Пәні: Әдебиеттік оқу
Сынып: 4 «А»
Сабақтың тақырыбы: Күріш туралы сыр
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтінді түсіндіре оқыта отырып, тақырыпқа байланысты сұрақтар мен тапсырмаларды орындату арқылы есте сақтау,байланыстырып сөйлеу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Сабақтың міндеті:
Өмірдің мәні - адал еңбек екендндігі жөнінде түсініктерін кеңейту;
Еңбек етуге, еңбек адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу.;
Еліне,туған жеріне адал қызмет жасауға баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,баяндау
Технология: «БжС» технологиясы, «Ауызша сабақ - 1» картасы.
Сабақтың көрнекілігі: ООМ,тірек сөздер,слайд ,мақал
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі мотивация |
Психологиялық дайындық :Амандасу реті -Сәлеметсіздер ме оқушылар, құрметті ұстаздар! Мен №3 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Кусаинова Нуржамал Мусаевна әдебиеттік оқу пәнінен Ауызша -1 картасы бойынша жұмыс жүргіземін. Сыныпты белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. - -Біз Қазақстанның үлгілі ұрпағы боламыз ба? -Біз мектептің мақтанышы боламыз ба? -Әдебиеттік оқудан жақсы баға алып,нәтижеге жетеміз бе? -Онда сендерге сәттілік! Мұғалімнің түсіндірмесі:-Балалар, бүгінгі сабағымыз 5 негізгі кезеңнен тұрады. Сыныпта оқушы ,білім сапасы 63 пайызды құрау керек,яғни оқушы 4 пен 5 деген баға алуларың қажет. Болашаққа жақсы үмітпен, тиянақты біліммен,мұқияттылық пен талап әрі сындарлы ой пікір сендерге серік болатын болса,онда білімнің нағыз көзін таптыңдар . |
Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі. Ұжымды белсендіру үшін көшбасшыға сөз беріледі. ООМ бойынша жұмыс. |
Оқушылардың субъекті тәжірибесін өзектендіру |
І кезең Өткен сабақ тақырыбы бойынша сұрақ қою. I. Өткен тақырыптан сұрақтар (22) 1.Қия жолмен кімдер аяңдап келе жатыр? 2. Әлиасқар Жәкеңнен не деп сұрады? 3.Егізбай сайының тұйығында не өсіп тұратын? 4. Долана өсіп тұрған шоқы қалай деп аталады? 5. Жамбыл Әлиасқарға қай кезгі тарихты баяндап берді? 6. Сүйінбай мен Жамбыл ата таныстығы қандай еді? 7. Бірде ол Қарақыстақ аңғарымен келе жатқанда кімді кездестірді? 8. Сүйінбай ақын сол кезде Жәкеңе қандай оқиғаны айтты? 9. Неліктен ағаш Қарасай шоқысына отырғызылды? 10. Жамбыл мен Әлиасқар қайда өрлеп кетті? 11. Жамбылдың бұл ағашты көрмегеніне неше жыл болады? 12. «Күтпеген оқиға» деген бөлімін мәтіннің қай сөйлемінен бастар едің? 13. Екеуі неден шошып кетеді? 14. Әлгі адамды сипаттап бер. 15. Жігіт Жамбылдан кешірім сұраған кезін суреттеп бер. 16. Балтамен шапқан жігіттің есімін ата. 17. Әлімжан шатқалда не істейді? 18. Ол осы жерге жылына неше рет келеді? 19. Жердің көркі не және ол қандай пайдасын келтіреді? 20. Жамбыл ата қисық бұтақты қандай адамға теңеді? 21. Миуалы сөзін басқа сөзбен алмастыр. 22.
Әлімжан жағымды кейіпкер
ма, жағымсыз кейіпкер ме? Дәлелде! .
|
Біріншілік белгілеу. Барлық оқушылардың нәтижелері бойынша ООМ –ға қосу немесе алу белгілері қойылады. |
Қабылдауды ұйымдастыру. |
-Бүгін біз сендермен ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың ізбасары Мақсұт Нұрылдаевтың басынан өткен хикаясымен таныспақпыз. (оқушылардың ізденіс жұмыстары). Күріш астық тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік. Қазақстанда аса маңызды азық-түліктік дақыл – екпе күріш (– Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарындағы Сырдария, Іле және Қаратал өзендерінің аңғарында егіледі. Қызылордалық екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев 1947 жылы күріштің әр гектарынан 171 центнерден өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Мақсұт Нұрылдаев (1927, Жалағаш ауданы Мақпалкөл ауылы – 24.11.2004, сонда) – еңбек ардагері. Қазақстанның ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қайраткері . |
|
Ұғынуды ұйымдастыру |
ІІ кезең Ендеше бүгінгі өтілетін жаңа тақырыпқа арқау болатын тірек сөздерге назар аударсақ. Тірек сөздермен жұмыс. Агроном-бау-бақша,егін шаруашылығымен айналысатын адам. Кәрілік жеңіп-жасы келген қарт адам. Кетпен-жер қопсытуға арналған еңбек құралы Бәтуаласу-келісімге келу Талғажау-азық,тамақ Орден-жеткен жетістігі үшін омырауға тағылатын зат. |
Екіншілік белгілеу. Жаттауға берілген уақыт нормативі:7 сөз-30 сек. ООМ белгілеу |
Түсінудің біріншілік тексерілуі |
ІІІ кезең Қарама-қарсы сұрақ қою. Мұғалім ООМ бойынша оқушыларды ретсіз түрде сабақтың тақырыбына байланысты кілттік сөздерді қоса сұрайды. 1.Кімнің ізбасар інілері көп? 2. Мақсұт Нұрылдаев қай өңірдің агрономы ? 3. Ол қай кезде әкесінен ертегі естиді? 4. Сыр өңірі қандай еді? 5.Ауылда күріш егетін жалғыз адамның халі қандай еді? 6. Ол ауылдастарына нендей ұран тастады? 7. Ақсақалдың налуының себебі неде еді? 8. Көпшілік адамдар неге қатты күйзелді? 9. «Ақымақтың ақылы түстен кейін енеді» деген мақалдың мағынасын ашып бер. 10. Ауылдың адамдары қандай келісімге келеді? 11. Әңгімені тыңдап отырған бала кім болам деді? 12.Әкесі оған не деді? 13. Мақсұт есейген соң қандай білім алып шықты? 14. Ол елін қандай қасиетімен сүйсіндірді? 15. Ол не үшін марапатталды? 16 Әңгіменің ең өкінішті тұсы қай жер? 17. Халқына еңбегі сіңген адамды еліміз қалай құрметтейді? 18. Диқан мол өнім алу үшін не істеуі қажет? 19. Күріштің пайдасы мен зиянын айт. Екі минус алған оқушыға «Құтқару құрығы » тасталады. |
Үшінші белгі Сұрау нәтижесінде мұғалім оқушылардың толық аша алмаған тұсын анықтап түсінік береді. ООМ белгілеу |
|
IV кезең: Сын тұрғысынан сұрақтармен жұмыс /бұл сұраққа «иә , мен келісемін, ...... немесе жоқ, мен келіспеймін,.......» деп толық жауап бересіңдер/ 1.Ақ күріштің атасы Ыбырай атаның ізбасарлар ағалары да көп еді – /жоқ келіспеймін інілері/ 2.Ол бала кезінде әкесінің аузынан бір ертегі естіген еді+ 3.Ауылдағы егін егетін жалғыз қарт кәрілік жеңіп,төсек тартып жатып қалыпты.- жоқ келіспеймін күріш егетін. 4.Бәтуаласу- ол уәделесу,келісу деген мағынаны білдіреді. 5.Жиылған жұрт шулап -шулап жатыр.- үн-түнсіз. 6.Жастар қарттарға,ақсақалдар жастарға қарайды.- жоқ келіспеймін.қарттар жастарға,жастар ақсақалдарға.. 7.Әңгімені есітп отырған Базарбай Исаев- жоқ Мақсұт Нұрылдаев 8.Мақсұт есейген соң агроном мамандығын алып шықты+ 9.Тіс жарып сөйлеген тірі жан қалмады.- жоқ 10.Көктем өтеді,жаз өтеді...Қыс қаһарына мінеді – жоқ 11.Ақымақтың ақылы түстен кейін мінеді... + 12.Диқан атаның тілін алмағанына қатты қайғырады. – /жоқ өкінеді/ 13.Алдына үйір-үйір жылқы салып беріп,жүздеген азаматты алыс жаққа аттандырады... –/ жоқ бірнеше/ 14.Мақсұт:- әке мен де күрішші боламын деген + 15.Ниетіңе жет,қарағым,-деді әкесі + 16.Үздік жетістігі үшін омырауыны ордендер тағылды+ 17.Әңгімені авторы Базарбай Исаев+ 18.Халқына еңбегі сіңген адамды еліміз қалай құрметтейді? |
Төртінші белгі. |
Талдау Уақыт 5 минут |
Оқытылған тақырып бойынша тақырыптық сөздік қорды (ТСҚ) тексеру жүргізіледі. Сөз қысқартылмаған түрде, түсінікті етіп жазылады. шығарма түрінде жазуға рұқсат беріледі. 44 сөзден кем болмайтын шығарма не эссе түрінде жазу. |
Бесінші белгі. Тақтаға нәтижені жазу |
Түйсіну |
1. Сыныптың материалды меңгеру деңгейі анықталады. 2. Сабақтың нәтижесін ескере отырып сол тақырып бойынша жұмыс уақыты болжанады. |
|
Журналға баға қою |
Сапа нормативі: оқушылардың 63% 5 ұпайдан алуы тиіс. 4- 5 белгі – 5 ұпай. - 3 белгі – 4 ұпай. -2 белгі – 3 ұпай. -1 белгі – 2 ұпай. |
|
Үй тапсырмасы |
4 белгіден кем алған оқушылар үйге тапсырма алады. Ыбырай Жақаев туралы шағын эссе жазу |
|
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.