"Дарындылық картасы" әдістемесі
Оценка 4.7

"Дарындылық картасы" әдістемесі

Оценка 4.7
Исследовательские работы
doc
психологическая работа +1
1 кл—4 кл
22.01.2018
"Дарындылық картасы" әдістемесі
Зерттеу жұмысы ата-аналарға арналған. Сауалнама 80 сұрақтан тұрады. Ата-ана әрбір сұраққа "иа" немесе "жоқ" деп жауап береді. Әдістеме 5-тен 10 жасқа дейінгі оқушылардың дарындылық бағыттары мен қызығушылық бағыттарын анықтауға арналған. Зерттеу қорытындысы бойынша 12 бағыттағы дарындылық ерекшеліктері анықталады. Өте қызықты.
Дарындылық картасы әдістемесі.doc
«Дарындылық  картасы» әдістемесі Жалпы сипаттама            Әдістеме ата­аналарға арналған. Әдістеменің жас ерекшелігі 5­тен 10 жасқа дейінгі аралық.        Нұсқау Сізге  бала іс­әрекеті мен мінез­құлқының өзіндік саласын қамтитын жүйелендірілген  80 сұрақ ұсынылып отыр. Оларды  зейін қойып зерделеп, келесі шкаланы пайдаланып отырып, әрбір көрсеткіш бойынша   балаңызға  баға беріңіз.          (++)­    егер тұлғаның бағаланып отырған белгісі   жақсы дамып, анық байқалып, жиі көрінетін болса;     (+)­      белгі анық көрінгенімен,  тұрақты байқалмаса;        (0)­     бағаланып   отырған және   оған қарама­қарсы белгі, анық   көрінбеген,   сирек байқалады, мінез­құлық пен іс­әрекет  барысында  бір­бірін теңестіріп отырады;      (­)­     бағаланып отырған  белгіге  қарама­қарсы белгі анық  және жиі  байқалады.  Әдістеме мәтіні: 1. Логикалық тұжырым жасауға бейім, абстактілі  түсініктерді  пайдалануға  қабілетті. 2. Қалыптан  тыс ойланып,  көп жағдайда  тосын, қайталанбас шешімдерді ұсынады. 3. Жаңа  білімдерді оңай  игереді. 4. Салған   суретінде   ұқсастық   жоқ.   Сюжет   таңдауда     ерекшелік   танытады.   Әдетте көптеген зат,  адам және  түрлі жағдаяттарды  бейнелейді. 5. Музыкалық сабақтарға  үлкен қызығушылық танытады. 6. Әңгімелер  мен өлеңдерді құрастырып,  жазуды ұнатады. 7. Түрлі кейіпке: адам, жануар және т.б. оңай енеді. 8. Механизмдер мен машиналарға  қызығады. 9. Құрбыларымен қарым­қатынас  жасауда  бастама танытады. 10.  Қуатты, көп қозғалысты қажет ететін бала деген әсер қалдырады.  11. Жіктеп  даралауға  үлкен қызығушылықпен асқан қабілет танытады. 12. Жаңа     талпыныстардан   қорықпайды,   әрдайым   жаңа   ойды   сынақтан   өткізуге ұмтылады. 13. Естігенін   және оқығанын   қайталамай­ақ   жылдам есте   сақтайды,   есте сақтауы тиіс нәрсеге   көп уақыт жұмсамайды. 14. Жақсы фильм көргенде,  музыка тыңдағанда, таңғажайып  мүсін,  әдемі зат көргенде ойлы  және ақылды кейіп танытады. 15. Музыканың  ырғағы  мен  сипатына сезімталдықпен көңіл бөледі. 16. Сюжет құрудан, дау­дамайды шешуге  дейінгі  көлемде  әңгімені  оңай  құрастыра алады. 17. Әртістік  ойынға қызығушылық танытады. 18. Бұзылған   құралдарды   оңай   жөндеп,   жаңа ойыншық   құрал   жасау үшін ескі детальдарды пайдалана алады. 19. Бейтаныс адамдардың арасында  өзіне сенімділігін жоғалтпайды. 20. Спорт  ойындары мен жарыстарында  қатысқанды ұнатады. 21. Өз  ойын  оңай жеткізеді, сөздік қоры мол. 22. Түрлі заттарды таңдау мен пайдалануда шығармашыл (мысалы ойыншық ретінде  үй тұрмысындағы  заттарды  пайдалана алады). 23. Өз қатарларынан   жаңалықтар мен оқиғалар туралы ерте  хабардар болады. 24. Гүл, сурет, тас, марка және т.б.  ерекше композиция  жасауға бейім. 25. Әнді жақсы орындайды. 26. Әңгіме айтқанда  сюжетті  жақсы ұстанып, негізгі ойынан  адаспайды. 27. Басқа адамның  кейпіне  енгенде дауыс ырғағын  икемдеп,  өзгертеді. 28. Механизмнің     бұзылу     себебін   анықтауды,   сынықты   жөндеу     жолдарын   іздеуді ұнатады. 29. Балалармен және үлкендермен   тез тіл табысады. 30. Құрбылары  арасындағы  түрлі спорт  ойындарында  жиі жеңіске  жетеді.       31. Екі оқиға мен  себеп­салдар  арасындағы  байланысты оңай табады.       32. Өзі қызыққан нәрсеге   бар болмысымен  бойлауға бейім. 33.  Өз  қатарларын  оқудан бір немесе екі жыл алға басып озады, яғни  қазіргі оқып жатқан сыныбынан да  жоғары сыныпта оқуға лайық. 34. Ойыншық, коллаж, сурет, ойын алаңында балалар   үйшіктерінің құрылысында  жаңа материалды   пайдаланғанды ұнатады. 35.  Музыка аспабында  ойнауға,  билеу мен ән  салуда бар күші мен сезімін салады. 36.  Оқиға туралы  әңгімелегенде  тек қажетті  детальдарды, басты  сипаттарын ғана ұстанып,  қажетсізін қалдырып кетеді. 37. Драмалық  сипаттағы дау­дамайды түсіну мен салуда  өз  қабілетін танытады. 38. Механизмдер  сызбалары  мен   нобайын  жасауды ұнатады. 39. Басқа  адамдардың  іс­әрекетінің  себеп­салдарын түсінеді. Аяқталмаған ойды  тез түсінеді. 40. Балабақша   мен сыныпта  бәрінен жылдам жүгіреді. 41. Ақыл­ойды  көп қажет ететін күрделі  мәселелерді  шешуді ұнатады. 42. Бір мәселені  шешудің  түрлі жолдарын қарастыра алады. 43. Танымы жан­жақты, айқын. 44.   Бос   уақытында   ата­анасының     нұсқауынсыз     көркемдік     қажеттілікке   ие   (үйді, киімді     әсемдеу   және   т.б.),   суреттерді,   мүсіндерді,   композицияларды     қуана­қуана салады әрі жасайды. 45. Музыкалық  жазбаларды ұнатады. Концерт немесе музыка тыңдауға  болатын жерге барғанды ұнатады. 46. Кейіпкерлердің  эмоциялық жағдайын, сезімдері мен  тебіреністерін жеткізе алатын сөздерді  әңгімелеу барысында  қолдана біледі. 47. Сезімдерін ыммен, қозғалыспен жеткізуге бейім. 48.   жаңадан     жасалған   машина,   механизм,     құралдар   туралы     журналдар   мен мақалаларды оқығанды (біреу оқыса тыңдағанды) ұнатады. 49. Басқа  балалар ойыны мен  жұмысатарына  жиі басшылық  жасайды. 50. Жеңіл қозғалады. Қозғалыс үйлесімділігі жақсы. 51. Байқампаз, құбылыстар мен оқиғаларды талдағанды ұнатады. 52. Өз ойын ұсынып қоймай, басқалардікін  де, өзінікін де өңдей алады.  53.   Өз   құрбыларын   басылымдарды оқуға ынталандырады. 54. Өз  сезімі мен  көңіл­күйін білдіру үшін сурет салып, мүсін жасауға  көп бой ұрады. 55. Қандай да бір музыкалық  аспапта жақсы ойнайды. 56. Оқиғаны түсінуде маңызды   детальдарды    әңгімелеу барысында    жеткізе алады, сондай­ақ әңгімелеп  отырған  оқиға желісінен адаспайды. 57. Басқа  адамдардың  эмоциялық қобалжуын бір нәрсені  асыра  әңгімелегенде  оятуға тырысады. 58.   Ғылыми   оқиғалар,   жаңалықтар   туралы     әңгімелегенді     ұнатады   және   көп   ой толғатады. 59. Өз жасына  лайық  жауапкершілікті  мойнына алуға бейім. 60. Жорыққа шыққанды, ашық спорт алаңдарында ойнағанды ұнатады. 61. Символдар, әріптер мен сөздерді есінде ұзақ сақтай алады.   бір   немесе   екі   жыл   бұрын   кітаптар,   мақалдар,   ғылыми 62.   Өмірлік   мәселелерді       шешуде   дәстүрден   тыс   жаңа   шешімдерді   сынап   көруге қабілетті. 63. Қорытынды  мен жинақтаулар жсай алады. 64. Ән айту мен  музыкада  өз сезімі мен көңіл­күйін білдіруге  ұмтылады. 65. Көпшілікке  белгілі нәрсе  туралы әңгімелегенде жаңа, ерекше өзгертулер  қосып, қиялдауға бейім. 66.   Көлемді     бейнелеу   жасауда     саз,   ермексаз,   қағазбен     және     желіммен   жұмыс істегенді ұнатады. 67. Оңай  әсірелеп,  эмоциялық қобалжулары мен сезімдерін  оңай  жеткізеді. 68. Өз жобаларын нобайлауға және  жүзеге  асыруға көп  уақыт бөледі.  69.   Басқа   балалар   оның   ойын   ойнағанды   және   тапсырмалар   орындағанда     әріптес болғанын қалайды. 70. Бос уақытын  қозғалмалы ойынға (хоккей, баскетбол, футбол және т.б.) жұмсағанды ұнатады. 71. Қызығушылық аясы кең,   заттың шығу тегі мен қызметі туралы сұрақтарды   көп қояды. 72. Немен  айналысса өнімшіл (сурет салу, оқиға  құрастыру, нобайлау және т.б.), түрлі ойындар мен  шешімдер ұсынуға  қабілетті. 73. Бос уақытында  көркем  әдебиеттерді  оқымай (ертегі,  детектив және т.б.), ғылыми­ танымал   басылымдарды   (балалар   энциклопедиясы   мен     анықтамалар)   оқығанды ұнатады. 74. Өнер  шығармаларына   өз бағасын бере алады, сурет,  ойыншық,  мүсіндерінде өзіне ұнаған  нәрсені  бейнелеуге тырысады. 75. Өзіндік ерекше  әуендер ойлап табады. 76. Өз әңгімелерінде кейіпкерлерін   тірілте отырып, олардың   мінезін, сезімдері   мен көңіл­күйлерін жеткізе алады. 77. Ойын әсірелеуді ұнатады. 78. Компьютерді  оңай әрі тез игереді. 79. Нандыру  қасиетіне ие, өз ойына  басқаларды  сендіре алу қабілеті бар. 80. Құрдастарына  қарағанда дене бітімі жағынан төзімді. Жауап парағы 1 11 21 31 41 51 61 71 2 12 22 32 42 52 62 72 3 13 23 33 43 53 63 73 4 14 24 34 44 54 64 74 5 15 25 35 45 55 65 75 6 16 26 36 46 56 66 76 7 17 27 37 47 57 67 77 8 18 28 38 48 58 68 78 9 19 29 39 49 59 69 79 10 20 30 40 50 60 70 80 Ата­ананың аты­жөні _______________________________________________________ Оқушының аты­жөні  _______________________________________________________ Ата­ана қолы  ________________________

"Дарындылық картасы" әдістемесі

"Дарындылық картасы" әдістемесі

"Дарындылық картасы" әдістемесі

"Дарындылық картасы" әдістемесі

"Дарындылық картасы" әдістемесі

"Дарындылық картасы" әдістемесі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.01.2018