Баяндама. "Білім сапасын арттыру – мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мен қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі.
Оценка 5

Баяндама. "Білім сапасын арттыру – мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мен қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі.

Оценка 5
Руководства для учителя
docx
администрации
Взрослым
10.11.2018
Баяндама. "Білім сапасын арттыру – мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мен қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі.
Осы баяндамамда қәзіргі кезде оқушылардың білім сапасын қалай арттыру керек екені жан-жақты жазылған. Функционалдық сауаттылық пен оны қалыптастыру маңызды мәселердің және ең өзекті шешімдердің бірі. Сондықтан әріптестеріме өз ойымды жеткізіп, оқушыларды болашақта өмірдің өз орнын табуға ұстаздардаң ролі үлкен екені сөзсіз.
Білім сапасын арттыру – мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мен қалыптастыру..docx
Білім сапасын арттыру – мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мен қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі.       Байдрахманов Мұратбек Сұлтанбекұлы Ағылшын тілі пәні мұғалімі, Совхоз орта мектебі                 Әлемдік   экономиканың   21   ғасырда   өзгеруі   ғаламдық   бәсекелестік экономикалық     ортаға   бейімделу   қажеттілігін   туғызып,   білім   сапасын   жаңа денгейге   көтеріп,   оның   мәселелерін   шешуде   жаңаша   ойлау   тетіктерін қалыптастыру керек екенін аңықтап берді. Барлық мемлекеттің стратегиялық ресурсы халқының білімдік деңгейі болғандықтан қәзіргі қоғамдағы әлеуметтік­ экономикалық   өзгерістер   болащақ   ұрпақты   оқыту   мен   тәрбиелеуде   жаңа бағыттарды   қолдану,   тиімді   мақсаттарды   қалыптастыру,   білімнің   түпкі нәтижесіне   жетудің   шешімдерін,   оқытудың   жаңа   әдістерін,   баға   жүйесін түпкілікті   өзгерту   керек   екенін   белгілі   болды.   Осыған   байланысты   елімізде Қазақстан   Республикасында   білім   беруді   дамытудың   2011­2020   жылдарға арналған   Мемлекеттік   бағдарламасы   қабылданды.  Бағдарламаның   басты мақсаты ­ экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз   ету   арқылы   адами   капиталды   дамыту,   білімнің   бәсекеге қабілеттілігін   арттыру.   Яғни   білімнің   бәсекеге   қабілеттілігін   арттыру   және білімнің   түпкілікті   нәтижесіне   жету   денгейлерінің   бірі   –   функционалдық сауаттылық.   Функционалдық   сауаттылық   –   біліммен,   білік   пен   дағдымен қоғамдық қатынаста, нақты ортада тиісінше жылдам бейімделу.       Қазақстан Республикасының Призиденті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына   «Әлеуметтік–экономикалық   жаңғыру   –   Қазақстан   дамуының   басты бағыты» Жолдауында «Оқу жастарға тек білім беріп қоймай, сонымен   бірге оларды   әлеуметтік   бейімделу   үдерісінде   пайдана   білуге   де   үйретуі   тиіс» жазылған болатын. Ортаға бейімделу мүмкіндігін сараптағанда бала кішкентай кезінен бастап нақты дағдыны, жоспарлауды және іс­әрекеттін мақсатты түрде жүзеге   асыруды   білу   керек.   Үлкен   өмірге   дайындық   кезінде   адами   қарым­ қатынастарды жақсы менгеру, күнделікті  көптеген ұсыныстардан, көптеген іс­ әрекеттерден   өзіне   маңыздысын   таңдай   білу,   осы   заманғы   техникалардың функцияларын   жетік   білу,   олардың   нұсқаулықтарын   меңгеру,   ғаламтордың ақпараттарының   ішінен   қажеттісін   алуды   меңгеріп   алу   керек.   Қәзіргі   кезде жұмыс   берушіге   жұмыскердің   білімінің   нақты   денгейі   емес,  оның   дағды   мен біліктілікті қалай меңгергеніне көңіл бөледі.        Оқушыларды жаңа әлеуметтік – экономикалық өзгерістерде, әртүрлі өмірлік жағдайларға     тез   бейімделуге   үйрету   мектептің   алатын   жауапкершілігі   мол. Яғни, қәзір білім жүйесіне білім мөлшерін жеткізу емес, оқушыларды оқытуға үйрету,   әркез   өзгермелі   жағдайда   табысты   тұлға   болуға   бағыттау,   білімді, дағдыны   және   шеберлікті   менгеру,   оны   өмірде   қолдана   білу.   Оқыған материалды,  фактілерді,  құбылыстарды,   оқиғаларды   алған   біліммен   сараптай алу және өзінің қөзқарасын қалыптастыру. Қысқаша, ойлаудан ой арқылы өзін тұлға ретінде көрсету. Мақсаттарына жету үшін мен оқушыларға өзіне сенімді болуға,   қабілетін   көрсетуге,   топ   алдында   ашыла   сөйлеуге,   өзінің   ойын дәлелдеуге   жағдай   жасаймын.   Ұстаздың   қолданатын   барлық   әдістері оқушылардың танушылық пен ойлау белсенділіктерін жетілдіруге, оны қорытуға итермелеуге,   алған   білімін   байытуға,   оның   фунционалдық   сауаттылығын дамытуға   бағытталған   болу   керек.   Қәзіргі   мектептің   ең   басты   мәселесі   – оқушылардың   оқуға   қызығушылығының   азаюы.   Оның   бірнеше   себептері   бар. Бүгінгі   мектеп   барлық   білімді,   қабілеттілікті,   дағдыны   дайын   өнім   ретінде беретін орын болмауы тиіс. Мектептің мақсаты өзін өзі жетілдіре білетін, нақты шешім шығарып, өзінің шешіміне жауап бере алатын, оны жүзеге асыруға жол табатын, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012­2016 жылдарға   арналған   ұлттық   іс­қимыл   жоспарында   елімізде   іс­шаралардын топтамаларын,  құқықтық,  оқу­әдістемелік,  ақпараттық   салада,  педагогикалық кадрларды   дайындау   және   кәсіби   біліктерін   көтеру   жүйесі   т.б.   айқындалған. Ағылшын тілі мұғалімі ретінде мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың   мен   алған   білімдерін   арқылы   қабілеттіліктерін   жетілдірудің маңыздылығын   түсіне   келе,   менгерген   дағды   мен   біліктіліктерін   өмірлік жағдайларда  қолдануды назарымда ұстап  отырамын.  Бала бірінші  оқу пәніне қызығушылығын   оятып,   содан   кейін   ғана   алған   білімін   сараптап,   зерделеп, қорытынды жасап, одан өз керегін қолдана білу маңызды. Тиімді әдістердің бірі оқушыларды   өздік   жұмыстарға   орындауға   бағыттау.   Яғни,   оқушы   орта сыныптардан   бастап   сабақта   алған   білімдерін   тағы   қосымша   ақпараттармен толықтырып,   өзін   дамытып   отыру.   Мұғалім   сабақ   жұмысы   мен   үй жұмыстарының мазмұны мен құрылымын өзгерту керек. Қәзіргі мектеп білімін кезеніңде   үй   тапсырмасын   орнына   оқушылардың   өздік   жұмысының   жүйесін енгізу қажет. Қабілеттілік пен дағды кез­келген түрдегі өзіндік іс­әрекеттерден қалыптасады, негізгі алғы шарттар жасалады. Менгерген жаңа білімімен жаңа дағдыларды жеке өзі пайдалана алса, оны сараптайды және қорытынды жасай алады. Ең маңыздысы өзіндік жұмыста  ­ оқушылардың белсенді ойлау қабілеті шыңдалады,   жұмысына   мақсат   қою   мен   оның   орындау   әдістерін   үйренеді, жоспарлайды, іс­әрекеттерге дұрыс бақылау жасай алады.          Қәзіргі кезде сабақ түрлері өте көп, ең бастысы мұғалім мен оқушылар сабаққа белгілі мақсатпен келу керек. Ең маңыздысы мұғалімде мықты білімнің негізі   және   оны   оқушыларға   қалай   жеткізу   керек   екенін   болу   керек.   Қәзіргі сабақта оқушылар шаршап шықпас үшін жайлы атмосфера болғаны дұрыс. Ұстаз бүгін аз сөйлеп, оқушының ой­өрісін дамыту үшін көбірек мүмкіндік беру керек. Барлық   ұстаздардың   алдында   басты   мәселе;   қалай   оқыту,   қайда   бағыттау, сабақтан   алған   білім   бәсекелестікке   дайын   тұлғаға   қалай   көмектеседі,   т.б. болып   табылады.   Оңтайлы   шешімдердің   бірі   –   оқытуды   ұйымдастырудың әртүрлі түрлерін енгізу, оқушыларды белсенді іс­әрекетке бағыттау үшін осы заманғы   технологияларды   пайдаланып,   көптеген   әдіс­тәсілдерді   ұштастыру керек.    Пайдаланылған әдебиеттер. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Әлеуметтік–экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында. 2012 жыл 27 қаңтар. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011­2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012­ 2016 жылдарға арналған ұлттық іс­қимыл жоспары.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусым №832 Қаулысы.

Баяндама. "Білім сапасын арттыру – мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мен қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі.

Баяндама. "Білім сапасын арттыру – мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мен қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі.

Баяндама. "Білім сапасын арттыру – мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мен қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі.

Баяндама. "Білім сапасын арттыру – мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мен қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі.

Баяндама. "Білім сапасын арттыру – мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мен қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі.

Баяндама. "Білім сапасын арттыру – мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мен қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі.

Баяндама. "Білім сапасын арттыру – мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мен қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі.

Баяндама. "Білім сапасын арттыру – мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мен қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.11.2018