Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері
Оценка 4.9

Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері

Оценка 4.9
Семинары
docx
естествознание
Взрослым
02.04.2017
Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті.Диалогтік оқыту дегеніміз \мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты реттеп отыратын сөйлесу құралы болып табылады. Сабақты диалогтік оқытуды пайдалану оқушылардың қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатыны сөзсіз.
Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері.docx
Коучинг:    Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері                                                             Өткізген: Нугербекова  А.И. Коучинг тақырыбы: Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері. Мақсаты: Диалогтік оқыту, әңгіменің түрлері мен сұрақтың түрлері жайлы түсінік  қалыптастыру. Сабақ үрдісіндегі диалогтік оқытудың маңызын түсіндіру. Жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастыру дағдыларын жетілдіру. Мұғалімдерге сабақ барысында диалогті  ұтымды пайдалануды үйрету. Сілтеме: І.Мұғалімге арналған нұсқаулық,  98­104 беттер                ІІ.Таныстырылым, бейнефильмдер Оқу нәтижесі 1.Оқу үрдісінде диалогтік оқытуды қолданудың маңызын түсінеді; 2. Әңгіменің түрлері жайлы мәлімет алады; 3. Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады; 4.Жаңа әдіс­тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді. Түйінді идеялар: Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді  енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу  қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып  табылады.Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім  деңгейінің өсуіне үлес қосады. Сабақта қолданатын материалдар:(ресурс). Үлестірмелі материалдар, постер,  маркерлер, бейнероликтер, түрлі­түсті стикерлер Оқыту әдістері: Топпен, жұппен, жалпы ұжыммен жұмыс, көру және есту арқылы сын  тұрғысынан ойлау әдістері, интербелсенді әдістер, рефлексия  Тапсырмалар ой қозғау, сұрақ құрау, постер қорғау, ашық сұрақ құрастыру, бағалау,  рефлексия Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс­ әрекеті  Оқуға арналған тапсырмалар Коучтың іс ­әрекеті Мұғалімдердің іс ­әрекеті І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу . 2 мин Көңіл­ күй  тудыру. Сәлемдесу. Армысыздар, құрметті ұстаздар! Бүгінгі біздің  коучингімізге қош келіпсіздер!Қатысушы ұстаздардың психологиялық кедергілерін жеңу  үшін сергіту сәтін би билеп,жүргіземін.  Топқа бөлу. 1 мин Жүрек, қол, бас және әңгімелесіп отырған адамдардың, балалардың  суреттері бейнеленген қиындылар арқылы топқа бөледі.  Жүрек,қол, бас және әңгімелесіп отырған адамдардың, балалардың суреттерінің  қиындысын құрастырып, 4 топқа бөлінеді.7 мин 1.Тақырыпты анықтау.  Құрастырған суреттері бойынша топ мүшелерінің ойларын білу. «Суретте не бейнеленген?  Сурет бойынша өз ойыңызды айтыңыз. Бұл суреттердің бүгінгі біздің тақырыбымызға  қатысы бар ма?» ­ деп қатысушыларға сұрақтар қоямын.Бүгінгі коучингтің тақырыбын  жариялаймын. 2.Сабақтың мақсатын анықтау. «Бүгінгі коучингтен не күтесіз?» ­ деп сұрақ қоямын. Бүгін біз сіздермен осы коучинг барысында диалогтік оқыту туралы, әңгіменің және  сұрақтың түрлері туралы мағлұмат алып, жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастырып  үйренетін боламыз. 3.Табыс критерийлерін жазу. 1)Диалогтік оқыту жайлы, оның маңыздылығы жайлы түсіндіріңіз. 2) Әңгіменің түрлері, өз сабағыңызда әңгіменің қай түрі сипат алатындығы жайлы  баяндаңыз. 3)Сұрақтың қандай түрін сабақта қолданатындығыңыз туралы әңгімелеңіз. 4) Сабақта диалогтік оқытуды қолдану бойынша өз ұсынысыңызбен бөлісіңіз. 4.Миға шабуыл: 1)Диалог дегеніміз не? 2)Диалогтік оқыту дегенді қалай түсінесіздер? 3)Әңгіме дегеніміз не? 4)Сұрақты қалай қою керек? 5)Сұрақтың қандай түрлері бар? Жауаптар: 1.Диалог –екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі  тілдегі ерекше форма.Диалогтік әңгіме – белгілі бір тақырыпқа бағытталған диалог  жүргізуге негізделген вербалды­ коммуникативтік әдіс. Диалог барысында идеялар екі  бағытта жүріп,оқушының қарқынды білім алуына септігін тигізеді. Диалог барысында  оқушылар (сондай­ақ олардың мұғалімдері) тең құқылы серіктестер болып табылады. Олар бар күштерін келісілген нәтиже алуға жұмсайды және Мерсер (2000) айтқандай, бірлескен  білім алу немесе «пікір алмасу» үдерісіне тартылады. 2. Диалогтік оқыту ­ мұғалімнің оқуматериалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол  оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың және баяндаушы  әңгіме жүргізудің нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу  тәсілі. Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және  олардың оқудағы іс­әрекеттерін белсенді етуді көздейді. 3. Әңгіме ­ оқушылардың ой әрекетін жандандыру мақсатында қолданылатын оқыту  тәсілдерінің бірі; әңгімелесу үдерісінде оқушылар мұғалім қойған және құрдастарында  пайда болған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа білім алады, бар білімдерін қайталап,  бекітеді. 4.Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған  жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау  көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сондықтан сұрақ қою кезінде мұғалім  оқушының жаттанды жауап бермей, ойланып, өз ойын қоса отырып, жауап беретіндей етіп  қойғаны дұрыс. 5.Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтың екі түрін:  төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кеңінен қолданады.Оқушының білім  алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау  сияқты әр түрлі тәсілдерін пайдалануға болады. Құрастырған суреттері бойынша топ  мүшелері өз ойларын айтады. Мұғалімдер өз ойын түрлі­түсті стикерге жазады.Әр топ өз жазбаларын оқиды. Сұрақтарға мүмкіндігінше жауап береді. І тапсырма. Постер жасау. 15 мин Әр топқа постер жасауға тапсырма беру. «Сиқырлы қобдишаның» ішінен тапсырманың нөмірін таңдату.  №1. Диалогтік оқытудың тиімділігі №2. Әңгіменің түрлері №3. Сұрақтың түрлері №4. Диалогтің бес үлгісі Жоғарыда аталған 4 тапсырма бойынша тарапта материалдары қатысушыларға беріледі. Бағалау критерийлері топт ар Өзіндік жаңа  идея Тақырыптың  ашылуы Ойдың  жүйелілігі Постердің  безендірілуі қорытынд ы 1­5 балдық жүйемен бағаланады Диалогтік оқыту. Мерсер көрсеткен әңгіменің 3 түрі: Таңдалған тапсырма бойынша берілген тарапта материалмен ЖИГСО әдісі бойынша оқып,  танысады. Топ ішінде талқылайды, ой қорытады. Бірігіп постер жасайды, оны қорғайды. Сарапшы топ критерий бойынша бағалайды. ІІ тапсырма  Рөлдік ойын. 10 мин Әр топқа бейнежазбадағы диалог беріледі. Топ мүшелері сол  диалогтің сөздерін өздері орындауы керек. №1.«Екі сәби арасындағы диалог» №2.«Құстардың диалогі» №3.«Басшы мен қызметкердің диалогі» Топ атынан бір мұғалімнен шығып орындайды. «Басбармақ» арқылы бір­бірін бағалайды. ІІІ тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла».15 мин. «Мақтаншақ қыз» мультфильмін тамашалау.  Мультфильмді тамашалаған соң, «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі бойынша тапсырмаларды  орындайды.Талқылауға ұсынылатын тапсырмалар: №1.Мақтаншақ қыз бен шешесін сипаттаңыз №2.Мақтаншақ қыздың әрекеттеріне баға беріңіз №3.Мақтаншақ қызды қалай өзгертуге болады? №4.Ханның бейнесін сипаттап, әрекетін талдаңыз. №5. Осы мультфильмді бүгінгі күнмен байланыстырыңыз. Көрген мультфильм бойынша ой бөліседі. Әңгімелесу барысында әңгіменің қай түрі  пайдаланыл ғанын баяндайды. ІV тапсырма.  «Сұрақ қою шеберлері» . 5 мин  Тәжірибе жүзінде ашық сұрақ құрастыруға тапсырма беру. "Жіңішке” сұрақтар "Жуан” сұрақтар Бір сөзбен жауап беруді қажет ететін сұрақтар. Кім? Не? Қашан? ... қалай аталады?  ... болған ба?   ...мүмкін?  ... болады? ... жасауы мүмкін бе? ... сіз келісесіз бе?  ... дұрыс па?  Ойлануды, қосымша білімді, талдау жасауды қажет ететін сұрақтар. Үш түсіндірме беріңіз: ..., ..., ...   Не себепті ... екендігін түсіндіріңіз? Сіз неге ... деп  ойлайсыз? Сіз неге ... деп есептейсіз?        ... айырмашылығы неде?  Егер ... болса, не  болатындығына болжау жасаңыз? Осы көрген мультфильм бойынша бірнеше ашық сұрақ құрастырады. Қорытындылау. 5 мин . Коучингті қорытындылау мақсатында сұрақтар қоямын:  Сіздің сабағыңызда әңгіменің қай түрі орын алады? Сіз сабақ сұрағанда сұрақтың қай түрін жиі қолданасыз? Оқушыларыңыз ашық сұрақ құрастыра ала ма? Диалогтік оқытудың маңыздылығы туралы не айтасыз? Қатысушы мұғалімдер сұрақтарға жауап беріп, өз ойын айтады. Рефлексия . 5 мин. Алдарыңызда жатқан стикерлерге коучинг бойынша не түсінгеніңізді,  екі сәтті кезеңді, бір ұсынысыңызды жазып, жабыстырыңыз.  Қатысушы мұғалімдер коучинг бойынша түсінгенін стикерлерге жазады. Коучинг кезінде  өздеріне ұнаған 2 сәтті кезеңді, 1 ұсыныс­тілегін жазып, таудың суретіне жабыстырады.

Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері

Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері

Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері

Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері

Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері

Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері

Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері

Диалогтік оқыту. Әңгіменің және сұрақтың түрлері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.04.2017