалар тек қана өздерінің іс — әрекеттерін жоспарлауды ғана қоймай, сол жоспарларын жүзеге асыру үшін жаңа әдістерді ойлап  табады, бірнеше саладан алған білімдерін бір міндетті шешуге қолданады,  табылған нәтижелерді талдап, болжаммен салыстырады. Осы талдаудың  нәтижесі арқылы жаңа міндет қояды, жауапкершілікке тәрбиелейді,  бастаған істі аяқтауға баулиды. Осымен оқушылардың өздігінен жұмыс жасау қабілеті жоғарылайды,  олардың танымдық белсенділігі арттылады, ұжымдық қарым­қатынастар  арқасында қоғам дағдылары жетілдіреді, шығармашылық қабілеттері  де дамиды. 8. Өз сабақтарыма мақсат қойғанда оқушыға өз әрекеті арқылы жаңа  мағлұмат, білім алуына көмектесуге, жақсы қасиеттердін қалыптасуына,  оқушы тұлғасының дамуына жағдай жасауға тырысамын. Әдебиеттік оқу, Ж. Карбозин «Жиырма тиын» Сабақтың мақсаты: 1. Ж. Карбозиннің «Жиырма тиын» әңгімесінің мазмұнын ашып,  негізгі ойын түсінуге жағдай жасау; 2. Кейіпкерлердің істерін талқылау арқылы оқушылардың сыни  ойлауына жағдай жасау; 3. Кейіпкелерге сипаттама бере отырып, адам бойындағы жақсы  қасиеттерге баға беруге, өзін­өзі тәрбиелеуге мүмкіндік беру; Дүниетану, Туған — туысқандардың аталуы. Сабақтың мақсаты: 1. Мазмұнын жан­жақты талқылап, оқушылардың білімдерін  кеңейтуге мүмкіндік беру; 2. Туыстық жақындығын жете түсіндіру арқылы оқушылардың ой­ өрісінің дамуына жағдай жасау; 3. Өзін­өзі адамгершілікке тәрбиелеуге мүмкіндік беру; 10.Соңғы кездері баспасөзбен байланыс болу керектігін көп айтып жүрміз.  Тек өзі үлкендердің, ата­ананың көмегінсіз сыныпта құрған, құрастырған,  салған жұмыстарын балалар басылымдарына жіберіп сынап көру де —  өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырғанның нәтижесі деп  ойлаймын. Қорыта келгенде, баланың өз бетімен жұмыс істеуіне ықпал ететін  факторлар:  мұғалімнің көмегі;  ата — ананың демеуі;  сайыстарға, олимпиадаларға қатысуы;  шығармашылықпен айналысуы;  танымал бола бастауы; т/б Оқушыны өз бетімен жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыру белгілі бір бала бойында тұрақтылық пайда болып, шығармашылықты тудырады.  Қабілетті ұштайды, дарынды оятады, нәтижелі жеке тұлға қалпын құяды.  Ол өзгермелі, үнемі даму үстінде болатынын, тоқтап қалмай, үнемі өсу       

Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеру прблемалары"

Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеру прблемалары"

Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеру прблемалары"

Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеру прблемалары"

Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеру прблемалары"

Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеру прблемалары"

Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеру прблемалары"

Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеру прблемалары"

Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеру прблемалары"

Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеру прблемалары"

Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеру прблемалары"

Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеру прблемалары"

Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеру прблемалары"

Баяндама "Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын көтеру прблемалары"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.03.2018