БІЛІМ САПАСЫ – БІЛІКТІ МАМАН КЕПІЛІ
Оценка 4.6

БІЛІМ САПАСЫ – БІЛІКТІ МАМАН КЕПІЛІ

Оценка 4.6
Образовательные программы
doc
администрации
Взрослым
14.02.2018
БІЛІМ САПАСЫ – БІЛІКТІ МАМАН КЕПІЛІ
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Колледждердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру - басты мақсат.ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, кәсіби мәдениеттілікті, терең білім мен ізденісті талап ететін дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
БІЛІМ САПАСЫ – БІЛІКТІ МАМАН КЕПІЛІ.doc
«БІЛІМ САПАСЫ – БІЛІКТІ МАМАН КЕПІЛІ» оқыту,  дара     арқылы дамыта           ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, кәсіби   мәдениеттілікті,   терең   білім   мен   ізденісті   талап   ететін   дәуір. Білім беру   үрдісін   ақпараттандыру   –   жаңа ақпараттық   технологияларды пайдалану  тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып,   оқу   –   тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Ақпараттық –   коммуникациялық   технологияның   келешек   ұрпақтың жан   –   жақты   білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ­ білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек», ­ деп көрсетілген. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы — студенттерге ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық — құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту,   ақпараттық   технологияны   өзіндік   даму   мен   оны   іске   асыру   құралы ретінде   пайдалану  дағдыларын   қалыптастырып,   ақпараттық   қоғамға   бейімдеу. Олай   болса,   ақпараттық   бірліктердің   білімге   айналуы   әлемнің   жүйелік   ­  ақпараттық   бейнесін   студенттердің   шығармашылық   қабілеттері   мен құндылықтарын   дамыту   арқылы   қалыптастыруды   көздейтін,   адамның дүниетанымының   құрамдас   бөлігі   болып   табылатын   интеллектуалды   дамуды қалыптастырудың бір бағыты. Бүгінгі таңда еліміздің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі­басты мәселе.Еліміздің ертеңі­ бүгінгі жастар. Ол үшін қоғамда білімді де құзыретті мамандар болуы шарт.  Сондықтан ғылымды қаржыландыру көлемін   біртіндеп   арттырып,   оны   дамыған   елдердің   көрсеткіштеріне   жеткізу жөнінде   нақты   жоспар   қажет.  Қазақстан   үшін   ең   негізгі   басымдықтың   бірі   – білім. Білім ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Елбасы биылғы   халыққа   Жолдауында   Қазақстанның   дамуының   басты   шарты   қоғам мүшелерінің   білім   деңгейінің   артуына   тікелей   байланысты   екендігін   атап көрсетті. Демек, отандық білім жүйесі өз қызметін «білім беруге салынған бүгінгі инвестиция   –   мемлекеттің   ертеңіне   жасалған   қамқорлық»   деген   қағидатқа сүйеніп жұмыс жасау керек деген сөз. Жалпы білім бастауын колледжден алады, оның   қайнар   көзі   десек   те   болады.   Сондықтан,   колледж   неғұрлым   таза, серпінді,шығармашыл болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болады.  Нәтижесінде   отбасы,   қоғам,   өмір   жақсарып,   сапалық   көрсеткіштер жоғарылайды. «Бір жылға жоспар құрсаң – егін ек, жүз жылға жоспар құрсаң – ағаш ек, ал мәңгілік мұратты көздесең – ұрпақ тәрбиеле» деген ғибрат бар. Бұл жауапкершілігі   зор,   салмағы   ауыр   міндет.   Өйткені   бүгінгі   жас   буын   –   ел болашағының   ертеңгі   кілті.   Қазақ   халқының   ғасырлар   тұңғиығынан   бері тарихымен   біте   қайнасып   келе  Қазіргі   таңда   білім   беру   саласында   жүргізіліп жатқан   қарқынды   жұмыстардың   мақсаты   ­   ой­өрісі   жаңашыл,   нарықтық экономикада бәсекеге қабілетті, жан­жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Елбасы   Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаевтың   соңғы   Қазақстан   халқына Жолдауында,   ауылшаруашылығы   өнімдеріне   жаһандық   сұраныстың   артуына орай,   ауыл   шаруашылығын   жаппай   модернизациялау   қажеттілігі   жөнінде айтылды.   Мәселен,   мал   шаруашылығын   дамыту,  жоғары   сапалы,   экологиялық таза, әрі қауіпсіз өнім алу ветеринариялық саулықты қамтамасыз етпей мүмкін емес.   Ветеринария   (лат.   veterinarius   –малды   күтуші,   емдеуші)   –   адам   мен жануарға ортақ жұқпалы аурулардың алдын алуға, әрі мал денсаулығын сақтауға бағытталған білім саласы. Демек, «Ветеринария адамзатты емдейді» деген сөз бекер   айтылмаса   керек.   Жалпы,   малдан   тараған   қауіпті   зардапты   микробтар адамға жұғудың негізгі инфекция көзі болып табылатындықтан, ветеринарияның басты қызметі, яғни, міндеті биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Адамдар арасында   анықталған   жұқпалы   аурулардың   75%   жануарлардан,   яғни, жануарлардан   алынатын   өнімдерден   жұғатыны   белгілі.   Барлық   көрсетілген бағыттағы   шаралардың   орындалуын   ветеринария   маманы   жүзеге   асырады. Сондықтан адам мен жануарлар денсаулығын қорғау үшін ауру қоздырушысының биологиясын,   микроорганизмдердің   иммунологиялық   белсенділігін,   одан қорғанудың   мүмкіндіктері   терең   білімді   қажет   етумен   қатар,   ол   істерді ветеринария мамандары медицина қызметкерлерімен, биолог, экологтармен бірге жүзеге   асырады.   Көрнекті   академик   К.И.   Скрябиннің   сөзімен   айтсақ, ветеринария зерттелетін нысанның кеңдігі мен түбегейлі танылуына байланысты басқа ғылымдардан ерекшеленіп тұратын білім жүйесі. Сондықтан, бұл ғылым жүйесі мақтаарал колледжі ветеринария факультетінде оқытылады.   Мақтаарал гуманитарлық экономикалық және агробизнес колледжі – елдегі аграрлық салаға мамандар   даярлайтын,   әрі   олардың   білікті   маман   екендерін   растайтын дипломмен қамтамасыз ететін жетекші оқу орындардың бірі. Бүгінде колледж оқытушылары   Елбасының   Қазақстан   халқына   Жолдауындағы   негізгі тапсырмаларды   жүзеге   асыруға   жұмылдырылып   отыр.   Оқу   процесіне инновациялық   технологияны   енгізу   колледжіміздің   білім   беру   саласындағы негізгі  компоненті   болып  табылады.  Оқу   жұмысының   барлық   түрлерін (дәріс, зертханалық­тәжірибелік,   семинарлық   сабақтар)   қамтыған   инновациялық технологиялар,   мультимедиялық   оқыту,   интерактивтік   қондырғылармен басқарылатын   жүйелер   оқыту   саласындағы   көптеген   проблемаларды   жаңа деңгейде   шешуге   мүмкіндік   берді.   Білім   беру   саласындағы   көп   қолданыста жүрген ТОҚ құралдары: Интерактивті тақта, мультимедия; интернет кеңістігі; электронды оқулық. Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет: Интерактивті   құралдарды   сабаққа   пайдаланғанда   дидактикалық   бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі: ­ Пән бойынша базалық білімді меңгерту; ­ Алған білімді жүйелеу; ­ Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; ­ Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;            Біз   бейбіт   елде,   мемлекеттік   білімді   жетілдіруге   аса   мән   берген   елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде   еркін   бағдарлай   білуге,   өзін­өзі   дамытуға   адамгершілік   тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруға, яғни жеке   тұлғаны   қалыптастыруға   негізделген,   ақпаратты   технологияны   терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру   жүйесінің   дамуымен   тығыз   байланысты.  Колледждердің   білім   деңгейін көтеру   және   онда   интерактивті   құралдарды   пайдалану   арқылы   оқу   –   тәрбие процесін   тиісті   деңгейге   көтеру  ­  басты   мақсат.   Ақпараттық   технологияның келешек ұрпақтың жан­жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан­2030» стратегиялық даму бағдарламасында Бүгіннен бастап ұлттық мінез­құлық, биік талғампаздық, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек»   ­   деп   жастарды   тәрбиелеудің   бағыттарын   нақты   көрсеткен.     Заман талабына   сай   сұранысы   бар,  бәсекеге   қабілетті   ұрпақ   өсіру   біздің   міндетіміз. «Өткенге   қарап   басымызды   иеміз,   ертеңге   қарап   білек   сыбанамыз»   демекші, бүгінгі бала­ертеңгі азамат. ХХІ ғасыр ұрпағымыздың ақыл­ойы, ғарышқа самғап, алғыр ойлар ғасыры, сондықтан әрбір адам батыл қадам жасап, заман талабына сай   құзыретті   маман   болуға   дайын   болуы   тиіс.  Еліміздің   болашағы   көркейіп, өркениетті   елдер   қатарына   қосылуы   бүгінгі   ұрпақтың   біліктілік,   іскерлік, құзыреттілік   қабілеттеріне   тікелей   тәуелді.   Осыдан   жас   ұрпақтың   бойында құзыреттілікті қалыптастыру және оларды шығармашылыққа баулу мәселелері туындайды. Бұл өз кезегінде сапалы білім мен іскерлікті талап ететіні сөзсіз. Ал жекелеген   тұлғаға   жүйелі   білім   беру,  ынта­ықыласын   арттыру,  құзыреттілігін қалыптастыру   –  біздің   басты   міндетіміз. «Ұрпағы   білімді   халықтың   болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән­мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру­бүгінгі күннің басты талабы. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Қ.Р.Білім туралы заңы  Астана 2008. 2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан­2030» жолдау. 3.  Жанпейісова   М.М.ХХІ   ғасыр   оқытудың   инновациялық   технологиялары. Алматы 2002. 4. Мемлекет   басшысы   Нұрсұлтан   Назарбаевтың   Қазақстан   халқына   Жолдауы Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ 5.  Қ.Р.   білім   беруді   дамытудың   2011­2020   жылдарға   арналған   мемлекеттік бағдарламасы.

БІЛІМ САПАСЫ – БІЛІКТІ МАМАН КЕПІЛІ

БІЛІМ САПАСЫ – БІЛІКТІ МАМАН КЕПІЛІ

БІЛІМ САПАСЫ – БІЛІКТІ МАМАН КЕПІЛІ

БІЛІМ САПАСЫ – БІЛІКТІ МАМАН КЕПІЛІ

БІЛІМ САПАСЫ – БІЛІКТІ МАМАН КЕПІЛІ

БІЛІМ САПАСЫ – БІЛІКТІ МАМАН КЕПІЛІ

БІЛІМ САПАСЫ – БІЛІКТІ МАМАН КЕПІЛІ

БІЛІМ САПАСЫ – БІЛІКТІ МАМАН КЕПІЛІ

БІЛІМ САПАСЫ – БІЛІКТІ МАМАН КЕПІЛІ

БІЛІМ САПАСЫ – БІЛІКТІ МАМАН КЕПІЛІ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.02.2018