В материале собрана информация Об Ахмете Байтурсынове. Что он -казахский общественный и государственный деятель, член Коммунистической партии большевиков (ВКП б) (репрессирован в 1937 году), просветитель, учёный-лингвист, литературовед, тюрколог, переводчик.
Байтурсынов был блестящим литератором, педагогом, лингвистом. Он реформировал казахское письмо на основе арабской графики, дав возможность пользоваться ею миллионам казахов, живущих за границей. В 1912 году Ахмет Байтурсынов исключил все чисто арабские буквы, не используемые в казахском языке, и добавил буквы, специфические для казахского языка. Новый алфавит, получивший название «Жаңа Емле» («Новая орфография»), до сих пор применяется казахами, живущими в Китае, Афганистане, Иране,России.
Разработал основы казахского и научную терминологию для определения казахской грамматики.
Расстрелян в период Большого террора, реабилитирован посмертно.Биография Ахмета Байтурсынова.
Ахмет Байтұрсынұлы.docx
Ахмет Байтұрсынұлы(15.1.1872, қазіргі Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сарытүбек
ауылы – 8.12.1937, Алматы қаласы) – қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлтазаттық
қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен
әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,
ағартушы. Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып,
азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс
қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға
түседі. 1895–1909 жылы Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі орысқазақ
мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қлық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады.
Байтұрсыновтың саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді. 1905 жылы Қоянды
жәрмеңкесінде жазылып, 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы (арызтілегі)
авторларының бірі Байтұрсынұлы болды. Қарқаралы петициясында жергілікті басқару, сот,
халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, арождан
бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару және баспахана ашуға рұқсат
беру, күні өткен Дала ережесін қазақ елінің мүддесіне сай заңмен ауыстыру мәселелері
көтерілді. Онда қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілдікесілді тоқтату
талап етілген болатын. Сол кезеңнен бастап жандармдық бақылауға алынған Байтұрсынұлы
1909 жылы 1 шілдеде губернатор Тройницкийдің бұйрығымен тұтқындалып, Семей
түрмесіне жабылды. Ресей ІІМнің Ерекше Кеңесі 1910 жылы 19 ақпанда Байтұрсыновты
қазақ облыстарынан тыс жерге жер аудару жөнінде шешім қабылдады. Осы шешімге сәйкес
Байтұрсынұлы Орынборға 1910 жылы 9 наурызда келіп, 1917 жылдың соңына дейін сонда
тұрды. Байтұрсынұлы өмірінің Орынбор кезеңі оның қоғамдықсаяси қызметінің аса
құнарлы шағы болды. Ол осы қалада 1913–1918 жылы өзінің ең жақын сенімді достары
Ә.Бөкейханов, М.Дулатовпен бірігіп, сондайақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына
сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер,
білімді игеруге шақырды. Байтұрсыновтың Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей
үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала
салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсынов 1917 жылы рев. өзгерістер арнасында
өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ кттері сияқты
тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ» газеті
арқылы саяси теор. бағытбағдар беріп отырды. Байтұрсынұлы Алаш партиясы
бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынов пен Дулатов қазақ
арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алашорда
үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік
идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады.
Алашорда үкіметі құрамын бекіткен 2жалпықазақ съезі Оқуағарту комиссиясын құрып,
оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда
үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда
Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы
шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскерирев. кті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда
басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл
тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім
артық» деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754іс, 6т., 44п). 1920 жылы В.И.Ленинге
үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын
жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне
белсенді түрде араласты.
Бүкілресейлік ОАКнің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск облысына қосу
туралы шешіміне қарсы Бтың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан
құрамына қайтаруға негіз болды. Ол 1920 ж. тамызда құрылған Қазақ АКСРі үкіметінің
құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСРі халық ағарту комиссары қызметінде болды.
1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925
жылы Халық ағарту комиссариаты ғылымиәдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу
қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды. Байтұрсынұлы түрлі мемлекеттік қызметке ат
салыса жүріп, сонымен бір мезгілде өзінің жаны сүйген оқытушылықұстаздық жұмысынан
да қол үзбеген. 1921–1925 жылы Орынбордағы, 1926–1928 жылы Ташкенттегі Қазақ халық
ағарту институттарында қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениет тарихы пәндерінен сабақ берді.
1928 жылы Алматыда Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуына
байланысты ректордың шақыруымен осы оқу орнына профессор қызметіне ауысты. 1929
жылы 2 маусымда 43 Алаш қозғалысы қайраткерлерімен бірге ол Алматыда тұтқынға
алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына
жөнелтілді. КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ «үштігінің» 1930 ж. 4
сәуірдегі шешіміне сәйкес Байтұрсынұлы ату жазасына кесілді. Бұл шешім бірнеше рет
өзгерістерге ұшырады: 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 ж.
қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деп ұйғарылды. 1933 жылы мамырда
денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген
отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат беріледі. 1934 жылы М.Горькийдің
жұбайы Е.П.Пашкованың көмегімен Б. отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға
оралады. Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік
қызметтер атқарды. 1937 жылы 8 қазанда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8
желтоқсанда атылды. Тұтас буынның төл басы болған Бтың алғашқы кітабы – «Қырық
мысал» 1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық
зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Байтұрсынұлы мысал
жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеум. сананың оянуына
ықпал етті. Ақынның азаматтық арманмақсаты, ойтолғамдары кестеленген өлеңдері
«Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның» негізгі идеялық
қазығы – жұртшылықты оқуға, өнербілімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге
үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден
арылуға шақырды. Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, Байтұрсынұлы 20 ғ. басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшілдемократтық дәрежеге
көтерді. Сондайақ Байтұрсынұлы қазақ тіліне А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер,
С.Я.Надсон өлеңдерін аударды. Бұл аудармалар Байтұрсыновтың тақырыпты, идеялық
көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп
қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды.
Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы – әдебиеттану
ғылымындағы алғашқы зерттеу еңбектердің бірі. Мақалада ұлы ақын Абайдың тарихи
миссиясы, рухани болмысы, өлеңдерінің ұлттық сөз өнеріндегі маңызы, көркемдікэстетик.
сипаты баяндалды. Ол Абай өлеңдерінің даралығын, «сөзі аз, мағынасы көп, тереңдігін»,
сыншылдығын ұғындырды. Байтұрсыновтың Абайдың ақындық шеберлігі, поэзияға деген
көзқарасы туралы ғылыми тұжырымдары қазақ әдебиеттану ғылымында жалғасын тапты.
Оның «Әдебиет танытқыш» деген зерттеуі (1926) қазақ тіліндегі тұңғыш іргелі ғылыми
теориялық еңбек. Байтұрсынұлы әдебиет тарихына, теориясы мен сынына,
методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының
жүйесін жасады. Халық тілінің бай қоры көзінен мағынасы терең, ұғымдық аясы кең
сөздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын
топтап, жіктеп берді. Мысалы, сөз өнері, шығарма, ауыз әдебиеті, толғау, т.б. ғылыми
теориялық еңбекке қазақ әдебиетінің ең бейнелі, мазмұны мен мағынасы терең
шығармаларын мысал ретінде пайдаланды. Сөз өнері жайында жазылған әлемдік ғылымның
ең үздік үлгілерін пайдалана отырып, әдебиеттанудағы ұғым, термин, категориялардың
соны ұлттық үлгілерін жасады. Мысалы, меңзеу, теңеу, ауыстыру, кейіптеу, әсірелеу,
алмастыру, шендестіру, үдету, түйдектеу, кекесіндеу, т.б. «Әдебиет танытқышта» ақындық
дарын табиғаты, шығарм. психологиясы, шабыт стихиясына ғылыми тұжырым берілді.
Өлеңге жанжақты зерттеу жасап, шумақ, тармақ, бунақ, буын, ұйқас, т.б. ұғымдарға
анықтама берді. Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің даму кезеңдерін ғылыми негізде топтап
берген. Мыс., діндар дәуір, сындар дәуір. «Әдебиет танытқыш» – сансалалы әдебиет
табиғатын жанжақты ашып, талдаптүсіндірген ғылыми зерт. Байтұрсынұлы «Әдебиет
танытқышымен» қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салды. Сондайақ ол – әдебиет
тарихының мұрасын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған зерттеуші ғалым. Көркемдігі
айрықша «Ер Сайын» жыры (1923) мен қазақ тарихының төрт жүз жылын қамтитын «23
жоқтау» жинағын (1926) кітап етіп шығарды. Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен
қараған Б. «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін»
айтты. Байтұрсынұлы – қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер. Ол
қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің
өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті ісәрекетімен көрсетті.
Байтұрсынұлы ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі
қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. «Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі
құбылысқа айналды. Байтұрсынұлы – әлеум. мәселелерге, қоғамдық ойпікірге ықпал
жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол
кезеңнің шындығынан хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демокр. құрылысы туралы ойларын дамытып, саясиәлеум. жағдай, оқуағарту, халықтың тұрмыстіршілігі туралы
мәселелерді қозғады. Қазақ зиялыларының жанжақты білімдар әрі саяси күресте
шыңдалған легін қалыптастыруда Бтың публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі
еңбегі ұшантеңіз. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған
реформатор.
Биография Ахмета Байтурсынова.
Биография Ахмета Байтурсынова.
Биография Ахмета Байтурсынова.
Биография Ахмета Байтурсынова.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.