Дихотомиялык әдіс.Дихотомиялық кілттерді қолдану.

  • Разработки уроков
  • docx
  • 15.08.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Публикация является частью публикации:

Иконка файла материала Менің Отаным.docx
Менің Отаным ­ Қазақстан!         Өскемен қаласы Қ.Нұрғалиев атындағы «№43 мектеп ­лицейі» КММ                         Биология  пәні  мұғалімі: Ныгызбаева Г.Ж Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз – Қазақстан  Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту. Міндеттері: 1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. 2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген  сүйіспеншілігін аттыру. 3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты  болуға тәрбиелеу. Түрі: сайыс Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ ­ жауап, пікірталас Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакат Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.  Хор: Әнұран. ­ Кәне балалар Отан деген не? ­ Адамның туып өскен жері, туған ­ туысқандары, біз тұратын атамекен. ­ Балалар біздің отанымыз қалай аталады? ­ Біздің ­ Отанымыз Қазақстан. ­ Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным ­ Қазақстан» деп аталады. ІІ. Негізгі бөлім. Оқушыларды 3 ­ топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр  топтың аты шығады. (Мозайка) 1 ­ топ: Туған жер 2 ­ топ: Отан 3 ­ топ: Атамекен (Өлең, мақал ­ мәтел айтқан топқа текшеден беріп отырамын. Көп текше жинаған топ  жеңіске жетеді.) Тақтада ілінген плакатқа назар аудару. Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай  жинайды. 20 – ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды? 20 – Еліміздің бас қаласы 20 – ҚР президенті 50 – ҚР туының авторы 50 – ҚР елтаңбасының авторлары 50 – Әнұранымыздың авторлары 100 – Еліміздің көрікті жерлері 100 – Отан туралы өлең айт 100 – Отан туралы ән шырқа Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің  еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық. 1 ­ оқушы: Арыстандай айбаттым. Жолбарыстай қайраттым,Аспандаған байрақтың Қанша жұлдыз жайнаттың. Қанша бұлбұл сайраттың, Қазақстан ардақтым. 2 ­ оқушы: Күнді құшқан қос қыран, Аясында қалқыған. Аспан түсті туым бар, Көк теңіздей шалқыған. 3 ­ оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып, Елтаңбам әлемге танылды анық. Шырқадым ән ұранды бар дауыспен, Арманым ата заңым қабылданып. 4 ­ оқушы: Өзіңдікі туыңда, От пен ауа, суың да. Жаса Қазақстаным, Белді бекем буында. 5 ­ оқушы: Жаса жаңа Астанам Өркен жая бастаған Болашақтың есігін өз қолыңмен аш маған. 6 ­ оқушы: Бұлт баспасын күнімді Тартылмасын өрісің Биік ұстау туымды Қасиетті борышым. 7 ­ оқушы: Сәуле шашқан алтын түсті күні бар, Екпіндеген қыран құсты үні бар. Ою басқан мөп ­ мөлдір көк аспандай, Қазағымның желбіреген туы бар 8 ­ оқушы: Отан деген атамекен Отан деген туған жер. Отан ана, Отан үлкен Қазақстан туған ел. ­ Отан, туған жер туралы қандай мақал ­ мәтелдер білеміз? 1 ­ оқушы: Отан от басынан басталады. 2 ­ оқушы: Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. 3 ­ оқушы: Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл. 4 ­ оқушы: Отан оттан да ыстық. 5 ­ оқушы: Отан үшін отқа түс күймейсің, Арың үшін алыссаң өлмейсің. Әр топтың ұпайын санап, қорытындысын шығару. Тілек. (Оқушыларға көгершіндер таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін  плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.) ­ Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды.  Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз. Хор: «Көк тудың желбірегені» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді) Қорытынды.Байтақ дала жерім менің Арта берсін даңқың сенің Көк байрағың желбіресін Егеменді елім менің – дей отырып, құрметті қонақтар, балалар осымен «Туған елім, туған жерім» атты кластан  тыс шарамыз аяқталды.