Қазіргі қоғам талабына сай баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Білім беру жүйесіндегі реформаның мақсаты - қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес, ХХІ ғасыр мектебін жаңарта отырып, алған білімі мен біліктерін өмірде шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Ол бүгінгі заман талаптарынан туындап, болашақ мамандардың даярлығын жетілдіруді көздейді. Олай болса, педагогтардың алдында тұрған бірден–бір мақсат – оқушылардың алған білімдерін, түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар, азамат болып жетілуіне көмектесу.
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ КӘСІБИ ТҰРҒЫДА ДАЙЫНДАУДА
ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі қоғам талабына сай баланың ойөрісін дамыту, біліктері мен
шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесінде жаңа жағдайларға
байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай
ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Білім беру жүйесіндегі реформаның
мақсаты қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес, ХХІ ғасыр
мектебін жаңарта отырып, алған білімі мен біліктерін өмірде
шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, жанжақты дамыған жеке
тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Ол бүгінгі заман талаптарынан
туындап, болашақ мамандардың даярлығын жетілдіруді көздейді. Олай болса,
педагогтардың алдында тұрған бірден–бір мақсат – оқушылардың алған
білімдерін, түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін, жалпы адамзаттық және
ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген, өзіндік көзқарасы бар, азамат болып
жетілуіне көмектесу. Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті
дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық
шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бүгінгі жаңа қоғамдық формациядағы
мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер «Баланы оқуға қалай
үйрету керек?», «Ойлауға қалай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің
менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай, білім
нәрін беруге бағытталып отыр. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін
дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола
білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.Қазіргі кезеңде
Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім
беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңының (Астана, 2000 жыл) 18бабының
8тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білімберудің жаңа мазмұнын енгізу үшін білім беру ұйымдарында эксперимент
тәртібімен іске асырылатын білім беру бағдарламалары әзірлену мүмкіндігі»,
атап көрсетілген Міне, осы тұрғыда оқытудың жаңа технологиясын меңгеру
мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік, адамгершілік рухани азаматтық және
басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзінөзі
дамытады, оқутәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Ғалым
М.Чошанов «Оқытудың технологиялары – дидактикалық жүйенің құрамдас,
процессуалдық бөлігі» деп көрсеткен болатын.
Жалпы, «технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттердегі ең
көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. «Технология» ұғымы грек
тілінен енген екі сөзден тұрады: «техне»өнер, шеберлік, «логос»білім, оқу,
ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, «технология» терминін
қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп
аударуға болады.
Еліміздегі әлеуметтік экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті
әлемдегі ақпараттық даму білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін,
әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде. Осыған орай,
оқытудың әр түрлі технологиялары жасалынып, білім беру мекемелерінің
тәжірибелеріне енгізілуде.Сондықтан болар қазіргі таңда мектептердің істәжірибелеріне дамыта оқыту
жүйесі кеңінен енгізілуде. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – оқушыны
оқыта отырып дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге,
шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа
алу, әрі қарай ұштау, тұлғалыққа бағыттау.
Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілі мөлшерден шығып,
саналы іс әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі.[5]
Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С Выготский,
М.Я.Лернер, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин толық зерттеп,
дәлелдеген. В.В.Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл – ойдың дамуының
көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» дейді.[6]
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру
басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін
тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, білім алуға
деген ынтасы артып әрекет жасайды.Дамыта оқыту технологиясын қолдану болашақ маманның ізденушілік
зерттеушілік және білім алуға деген ынтаықыласын арттырып, кәсіби
белсенділігі мен қызығушылығын молайтады.
Дамыта оқыту жүйесінің қағидаларын ұстанған машықтанушылар алған
теориялық білімдерін саралап, қандай нәтижеге қол жеткізгендігін тексеріп,
тәжірибе жүзінде толықтырды. Дамыта оқыту технологиясын қолдану
барысында студенттер өз пікірін айтуға, оны дәлелдеуге, салыстыруға,
болжам жасауға, қорытынды жасауға және өз білімін қажетінше орынды
пайдалана білуге үйренді.
Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақ түрлері оқушылардың құзыреттіліктерін
қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Заман талабына сай кәсіптік білім беру
мазмұнында мынадай түйінді құзыреттіліктер атап көрсетілген:
проблемалардың шешімін табу;
ақпараттық;
коммуникативтік құзыреттіліктер.[7]Қазақстан Республикасы Жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының
жобасында: «Құзыреттілік – оқушылар ісәрекетінің әмбебап тәсілдерін
меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі» деп көрсетілген.[8] Олай болса,
дамыта оқыту технологиясын қолдану оқушының түйінді құзыреттіліктерін
қалыптастыруға негіз болады.
Осындай түйінді құзіреттіліктердің шешімін табу оқу–тәрбие үдерісінің
барысында, оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі
берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге
асады. Оқытушы сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана
болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге
үйретіліп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Мысалы:
проблеманың шешімін табу құзыреттілігіне байланысты берілетін
тапсырманың үлгісін ұсынсақ.
Тапсырманың мәтінін оқытушы өзі оқиды.
Ақпараттық құзыреттілікке бағдарланған тапсырма үлгісі: Кестені толтыр.
Бүгін
Жыл мезгілі
Ай
Апта күндері
Ауарайы сипаттамасы (
оқушы
…
...
...
Õ Ö × Ø
Ù Û Ü Ú
таңбалар арқылы белгілейді)
Осы жерге өзіңнің суретіңді сал: осындай ауарайында қалай киіну
керек
Коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырма
көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіру, жұрт алдында сөйлеу
ережесін және регламентті сақтау мақсатында берілген.
Тапсырманы қалай орындау керектігін көршілес досыңа түсіндір:
5*1
10*10
10*4
5*4
50*10
100*100
100*40
50*407 * 8
9*5
70*80
90*50
Сонымен, оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы ең алдымен
оқытушының өз міндетіне, шеберлігіне байланысты. Оқытушы өз міндетін тек
оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс
әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс.
Қорытынылай келе, дамыта оқытудағы мұғалімнің басты міндеті – оқу
материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп,
жалпы іс әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру,
оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ш.Х. Құрманалина Педагогика. Алматы, 2007 ж
2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» 27 шілде 2007 жыл
3. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М. 1988.
4. Нағымжанова Қ.М. Инновациялыкреативті технологиялар. Өскемен,
2005.
5. Б.А.Тұрғынбаева «Дамыта оқыту технологиялары» Алматы, 2000
6. Бұзаубақова К.Ж. «Жаңа педагогикалық технологиялар», Тараз. ТарМУ
2003ж
7. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті 12 жылдық білім беру
стандарты, 2007 ж
8. ҚР Білім беруді дамытудың 20112020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы.
ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен
бекітілген.