Зертханалық жұмыс
Бензальдегидтен бензол спиртін және бензол қышқылын алу.
Реактивтер:Бензой альдегиді 10 мл, калий гидрокциді 19 г, диэтил эфирі, натрий гидросульфаты (40 %), тұз қышқылы.
Жұмыстың жасалу реті: Көлемі 100 мл құтыға 10 мл жаңадан айдалынған бензой альдегиді және 6мл судағы суытылған ертінді 9г натрий гидроксидін құяды. Құтыны жартысы кесілген тығынмен жауып, суытып, эмульсия түзілгенше шайқайды. Осы құтыны бір күн қойып қояды. Алынған кристалдық массаны судың аз көлемінде ерітеді. (Судың көлемі көп болса,бензил спирті біртіндеп ериді).
Алынған ертіндіні бөлгіш құйғыға құйып, бензил спиртін 2 есе 10 мл – ден эфирмен экстракция жасайды. Сулы сілтілі қабаты бөлінеді. Оны бензой қышқылын алу үшін қалдырады. Эфирден бензил спиртін алады. Бұл үшін бөлгіш құйғыға эфирдің 2 есе көлемін салып, 5мл 40% - ті натрий гидроксидінен еш қатысы жоқ бензальдегидті ығыстыру үшін.
Бұдан соң сулы қабатын бөліп алып тастайды. Эфирлі ерітіндіні кішкене бөлгіш құйғыда сулы натрий карбонатының ерітіндісімен шайқайды. Алынған ерітіндіні сусыз натрий сульфатында кептіреді. Кептірілген ерітіндіден сулы Соншада эфирді ығыстырады. Содан кейін сулы мұздатқышпен ауыстырылады, ол кезде бензил спирті ығыстырылады. Фракцияны 204-205 С –да жинайды. Бензил спиртінің шығымы 4 г. Бензой қышқылын алуға қалдырылған сулы сілтілі ерітіндіні стаканға құйып, конц тұз қышқылымен қышқылдайды. Түзілген бензой қышқылын Бюхнер құйғысында сорып алады. Ыстық су арқылы қайта кристалдайды. Шығымы 5 г . (бензой қышқылының). Балқу температурасы 122 С.
Бензил спирті түссіз, аздап иісі бар, суда нашар ериді, спиртте, хлороформда, эфирде жақсы ериді.
Балқу температурасы 15,3 С, қайнау температурасы 205,7 С, р204 41,0455 г\см3. П20д-1,5395.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.