Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. Мемлекет басшысы ХХІ ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр. Әрі осы жаңа дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынған.
рухани жаңғыру конференция.doc
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы
Елбасының бұл мақаласында қазіргі Қазақстанның басты рухани құндылықтары
айқын көрініс тапқан. Бұл – мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт
руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін рухани жаңғыру бағдарламасы деуге
болады. Елбасы ғылым, білім, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани
жаңғыру бағдарламасын халық назарына ұсынып отыр. Мемлекет басшысы ХХІ
ғасырдағы жаңа ұлттың, жаңа қазақтың феноменін анықтап беріп отыр. Әрі осы жаңа
дәуірдегі ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынған.
Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің бойында белгілі
тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға,
іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын отаршылдық, кембағалдық,
бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту. Мемлекет басшысы қазақтың ежелгі
«дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» қағидасын мықтап ұстануға шақырады: «Мен
қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережені түсініп, байыбына барғанын
қалаймын. Біріншісі –ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру
болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа
тұстарынан бас тарту керек». Мемлекет басшысы нұсқап отырған ұлттық бірегейлікті
сақтай отырып, заман ағымына қарай оның сипаттарын өзгерту, «білім культін»
қалыптастыру, мемлекет пен қоғамды революциялық емес, эволюциялық жолмен дамыту,
ең бастысы, сананың ашықтығын, яғни әлемдік озық жаңалықтарға, ғылымбілімге
құшақты айқара ашу идеялары ұлттың руханимәдени қалыбы болмақ. Әрі жаңа дәуір
сынақтарын бәсекелік қабілеті ерекше ел ғана еңсере алады. Осы тұрғыда Елбасының
мемлекет пен қоғам алдына қойып отырған нақты міндеттері рухани саладағы түбегейлі
реформалардың бастауына айналарына күмән жоқ.
Латын әліпбиіне көшу – Мәңгілік Елдің рухани жаңғыруының басы болса, «Туған
жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдік, өңірлік, ішкісыртқы тәуекелдерге қарсы
тұра алатын отаншылдық тәрбиенің, ұлтжандылықтың кепілі болмақ.
«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға елім деген әр азамат үлес қосуы керек.
Халқымыз «Отан отбасынан басталады» дейді. Яғни, Отанды сүюдің іргетасы алдымен
туған жерге деген сүйіспеншіліктен қаланады. Сондықтан мемлекет басшысы ұсынып
отырған «Туған жер» бағдарламасын көп болып, қолдап алып кету керек. Бірінші, бұл
білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға
және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи
ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең
жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің
әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының
төркіні туралы талайталай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта
пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының
бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс. Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де, туған жерлерін
ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым
өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл — қалыпты және шынайы
патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру
керек. Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және
жүйелілікпен қолға алуға тиіс. Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият
ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды
қолдапқұрметтеудің түрлі жолдарын табу керек. Бұл жерде де көп жұмыс бар. Осы
арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жоғары
оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады. Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің
нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге — Қазақстанға деген
патриоттық сезімге ұласады», деп жазды Президент.
«Туған жерге туыңды тік!» — деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік
қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кезкелген азамат өзінің тарихына,
мәдениетіне, салтдәстүріне терең бойлау білуі керек. Мемлекет басшысы өзінің
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын
ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру
керектігін атап өтті.
Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің
әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына
пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас
ұрпақтың білгені абзал. Сондықтан, білім беру саласында өлкентану жұмыстарын
жүргізіп, тарихимәдени ескерткіштерді қалпына келтіру қажет. Ел Президенті ұсынған
«Туған жер» бағдарламасының мәні – осында.
Сондайақ,«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жалпыұлттық
қасиетті орындарды және аса қастерлі жерлерді сақтауға, әрі елдегі туристік
инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді. «Жаһандағы заманауи қазақстандық
мәдениет» жобасын іске асыру Қазақстанды өз шығармашылығы арқылы дүние жүзіне
танытатын көптеген таланттарға жол ашады.
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бүгінгі замандастарымыздың түрлі
салалардағы жетістіктерін дәріптеуді қамтамасыз етеді және жастарды адамгершілікке
тәрбиелеудің жарқын үлгісі болады. Бұл тапсырмалар мемлекеттің және азаматтық
қоғамның барлық идеологиялық жұмысының орта мерзімді перспективадағы негізі
болады.
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында
ерлердің есімін ел жадында сақтауға ықпалын тигізетін бір мәселе айтылғанды.
Н.Назарбаев: «Ұлт мақтанышы біздің бұрынғы өткен батыр бабаларымыз, данагөй биле
ріміз бен жырауларымыз ғана болмауға тиіс. Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістік
терінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа
есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы –
Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы,
саналуан этнос өкілдерінің тарихы» деген болатын. Президент пәрменімен қолға алынған
тың жоба мәресіне жетті.
Тәуелсіз Қазақсанның жылнамасы жазылып жатқанына ширек ғасырдан астам
уақыт өтті. Барды бағалай білу, елге ерен еңбегімен һәм ерлігімен танылған тұлғаларды
әспеттеу, олардың есімдерін халық санасына сіңіру азаттықтың ақ құсындай болып
басымызға қонған бақты ұстап тұрудың бір көрінісі болса керек.
Президент күні мерекесіне орай Елбасы Н.Назарбаев жалпыхалықтық дауыс беру арқылы
анықталған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен жүздесті.
Бірнеше айға созылған іріктеу мен жалпыхалықтық дауыс беру қорытындысы
бойынша «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанып, халықтың сүйіспеншілігіне және
Елбасымен кездесу мәртебесіне ие болған жандардың арасында мәдениет, руханият,
ғылым, спорт салаларында жарқырай көрінген адамдар, ерлігімен елдің алғысына
бөленген әскерилер мен басқа да сала өкілдері, мұқтаж жандарға көмек қолын созудан
аянбаған меценаттар, талай қиындықтарды еңсерген түрлі тағдыр иелері болды.
Атаулы күні олармен жүздескен Мемлекет басшысы: – Қадірлі достар! Бүгінгі кездесуге келгендеріңіз үшін, қатысып отырғандарыңыз үшін
мен өте қуаныштымын! Мен үшін екі туған күн бар. Біріншісі, өздеріңіз білетіндей, өз
туған күнім – 6 шілде. Екінші туған күнім – 1 желтоқсан. Бұл – Қазақ елі бүкіл халық
болып тұңғыш рет Қазақстан халқы Президентін сайлаған кез. Сол сынға түсіп, тұңғыш
рет 90 пайыздан астам дауысқа ие болдым. Содан бері 26 жыл өтті. Сол кезең мен қазіргі
кезең екі бөлек дәуір. 26 жылда көп дүние өзгерді. 26 жыл бұрын өмірге келген бала қазір
26 жаста ғана. Бұл еңбекке араласатын ең жақсы кезең. Бүгінде әлем алға қарыштап
барады. Қазір елдер мен елдердің, халықтар мен халықтардың, адамдардың арасында
бәсекелестік орнаған дәуір. Сол үшін үнемі ағысқа қарсы жүзгендей алға ұмтылу керек.
Тоқтап қалсаң, толқын артқа сүйреп әкетеді. Басқа дамыған елдермен бір қатарда
болғымыз келсе, біз санамызды да жаңғыртуымыз керек. Қазір елімізде жастардың
дамуына барлық жағдай жасалған. Тың идеяларды жүзеге асырып, танылуына толық
мүмкіндік бар. Тек осы сәтті ұтымды пайдалану қажет. Өйткені жалындап тұрған жас
буынның уақыт көшінен қалып қоймауы өте маңызды. Сана жаңғырмаса, адам ешқандай
жетістікке жетпейді, – деді.
Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып
отыратын тірі ағза іспетті. Ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге
қабілетті болуы керек. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден
төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында
тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты
жалғаса беретін процесс. Екі дәуір түйіскен шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және
жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп
отыр. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты
қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп
қала береді.
Бұл мақалада қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу,
өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтылды.
Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.
Ең бастысы – бағытбағдарымыз анық, жолымыз жарқын.
Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар тұр. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін
білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап
керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талайталай
жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді
ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ
екенімізді сезінейік.
Рухани жаңғырудың бастауы мәдениет пен өнер
Рухани мәдениет – адамның, өзіне және басқа адамдарға, дүниеге қатысын
реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы
Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі
Рухани жаңғыру дәуір талабына сай жаңғыру
Рухани жаңғыру әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу
Рухани жаңғыру – ұлттық санасезімнің көкжиегін кеңейту.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.